Ќазаќстан республикасыныњ білім жѕне ѓылым министрлігі


№3Тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік концепциясының бірбағытылығының қалыптасуы 2 сағат



жүктеу 1,45 Mb.
бет3/5
Дата28.12.2017
өлшемі1,45 Mb.
#6198
1   2   3   4   5

3Тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік концепциясының бірбағытылығының қалыптасуы 2 сағат.





  1. Мемлекеттілік үлгісі және бір бағытлығы, егемендік параметры;

  2. Мемлекеттің бір бағытлығы: жаңа үлгінің инварианты, жетістік жолдары

1. Қазақстан Республикасының интернационалистік мәні олардың кадр саясатының бұған сай келетін сипатын айқындайды, бұл саясат біздің еліміздің ұлттық қатынастарға ғылыми басшылық жасау мен оларды басқаруда маңызды роль атқарады.

Кадр саясатының қазақстандық принцептерінің интернационализмі, бәрінен бұрын, олардың адамдарды идеялық-саяси, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне қарай бағалауды, іріктеуді және жоғарлатуды талап ететіндігінде.

Бұлар - өздерінің табиғаты және мәні жөнінен интернационалдық өлшемдер, өйткені отандық ісіне берілгендік те, кәсіби біліктілік, ұйымдастырушылық және басқа қабілеттер де, адамнның моральдық тазалығы да оның қай ұлтқа жататындығына байланысты емес.

Сонымен қатар бұл – интернационалистік өлшемдер, өйткені олар қазақстандық көзқарастың позицияларынан туындайды, онымен ажырағысыз байланысты.

Өйткені әңгіме жеке адамның идеологиясы мен моралы тұрғысынан, қазақстандық іскерлік тұрғысынан баға беру туралы болып отыр.

Қазақстан мемлекеті кадрларды бәрінен бұрын ұлттық белгісіне қарай іріктеу және жоғарылату позициясын ешқашан ұстаған емес. Алайда мұның өзі олар кадр саясатында ұлттық жағын елемеді дегенді әсте білдірмейді.

Демократиялық құрылыстың алғашқы кезеңінде мемлекеттік органдар мен олардың аппаратын жетілдірудің жаңа саясаты мұның ең жақсы дәлелі бола алады, бұл ұлт мәселесін демократиялық құрылыста ерекше маңызды роль атқарады.

Алайда Қазақстан Республикасының кадр саясатын жүргізуде ұлттық жағының үлес салмағы қазіргі кездегіден едәуір көп болған кезде де, кадрларды идеялық-саяси, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне қарай іріктеу мен жоғарлатудың интернационалистік принцептерінен бас тарту туралы әңгіме болған жоқ.

Қазақстандық партия ұйымдары, жастар ұйымдары және басқа ұйымдардың түрлі ұлттардың тиісінше, әділ өкілдігі болуы проблемасы қазақстандық көп ұлтты мемлекеттің дамуының түрлі кезеңдерінде бірдей жолдармен шешіле алмайды және олай шешілуі тиіс те емес.

Республикамыздағы ұлттардың даму деңгейлерін одан әрі теңестірудің бүгінгі күнге де қалып отырған міндеті, әсіресе, жергілікті ұлт өкілдеріне тиісті ұлт үшін жоғары білікті мамандар кадрларын (студенттер, магистранттар және т.б.) мақсатты даярлау практикасын белгілі бір уақытқа сақтауды талап етеді.

Республикамыздан шыққан мамандар кадрларын мақсатын даярлау қажеттігі идеясын қорғай отырып, сонымен бірге тоқырау жылдарында еліміздің орта, жоғары оқу орындарына, академиялық институттарға жергілікті халық деп аталатын ұлттардың өкілдері жіберілгенде әдетте, жоғары қызметтегі партия, ғылыми қызметкерлердің көпшілігі оқуға және шығармашылдық қызметке даярлығы жоқ балалары жіберілгенін айтпауға болмайды.

Жоғары білікті мамандар кадрларын мақсатты даярлаудың беделін көтеру өзекті мәселе болып отыр. Қазақстандық қоғамның одан әрі демократияландырылуы, халықтың демократиялық өзін-өзі басқаруының тереңдеуі әр түрлі партиялық, мемлекеттік және басқа органдарда еліміздің барлық ұлттарының өкілдігін кеңейтуге ерекше қолайлы алғышарттар мен жағдайлар жасайды.

Қазақстандық мемлекеттік органдарының ұйымдық құрылымы мен әлеуметтік-мәдени құрылысты басқарудың республикалық формаларын, тәуелсіз елдер достастығы республикаларына аса маңызды заң жобаларын пікір білдіру үшін қалыптасқан практикамен басқа да көптеген мәселелерді жетілдіру принциптерін демократиялық негізде іс жүзіне асыру мүдделеріне қызмет етеді.

Осының бәрі практикада жалпы қазақстандық бастауларды, қазақстандық көп ұлтты мемлекеттік өмірінің барлық салаларында интернационалдық және ұлттық мүдделерді дұрыс ұштастыруға жағдай жасайды.

Қазақстандық демократияны жоспарлы да жан-жақты жетілдіру, ең алдымен экономикалық және ғылыми-техникалық сипаттағы барған сайын неғұрлым ірі және күрделі міндеттерді шешу, еліміздің біртұтас халықтық комплекс шеңберінде тәуелсіз елдер достастығы елдерімен экономикалық өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің күшеюі үдірісінде еліміздің барлық халықтарының міндеттерді шешудегі біріккен, интернационалдық күш-жігерлерінің, ролі артады және заңды түрде арта береді.

Біздің көпұлтты мемлекетіміздің негіздерін нығайту бірқатар салалар мен мәселелерде қазақстандық компетенциясын кеңейтумен конституциялық жағынан баянды етілді 1995 жылғы конституцияға сәйкес.

Халық бұқарасының мүдделерінің барған сайын барынша ескеріліп отырғанын және олардың басқаруға қатысуының демократиялық формаларының кеңейтілуін мынандай факт айқын көрсетеді: заңдарды жоғарғы заң шығарушы орган мәжіліс пен сенат ғана қабылдап қоймайды, олар сондай-ақ парламент шешімімен жүргізілетін бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) жолымен де қабылдана алады.

Демек, егер әңгіме белгілі бір заң жобалары жөнінде ұлттың немесе бүкіл халықтың ерік білдіруі туралы болса, онда мұның өзі парламент арқылы да, сондай-ақ тікелей де білдіріледі.

Жуырдағы кездің және неғұрлым бұрынғы кездердің тәжірибесі мәселенің принципті түрде, жалпы теориялық тұрғыдан шешілуі және тіпті демократиялық централизм принциптерінің конституцияда бекітілуі олардың дәйекті түрде іске асырылуына өз-өзінен әлі кепілдік бола алмайтындығын көз жеткізе көрсетті.

2. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы оның алдына қиын міндет қойды - өзіндік, жеке қорғаныс күштерін құру. Қарулы Күштерді құру республиканың географиялық жағдайын және ерекшеліктерін ескере отырып, әскери механизмін қайта құруды талап етті. (ҚР Перезиденттінің ҚК құру туралы жарғысы)

1991 жылы 25-қазанда құрылған Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қорғаныс Министрлігіне көшірілді.

Қазіргі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызметті өтеу тәртібі және өз аумағындағы қару және техниканың орналасуын өз бетімен анықтайды.

Қазіргі заманғы Қарулы Күштер үлкен емес, жинақы, машықтанған, қазіргі техникамен жабдықталған, елін қорғау бойынша міндеттерді шеше алатын әскер болуы керек.

Әскер қаржымен және басқа да материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін тұтас жүйе керек. Олар:



  • Қарулы Күштерді ең жаңа қару және техникамен жабдықтау;

  • Мемлекетті қорғауда басқа мемлекеттке тәуелді болмаға ұмтылу;

  • Әскери кадрлар дайындау бойынша ТМД және бүкіл елдермен бірігіп жұмыс істеу;

  • Өзінің әскери оқу орындарын құру қажеттлігі;

  • Бірігіп әскери оқу-жаттығу ойындарын өткізу;

  • Бұйрықтың тілдік мәселелері;

  • Жарғыға-жатпайтын қарым-қатынасты жою;

  • Кәсіби армияға күшу.

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілері:

  • Қазақстан Республикасы «Қорғаныс және ҚРҚК» заңы – 22.12.1992жыл.

  • «ҚРҚК офицері намысы кодексі туралы» - 21.01.1995жыл.

  • ҚР жаңа Конституциясы Республикалық референдумына қабылданды. 30.08.1995жыл.

«ҚР және РФ арасындағы достық келісім және өзара көмек туралы келісім» - 25.05.1992жыл.

Қазіргі құрылған әскер - ел ішіндегі, қоғамдағы бірлік және патриотизмді жоғары ұстаудағы маңызы зор.


4 Тақырып: Орта оқу орнындағы әскери-патриоттық жұмыс мазмұны 4 сағат.

  1. Жастардың Отан қорғауға дайындығын тәрбиелеу.

  2. Төменгі, орта, үлкен /жасөспірім/ жастағы оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу.

  3. Жоспарлы әскери-патриоттық тәрбиелеуге басшылық ету.

1. Біздің мемлекетіміздің ең маңызды қызыметінің бірі жастар мен оқушыларды әскери – патриоттыққа тәрбиелеу.

Әскери – патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз байланысты және жастардың әскери істі меңгеруіне төтенше жағдайларда қорғаныс әдістерінің жабдықтарын шебер меңгерулері қажет.

1996 жылы бірінші қарашада Қазақстан Республикасы үкіметінің жалпы білім беретін мектептер мен арнайы орта оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты енгізу туралы қаулысы қабылданған.

Алғашқы әскери дайындық ұйымдастырылып отырған Қазақстан Республикасы Конституциясы Үкімет, минситрліктер және мемлекеттік комитеттер, жергілікті атқарушы органдар басшылық жасайды.

Алғашқы әскери дайындық Қазақстан Республикасы Конститутциясының ережелерін, мемлекеттік қорғаныс негіздерін жастарға оқып-үйрету мақсатында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғысында әскери ант берудің негізгі талаптарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызыметтігі құрметті міндеттерінің маңызын, оның ерекшеліктері мен қырларын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің міндеттерінің маңызын, оның ерекшеліктері мен қырларын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің міндеттерін түсіндіру.

Мектептегі алғашқы әскери дайындық барысында жастар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің даму тарихымен, мінездемесін, ерекшеліктерімен танысады, «Әскери міндет және әскери қызымет» туралы т.б. заңдармен, әскери ант пен әскери жарғылардың талаптарын оқып үйреніп, атыс қаруларының үлгілерімен танысып, азаматтық қорғанысқа қажетті мәліметтер мен іс- қимылдарға үйренеді.

Осындай қыруар істі жүзеге асыру, әскери істерге үйрету мен әскери -патриоттық тәрбие берудің санасы, осы істердің ұйтқысы болып табылатын алғашқы әскери дайындық мұғалімінің біліктілігіне көп байланысты.

Бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндері бірін - бірі толықтырып тұрады. Ал бастапқы әскери дайындық пәні жастарды болашақ Отан қорғауға дайын болуға, патриотизмге тәрбиелейді десек, ол мақсатқа дене тәрбиесінсіз жету мүмкін емес. Өскелең ұрпақты осындай биік мақсаттарға жетелеу үшін 1-сыныптан бастап Қазақстандық патриотизмге, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу мектептің негізгі міндеті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас Қолбасшысы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасында бірінші болып ұлттық қауіпсіздік тұратыны бәрімізгі мәлім.

Ал егеменді ел тірегі - «Қарулы күштер» болса, сол Қарулы күштерге жастарды мектеп табалдырығынан даярлайтын бастапқы әскери дайындық пәні болып табылады.

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдан бастап бастапқы әскери дайындық пәні, ерекше мемлекеттік пән ретінде, көптеген саяси - әлеуметтік қиыншылықтарды жеңе отырып мемлекеттік пән аясында қалыптасып келеді.

Бастапқы әскери дайындық пәнінің әдістемелік жұмысы басқа пәндермен салыстырғанда қатаң түрде жүйеге келтірілген.

Оған себебі: бұрынғы кеңестер одағы кезінен жинақталған мол тәжірибелік қор. Бірен -саран тақырыптар идеологиялық тұрғыдан мәнін жоғалтқаны болмаса әдістемелік нұсқаулар жетерлік.

Ал саяси мәні жоғалған тақырыптар бағдарламадан алынып тасталынған. Тек осы әдістемелердің қазақ тіліне баламалануы уақыт еншісінде. Мұның бәрі, әрине, бастапқы әскери дайындық пәнінің ерекше мемлекеттік статусында, әскери қатаң тәртіптің арқасында деп түсінген жөн.



Оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие беру дегеніміз - оларды саяси моральдық - психологиялық жағынан егемен елін қорғауға дайындау.

Бұл дайындықтың негізгі бағыттары:



  • еліміздегі Қарулы Күштерге деген қамқорлық, «Жалпыға бірдей әскери міндет» туралы, еліміздің қорғаныс қабілеті туралы т.б. заңдар мен қаулы - қаралардың мамұны мен мақсатын түсіндіру;

  • жастарды саяси қырағылыққа, қазіргі кезеңдегі соғыстың ерекшеліктерін түсіндіре отырып олардың Отанын қорғау ісіндегі міндеттерін дұрыс түсіндіруге тәрбиелеу;

  • аға ұрпақ өкілдерінің ерлік істерін насихаттау, ерлік пен жанқиярлықтың мәнін түсіндіріп, олардан үлгі алып, мақтан тұтыуға баулу;

  • қазіргі кезеңге лайықты саяси - моральдық, психологиялық қасиеттерді дарыту;

  • алғашқы әскери және әскери - техникалық білім алуды қамтамасыз ету;

  • әскери патриоттық тәрбиені жалпы оқу - тәрбие жұмысының негізгі бөлімі деп қарастырып, оны басқа да тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланыста жүргізу;

  • патриоттық тәрбиені студенттердің білімі мен іс-тәжрибесіне, жеке қасиеттері мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып түрлендіре жүргізу;

  • патриоттық тәрбиені саяси, адамгершілік, еңбексүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу;

  • патриоттық тәрбиеде студенттердің бастамалық, т.б. ұсыныс талап - тілектеріне көңіл бөліп ескеру қажет.

Әскери патриоттылыққа тәрбиелеудегі ең басты мақсат, жастарды өзінің халқына деген адалдыққа, көз жеткізе тәрбиелеуге, олардағы ұлт аралық сезім рухына, өз отанын қолына қару алып қажырлық пен білгірлік көрсете қорғауға үнемі дайын болуға, өзінің азаматтық борышын адал орындауға жан – жақты дамыта тәрбиелеу.

Әскери – патриоттық тәрбие жастарға әскери іске қызығушылыққа, арнайы әскери мамандықты меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында борышын өтеуге дайындыққа тәрбиелеу.

Әскери – патриоттық тәрбиенің өзегі Отан қорғаушысы жас адамдардың адамгершілік – саяси және психологиялық сапасын қалыптастыруды құрайды. Республика азаматының міндеттерін ең қиын жағдайларда, сондай ақ бейбіт немесе әскери уақытта лайықты орындайтын, әскери қызыметін барлық ауыртпашылығын табандылықпен өткеруге дайын тұратын. Отанның сенімді патриоттарын тәрбиелеу қажет.

Командирлер мен басшылардың бұйрықтарымен өкімдері, жарғылары мен әскери анттың талаптарын мүлтіксіз орындау. Әскери отансүйгіштікке тәрбиелеудің үшінші бағыты, жастардың дене шынықтыруы. Ол жауынгерлік жағдайында, сондай –ақ күнделікті әскери шыдамдылық, ауыр дене жүктемелерін өткеруге қалыптасуына көмек жасайды.

Дене шынықтыру тек қана сергектік пен сенімді көзқарас ғана емес, бұл бос уақытты дұрыс қолдана білуді ұйымдастыру, Отан қорғауға және еңбек етуге дайын болуға маңызды әсер етуі болып саналады. Жастарды әскери қызыметке денесін шынықтырып дайындау ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Жас адамның дене дамуы, оның денсаулығының жағдайы осы құрметті де, жауапты ауыр міндеттерді атқауынаөте үлкен маңыз береді.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде ажырамас құрамды бөлігі болып бұқаралық қорғаныс және спорт жұмыстарын өткізу саналады. Бұл жұмыс біздің мемлекетімізді қорғау үшін қажетті, әскери білім мен дағдыларды меңгеруіне, жастардың жоғарғы адамгершілік - саяси және жауынгерлік сапасын қалыптастыру жүйесіне мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың шаралары кіреді.

Жақсы қойылған бұқаралаық қорғаныс жұмыстары, сыныптан тыс жұмыстарды, тек сабақта алған білімі, дағдысы мен шеберлігін тәжрбие жүзінде қолданып бекітуге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың жоғарғы адамгершілк – саяси және жауынгерлік сапасын қалыптастыруға әсерін тигізеді. Әскери жетекші алғашқы әскери дайындық (АӘД) бөлімдері бойынша осы жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру үшін тікелей жауапкершілікті атқарады. Ол балалар педагогикалық ұжымда беделіне, оқушылардың жетекшісі, нағыз тәрбиеші болуы қажет.

Тек сонда ғана ол оқушылармен тығыз байланысты бола алады. Әскери – патриоттық тәрбие беру нақты – тарихи пікірмен үйлесін тауып, сондай-ақ уақытпен өзгерген және дамыған барлық болған жайттарды қарастыру ерекше маңызды екені анық. Бұл қағида барлығынан бұрын, тарихи нақты жағдайдағы әскери-патриоттық әдістемелер мен оның түрлері, мазмұнына сай жорамалданады.

Отансүгіштік сезім жасөспірімдерде мынандай шамада дамиды, ерлік жасауға ұмтылыс, жеңуге өзін аямауға қажеттілік, өзі қатарлы ұжымда өз орнын табу, олардың сенімін жеңіп алу, ұжымның талабына бағыт жасау және өзіне жоғары талап қойғыштық, сонымен қатар көптеген жасөспірмдер мектеп бітірген соң әскери форма киетінін ескерсек, осы кезеңде оларды өз халқына деген сүйіспеншілікке соғыс ардагерлеріне ауыр еңбектің шынайы сұлулығын аша отырып құрметтеуге тәрбиелеу өте маңызды.

2. Үлкен орта және кіші жастағы оқушыларды әскери отансүйгіштікке тәрбиелеу. Отанын қорғау жаңа ұрпақ адамдарын дайындау адам өмірінің соңына шейін жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс. Әр түрлі жастағы оқушыларға әскери патриоттық тәрбие беруде арнайы айқындалған әсіресе кәсіби-техникалық мектептер мен мұғалімдер кейде мектеп басшылары әдетте қиындық көреді. Осы мақсатта әр жастағыларды айырып, яғни олардың отан қорғауға дайындығын қалыптастырудағы әскери патриоттық тәрбиенің мақсаты мен тапсырмаларын айқындауға әрекет жасадық. Әскер және әскери-теңіз флоты туралы білім негізінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күнделікті еңбектері мен жауынгерлердің ерлігімен байланыстылылып қалыптастырылады.

Кіші жастағы оқушылар өмірге деген құштарлығын Отан үшін жасалған ерліктерімен оятады. Оларға азаматтың ұлы отан соғысы кезінде, Ауған республикасында интернационалдық борышын орындаған кеңес жауынгерлерінің кеңес жастарының көрсеткен ерліктері туралы тарихтан алынған мысалдар айтылады. Отанды қорғау туралы тарихи деректер және мәліметтер, барлық оқулықтарды Отан тақырыбына біріккен бағдарламаларда қаралған.

Кіші оқушылар әр түрлі әскери флот күштеріне, әскери техникаға әртүрлі қару жараққа қызығушылық танытады.

Тәрбиешілер оқушыларға бірінші кезекте Отан қорғауға ұжымдық сипаттың маңызын жеңіске жету үшін қазіргі ұрыс әрекеттерін, флот күштері мен ұрыстың өз аралық пушкалармен жаяу әскердің шабуылы бейнеленген суреттерінен әсер ететін байқауға болады.

Бұндай сабақтар өткізгенде балаларды ұрыс кезіндегі Қарулы Күштердің жекеленген түрлерімен таныстыру мақсатты болуға тиіс. Қазіргі, тарихи дамудың өзгеше жағдайында ұлттық дәстүрлер негізінде патриоттық тәрбие жүйесінде жұмысы маңызы арта түсті.

Мұның мәнісі-тотаритарлық жүйе дәуірінде ұлттық деген жүйенің аяқасты болып, жалпы кеңестік тәрбие қолдан жасалғандықтан, жемісі бермегендікте деп санаймыз. Яғни таптық идеяны ту етіп ұстанған жалаң ұран ұлт мүдесіне сай келмегендіктен ешқандай жақсылыққа жеткізбеді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жағдайында патриоттық тәрбие мәселелері негізінен ұлттық дәстүрлерге сүйене отырып адамдарға ықпал ету арқылы ғана шешілуі мүмкін. Мұның бірнеше дәйектемелері бар.

Біріншіден, ұлттық дәстүлер адамдарды халықтың материалдық және мәдениетімен туыстырады.

Екіншіден, ұлттық дәстүрлер халық зердесіне тарихи құндылықтарды жаңғыртады, ұлттық писхология сипаттарын нығайтады.

Үшіншіден, халық зердесіне тарихи құндылықтарды жаңғырта, ұлттық психологияны жетілдіре отырып, ұлттық дәстүрлер адамдарды өз халқына, өз Отанына құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Төртіншіден, Қазақстан Республикасы халқының жартысынан астамы жиырма бес жасқа дейінгі жастар, олардың өмірлік тәжрибесі аз.

Тәрбие дегеніміз – ақыл-ой дамуының, дене тәрбиесі мен кәсіпке үйретідің шоғырланған түсінігі. Тәрбие ісі тәрбиеленушіге белгілі бір бағытта, мақсатты және жүйелі әсер етіп, белгілі бір көзқарас, мінез- құлық, адамдық тәртіп дағды мен машық түрінде бірілсе ғана жемісті болмақ. Бұған, әрине жеке адамның табиғи жетіліп, өсуін де қосу қажет.

Ұлттық сезім дегеніміз – жеке адамның туған халқының мүддесіне, тағдырына, оның рухани құндылықтарына қатынасын білдіретін ұлттық санасы. Ұлттық сезім ұлттың қалыптасуына байланысты ұзақ уақыт бойы дамып, кемелденеді. Негізгі ұлттық сезім-рухани құбылыс.

Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда дәстүрлер шешуші роль атқарады. Бұдан бұрын жазғанымыздай, қазақ патриотизмі дегеніміз-ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру болып табылады.

3. Халқымыздың жауынгерлік және ерлік дәстүрлерінің мол тарихын ескере отырып патриоттық тәрбиені қалыптастыруда, оқушы жастарға оқу - тәрбие жұмысында ұлттық ерлік дәстүрінің негізгі элементтерін, оның ішінде патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі ерлік және жауынгерлік тәрбие мазмұнын жан - жақты қамти отырып, кеңінен енгізу қажеттілігі туындап отыр.

Қазақстан Республикасы әскери доктринасы мен әскери құрылыс тұжырымдамасында «елжандылық тұрғыда тәрбие беруді жақсартуға бағытталған кешенді бағдарлама әзірлеу қажет» деген ұсынысын негізге алып, халқымыздың ерлік және жауынгерлікке байланысты бай мұрасын зерделей отырып патриоттық тәрбие бағдарламасының мазмұнын қарастыру уақыт талабы.

Патриоттық тәрбие негіздерін қарастыру үстінде қоғамның саяси - әлеуметтік, қазіргі саяси - әскери өзгерістер, мемлекеттің әскери - қорғаныс доктринасының мақсаты мен міндеттері, егемен еліміздің бейбітшілігі мен тұтастығын қорғаудағы әскери іс - әрекеттерге қойылатын талаптар ескерілді. Студенттермен оқушыларға патриоттық тәрбие беруге арналған бағдарламасының мақсаты жалғасқан ұлттық дәстүрлер, ата салтқа, туған өлке, жерге, тілге, Отанға деген сүйіспеншілігін, Отан алдындағы әскери міндетін атқаруға психологиялық, моральдық дайындықтарын қалыптастыру.



Студенттер мен оқушыларға ұлттық патриоттық дәстүр арқылы ерлікке баулуда төмендегідей міндеттерді негізге алдық:

  • этнопедагогика ұстанымдарын пайдалана отырып, оқушылар бойындағы патриоттық сана - сезім, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасының туына, елтаңбасына, әнұранына деген құрметті қалыптастыру;

  • ғылымға, білімге деген ықыласын арттыру, өмірлік мақсаттарын айқындауға, жеке бастың қасиеттерін қалыптастыруға көмектесу.

  • жат қылықтарға қарсы төзбеушілік және құқықтық қасиеттерді меңгерту;

  • студенттер мен оқушылардың спорттық мүмкіндіктеріне байланысты дене шынықтыру түрлеріне бейімдеу;

  • халқымыздың ерлік және жауынгерлік тарихын, жауынгерлік дәстүрімен таныстыра отырып, елін, жерін қорғайтын және ұлттық бірлікті, бейбітшілікті нығайта алатын азамат тәрбиелеу;

Оқушыларды патриоттық дәстүр арқылы ерлікке баулуда төмендегідей ұстанымдар басшылыққа алынды:

  • патриоттық жауынгерлік дәстүр негізінде білім мен тәрбие берудің жүйелігі мен үздіксіздігі.

  • студенттер мен оқушылар патриоттық дәстүрдің құндылықтарын бағалауда іс шаралардың байланысы;

  • патриоттық дәстүрдің тарихи сабақтастығы;



  • студенттер мен оқушылардың халқымыздың ерлік істеріне деген көзқарастары, өз пікірлерін толық айта білуі; ата - бабалары ғасырлар бойы жинақтаған ерлік және жауынгерлік тәрбиесіне байланысты туындыларды ажырата, талдай, бағалай білуі; ұлттық игі дәстүрлер: үлкенді құрметтеу, сыйлау, кішіні аялау арқылы туған жерге, елге деген сезімдерінің дамуы; ата - анасының, туған - туыс, жора жолдастарының намысын қорғай отырып ұлттық парыз, намыс сезімдерін қалыптастыру; ата - баба дәстүрімен қоса өзге ұлттың ерлік дәстүрінен мағлұматты болуы, оларға деген құрмет.

  • студенттер мен оқушылардың ерлік және жауынгерлік тарихы бойынша мағлұматтарды меңгеру; мемлекеттік рәміздердің шығу тарихын, оған деген кұрмет және оны қорғауды өзінің борышы деп санауы; ата - баба дәстүрінен тәжірибие ала отырып, адам бойындағы ерлік және жауынгерлікті қалыптастыратын қасиеттерді меңгеру; қоғамдағы болып жатқан әскери саясатқа байланысты хабар, әңгіме, мақала даярлау және өз ой -тұжырымдарын ауызша және жазбаша білдіру; әскери, Отан алдындағы патриоттық міндетті атқаруға психологиялық, моральдық дайындық және әскери заң мен жарғыларды меңгеру; оны өмірде пайдалана білуі.

  • студенттерде оқушыларда батыр, ер деген ұғым туралы түсінігі болуы; батырлықты қалыптастыратын қасиеттерді білуі; ұлттық әскери және әр бір ғасырдағы қазақ әскерінің тарихынан, ерлік және жауынгерлік дәстүрлерінен және тарихи оқиғаларға байланысты жерлерден мағлұматы болуы; ерлік дәстүрінің игі қасиеттерінен білім мен тәрбие ала отырып, оны бойына сіңіру және соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, дене бітімінің дамуы, әскери ойындарға және жарыстарға қатысуы.

  • студенттердің оқушылардың Отан қорғаудың негізгі теориясын меңгеруі, дүниежүзілік соғыстардың тарихын, олардың себептерін білуі, осы күнгі саяси- әскери жағдайдың барысын түсінуі, еңбексүйгіштік, жауаптылық, өзінің іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыруы, әскери - спорт түрлеріне қатысуы, әскери орындарға саяхат жасауы, президенттік нормативтерін орындауы, дене бітімінің жасына сай болуы.

  • студенттердің оқушылардың өз еркімен әскери борышын өтеудің қажеттілігін түсінуі, әскери қызыметке саналы дайындық жасауы, өмірде болып жатқан саяси - әскери талаптарды түсінуі, бастапқы әскери дайындық сабақтарында терең және нақты біліммен қарулануы, әскери - патриоттық шараларға белсене қатысуы.

Ал дәстүрлер - студенттердің патриоттық тәрбиеде қалыптасқан тұрақтап және мейілінше мінез-құлықтардың арқасында қалыптасады.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде біз әдет - ғұрып пен дәстүрлер тәрбиелік екі міндетті жүзеге асырады деп есептейміз, ол, біріншіден қоғамдағы патриоттық тәрбиені тұрақтандырудың құралы болып есептелінеді, екінші жағынан патриоттық тәрбиені студенттердің бойында жаңғыртады, жаңа іс-әрекеттермен толықтырылады. Дәстүр адамгершілік мінез - құлық пен патриоттық қасиет - сапалардың (ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, инабаттылық, батылдық, қайраттылық, төзімділік, еңбексүйгіштілік т.б.) тұрақтануына, қалыптасуына қажетті бағыттарды айқындайды.

Міне осы аталған қасиет - саналар оқушыларға патриоттық тәрбие берудің өміршеңдігін дәлелдейді.


жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау