Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі


- тапсырма. Мінездеме үлгілерімен танысыңыз



жүктеу 0,81 Mb.
бет6/9
Дата29.01.2018
өлшемі0,81 Mb.
#8015
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5- тапсырма. Мінездеме үлгілерімен танысыңыз

Ахмет Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университетінің

Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің

3 курс студенті А. Өтеповаға
Мінездеме

Анар Өтепова Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің 3 курс студенті. Факультеттегі ең үлгілі, жауапты студенті. Оқу озаты, топ жетекшісі. Әр қашан сабақтарға жақсы дайындалады. Қоғамдық жұмысқа белсене араласады.

Өз жанынан шығарған өлеңін домбыраға қосып айтудан Астана қаласында өткен жастар фестивалінің жеңімпазы. Университет, факультет көлемінде өткен конференцияларға қатысып, үнемі жүлделі орындарға иеленеді. Қазір «Ахмет Байтұрсынов» атындағы стипендияны алады. Сабақтан тыс үйірмелерге, спорт секцияларына қатысады. Студенттерге көмектесуге үнемі әзір тұрады. Студенттермен, оқытушылармен өте жақсы тіл табыса алады.

Болашақта Анардың білімді маман болатынына сеніміміз мол.


Факультет деканы: /аты жөнi, қолы/

Топ эдвайзері: /аты жөнi, қолы/



20 жылы

6-тапсырма.Төмендегі тапсырмалар бойынша мінездеме үлгілерін құрастырыңыз.

1.Студентке аспирантураға түсу үшін мінездеме беріңіз.

2. Жұмысшыңызға прокуратураға жұмысқа тұру үшін мінездеме беріңіз.

3. Қызметкеріңіздің кәсіби білімін көтеру мақсатында мінездеме беріңіз.

4.Бас маманды жаңа қызметке жоғарылату турлы мінездеме беріңіз.

5. Мектепте педагогикалық тәжірибеден өту үшін мінездеме беріңіз.

6. Демалыс кезінде педагогикалық отрядта жетекші болып жұмыс істеу үшін мінездеме беріңіз.

7.Еңбек келісімін ұзарту үшін мінездеме беріңіз.

8. Аттестациялық мінездеме құрастырыңыз.

9. Қызметтік мінездеме құрастырыңыз.

10. Прокуратураға жұмысшы туралы толық мінездеме беріңіз(обьективті).

11. Зауытта тәжірибеден өту үшін мінездеме беріңіз.

12. Сырттай оқуға түсу үшін мінездеме беріңіз.

Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері.


  1. Жаңа сөздермен жұмыс (таныстыру, жаттату, меңгерту)

2. Аударма жұмысын жүргізу.

5-тақырып.

Өтініш.

Сабақтың мақсаты: Құжат туралы мағлұмат бере отырып, студенттердің сөздік қорын байыту, тілін дамыту.

1-тапсырма.Мәтінді оқып, құжат құрылымымен танысыңыз.



ӨТІНІШ
Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат. Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы үміткердің тілегі баяндалады, мамандығы, кәсібі, біліктілігі мен өзі сұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі.

Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады: қабылдаушы (кімге); авторы, автордың мекен жайы; құжаттың түрі (өтініш); мәтіні; өтініш иесінің қолы; жазылу мерзімі.

Өтініште «кімнен» деген үлгідегі көрсеткіштер жазылмайды, сондай-ақ «Сізден өтініп сұраймын», «алдын ала рахмет айтамын», «соған қоса» және т.б. архаизмдер қолданылмайды. Өтініш А4 форматтағы қалыпты қағаз парағына толтырылады.
Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар:

- оқуға түсу;

- жатақханадан орын сұрау;

- сынақ, емтиханды қайта тапсыруға

рұқсат сұрау;

- академиялық демалыс сұрау;

- сырттай бөлімге ауысу;

- басқа жоғары оқу орнына ауысу;

- отбасы жағдайына байланысты

демалыс сұрау;



  • жұмысқа қабылдау;

  • жұмыстан босату:

  • басқа жұмысқа ауыстыру;

  • кезекті демалыс сұрау;

  • кезектен тыс демалыс сұрау;

  • материалдық көмек сұрау;

  • жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.

Негізгі сөздік

өтінемін (сұраймын) – прошу

жіберу – отпустить

қабылдау – принять

рұқсат ету – разрешить

тұратын – проживающий

тіркелген –прилагается

өз еркіммен – по собственному желанию

негізінде – на основании

босату – освободить

атына – на имя

жағдай – ситуация

мекенжай – адрес

жұмысқа қабылдану кезінде – при поступлении на работу

үміткер – кандидат

өтініш – заявление

оның ресми тілегі – его официальная просьба

әрі – и


штатқа тіркеу үшін негіз – основание для зачисления в штат

болып табылады - является

мамандық – профессия

кәсібі – специальность

біліктілігі – квалификация

өзі сұрап отырған қызмет түрі – должность, на которую претендовал работник

көрсетіледі - указываются

төмендегідей деректемелерден тұрады – имеет следующие реквизиты

қабылдаушы (кімге) – адресат (кому)

автордың мекен жайы – место проживания автора

құжаттың түрі – вид документа

мәтіні – текст

өтініш иесінің қолы – подпись составителя

жазылу мерзімі – дата составления

«кімнен» - «от кого»

«Сізден өтініп сұраймын» - «убедительно прошу Вас»

«алдын ала рахмет айтамын» - «заранее признателен»

«соған қоса» - «к сему»

қолданылмайды – не принято употреблять

қалыпты қағаз парағы – стандартный лист бумаги

толтырылады – оформляется
ТҰРАҚТЫ КЛИШЕ ҮЛГІЛЕРІ: басқа жұмысқа ауысуыма байланысты; отбасы жағдайыма байланысты; кезекті демалыс; кезектен тыс демалыс; жұмысқа қабылдау; жұмыстан босату; .... көлемінде қаржылай көмек беру; материалдық көмек көрсету; жалақыны көтеру; ақысыз демалыс; еңбек келісімінің мерзімін ұзарту; бос тұрған орынға қызметке орналасу;

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:

Барыс септік (-қа, -ке, -ға, -ге,-а, -е, -на, -

не)

Кімге? (Кому?)

- А. Сағатовқа


  • А.Сағатов мырзаға

  • Б. Сабитоваға

- Б. Сабитова ханымға

Шығыс септік (нан,нен,дан,ден,тан,тен)

Кімнен? (От кого?)

- МжКТ институтының студенті А.Жұмабаевтан

- кадр бөлімінің бастығы В. Ахметовтен

- ................................... Р. Сұлтанғазиннен

Жұмысқа қабылдауыңызды

Кезекті (кезектен тыс)

демалыс беруіңізді

Материалдық көмек ӨТІНЕМІН

беруіңізді

Астана қаласына

ауыстыруыңызды

Жәрдемақы беруіңізді

Рұқсат беруіңізді

Мені тұрғын үймен

қамтамасыз етуіңізді

Мені басқа

бөлімге ауыстыруыңызды

Мені өз еркіммен

босатуыңызды Еңбек келісімін ӨТІНЕМІН

ұзартуыңызды

Жұмыста тәртіп СҰРАЙМЫН

сақтауыңызды

Осы мәселе бойынша

шара қолдануыңызды

Маған ақысыз

кезектен тыс демалыс

беруіңізді



2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Өтініш кімдердің тарапынан жазылады?

  2. Өтініш қалай жасалады?

  3. Өтініш сөзінің орыс тіліндегі баламасын атаңыз

3- тапсырма. Үлгіні пайдаланып, «Жұмысқа қабылдау туралы» өтініш жазыңыз.
«Жетісу» фирмасының

Бас директоры

Б.Қ. Уәлибаев мырзаға

Омарова Ләйлә Маратқызынан,

мекен-жайы: 418048, Алматы қ-сы,

Қастеев көшесі, 12-үй, 7-пәтер



ӨТІНІШ

Мені бухгалтерия бөліміне бас есепші қызметіне жұмысқа алуыңызды сұраймын.




    1. Қолы


4- тапсырма. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз.

Демалыс туралы бланкіге толтырылады алу өтініш арнайы. Қызметтен туралы босату өтініш жұмысқа туралы алу ұқсас өтінішке. Кезекті еңбек алу демалысын туралы бекітілген өтініш демалыс кестесі арқылы шешіледі.



5-тапсырма. Үлгіні пайдаланып, «Кезекті еңбек демалысын алу туралы» өтініш жазыңыз.

Қостанай облыстық

салық комитетінің бастығы

Ғ. Т. Ақаевқа

Кадрлар бөлімінің инспекторы

Ғ.С. Сералиевтен



ӨТІНІШ

Бекітілген еңбек демалысы кестесіне сәйкес мен 21.10.2006 – 20.01.2007 аралығында кезекті еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын.



    1. Қолы

6-тапсырма. Аударыныз.

Басқа жұмыска ауысуыма байланысты -

Отбасылық жағдайыма байланысты -

Денсаулығыма байланысты -

Кезекті еңбек демалысы -

Кезектен тыс еңбек демалысы -

Еңбекақысыз демалыс -

Материалдық көмек беруіңізді сұраймын –



7-тапсырма. Сөйлемдерді аяктаңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Мына құжаттарды аяқтау ...

Осы мәселені қарастыру...

Қызметкерлердің кезекті еңбек демалысына шығу кестесін бекіту ...

Осы мәселе бойынша тиісті шара қолдану ...

Мені қызметімнен өз еркіммен босату ...

Тәртіп сақтау ...

Қаржылай көмек беру...

Семинар-кеңеске қатысу... рұқсат ету ...

Несие алу... рұқсат ету...



8-тапсырма Сөйлемдерді кеңейтіп жазыңыз.

Мені... босатуыңызды сұраймын.

Мені... жіберуінізді сұраймын.

Мені... ауыстыруыңызды сұраймын.

Мені ... кабылдауыңызды сұраймын.

Маған ... беруіңізді сұраймын



9-тапсырма.Тақырыптық өтініш үлгілерін құрастырыңыз.

  1. «Арай» шағын кәсіпорны басшысы Б.Е.Кәрімнің атына жалақыны көтеру туралы өтініш жазыңыз.

  2. Аграрлы- биологиялық факультетінің деканы А.С.Хамзинаның атына денсаулығыңызға байланысты қысқы сессияның мерзімін екі аптаға шегеруге рұқсат сұрайтындығыңыз туралы өтініш жазыңыз.

  3. А.Бйтұрсынов атындағы Қосанай мемлекеттік университетінің экономика факультетінің деканы У.М.Сағалбековтың атына күндізгі бөлімнен сырттай бөлімге ауысу тураы өтініш жазыңыз.

  4. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ-түрік гимназиясының директоры А.Асқарқызының атына отбасы жағдайына байланысты кезектен тыс демалыс беру туралы өтініш жазыңыз.

  5. Аграрлы- биологиялық факультетінің деканының атына Халықаралық конференцияға қатысу үшін сабақтан босату туралы өтініш жазыңыз.

Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері.

1. Өтініш үлгілерімен танысу.

2. Жағдаяттар бойынша өтініш жазу.

6-тақырып. Бұйрық.

Сабақтың мақсаты: Құжаттың жазылу ерекшеліктерін түсіндіру


жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау