іздеу машиналары, немесе автоматты индекстер - глобальды, локальды,
арнайы (WWW ортасында);
баннерлі жүйе (WWW ортасында);
активті ақпараттық каналдар (WWW ортасында).
HTML (Hypertext Markup Language) - бұл Web-те қолданылатын гипермəтіндік
(яғни, мəлімет форматы) белгілеуінің қарапайым тілі.
HTML форматы
гипермəтіндік құжаттың толық қатарын көрсетеді. Негізінде HTML-файлдар –
статикалық құжаттар. Шлюздарды (төменгі «CGI интерфейс бөлімінде қараңыз»)
қолдана отырып, HTML форматында динамикалық ақпаратты көрсетуге болады,
мысалы мəлімет негізінен таңдау. CGI интерфейсін талап етпейтін Dynamic
HTML (Dl ITML) жəне Microsoft Visual Basic Scripting Edition (VBScript) тип
тілінде қолдану туралы толығырақ 13 бөлімде.
HTML — SGML (Standard Generalized Markup Language) тілінің оңайтылған
қорытынды версиясы: құжат құрылымын формальды анықтайды.
HTML тілі
қарапайым, бірақ көптеген құжаттардың ортақ бағытын ұсыну үшін күштілігі
жеткілікті. Тип ішіндегісі, HTML форматында жазылған алаң
text/html түрімен
белгіленеді.
HTTP хаттамасы бойынша жіберетін гиперсілтемемен (URL түрінде)
HTML-құжаттарын Web база негізінде құрайды.
Ұсынылатын əдебиеттер
1 Комер Д. Принципы функционирования Интернета. – СПб.: Питер,
2002.
2 Фролов А.В., Фролов Г.В. Базы данных в Интернете: практическое
руководство по созданию Web – приложений с базами данных. – М.:
Издательско-торговый дом «Русская редакция», 2000.
3 Хоумер А., Улмен К. Dinamic HTML. – СПб.: Питер, 1999.
4 Ливингстон Д., Белью К., Браун М. Perl 5. Web – профессионалам: Пер.
с анг. – К.: BHV, 2001.
5 Косентино К. PHP. Web – профессионалам: Пер. с англ. – К.: BHV,
2001.
СӨЖ-ге бақылау тапсырмалар
1. Текст пен басқа обектілерді форматтаумен басқару үшін терілетін текстке
арнайы қойылатын кодтар қалай аталады?
2. Егер параққа қалың шрифт керек болса, онта бұл текс қандай сəйкес
тегтермен қоршалады?
3. Тег деп не аталады?
4. Атрибут мəндеріне не тиесілі?
5. Құжаттың негізгі функцианалдық бөлімдерін .
6. Қандай қызмет Интернет серверлеріне интерфейсті қамтамасыз етеді
7. Интернета түйіндерінде орналасқан іздеу мен ақпаратты жіктеу үшін жеңіл
құралды көрсет
Тақырып 2.5 Telnet жəне NNTP протоколдарын белгілеу (2 сағат)
Дəріс жоспары
1. Telnet протоколы
2.
NNTP протоколын белгілеу
TELNET хаттамасы қызмет көрсетуші машинаға барлық алшақталған
терминалдарды ASCII кодында жұмыс істейтін қатарлық типті стандартты
«желілік виртуалды терминалдар» ретінде қарастыруға мүмкіндік береді,
сонымен қатар анағұрлым қиындау қызметтерді (мысалы, локальды немесе
алшақталған жаңғырық-бақылау, парақтық режим, экранның биіктігі мен ені
жəне т.б.) келістіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
TELNET TCP
хаттамасының негізінде жұмыс істейді. Қолданбалы деңгейде
TELNET-тің
үстінде не іс жүзіндегі терминалды қолдау бағдарламасы (пайдаланушы
жағында), не қызмет көрсетуші машинадағы терминалдан жетуге болатын
қолданбалы процесс болады.
TELNET-пен жұмыс істеу телефон нөмірін теруге ұқсайды.
Пайдаланушы пернетақтада
telnet delta
тріп, экранда delta машинасына кіруге шақыру алады.
TELNET хаттамасы бұрыннан бері бар. Ол жақсы тексерілген жəне кең
таралған. Əртүрлі операциондық жүйелер үшін көптеген жүзеге асыру
нұсқаулары құрылған. Клиент-процесі, айталық, VAX/VMS ОЖ-нің, ал
сервер-процесі UNIX System V ОЖ-нің басқарылуымен жұмыс істеуі
мүмкін.
NNTP (Network News Transfer Protocol) хаттамасы мыналар үшін
қолданылады:
• серверде мақалаларды орналастыру;
• сервердің мақалаларының тізімін іздеу мен қарау;
• серверлер арасында мақалалармен алмасу,
NNTP хаттамасы SMTP-ге қатты ұқсайды. Солайша, мысалы, NNTP
хабарламалары мен бұйрықтары ASCII таңбаларының жиынын қолданады.
Бұйрықтар – бұл ASCII-мəтіннің жолдары, онда бұйрықтың атауынан кейін
қосымша көрсеткіштер болады. Əр бұйрық CR жəне LF
ASCII-таңбаларымен
аяқталады. SMTP-дағыдай, NNTP-жауаптар үштаңбалы кодтан жəне ASCII-
мəтіннен тұрады. Алғашқысы хаттаманы жүзеге асыратын автоматты басқару
үшін қолданылады, ал мəтінді пайдаланушыға (адамға) көрсетуге болады.
Жауаптар да CR жəне LF таңбаларымен аяқталады. Егер бұйрыққа жауап
кезінде сервер қосымша мəліметтерді жіберетін болса, мысалы мақала
мəтінін, онда əрбір жол CR/LF тізбегімен аяқталады. Жауаптың соңы «нүкте»
бір таңбасы бар жолмен жəне CR/LF таңбаларымен белгіленеді. SMTP-
дағыдай, «нүктелермен толықтыру» қолданылады: жіберу кезінде, егер жол
нүктеден басталса, онда бұл нүкте қайталанады да, соңында CR/LF
таңбалары қосылатын болады. Қабылдағыш-бағдарлама артық нүктені кесіп
тастайды.