Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі


-тапсырма.Мәтінді оқып, құжат құрылымымен танысыңыз



жүктеу 0,81 Mb.
бет7/9
Дата29.01.2018
өлшемі0,81 Mb.
#8015
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-тапсырма.Мәтінді оқып, құжат құрылымымен танысыңыз.



БҰЙРЫҚ

Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. Бұйрық – қандай да бір міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат. Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу, таратылу, қайта ұйымдастырылу; оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді, нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту; кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есеп беру, жабдықтау, өнімдерді сату және басқа да өндірістік мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық шығару арқылы басшы қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды, түбегейлі мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық – кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті.

Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.

Бұйрықты дайындау



  1. мәселенің мәнін зерделеу;

  2. қажетті мәліметтерді жинау;

  3. бұйрықтың жобасын дайындау;

  4. жобаны келісу;

  5. басшының қол қоюы.

Бұйрықтың міндетті түрде «не туралы?» деген сұраққа жауап беретін тақырыбы болады. Мысалы, «Кәсіпорынды тарату туралы», «Жұмысқа қабылдау туралы», «Жазғы киім нысанын киюге көшу туралы», «Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы», «Үстемақы белгілеу туралы» т.б.

«Бұйырамын» сөзі бас әріппен жазылады. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрық негізі, әдетте, «байланысты», «... жүзеге асыруда», «жақсарту мақсатында», «орындау мақсатында», «жетілдіру мақсатында»,

«үшін», «сәйкес» деген сияқты тұжырым-даулармен басталады.

Барлық бұйрықтардың мәтінінде етістік бұйрық райдың 3 жағында жазылады.

Мысалы: жүргізілетін болсын, тыйым салынсын, қабылдансын, босатылсын, белгіленсін, жүктелсін, тағайындалсын, ауыстырылсын, қарастырылсын және т.б.

Сонымен қатар жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның себептері көрсетіледі.



  • Басқа жұмысқа ауысуына

  • ресми сапарға кетуіне

  • зейнеткерлікке шығуына

  • келісімшарт мерзімінің аяқталуына

  • бала күтімі үшін демалыс алуына

  • еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне

  • себепсіз жұмыстан қалуына

  • айрықша жұмыс жағдайлары үшін

  • өз өтініші бойынша

Сондай-ақ күтпеген оқиғаларға (тасқын, сел, жер сілкінісі т.б) байланысты шығарылатын бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар деп аталады.

Грамматикалық мәлімет

Бұйрық рай бұйрық, өтініш, кеңес, талапты білдіреді.

Повелительное наклонение выражает волю говорящего, побуждение к действию, направленное на одно лицо.
Жекеше

І жақ. Мен орында – йын, тағайындал – айын, төле – йін, көр – ейін

ІІ жақ. Сен орында, тағайындал, төле, көр

Сіз орында – ңыз, тағайындал – ыңыз, төле – ңіз, көр – іңіз

ІІІ жақ. Ол орында – сын, тағайындал – сын, төле – сін, көр – сін
Көпше

І жақ. Біз орында – йық, тағайындал – айық, төле – йік, көр – ейік

ІІ жақ. Сендер орында – ңдар, тағайындал – ыңдар, төле – ңдер, көр – іңдер

Сіздер орында – ңыздар, тағайындал – ыңыздар, төле – ңіздер, көр – іңіздер

ІІІ жақ. Олар орында – сын, тағайындал – сын, төле – сін, көр – сін



Сөздік

қайта ұйымдастырылу – реорганизация

таратылу-ликвидация

нұсқаулық-инструкция

қаржыландыру-финансирование

жабдықтау-снабжать

өндіріс-производство

қажетті мәліметтерді жинау – сбор необ-ходимых сведений

зерделеу – изучение

қатаң сөгіс жариялау – объявить строгий выговор

алғыс білдіру – объявить благодарность

бір базалық еңбекақы көлемінде – в размере одного базового оклада

мадақтау қағазымен марапаттау- наградить почетной грамотой

штаттық кестеге сәйкес – согласно штатному расписанию

бұйрық – приказ

кәсіпорын – предприятие

басқару құжаттары – распорядительные документы

ең маңызды – наиболее важный

көп тараған – распространенный

түр – вид

болып табылады – является

қандай да бір – каких-либо

міндет – задача

өндіріс – производство

шешу үшін – для решения

кәсіпорын басшысы – глава предприятия

құжат – документ

мекеме – учреждение

құрылымдық бөлімше – структурная часть

құрылу – создание

таратылу – ликвидация

қайта ұйымдастырылу – реорганизация

өзгеріс – изменение

енгізу – внести

ереже – положение

нұсқаулық – инструкция

бекіту – утвердить

қаржыландыру – финансировать

жоспарлау – планировать

жабдықтау – снабжать

жеке құрам – личный состав

негізгі қызмет бойынша – по основной деятельности

Қостанай облысының салық комитеті
2-тапсырма. Бұйрық үлгісімен танысыңыз.
Бұйрық үлгісі
БҰЙРЫҚ

14.12. 2007. № 159 ж/қ

Қостанай қаласы

Жұмысқа қабылдау туралы



  1. 2007 жылдың 28 қарашасындағы № 736 келісім-шарт бойынша бас бухгалтер қызметіне азаматша Байділдаева Қаракөз Мәсімбайқызы тағайындалсын.

  2. 2010 жылдың 29 қарашасына дейін белгіленген келісім-шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында бас бухгалтер мына жобаларды жүзеге асырсын:

  • бөлімшелерді, қызметтерді, лауазымды тұлғаларды және басқа да қызметкерлерді олардың келісім-шарттарымен таныстыруды көздеген басшының өкімін;

  • бас бухгалтердің келісім-шартта белгіленген құқықтары мен міндеттерін, сонымен бірге келісім-шарттың басқа да талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін бастықтың бұйрығын дайындасын.

Негіздеме: 2006 жылдың 28 қарашасындағы №736-жеке еңбек шарты
Бастық қолы аты-жөні
Бас бухгалтер қолы аты-жөні

14.12.2007.



Бұйрықпен таныстым

Жұмысқа қабылданушының қолы

17.12. 2007.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. Бұйрық деп қандай құжатты айтамыз?

  2. Мазмұнына қарай бұйрықтар қалай бөлінеді?

  3. Бұйрық қандай мәселерге қатысты шығарылады?

  4. Жеке құрам бойынша қандай бұйрықтар шығарылады?

4-тапсырма. Үлгілермен танысыңыз.Бұйрықтағы мәтіндердің орналасу тәртібіне назар аударыңыз.

  1. 1 Ақпарат бөлімінің бас маманы Болатова Әлияның бала күтіміне байланысты 3 жылға демалыс алуына байланысты штаттағы көрсетілген қызмет орнына Мақсатқызы Динара уақытша қабылдансын. Айлық еңбекақысы штат кестесі бойынша белгіленсін.

Негіздеме: Ә. Болатованың өтініші

Д.Мақсатқызының өтініші



  1. Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты қаржы бөлімінің қызметкері М. Болатовқа кәсіподақ комитетінің келісімімен ескерту жариялансын.

Негіздеме: қаржы бөлімінің басшысы

Е. Дәулетовтің баяндау хаты



  1. Құқық бөлімінің бастығы Абай Мақсатұлы Қазақстан Республикасы ЕТЗК-нің тиісті бабына сәйкес зейнеткерлік жасына келуіне байланысты өз өтініші бойынша жұмыстан босатылсын.

Негіздеме:

А. Мақсатұлының өтініші



  1. Омарова Әлия Маратқызы ЖШС-тің қаржылық реттеу бөліміне 2 ай сынау мерзімі белгіленіп штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде жетекші маман қызметіне 2007 жылғы 20 мамырдан бастап қабылдансын.

Негіздеме: Ә.М.Омарованың өтініші

  1. Ә.Болатоваға отбасы жағдайына байла-нысты 2007 жылғы 20.04-10.05 аралығында кезектен тыс демалыс берілсін.

Негіздеме: Ә.Болатованың жеке өтініші

  1. «Қостанай» шағын кәсіпорнының директоры А.А.Болатовтың Алматы қаласына іссапарға баруына байланысты кәсіпорын директорының қызметін уақытша атқару 2007 жылғы мамырдың 20-сынан маусымның 15-сіне дейін директордың орынбасары А.Мақсатовқа жүктелсін.

  2. Үстемақы белгілеу туралы

Кадр бөлімінің бастығы М.Болатұлына айрықша жұмыс жағдайлары үшін осы жылдың 25 мамырдан бастап штаттық кестеге сәйкес жалақының 5% көлемінде үстемақы белгіленсін.

  1. Жұмыстан босату туралы.

Кәсіпорынның жойылуына байланысты А.Арманұлы 2007 жылғы

маусымнан бастап атқаратын қызметінен босатылсын.



5-тапсырма. Төмендегі тақырыптар бойынша бұйрық үлгілерін құрастырыңыз.

1. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарыңыз.

2.Жұмыстан босату туралы бұйрық шығарыңыз.

3.Уақытша есепші қызметінен бас е\сепші қызметіне ауыстыру туралы бұйрық шығарыңыз.

4.Үстемақы белгілеу туралы бұйрық шығарыңыз.

5. Кәсіпорынның жойылуына байланысты қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарыңыз.

6.Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарыңыз.

7.Ресми сапарға кету туралы бұйрық шығарыңыз.

8.Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы бұйрық шығарыңыз.

9.Зейнеткерлікке шығу туралы бұйрық шығарыңыз.

10.Денсаулығына байланысты бір қызметтен екінші қызметке ауысуы туралы бұйрық шығарыңыз.

11.Отбасының жағдайымен басқа қалаға ауысуы туралы бұйрық шығарыңыз.

12. Іс жүргізу бойынша нұсқаулықты енгізу туралы бұйрық шығарыңыз.

Тақырыппен жүргізілетін жұмыс түрлері.


  1. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөйлемдер құрастырту.

  2. Жағдаяттар бойынша бұйрық шығару.


7-тақырып. Келісімшарт.

Сабақтың мақсаты: Құжаттың жазылу ерекшеліктерін түсіндіру.


жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау