1 Тапсырма. Селекциялық топқа сұрыпталған саулықтар мен қошқарлардың орташа жүн қырқымы мен тірі салмағын анықтаңыздар (7.1.1 және 7.1.2 кесте).
2 Тапсырма. Барлық табындағы (сұрыптауға дейінгі) саулықтар мен қошқарлардың орташа жүн қырқымы мен тірі салмағын анықтаңыздар.
3 Тапсрыма. SД= XV - Xn формуласы бойынша саулықтар мен қошқарлардың селекциялық потенциалын анықтаңыздар.
XV - сұрыпталған топтың орташа көрсеткіші.
Xn – табын бойынша (сұрыптауға дейінгі) орташа көрсеткіші.
4 Тапсырма. Жалпы және бір жылдық селекция эффектін анықтаңыздар.
Төмендегі берілген қошқарлардан тірі салмағы мен жүн қырқымы 10%-тен асатын, селекциялық дифференциал дәрежесіндегі биязы жүнді қой қошқарларының селекциялық тобын құрыңыздар.
7.1.1 Кесте. Қошқар өнімділігі.
Қош
қар №
|
Тірі салмағы,кг
|
Жүн қырқымы, кг
|
Қошқар №
|
Тірі салмағы,кг
|
Жүн қырқымы, кг
|
Қошқар №
|
Тірі салмағы ,кг
|
Жүн қырқымы , кг
|
1
|
128
|
14,0
|
11
|
90
|
9,1
|
21
|
97
|
9,5
|
2
|
98
|
9,5
|
12
|
93
|
9,5
|
22
|
106
|
11,0
|
3
|
96
|
9,6
|
13
|
102
|
11,5
|
23
|
94
|
9,4
|
4
|
122
|
11,0
|
14
|
96
|
9,0
|
24
|
90
|
9,2
|
5
|
98
|
9,5
|
15
|
94
|
9,0
|
25
|
110
|
10,5
|
6
|
91
|
9,0
|
16
|
102
|
9,5
|
26
|
95
|
9,3
|
7
|
127
|
12,0
|
17
|
95
|
9,7
|
27
|
91
|
9,6
|
8
|
96
|
9,2
|
18
|
96
|
9,4
|
28
|
102
|
10,0
|
9
|
92
|
9,6
|
19
|
102
|
10,5
|
29
|
92
|
9,2
|
10
|
123
|
13,0
|
20
|
90
|
9,6
|
30
|
92
|
9,1
|
5 Тапсырма. Тірі салмағы бойынша 7,3%, жүн қырқымы 5,0%-тен асатын селекциялық дифференциал дәрежесіндегі саулықтардың селекциялық тобын құрыңыздар.
7.1.2 кесте. Саулықтар өнімділігі (n= 500 бас)
Отар №
|
Орташа
|
Отар №
|
Орташа
|
|
Тірі салмағы, кг
|
Жүн қырқымы, кг
|
Тірі салмағы,
Кг
|
Жүн қырқымы, кг
|
|
1
|
55,5
|
5,3
|
6
|
55,0
|
5,2
|
|
2
|
50,5
|
5,0
|
7
|
51,0
|
5,3
|
|
3
|
61,2
|
6,1
|
8
|
50,0
|
5,2
|
|
4
|
55,5
|
5,5
|
9
|
50,0
|
5,1
|
|
5
|
55,0
|
5,4
|
10
|
50,0
|
4,9
|
|
Қошқарлардың тұқым қуу коэффициенті тірі салмағы бойынша – 0,2, жүн қырқымы бойынша – 0,2. Саулықтардың тұқым қуу коэффициенті тірі салмағы бойынша – 0,6, жүн қырқымы бойынша – 0,6.
Бақылау сұрақтары.
1. Селекциялық эффектті анықтау кезіндегі тұқым қуу коэффициентінің маңызы.
2. Селекциялық эффектті қалай анықтайды?
Селекциялық дифференциал дегеніміз не және ол қалай анықталады?
7.2 Тақырып. Саулықтар мен қошқарды жұптау
Сабақ мақсаты.
Жеке және топтық жұп таңдау принциптерін меңгеру.
Жұп таңдау – жаңа генотифтер шығаруға әкелетін, малдарды шағылыстыру жүйесі.
Қой малдарының көптеген шаруашылық пайдалы белгілері аралық тұқым қуалайды, сәтті жұп таңдаудың үздіксіз жағдайы болып, аталықтардың аналықтардан барлық өнімділік-конституционалды кешені бойынша асып түсуі жатады.
Жұп таңдау гомогенді (біркелкі), гетерогенді (әркелкі), жеке және топтық (кластық) болуы мүмкін. Жұп таңдау әдістерін қолдану асылдандыру жұмысының нақты жағдайына, селекция мақсаты мен міндетіне байланысты таңдалады.
Гомогенді жұп таңдау. Бұл жұп таңдау түрі саулықтар мен қошқарлардың конституция ерекшеліктері мен өнімділік көрсеткіштерінің бір титілігіне негізделген. Алайда, жұп таңдау кезінде қошқар мен саулықтар арасында барлық белгілері мен қасиеттері бойынша толықтай біркелкілік талап етілмейді, өйткені барлық белгілері бойынша екі аналог-малды табу мүмкіндігі аз. Сондықтан, жұп таңдау жоспарын құрған кезде ата-аналық жұптың бір-екі белгісін, мысалы, жүн ұзындығы мен жіңішкелігін ғана ескереді. Осыған орай, басқа белгілері бойынша сәйкестік болмауы да мүмкін.
Егер шағылысатын малдардың аталған белгілері орта популяциялық стандарттық ауытқудан (Уг) аспай ауытқыса, ол біркелкі жұп таңдау болып саналады.
Гомогенді жұп таңдаудың екі ережесі белгілі: 1) «жағымды жағымдымен жағымды нәтижек береді» және 2) «өте жақсы мен өте жақсы нәтиже береді». Гомогенді жұп таңдаумен баяу болса да, сенімді түрде белгілердің орта шамасына жылжу арқылы жүргізіліп отырған жұп таңдау бағытына жетеді. Мұнымен қатар, популяцияда жұптау белгілерінің тұқым қуушылық консолидациясымен қамтамасыз ететін ұнамды аллельдер жиілігі мен гомозиготалығы жоғарылайды. Сондықтан біркелкі жұптау мен оның ең қажет формасы – инбридингті тұрақты тұқым қуалаушылық қасиетке ие асыл тұқымды малдар алу үшін жиі қолданылады.
Гомогенді жұп таңдаудың кемшілігі – оны ұзақ уақыт ұрпақтар қатарына (4—5 және одан көп) пайдалану, генетикалық өзгергіштіктің төмендеуіне, орта популяциялық дәрежеден өсудің тежелуіне, тіпті малдардың жалпы депрессиясына әкеліп соғуы мүмкін. Осындай құбылыстарды болдырмау үшін гетерогенді жұп таңдауи мен қан жаңартуды пайдалануға ауысады.
Гетерогенді жұп таңдау асыл тұқымды әсіресе, тауарлы табындарда кең қолданыс табуда. Бұл жұптау әдісімен, Н.А. Кравченко (1954) атап кеткендей, бірқатар міндеттерді шешу мүмкін:
1) Табынды депрессиялық жағдайдан өзгергіштікті және басқа да көрсеткіштерін жоғарылату жолымен алып шығу;
2) Қанағаттандырмайтын белгілері мен қасиеттерін түзету;
3) Құнды сапаларды біріктіру;
4) Аралық формалар (типтер) шығару;
Гетерогенді жұптаудың негізгі формуласы нашар өте жақсымен жақсартады.
Гетерогенді жұп таңдау берілген табын малдары немесе тұтастай тұқым кемшіліктерін қанағаттандыруды қарастырады. Аталықта кемшілік болмаумен қатар, табынды жақсарту қасиеттері мен белгілері саулықпен салыстырғанда өте анық көрінуі және сапалы болуы тиіс. Кейбір жағдайларда гетерогенді жұп таңдау жаңа қасиеттегі ұрпақтар алуға мүмкіндік береді.
Гетерогенді жұп таңдауды тауарлы табындарда кеңінен қолданады; мысалы, нәзік конституциялы белгілері бар және қысқа жүнді мықты немесе дөрекі конституцияға ауытқыған қошқарлармен шағылыстырады.
Гетерогенді жұптаудың ең соңғы дәрежесінде басқа тұқым қошқарларымен шағылыстыралады, олар жақсартылатын тұқымды дұрыс дамымаған немесе жоқ белгілермен толықтырады. Нәтижесінде алынған ұрпақта ата-анасында болмаған жаңа қасиеттер пайда болады. бірақ әр түрлі жұптаудан алынған асыл тұқымдық құндылығы жоғары болмайтындығын есте ұстау қажет. Қошқарлардың асыл тұқымдық құндылығын жыл сайын олардан алынған ұрпақтарды бағалау арқылы бақылап, нақтылап отырады.
Жеке жұп таңдау. Асыл тұқымдық бағыттағы шаруашылықтар мен фермаларда селекциялық жұмысты тереңдетіп жүргізу және жоғары класты асыл тұқымды малдап алу үшін аналық табынның өте жақсы селекциялық бөлігіне және қошқарларға жеке жұптастыруды пайдаланады. Жеке жұп таңдау әрбір аталық пен аналықтың өнімділік, экстерьерлік-конституциялық ерекшеліктерін және шығу тегін, сонымен қатар оларды жұптаудың алдын-ала шағылыстыру нәтижесін жақсы білу маңызды. Жұптау кезінде малдың осы және басқа да жеке ерекшеліктеріндегі сиптаттамаларын есептеу мен пайдалану алынатын төлдің ұнамды сапада болу сенімділігін арттырады.
Асыл тұқымдық құндылығы жоғары және жоғары класты ұрпақ алу үшін, ұнамды типке жататын, жоғары өнімді аналықтарға мүмкіндігінше, саулық типіне сәйкес келетін, негізгі селекцияланатын белгілері айқын көрінетін қошқарларды таңдайды («өте жақсыға өте жақсы»). Жеке жұп таңдау әдісі аталық із бойынша өсіру кезінде кеңінен қолданылуы тиіс.
«Өте жақсыға өте жақсы» принципі бойынша жұптау – табынды типтендіру жұмысының негізгісі. Ұнамды типтен ауытқыған бірақ бар немесе бірнеше құнды сападағы белгілері бар аналақтарға сол жеткіліксіз белгілерді толықтыратын, яғни аналықтарда дұрыс дамыған белгілер өте жақсы дәрежеде дамыған қошқарларды таңдайды. Мұндай жұптау (түзетуші) ата-аналарының құнды сапаларын сәйкестендіретін ұрпақ алуды қамтамасыз етеді.
Сәтті шағылыстыруды пайдалану үшін алдында төл алынған қошқар ұлдарын да пайдалануға болады, бірақ олар ұрпағының сапсы бойынша тексерілген және ұнамды типі жақсы көрінетін (әкесінің типіне ұқсас) болуы тиіс.
Топтық жұп таңдауды бір класқа жататын саулықтардың жалпы сипаттамасы бойынша жүргізеді. Белгілі бір класқа жатқызылған саулықтарға ұнамды ұрпақ алуға мүмкіндігі бар аталықтарды таңдап, шағылыстырады. Топтық (кластық) жұптауда саулықтардың жеке ерекшеліктері ескерілмейді. Мысалы, ІІ класты, қысқа жүнді саулықтарға жүн ұзындығы мен басқа да селекцияланатын белгілері жақсартылған төл алу үшін, ұзын жүнді элита қошқарларын бекітеді. Көбінесе, белгілі бір кластағы саулық тобына бір негізгі және бір қосымша қошқарды белгілейді. Қосымша қошқарды саулықтар жаппай күйге келгенде, негізгі қошқар барлығын бірдей ұрықтандыра алмаған және ауруға ұшыраған жағдайда пайдаланады.
Кластық жұптауды тауарлы шаруашылықтарда сонымен қатар жеке жұп таңдау ұсынылмайтын асыл тұқымды шаруашылықтарда пайдаланады.
Жұп таңдаудың негізгі принциптері болып мақсаттылық – аталықтардың шағылыстырылатын аналықтардан асып түсуі; өте жақсы аталықтарды неғұрлым көп пайдалану, гомогенді жұп таңдау көмегімен ата-аналар дәрәжесін ұрпақтарына бекіту; гетерогенді жұптау жолымен ұнамды белгілер мен қасиеттер тән ұрпақтар алу; белгілер мен қасиеттер сәйкестігін анықтау; Инбредті депрессияға ұшыраудан немесе тип бастаушысын жоғалтудан сақтау үшін тустық дәрежесін реттеу; қажеттілік болмаған жағдайда шағылысатын малдар арсындағы туыстықты тежеу; аталық із және аналық ұя бойынша өсіру.
Біртекті жұп таңдау кезінде келесідегідей негізгі міндеттер қарастырылады:
1) Шағыласытын малдар ұрпағында екі ата-ана ие болған қасиеттерін сақтау;
2) Ұнамды типтің немесе ұнамды сапаның неғұрлым тұрақты тұқым қуалаушылығын қалыптастыру;
3) Жұптау жүргізілетін ұрпақтың құнды сапаларын одан әрі дамыта түсу;
4) Құнды белгілер мен қасиеттерге ие малдар санын көбейту.
Әр текті жұп таңдауда келесідегідей негізгі мәселелерді шешу көзделеді:
1) Мал кемшілігін түзету, яғни тип малдарының талаптарына жауап беретін ұрпаө алу;
2) Малдарды әр текті жұптаудан алынған ұрпақтың тұқым қуалаушылығын қалыптастыру;
3) Малдардың гентикалық әркелкілігін кеңейту.
Егер біз сұрыптау арқылы даралар өмірін, яғни қай малды әрі қарай өсіру керектігін шешсек, жұп таңдау арқылы оны пайдалану өмірін шешіп, болашақ ұрпақ сапсын анықтайды.
Біркелкі жұп таңдау кезіндегі жалпы талап ұнамды тип талаптарына сай, яғни элита және І класты малдар болуы тиіс. Біртекті жұп таңдауда шағылыстыру типі анықталады. Туыстық шағылыстыруға селекциялық асылдандыру жұмысы есебінде әрбір нақты табын үшін дайындалған ең төменгі (минималды) талаптарға өнімділік дәрежесі бойынша жауап беретін малдар рұқсат етіледі.
Біртекті жұп таңдау кезінде ұрпақтардың тұқым қуалаушылығын бекіту жүргізілсе, жеке жұп таңдауда тек негізгі селекцияланатын белгілердің айқындылығы мен өнімділік дәрежесіне ғана емес, сонымен қатар олардың өзара байланысы сипаттасасына мән беру қажет, өйткені туыстық шағылыстыру кезінде бір ғана белгінің қарсы корреляциясы (байланысы) үшін басқа бір белгінің әлсіреуі туындауы мүмкін. ол біртекті жұптау кезінде осы белгілердің тұқым қуалаушылық беріктігіне ене отырып, ұрапқтардың асыл тұқымдық дәрежесіне, жалпы алғанда табынның қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, бізге биязы жүнді қойларда малдың көлемі мен жүн ұзындығы жабағы қоюлығына кері байланыста екені белгілі. Сондықтан жеке жұп таңдау кезінде малдың көлемі (үлкендігі) мен жүн ұзындығы бойынша туыстас шағылыстыруда таңдалынатын жұптар жүнінің өтеқоюлығымен (ШМ) ерекшеленуі тиіс, осыған орай, қошқар ұрпағының сапасы бойынша тексеру нәтижесінде аталған белгінің жақсартушысы болуы керек. Ал, керісінше жағдайда ұрпақтарда жабағы қоюлығының төмендеуі байқалуы мүмкін, ол жүн қырқымының төмендеуіне әкеледі. Осыдан, жабағының жақсы тығыздығы, басқа белгілермен қатар жабағыны сыртқы ортаның жағымсыз жағдайларынан және әр түрлі ластағыштардан сақтап, жүн тазалығын қамтамасыз ететеін қасиет беретіндігін есте ұстаған жөн. Мұндай жағдайда әртекті жұптау кезінде дұрыс дамымаған белгілері бойынша туыстас емес шағылыстыруға ауысады.
Гетерогенді жұп таңдау тұқым қуалаушылық тұрақтылығы мен қалыптасуын әлсіретеді. Әртекті жұптаудан алынған босаңсыған тұқым қуалаушылықтағы малдар, неғұрлым сыртқы орта жағдайына берілген, икемделгіш келеді. Олар жоғары өзгергіштікке ие.
Әртекті жұп таңдаудың негізгі міндеттерінің бірі болып, енелерінде кездесетін кемшілігі жоқ ұрпақ алу болып табылады. Ол үшін экстерьерлік-коституциялық немесе одан басқа кемшіліктері бар аналықтарды дәл осы кемшіліктердің жақсартушысы болып табылатын аталықтармен шағылыстырады. Көбінесе әртекті жұптау саулықтарға қошқарларды топтап бекіту кезінде, әсіресе, төменгі класты аналықтарға қолданылады.
Егер аналықтар, әсіресе төменгі класты, тек бір ғана белгілері бойынша кемшілікпен бір табынға жинақталса неғұрлым нәтижелі болады. Мұндай жағдайда аналық табынды қалыптастыруда кешенді бағалау (класы) нәтижесі есебінен қатар аталған қой тобында әлсіз дамыған белгілердің айқындалуы ескеріледі, жұптау жеңілдеп, оның нәтижелілігі артады.
1 Тапсырма. Биязы жүнді қойларға топтық жұп таңдауды жүргізіңдер.
7.2.1 кестеде оңтүстік қазақ мериносы тұқымының саулық отарлары мәліметтері, ал 7.2.2 кестеде осы тұқымның негізгі қошқарларының мәліметтері берілген. Жұптау нәтижесін 7.2.3 кестеде берілген формаға жазыңыздар.
7.2.1 кесте. Ұрықтануға баратын саулықтар отары жөніндегі мәліметтер
Саулық отарлары
|
Саулық тұқымы мен класы
|
Жасы, жыл
|
Саны, бас
|
ОҚМ
|
МШК
|
ЕД
|
Ересек
Ересек
1,5
1,5
Ересек
Ересек
Ересек
Ересек
|
650
650
650
650
700
700
650
650
|
Эл.
І
І
ІІ
ІІ
ІІ
І
ІІ
|
Эл.
І
І
ІІ
ІІ
Будан ІІ
Будан ІІ
Будан ІV
|
Эл.
ІІ
І
ІІ
І
ІІ
эл.
-
|
7.2.2 кесте. Негізгі және қосымша пайдаланылатын қошқарлар мінездемесі
Жеке№
|
Тұқымы
|
Жасы
|
Бонитировкасы
|
1414
2420
3535
4540
6535
1464
1130
2170
2112
1115
1116
1069
1420
1459
1404
1110
|
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
СКМ
|
2,5
2,5
3,5
3,5
3,5
2,5
2,5
1,5
3,5
3,5
2,5
3,5
2,5
4,5
1,5
3,5
|
С М Д 12 ИТ 60 У Ж ЦС К Э5 04 102 14,0 7,0 эл.
С ММ Д10 ИТ 60 У+ Ж ЦК К5 Э5 04 100 13,7 6,5 эл..
С+ ММ Д10 ИТ 60 У Ж ЦК К Э5 04 97,5 13,8 6,3 эл..
С ММ Д9 ИТ 60 У+ Ж ЦК К5 04 95 12,6 6,0 эл..
С ММ Д11 ИТ 60 У Ж ЦС К Э5 04 101 14,0 6,5 эл..
С ММ Д9,5 ИТ 60 У+ Ж ЦС К Э5 05 98 14 6,5 эл..
С ММ Д10 ИТ 60 У+ Ж ЦБ У Э5 05 110 17 7,5 эл..
С ММ Д12 ИТ 60 У+ Ж ЦС К Э5 05 75 8,7 3,2 эл..
С ММ Д10,5 ИТ 60 У+ Ж ЦК К Э5 05 98 13,4 6,2 эл.. С ММ Д9,5 ИТ 60 У+ Ж ЦС К Э5 05 106 16,4 7,4 эл..
С ММ Д10 ИТ 60 У+ Ж ЦС К Э5 04 99 13,0 6,1 эл..
С ММ Д9,5 ИТ 60 У+ Ж ЦС К Э5 05 96 13 6,2 эл..
С ММ Д12 ИТ 60 У Ж ЦК К Э5 04 100 17,0 7,6 эл..
С ММ Д11 ИТ 60 У+ Ж ЦК К Э5 05 101 14,3 6,2 эл..
С ММ Д10 ИТ 60 УЖ ЦК К Э5 04 74 8,0 4,0 эл..
С ММ Д9.5 ИТ 60 УЖ ЦК К Э5 04 104 15,7 7,0 эл..
|
7.2.3 кесте. Саулықтарға қошқарларды жұптастыру ведомосы
Саулықтар жөніндегі мәлімет
|
Қошқарларға сипаттама
|
Жүн қырқымы, кг
|
Негізгі немесе қосымша белгіленуі
|
тұқымы
|
Класы
|
Жасы
|
Қой саны
|
Жеке№
|
Тұқымы порода
|
Жасы возраст
|
бонитировка
|
Класы
|
Ағымдағы жылдағы тірі салмағы
|
Кір
|
Таза
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 Тапсырма. Саулықтарға қошқарларды жеке жұптастыруды жүргізіңдер
7.2.4 кесте. Қошқар сапасы
|
жеке №
|
Бонитировкасы
|
Тірі салмағы, кг
|
Жүн қырқымы , кг
|
042
040
043
044
047
|
СКМ С ММ 12/11 И 60/58 УЖБ К Э5 О5
СКМ С М+ 11/10 И 58/58 УЖБ К Э5 О5
СКМ С ММ 12/11 И 64/60 УЖБ К Э5 О5
СКМ С ММ 10/10 И+ 60/60 УЖБ К Э О5
СКМ С ММ 11/10 И+ 60/58 УЖБ К Э5О5
|
130
130
130
128
128
|
7,2
7,0
7,1
7,0
7,2
|
7.2.5 кесте. Саулықтар сапасы
-
|
жеке№
|
Бонитировкасы
|
Тірі салмағы, кг
|
Жүн қырқымы , кг
|
0220
0222
0225
0401
0402
0410
0550
0551
0560
0660
|
СКМ С М+ 10/9 И 60/60 УЖБ К Э5 О5
СКМ С ММ 9/8 И 64/60 УЖБ К Э5 О5
СКМ С ММ 9/8 И 70/64 УЖБ К Э5 О5
СКМ С М+ 10/0 И 60/58 УЖБ К Э О5
СКМ С ММ 9/8 И 64/60 УЖБ К Э5О5
СКМ С ММ 9/8 И 64/60 УЖБ К Э5 О5
СКМ С М 9/9 И 64/60 УЖБ К Э5 О5
СКМ С ММ 9/8 И+ 64/60 УЖБ К Э5 О5
СКМ С ММ 9/8 И 64/60 УЖБ К Э5 О5
СКМ С ММ 9/8 И 64/60 УЖБ К Э5 О5
|
65
63
63
63
65
63
63
63
62
63
|
3,5
3,5
3,5
3,5
3,6
3,5
3,5
3,6
3,5
3,4
|
7.2.6 кесте. Біртекті жұптауға арналған ең төменгі талаптар
-
Жастық-жыныстық топ
|
Тірі салмағы, кг
|
Жүн қырқымы, кг
|
Жүн ұзындығы, см
|
Қошқарлар
|
126
|
7,0
|
11,0
|
Саулықтар
|
63
|
3,5
|
9,0
|
Бақылау сұрақтары.
Қой шаруашылығындағы жұп таңдаудың негізгі міндеттері.
Қой малдарын жұптаудың негізгі екі түрін атаңыз.
Жеке жұп таңдаудығ негізгі принципі.
Көбінесе қандай шаруашылық категорияларында жек жұп таңдау жүзеге асады?
Қой малдарын жеке жұптау түрлері.
біртекті жұп таңдау мақсаты.
Аталық із бойынша өсіруде жұп таңдаудың қай түрі кең қолданылады?
Қой малдарын жасына байланысты жұптаудың принципі.
Кластық немесе топтық жұп таңдаудың негізгі принципі.
7.3 Тақырып. Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ұйымдастыру. Технологиялық картасын құру
Сабақ мақсаты.
Біздің аймағымыздың ұлттық технология жағдайындағы қой шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұйымдастыру мен басқару әдісі ретінде, ұйымдастыру-технологиялық карталар құрып үйрену.
Өндірістік үрдістерді жоспарлаудан басқа жұмыстың міндеттемесін, жеке операцияларды толықтыратын әдістер мен кезеңдерді, қажетті механикаландыру заттарын, азық, энергия және еңбек шығынын көрсететін ұйымдастыру-технологиялық карталар кешені бар, кооперациялық технологияны айқындаушыны бағдарлау мен енгізу қажет.
Қой шаруашылығы технологиясын, өндірістің ғылыми ұйымдастырылған, бағдарланған жүйесі ратінде қарастыра отырып, келесідегідей негізгі құжат деп көрсетуге болады:
- толықтай өндірістік үрдістер, өндірістің негізгі кезеңдері, уақыты және материалдық жағдайы бойынша дифференцияланып көрсетілген, өнімдерді өндірудің жалпы технологиялық картасы;
- әрбір өндірістік кезеңдерге арналған негізгі технологиялық операциялардың уақыты, көлемі және орындаудың материалдық жағдайы көрсетілген ұйымдастыру-технологиялық картасы;
- негізгі технологиялық үрдістер бойынша жұмыс әдістері, уақыты және материалдық қамсыздандыру тізімі бар операциялардың операциялық картасы.
Сызсанұсқа түрінде келесідегідей көрсетуге болады:
Жүн мен қой етін өндіру
|
Жалпы технологиялық картасы (өндірістік үрдістерден тұрады)
|
Негізгі өндірістік үрдістер:
- жаз кезінде қойларды күту, азықтандыру және ұстау (бағу);
- қыс кезеңінде қойларды күту, азықтандыру және ұстау (бағу);
- қойларды ұрықтандыру;
- қой төлдету;
- қозы өсіру;
- қой қырқу;
- жаю мен бордақылау;
- қойларды бонитировкалау;
- ветеринарлық-профилактикалық шаралар
|
Ұйымдастыру-технологиялық карталар (өндірістік операциялардан тұрады)
|
Өндірістік операциялар
|
Операциялық карталар (жұмыс операцияларынан тұрады)
|
Жұмыс операциялары:
Азық тарату, көң жинау, қой қырқу, ұрықтандыру және т.б.
|
|
Жалпы технологиялық карта – бұл зооинженер өндірісті ұйымдастырып және сол бойынша басқаратын, бүкіл үрдістерді көрсетуші өндіріс сызбанұсқасы. Негізгі өндірістік үрдістердің ұйымдастыру-технологиялық картасы өндірстік немесе технологиялық операцияларды логикалық-өндірістік бірізділікпен көрсетеді. Бұл оперативті құжаттар ферма меңгерушісі немесе бригадирде болады. Операциялық карточкалар жұмыс операцияларының реті мен әдісін реттеуші және қосымша орындаушыларды – ферма жұмысшыларының бақылаушы және оперативті құжаты болып табылады.
Технологиялық карта үш бөлімнен тұруы қажет:
технологиялық, барлық үрдіс операциялары орвндалу реті қойылатын зоотехникалық талаптармен және жұмыс көлемімен көрсетіледі;
техникалық, барлық машиналар мен жабдықтар тізімін және олардың өнімділігін көрсетеді;
экономикалық, техникалар жұмысшылар саны көрсетіліп, әрбір операциялар мен үрдістердің орындалуындағы еңбек шығынын есептеп береді.
Техникалық картаны құрғанда бірінші бөліміне барлық операциялар мен үрдістерді орындалу ретіне қарай, оларға қойылатын зоотехникалық талаптармен жазады. Әрбір операцияға кезеңдегі жұмыс көлемі мен кезеңдегі күндер санын қояды. Кезеңдерге жұмыс көлкемі мен кезеңдегі күн санын бөлу арқылы тәулігіне орындалатын жұмыс көлемін анықтайды.
Технологиялық картаның техникалық бөлімінде кешенді механикаландыру линиясын құруға қажет әрбір операцияны орындайтын барлық қолданылатын машиналар мен жабдықтардың маркалары көрестіледі.
Әрбір машина бойынша белгілі бір операцияны орындауына қарай оның жұмыс өнімділігін анықтайды. Машина өнімділігін тоннамен сағатпен көрсетеді.
Тәулігіне орындалатын жұмыс көлемін машинаның сағатына орындайтын өнімділігіне бөлу арқылы әрбір операцияны орындауға кететін сағат санын анықтайды. Бір операцияны орындауға кететін сағат санын тәулігіне орындалатын жұмыстың жеті сағатына бөлу арқылы машиналар мен жабдықтар қажеттілігін анықтайды. Әрбір операцияны орындау үшін жұмысшы саны, қызмет көрсету машинаолары мен қосымша жұмысшылар саны анықталады. Жұмысшылар санын тәулігіне орындалатын операцияға кеткен сағат саны мен кезеңдегі күн санына көбейту арқылы адамға сағатпен кеткен еңбек шығынын анықтайды.
Тапсырма. Қойларды бордақылау мен қырқу бойынша ұйымдастыру-технологиялық картасын құру қажет. Қойларға қажетті ғимарат, инвентарь және құрал-жабдықтарды есептеу кезінде келесі нормативтерді ескеру қажет (7.3.1 және 7.3.2 кестелер), есептеулерді 7.3.3 және 7.3.4 кестелерге толтырыңыздар.
7.3.1 кесте. Қой қорасы еден аумағының қажеттілігі
№
|
Жыныстық-жастық топ
|
Қой қора аумағы, кв.м.
|
Оңтүстік аудандар
|
Солтүстік аудандар
|
1
|
Көктемде қоздаған саулықтар
|
1,0
|
1,2
|
2
|
Қыста қоздаған саулықтар
|
2,0
|
2,3
|
3
|
Топтық күтіп-бағу кезіндегі қошқарлар
|
1,5
|
2,0
|
4
|
1 жылға дейінгі жас төлдер
|
0,7
|
0,9
|
Қой малдарының ясли мен рештакка қажеттілігі:
20 саулық үшін – бірыңғай ясли және 4 м ұзындыққа дейін бір рештак;
1 жылға дейінгі жас төлдер үшін – бір рештак және 30 басқа арналған 4 м ұзындықтағы бірыңғай ясли;
8 қошқар үшін – бір рештак және 4 м ұзындықтағы бірыңғай ясли;
бір отарға арналған жалпы ұзындығы 20-30 м болатын суару астауы.
7.3.2 кесте. Далалы және жартылай шөлейтті аймақтарға арналған, арнайы мамандандырылған қой шаруашылығы фермаларында қой еті мен жүнін өндірудің жалпы технологиялық картасы.
Саулықтар – 5000, қошқарлар -100, жөндеуге арналған ұрғашы тоқтылар – 1500, төл -5000. Ұстау жүйесі – қорада. Жайылымда жүн өндіру көлемі – 352,44, бір бастан қырқылатын жүн – 5,34 кг, салмақ қосуы -2150 ц, жұмысшылардың орташа жылдық саны -30, оның ішінде негізгісі – 15.
Негізгі өндірістік үрдістер
|
Зоотехникалық талаптар
|
Күнтізбелік мерзім
|
|
Ұзақтығы (күн есебімен)
|
Кезеңдегі жұмыс көлемі
|
Саулықтарды жаз мерзімінде күтіп-бағу
|
Жайылымға жаю, қойлардың заводтық қоңдылығын қамтамсыз ету
|
14.05-15.10
|
|
153
|
5000
|
Саулықтарды қыс мерзімінде күтіп-бағу
|
Қи-көңді шығаруды, азық таратуды, суаруды механикаландыру және жүн тазалығын сақтауды қамтамасыз ету
|
15.10-13.05
|
|
212
|
5000
|
Ұрықтандыру
|
Қысқа мерзімде қолдан ұрықтандыруды өткізу
|
01.10-30.10
|
|
30
|
5000
|
Қоздату
|
Қысқы қоздатуды қысқа мерзімде өткізу
|
01.02-10.03
|
|
40
|
5000
|
Қозыларды бір айлығынан енесінен бөлгенге дейін өсіру
|
Енесінен бөлгенге дейін қозыларды сақтау мен жақсы дамуын қамтамасыз ету
|
15.03-15.06
|
|
90
|
5000
|
Айырғаннан кейін жөндеуге арналған ұрғашы малдар өсіру
|
Табынды жөндеуге арналған сұрыпталған ұрғашы малдарды қарқынды өсіру
|
15.06-0.03
|
|
|
1500
|
Жөндеуге арналған ұрғашы малдарды күтіп-бағу
|
Жақсы азықтандыруды, тоқтыларды жақсы дамуын қамтамасыз ету және ұрықтандыруға дайындау
|
01.01-31.12
|
133
|
|
1500
|
|
|
|
|
|
|
Қошқарларды күтіп-бағу
|
Малдың заводтық қоңдылығын қамтамасыз ету
|
01.01-31.12
|
365
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
Қой қырқу
|
Қысқа мерзімде өткізіп, стандарт сападағы жүн өндіру
|
20.05-05.06
|
15
|
|
8600
|
Жайып семірту
|
Саулықтарды жайып семіртуді 100 күн көлемінде өткізу қажет және жоғарғы қоңдылыққа жетуі тиіс
|
15.06
|
100
|
|
1000
|
Тұрақты бордақылау
|
Жас малдарды қарқынды бордақылау 7-8 айлық жасқа дейін
|
10.05
|
90
|
|
4000
|
Бонитировкалау
|
Кластық бонитировкалау, саулықтарды жарамсыздыққа шығару 20%
|
15.05-23.05
|
8
|
|
6500
|
7.3.3 кесте. Қой қырқуды ұйымдастырудың технологиялық картасы
өндірістік операциялар
|
Зоотехникалық талаптар
|
Мерзімі
|
Ұзақтығы
|
Жұмыс көлемі, бас
|
Механикаландыру заттары
|
Машина саны
|
Қажет жұмысшы
|
|
|
|
Тәулігіне
|
Кезеңіне
|
|
|
|
Ғимаратты дайындау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қойларды дайындау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қой қырқу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тексеру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жүнді таразыға және кластаушыға тасу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жабағыны кластау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жабағыны престеу мен упаковкілеуге жіберу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қойды профилактикалық тоғыту
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7.3.4 кесте. Қойды тұрақты бордақылаудың ұйымдастыру-технологиялық картасы
Өндірістік операциялар
|
Зоотехникалық талаптар
|
Мерзімі
|
Ұзақтығы
|
Жұмыс көлемі (бас)
|
Механикаландыру заттары
|
Қажет жұмысшы
|
Тәулігіне
|
Кезеңіне
|
Машиналар
|
Саны
|
механизаторлар
|
Қосымша
|
Азықтандыру аумақтарын дайындау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Табын жасақтаутар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шөпті шабу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шөп тасу мен тарату
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Концентрлі азықтарды тиеу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Концентрлі азықтарды тасу мен тарату
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау өлшеу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жекелеп тексеру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бордақыдан шығару
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ет комбинатына тасымалдау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары.
Технологиялық картаның негізгі бөліктерін атаңыздар.
Ұйымдастыру-технологиялық картасын не мақсатта құрады?
Ұйымдастыру-технологиялық картасының түрлері.
VIII Малды өз төлінен өсіру
8.1 Тақырып. Қой малдарын шағылыстыру
Сабақ мақсаты.
Қолдан ұрықтандыру түрлерімен танысу және саулықтарды ұрықтандыруды өткізудің ұйымдастыру-технологиялық картасын құрып үйрену.
Кейбір малдардың жыныстық жетілуі бойынша ерте (7-8 айда), кейбірінде кеш (9-10 айда) жетіледі. Ол мал тұқымына, климатқа және азықтануына байланысты, олардың жыныстық жетілуі және өсуі қанға бөлінетін гипофиз гормонымен реттеледі. Малдың жас кезінде гипофиз гормоны өсуді тездетеді. Өсуі баяулағанда, гипофиз жыныстық мүшелердің дамуын үдететін гормондар бөле бастайды.
Қойларды жыныстық жетілу өсуден бірінші дамиды, сондықтан оларды жыныстық жетілсе де, ұрықтандыру тиімсіз. Ерте ұрықтандыру малдың қалыпты өсуін тежейді, оның өсуіне қажет барлық қоректік заттар төлдің өсуіне жұмсалады, ал төлдегеннен кейін сүттің түзілуіне кетеді. Сонымен қатар өте кеш ұрықтандыру да зиян. Мұндай жағдайда төлді азықтандыруға кететін қорек мал организмінде май қорын түзеді. Саулықтың аналық безіне жиналған май өсіп-өну қызметіне кері әсерін тигізеді.
Кейбір биязы қой тұқымдарын өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарда ең бірінші ұрықтандыруды 2,5 жаста жүргізуді ұсынады. Мұндай жаста алғаш ұрықтандырылғандарды тұсақ (переярка) деп атайды. 2,5 жаста алғаш ұрықтандыруға барған малдар тек өмірінің бірінші жылында дұрыс азықтанбағаннан немесе ауырғаннан дұрыс өспей қалу жағдайына байланысты болады. Ал барлық басқа жағдайларда жыныстық-жастық топқа тұсақтар тиімсіз.
Барлық тұқымдар үшін ұрғашы тоқтыларды алғаш ұрықтандыруға 12-18 айлық жаста жіберу ұсынылады.Және олардың тірі салмағы ересек саулық салмағының 70-80 %-ын құрауы тиіс.
Шағылыстырудың еркін, үйірлі, кластық, қолдан және жасанды түрлері қолданылады.
Еркін шағылыстыруда саулықтар мен қошқарларды жалпы табында 1,5-2 ай ұстайды. Күйге келген саулықтар шағылысу кезеңінің кез келген уақытында адамның бақылауынсыз шағылыса береді. Еркін шағылысу кезінде асыл тұқымдық уақыттың аздығына байланысты аталықтар тез шаршайды. Әрбір 100 саулыққа 3-4 аталық қажет. Егер саулықтар табынына бірнеше аталықты жіберсе, онда оларды екі топқа бөліп, оларды саулықтарға күнара кезекпен жіберу қажет. Сонымен қатар қошқарларды түнде саулықтарға қосып, күндіз бөліп алып, азықтандырып отыруға болады, ал егер саулықтар жайылымда бағып күтілсе, онда қошқарларды табынға күндіз жіберіп, түнде азықтандырады.
Бақылаусыз шағлыс кезінде, яғни еркін шағылысу сау малдың ауруға шалдығуына жол береді, сонымен қатар қойлардың көп мөлшері құйрығындағы май қорының көптігіне байланысты шағылысуы қиындап, қысырлыққа ұшырайды. Еркін шағылыстыруды өткізу мен ұйымдастыру неғұрлым қарапайым және еңбек шығынын аз қажет ететін операция, бірақ, құнды қошқарларды тұрақсыз және бақылаусыз пайдалану асыл тұқымдық жұмыстың нақты нәтижелілігін қиындатады.
Үйірлі (гаремная) шағылыстыру алынатын ұрпақтың шығу-тегін бақылауға мүмкіндік береді. Өткізу үшін 30-50 бас аналықтан тұратын әрбір топқа бір айға арналған азық қоры бар жайылым аумағын қоршау қажет. Сонымен қатар аналық тобының санвна байланысты онша үлкен емес қоршаулар жасауға болады, оған бір ай ішінде жем-шөпті тасымалдау арқылы саулықтарды азықтандырады. Саулықтарды қошқарлармен бір ай ұстағаннан кейін, әр қоршаудағы саулықтарды бір табынға біріктіріп шағылыстыруды аяқтайды.
Кластық шағылыстыруда шағылыс кезеңінде саулықтардың белгілі бір класына нақты аталықтар бекітіледі. Еркін шағылыстырудан айырмашылығы мал саны аз қолданылады.
Қолдан шағылыстыру адам бақылауымен іске асады. Бұл малды жекелеп жұптастыру мен асыл тұқымдық жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді; асыл тұқымды қошқарларды пайдалану жақсарады. Алайда қолдан шағылыстыру кезінде өте жақсы аталықтарды пайдалану шектеулі, өйткені оған көп еңбек шығымы қажет, аталықтар ауру жұқтырып таратуы мүмкін сондықтан қолдан шағылыстыруды мал басы аз жеке жұптау жүргізетін шаруалышықтарда пайдалану тиімді.
Қолдан шағылыстыру кезінде күйге келген аналықтарды күйттеуші аталықтар көмегімен таңдап алады. Күйге келген саулықтарды оларға бекітілген қошқарлармен шағылыстырады. Шағылыстыру үшін саулықты станокқа бекіткен дұрыс, аталық аналыққа күшпен итеріліп, секіргенде ғана ұрықтанған болып есептеледі. Бір саулыққа қайта-қайта аталықты секірту қажет емес. Бір рет алыпты секіру, ұрықтану үшін жеткілікті.
Аталықты ұрықтандырғаннан кейін аталықты тұратын қоршауына, ал саулықты – ұрықтанған малдар қатарына қосады. Одан кейін дәл осы жолмен келесі саулық ұрықтандырылады. Аталық бәр тәулікте үш төрт саулықты ұрықтандыруы қажет, ал жаақсы күтіммен күшті азықтандырудағы аталық үшін 5-6 саулық бекітіледі, секірту аралығы 1-2 сағаттан кем болмауы керек. Ұрық сапасын 5күнде бір тексеріп отырады.
Егер ұрық сапасы тұқыммен төмен болса, аталықты шағылыстыруға жібермей оған арнайы жақсы күтіммен толық құнды азық беріп, жағдайлар жасалады. Мұндай аталықтарды тек ұрық сапасы жақсарған жағдайда ғана шағылыстыруға жібереді.
Шағылыстыру кезеңі мен ұзақтығы 1,5-2 ай. Қолдан шағылыстыру кезінде бір аталық 60-80 және одан да көп аналықты ұрықтандыра алады. Қолдан шағылыстыру аяқталғаннан кейін аталықтарды ұрықтанбай қалған саулықтар үшін, саулық табынына 25-30 күнге еркін шағылысуға жібереді.
Жасанды ұрықтандыру аналықтарды ұрықтандырудың нақты әдістерінің бірі болып табылады. Жасанды немесе қолдан ұрықтандыру асыл тұқымды аталықтарда неғұрлым көп пайдалануға мүмкіндік беріп, малдың өнімділік және асыл тұқымдық сапасын жоғарылатуға зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, бұл әдісті қолдану басқа ұрықтандыру әдістерімен салыстырғанда аналықтардың қысырлығына жол бермеудің бірден бір күресушісі. Бұл әдіс жыныс жолдары арқылы берілетін ауруларды алдын алады.
Бірақ қолдан ұрықтандыру әдісі ғимарат, құралдарымен жабдықтап, реактивтер және қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан, бұл қажеттіліктермен кез-келген шаруашылық қамтамасыз етіле бермейді, ол тек мал басы аз фермаларда (500-1000 бас саулық) ғана қолданылады.
Кейінгі жылдары еліміздің бірқатар аймақтарында қойларды қатырылған ұрықен ұрықтандыру қолданыс табуда. Мұндай ұрықты шаруашылыққа жеткізу мен оны сақтауды қолдан ұрықтандыру станциялары жүзеге асырады. Алайда, қатырылған ұрықтың жібігенімен кейінгі ұрықтандыру сапасы неғұрлым төмендеу.
Сондықтан қойларды ұрықтандырудың тиімді әдісін таңдау нақты шаруашылық жағдайына байланысты, ондағы маманның шешуі бойынша жүргізіледі.
Қолдан ұрықтандыруды қой мен ешкіні қолдан ұрықтандыру нұсқаулығын (1986) басшылыққа ала отырып, жүргізеді.
Ұрықтандыру нәтижелә өту үшін күйге келмеген саулықтарды күн сайын және мұөият таңдау қажет. Бұл сынақшы аталықтар көмегімен жүргізіледі.
Сынақшы аталықтарды дайындаудың бірінші әдісі ұсынылған, олар: алжапөыш (күйек) байлау, вазоэктология, жыныс мүшесін күпекпен бұрышына қарай орналастыру, жыныс мүшесін S-тәрізді иілдірі ұстау және т.б. Көбінесе сынақшы қошқарларды алжапқышпен (8.1.1.сурет) пайдаланады. Бұл өте қарапайым тәсіл; ұзындығы 60 см, ені 40 см алжапқышты күек тұсына байлайды, бірақ алжапқышты тағу мен шешу көп еңбек шығынын қажет етеді, сонымен қатар сынақшы аталықтар күйттеу кезінде алжапқыштарын жоғалтып, аналықтарды ұрықтандырады. Сондықтан таңдау кезінде сынақшылар алжапқыштарын жоғалтпауын мұқият қадағалауы қажет.
8.1.1 сурет. Сынақшы қошқар
Сынақшылар ретінде вазоэктомияланған қошқарларды (шәует жолы көмегімен) пайдалану неғұрлым сенімді жіне еңбек көлемі аз жұмсалады.
Күйлеген аналықтарды таңдауды танертен ерте бастайды. Оған дейін сынақшыларды екі үш топқа бөледі, 180-200 м2 аумақтағы қоршауларға 150-200 бастан топтап қоймайды ды оларға күйлегендерді анықтау үшін 2-3 бас сынақшылар жіберіледі. Күйге келген саулық сынақшы қошқар секіргенде қашпай тұрады. Күйге келмеген саулықтарды үшінші қоршауға (300 м2 ) қамап орнына малдардың жаңа тобын енгізеді. Осылай бүкіл табынды тексеріп бьіткенше қайталайды. Бірінші топ сынақшыларының аналықтарды таңдап төмендей бастағанда оларды келесілерімен алмастырады.
Күйге келген қойларды таңдауды екі мезгіл таңертең және кешкі уақытта жүргәзуге болады. Таңдау аяқталған соң, сынақшыларды табыннан шығарады да күйге келген саулықтарды ұрықтандыру пунктіне алып кетеді. Табынды жайылымды жібереді, ал малды қорада ұстау кезінде азықтандыру базына қояды.
Күйге келген аналықтарды таңдау - ауырда қажырлы жұмыс. Сондықтан еңбекті жеңілдету үшін сынақшыларды таңбалауышпен де пайдаланады. Таңбалауыш ретінде қаңылтырдан жасалған 50 х 20 мм көлемдегі арнайы құралды пайдаланады. Құралға дәл сондай көлемде оқ салынады. Оқ 15-20 бояудан тұрады, ол 5-8 күндік жұмысқа жеткілікті бояу біткеннен кейін қайта толтырылады немесе ауыстырылады.
Күйге келген аналықтарды таңдауды сынақшы таңбалағыштармен келесідей жүргізеді: әрбір саулық табынына 10-12 вазэктомиоланған қошқар - таңбалағыштарды бекітеді. Шағылыстыру уақытында оларды екі топқа бөліп, табынға кезекпен жібереді. Олар күйге келген аналықтарға секіру кезінде жүндеріне бүлдірмейтін бояумен таңба қалдырады. Танертен қойшылар саулықтарды өткелек арқылы шығарып барлық таңбаланған саулықтарды ұрықтандыруға қалдырады.
Аналықтарды таңдау аяқтала салысымен күніне бір немесе екі рет, таңертен немесе кешке ұрықтандырады. Ұрықтандырудан кейін де, бір тәуліктен артық күйлеген саулықтарды қайтадан таңдап ұрықтандырады (8.1.2. сурет).
8.1.2 сурет. Жатыр мойнына ұрықты кататер көмегімен енгізу
Қолдан ұрықтануды 35-40 күн жүргізеді, одан кейін табынға қошқарларды еркін шағылыстыру үшін 20 күнге жібереді. Ол үшін қошқарларды 2 топқа бөледі, олар шағылысқа күнара жіберіледі немесе бірінші топты күндіз, екіншісін – түнде пайдаланады. Демеалыстағы қошқарларды жақсы күтім мен азықпен қамтамасыз ету қажет.
Бір орында ұрықтандыратын мал басы өте көп мөлшерде (4-6 табын) болған жағдайда, ұрықтандырудың циклдік түрін пайдалануға болады. Егер бес немесе алты аналық табын және төлдеуге арналған екі жылы қора жай бір аумақта болса, циклдік ұйымдастыруды келесідей ұйымдастырылады. Күн сайын барлық отардан күйге келген аналықтарды таңдап алады да, ұрықтандырады және олардан ұрықтанған саулықтар табынын жасақтайды. Егер табын 750 саулықтан тұру керек болса, бастапқыда ол 850 – 900 бас болады, ал қалған кейінгі күйлеген 20 – 25% саулықтар басқа табындарға жіберіледі. Бірінші табынның жасақталуына 5-6 күн қажет. Екінші табын (жылыланған екі қораны алғанда) біріншіден кейін үзіліссіз жасақталады. Екі табын толықтай жасақталғаннан соң, шағылыстыру 2-3 аптаға үзіледі. Ұрықтандырудағы бұл үзіліс, ұрықтанудың бірінші циклындағы саулықтар мен олардың 2-3 апталық қозыларын жылы қорадан арнайы төл алуға жабдықталған қораларға ауыстыру үшін жасалады. Босатылған жылы қораларды ұрықтандырудың екінші циклындағы буаз саулықтарды қабылдау үшін тазалап, дезинфекциялайды.
Ұрықтанудың екінші немесе үшінші цикл табындарын да, дәл біріншідегідей жасақтайды.
Ұрықтану басталғанына 12 күн өткеннен кейін аналық тобына немесе табынына қайта күйге келген аналықтарды анықтау үшін сынақшылар жіберіледі.
Тапсырма. Қой ұрықтандыру бойынша ұйымдастыру – техникалық картасын құрыңыздар.
8.1 кесте. Саулықтарды ұрықтандырудың ұйымдастыру – техникалық картасы.
Өндірістік операциялар
|
Зоотехникалық талаптар
|
Мерзімі
|
Ұзақтығы (күн есебі)
|
Жұмыс көлемі (сағ)
|
Жабдықтар мен аппаратуралар саны
|
Тәулігінде жұмыс ұзақтығы (сағ)
|
Қажет жұмысышылар
|
|
|
Негізгі
|
Қосымша
|
|
|
|
|
Тәулігіне
|
Кезеңіне
|
|
Қошқарларды дайындау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қойларды қолдан ұрықтандыру пункті орындарын дайындау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Күйлеген саулықтарды таңдау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Саулықтарды бекіту мен ұрықтандыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Еркін шағылыстыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары.
Ұрықтандыру әдістерін атаңыз.
Сынақшы – қошқарларды не мақсатта пайдаланады.
Ұықты бағалау әдістерін атаңыз.
8.2 Тақырып. Төл алу және жас төлді өсіру
Сабақ мақсаты.
Төл алу түрлерімен танысу және саулықтарды төлдетуді өткізудің ұйымдастыру – техникалық картасын құрып үйрену.
Қой шаруашылығында төл алу жауапты да, күрделі және еңбекті көп қажет ететін үрлісі болып табылады. Ол саулықтар ұрықтанғанна кейін, (орта есеппен) 147-150 күннен кейін болады.
Төлдеу наурыз-сәуір айларында болса, ол көктемгі, ал, қаңтар – ақпан айларында өтсе, ерте немесе қысқа төлдеу деп аталады.
Көктемгі төлдеу қой малдарын жайылымда басталған кезбен сәйкес келгенде тиімді. Саулықтарда жайлымда күтіп – бағу кезінде, олар толық құнды азықтармен, қозылыры оның сүтімен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар жылы қоралар дайындалу қажеттілігі жоқ. Қой шаруашылығымен айналысатын солтүстік аудандарда қой шаруашылығы өнімдерді өндірудің өзіндік құнын төмендету үшін көктемдік, тіпті жаздық төл алуды енгізуде. Алайда, көптеген аудандарда көктемгі ауа – райы тұрақсыз, жылы күндер күрт сууға әкеп соғады, ол қозыларды суық тиюге шалдықтырып, өлім – жітімге ұшыратады. Көктемгі кезеннің осы ерекшелігін осы уақытта төл алуды жоспарлауда қатаң есте ұстаған жөн.
Қысқы төл алу. Құрылыс, ғимаратты жылылап жабдықтау, азық дайындау, қосымша жұмыс күшін тарту сияқты шығындармен байланысты. Бірақ, мұнымен қатар қысқы уақытта туған жас төл арзан жайылымдық азықтарды жақсы пайдаланады. Ал, сол жылы қымбат емес өнім алуға мүмкіндік береді.
Төл алуға дайындық 10 – 15 күн бұрын қой қораны жылылау мен жабдықтаудан басталады. Қой қораның орташа , неғұрлым жылы және жарық жабдықталған бөлігін туу (қоздату) бөліміне, басқа бөлігіне қозылы қойларды, үшіншісіне – буаз саулықтарды қоюға дайындайды.
Қозылардың ауруын алдын – алу үшін, әсіресе суық шалуды, қой қорасыз және жел өткізгіш болмауы тиіс. Ылғалды жақсы сіңіргіш және жылылағыш ретінде дайындалу үшін бір саулыққа 120 – 150 кг – нан есептеу қажет. Төл алуды сәтті өткізу үшін қажетті мүмкіндіктермен (рештактар, қоршаулар, фонарлар, шелек, қол жуғыш, қозыларды топпен суару астарлары, орамал, шагат,малға алғаш көмек көрсетуге арналған медециналық аптечка қамтамасыз етілуі тиіс.
Төл алу басталмас бұрын қоздату бөлімшесіне жеке қозылы қойлар тұратын үйшіктер 100 бас саулыққа 3-5) және ұсақ төлдерге арналған торлар үшін қойылады. Ірі тұқымды қойлар үшін жек үйшіктердің көлемі - 1,5 м2 ал орташа және ұсақ малдар үшін — 1—0,8 м2. Қоздату бөлімінің ауа температурасы 15— 18°С болуы тиіс.
Қысқы төлдеуге арналған қой қорасының аумағына келесідей нормалар қойылған, бір басқа м2 : қыстауға баратын саулықтар – 1,8 – 2 ; қоздау бөліміндегі қозылы саулықтар – 2-3; жаңа туған қозылар тобы – 1 – 1,1; азықтандыру бөліміндегі қозыларға – 0,3. Бұл нормаларға аумағына: азықтандыру науалары мен суару астаулары кіреді, бірақ азыұ жолдарының аумағы кірмейді.
Ірі шаруашылықтарда төл алу кезінде қойшылар бригадасына көмекке қосымша жұмысшы-сақманшыларды бөледі. Ол әр бір 100 саулыұұа 15 адамнан және әр бір 100 қозыға 40 адамнан есетеледі. Олар қоздаған саулықтар мен төлдеу кезеңіндегі қозыларды төлдегеннен кейінгі алғашқы 12 айында күтіп бағуға көмектеседі.
Қоздау кезіндегі саулыққа көмек. Қоздау еденіне балғын таза сабан төселген туу бөлімінде өткізіледі. Қоздау кезінде төсеніш ауыстырылмайды, ластану мөлшеріне қарай үстінен тазасын салып отырады. Төсеніш ретінде бір аналыққа 120 – 150 кг сабан дайындау ұсынылады. Қоздау кезенінде туу бөліміне тәулік бойы қойшылар бригадасы кезекшілікке тұрады. Олар саулықтардың дұрыс қоздауын қадағалайды. Егер саулық тынышсызданып, жиі жатып, артына қарай мерзімі бұл толғатудың басталу белгісі, сол мерзімде оны мазамалау қажет. Дұрыс туу кезінде толғақтан кейін сұйыққа толтырылған шар айда болады. Ол жарылады да қозының алдыңғы екі аяғы мен басы көрінеді. Бұл төлдің шығуының қалыпты жағдайы. Егер жатыр сау, қалыпты болса, онда туу сәтті өтіп, ешқандай көмекті қажет етпейді. Егер туу ұзаққа созылса, жатыр дыбыс берсе, қойшы оған көмек көрсету қажет. Ең бірінші төлдің қандай жағдайда жатқандығын анықта алуы керек. Ол үшін дизенфекцияланған сумен жуылған және вазелин немесе май жағылған қолды ақырындап, қынапқа енгізеді.
Саулық төлдегеннен кейін үш сағаттан соң, шуы (жатыр жолдасы) түсуі керек. Есте ұстайтын жағдай, малдың шуын тартып немесе кесіп түсіруге болмайды. Ол өз еркімен шығуы тиіс. Оны дезожәшікке тастайды да, одан кейін жағып жібереді немесе көміп тастайды. Егер шуы 5-6 сағат ішінде түсеген жағдайда ветеринар маманын шақырады.
Тапсырма. 500 саулықтың төлдеуін ұйымдастыру жоспарын және төлдеудің қорытынды актісін жасаңыздар.
8.2 кесте. Саулықтарды төлдетуді өткізудің ұйымдастыру-технологиялық картасы.
өндірістік операциялар
|
Зоотехникалық талаптар
|
Мерзімі
|
Ұзақтығы
|
Жұмыс көлемі
|
Механикаландыру заттары, құрал-жабдықтар
|
Қажет жұмысшылар
|
|
|
|
|
|
|
|
Тәулігіне
|
Кезеңіне
|
Машиналар, жабдыұтар, мүліктер
|
Саны
|
механизаторлар
|
Қосымша жұмысшылар
|
Ғимаратты дайындау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қоршауларға саулықтарды орналастыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Төлдеуді өткізу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Төлдерді жасақтау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Төлдерді жасанды суару
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сүрлемді тиеу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сүрлемді тасымалдау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сүрлемді тарату
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шөп тиеу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шөпті тасымалдау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шөпті тарату
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Концентраттарды тиеу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Концазықтарды тарату
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қозыларды есетеу және нөмірлеу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |