1-тапсырма.Мәтінді оқып, құжат құрылымымен танысыңыз.
МІНЕЗДЕМЕ
Мінездеме - мекемеде, кәсіпорында жұмыс істейтін адам туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат.
Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме (сот, прокуратура) сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі.
Мінездеме А4 қалыпты жалпы бланкіге толтырылады. Мінездеме мәтініндегі логикалық байланыстағы бөлімдерді бөліп көрсетуге болады.
Басқы бөлім – анкеталық мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, білімі, т.б.). Кейбір мінездемелерде бұл мәліметтер құжат атауынан бір интервал төменге басылады.
Екінші бөлімде – еңбек қызметі туралы мәліметтер (мамандануы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі, т.б.) және еңбегіне берілген баға жазылады.
Үшінші бөлімде – қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестерімен қарым-қатынасына баға беріледі.
Қорытынды бөлімде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.
Мінездеменің міндетті деректемелері:
Мінездемеде көрсетілетін міндетті мәліметтер:
Жеке адам туралы негізгі мәліметтер:
аты-жөні;
ұлты;
әскери қызметке қатысы;
отбасы жағдайы;
білімі;
лауазымы;
туған жылы;
туған жері;
отбасы жағдайы;
азаматтығы.
Қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары.
Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатынасы.
Мінездеме қайда берілді.
Мекеме басшының қолы.
Мінездеме берілген мерзім (айы, күні, жылы).
Мекеменің мөрі.
Негізгі сөздік
мiнездеме – характеристика
лауазым, қызмет – должность
жоғары бiлiм – высшее образование
орта бiлiм – среднее образование
тәжірибелi – опытный
бiлiктi – квалифицированный
маман – специалист
жетiк бiлу – знать в совершенстве
беделдi – авторитетный
курстас – однокурсник
құрдас - ровесник
үлгiлi - образцовый
адал ниетпен орындау – добросовестно выполнять
өз уақытында – своевременно
белсенді – активный
жетілдіру – совершенствовать
жағымды жағынан көрсету білу – показать себя с положительной стороны
кәсіптік дайындық – профессиональная подготовка
кемшілік – недостатки
бастамашылық – инициатива
табандылық – настойчивость
дұрыс шешім қабылдай біледі – способен принять правильное решение
қызметкердің қызметтік әрекеті – служебная деятельность сотрудника
қоғамдық әрекет - общественная деятельность
іскерлік қабілеті – деловая способность
қызметі бойынша – по службе
білімді,іскер, ізденімпаз – образованный, деловой, целеустремленный
ұжымдағы қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласады – активно участвует в общественной и культурной жизни коллектива
мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады – искренний (открытый) характер, коммуникабельный
жақсы, үлгілі студент – хороший, образцовый студент
атқарып жүрген қызметіне лайық – соответствует занимаемой должности
берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды – ответственно выполняет порученные дела
курстастарының арасында беделді – пользуется авторитетом среди однокурсников
мінездеме еңбек келісімін ұзарту үшін берілді – характеристика дана для продления трудового договора
мінездеме оқуға түсу үшін берілді – характеристика дана для поступления на учебу
қазақ, ағылшын, түрік тілдерін жақсы біледі – владеет казахским, английским, турецким языками
ұйымдастырушылық қабілеті бар – имеет организаторские способности
компьютермен жұмыс істей алады – владеет компьютером
көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатады – нравится работать в колективе
салмақты мінезімен, адалдығымен көзге түсіп жүр – отличается серьезностью характера, честностью
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
Қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалап, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсететін құжат түрі қалай аталады?
Мінездеме қандай мекемелерде сирек қолданылады?
Мінездеме қандай жағдайларда қажет болады?
Мінездеме қандай бланкіге толтырылады?
Мінездеменің деректемелерін атап көрсетіңіз.
Мінездеменің басқы бөлімінде қандай мәліметтер беріледі?
Мінездеменің екінші бөлімінде нелер жазылады?
Үшінші бөлімде қызметкердің қандай сапалық қасиеттеріне баға беріледі?
Қорытынды бөлімде не жазылады?
3-тапсырма. Үлгіні пайдаланып, әріптесіңізге мінездеме жазыңыз.
Мінездеме
Самат Айдынұлы Мәуленбаев, 1970 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Самат Айдынұлы Мәуленбаев – 1970 жылғы қаңтар айының 15-інде Қазақстан Республикасы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1987 жылы қазіргі Ұлттық политехника университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1992 жылы үздік дипломмен бітірген. 1993-98 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір – Қазақ ұлттық университеті металлургия өнеркәсібі факультетінің аға оқытушысы. 1998 – 2001 жылдар аралығында ҚазҰПУ-дің өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
С. А. Мәуленбаев - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол – бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. С.А. Мәуленбаевтың “Металлургия өнеркәсібінің терминдері” деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
С. А. Мәуленбаев – қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі. Студенттер мен әріптестерінің арасында беделді; үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.
Мекеме басшысы /аты-жөні, қолы/
Айы, күні, жылы
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Мінездеме жазу, мінездеме беру, мінездемеге қол қою, жоғары білімді, өз ісін жетік білетін маман, тәжірибелі маман, орта білімді, беделді, қазақ тілін жетік меңгерген.
Достарыңызбен бөлісу: |