Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/36
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15350
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36

1.  Жоғары мектеп жасындағы баланың психологиялық жəне физиологиялық  
ерекшеліктерін атаңыз. 
2.  «Жастық шақ - əлеуметтік-психологиялық құбылыс» дегенді қалай түсінесіз? 
3.  Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін білу жəне оны педагогикалық процесте ескеру 
мұғалімге не үшін қажет? 
4.  Жеке ерекшеліктер дегеніміз не? 
5.  «Акселерация», «дарындылық», «девиация» ұғымдарына сипаттама беріңіз. 
 
№9  дəріс тақырыбы:  Тəрбие теориясы - педагогиканың құрамды бөлігі ретінде 
Тірек ұғымдар: тəрбие теориясы, тəрбиелеу мақсаты 
Жоспар 
 
1. Тəрбие теориясы жəне тəрбиеге жалпы сипаттама. 
 
2.  Тəрбиенің  мақсат-міндеттері,  категориялары  жəне  тəрбие-білім  беру  мақсатын 
орындаудағы    арнайы ұйымдастырылған əрекет ретінде.  
 
3. Педагогикалық ойлар тарихындағы тəрбиеге көзқарастар эволюциясы. 
1
Қоғамда болып жатқан əлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру саласындағы 
мемлекеттік  саясатпен  тығыз  байланысты.  Сондықтан  барлық  педагогикалық  жоғары 
жəне  орта  оқу  орындарының  болашақ    мұғалімдерді  педагогика  ғылымының  теориялық 
негіздерімен қаруландыру басты міндет болып табылады. 
Мұғалімнің  кəсіби  даярлығының  тиімділігі  көбінесе  теориялық  əдістемелік 
қалыптасуының  жаңа  мазмұнымен  анықталады.  Студенттердің  болашақ  мұғалімдік 
мамандығының  бағытын  анықтауға,  əсіресе,  олардың  ынтасын  қалыптастыруға 
педагогика пəні, оның  «Тəрбиелеу теориясы» бөлімі зор ықпал жасайды. 
Тəрбиелеу  теориясы  -  тарихи  құрылған  жəне  XIX  ғасырда  түбегейлі  қалыптасқан 
педагогика  ғылымының    бөлімі.  ХІХ  ғасырдың  басында  неміс  педагогы  И.Ф.Гербарт 
(1776-1841)  тəрбиелеу  теориясын  оқыту  теориясына  пара-пар  қылып  педагогиканың 
құрамдас бөлігі ретінде шығарып қойды. Бара-бара тəрбиелеу теориясының шешуге тиісті 
мəселелерінің шеңбері анықтала бастады. 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1.Тəрбие мақсатының мəнін ашыңыз.  
2.Тəрбие теориясы дегенді қалай түсінесіз? 
3. Тəрбие дегеніміз не? 
4.Тəрбие қандай функцияларды орындайды? 
1.Адам тəрбиесі туралы айтылған ойшылдар, педагогтардың пікірлері. 
2.Қазақ ойшылдары, педагогтарының адам тəрбиесі туралы ойларының мəні.  
 
№10 дəріс тақырыбы: Тəрбие түсінігі. 
Тірек ұғымдар: тəрбие процесі, тəрбие процесінің кезеңдері, сатылары 
Жоспары: 
1.  Тəрбие процесінің ерекшеліктері. 
2.  Тəрбие беру көп факторлы процес. 
3.  Тəрбие процесінің құрылымы, кезеңдері. 
1.  
Тəрбие  ұғымы  кең  мағынада  əлеуметтік  қоғамдық  тарихи  тəжірибені  беру    үрдісі. 
Тəрбие  ұғымы  кең  мағынада  əлеуметтік  қоғамдық  құбылыс  ретінде  барлық  тəрбие 
салаларын қамтиды. Жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тəрбие орындары, еңбек ұжымы 
ақпарат құралдары, баспа орындары т.б. 
    Тəрбие үрдісінің өзіндік ерекшіліктері бар: 
•  Тəрбие үрдісі көп факторлы үрдіс. 
•  Тəрбие ұзақ мерзімге созылатын үрдіс. 
•  Тəрбие үрдісінде бірнеше қайталау болады. 
•  Нəтижесі өте елеусіз. 
•   Болашаққа бағытталған үрдіс. 


Жеке  тұлғаның  қалыптасуы  үздіксіз  жəне  күрделі  үрдіс.  Озық  педагогикалық, 
психологиялық ойларды ұтымды əдіс-тəсілмен қолдана отырып, жас жеткіншектің ұлттық 
сана  сезімі,  имандылық  қадір-қасиетін  қалыптастыру.  Ұлттық  ой-парасатын  нығайту 
мақсатымен  дарынды  балаларды  анықтау.  Олардың  қабылдауын  дамытуға  жан-жақты 
жағдай жасау. Мемлекет заңдарын білу жəне оған сый құрметтпен қарау жəне оны жүзеге 
асыруға  ынталы  болу.  Ұлттық  ойын,  дене  шынықтыру  түрлерін  кең  қолдана  отырып 
жастардың  дене  тəрбиесін  дұрыс  жолға  қою.  Сонымен  қатар  басқа  ұлттық  өкілдерін, 
жастардың өзара сыйластық, достық негізде өмір сүруіне ықпал жасау. 
    
Бүгінгі  күннің  талабына  сай  ұрпақ  тəрбиесінің  мазмұнын,  əдіс-тəсілдерін  жəне 
ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар бар: 
•  Тəрбиенің 
мазмұны 
оның 
жүзеге 
асыратын 
əдіс-тəсілдерінің 
негізі: 
адамгершілік,имандылық, ізгілік, елжандылық. 
•  Үздіксіз тəрбиенің негізі ұлттық тəлім-тəрбие. 
•  Жас ұрпақты іс-əрекетпен қарым-қатынас арқылы тəрбиелеу. 
•  Тəрбие жұмысының барлық буынында ана тілін пайдалану. 
  
Педагогикалық  жағдайды  зерттей  отырып,  педагогика  тəрбиенің  заңдылықтарын 
ашады. Заңдылық - педагогикада ғылыми нормативтік реттеуші қызметін атқара отырып, 
тəрбиенің  заңдылықтарын  ескеріп,  принциптерді  қалыптастырады  (принцип  -  негізгі 
талаптар).   
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Тəрбиелеу үрдісінің ерекшеліктерін ата. 
2. Тəрбие беру көп факторлы үрдіс дегенді қалай түсінесіз? 
3. Тəрбие үрдісінің құрылымын, кезеңдерін көрсетіңіз. 
4. Тəрбие үрдісінің мазмұны дегенді қалай түсінесіз?  
 
№11 дəріс тақырыбы: Тəрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері. 
Тірек ұғымдар:Тəрбие заңдылықтары, тəрбие принциптері 
Жоспары: 
1.Тəрбие процесінің заңдылықтарына сипаттама. 
2.Тəрбие процесінің принциптеріне сипаттама. 
1.Заң  –  шынайы  дүниенің  жалпы,  қажетті,  мəнді,  салыстырмалы  тұрақты  жəне 
қайталанатын  байланыстарды  көрсетуі,  ал  олар  өз  кезегінде  тиісті  жағдай  болғанда 
дамудың  сипатын,  бағытын  жəне  нəтижесін  анықтайды.  Заң  мен  заңдылық  арасында 
өзгешелік  бар.  Негізінен  олар  бір  типті,  бір  дəрежедегі  ұғымдар,  себебі  оларда 
шындықтың ішкі байланыстары жəне дамуы көрсетіледі. Сонымен бірге заң заңдылықтың 
белгілі  бір  жағы  іспетті.  Ал  заңдылық  сол  шындықтың  аясындағы  заңдардың  ісінің   
жиынтық  нəтижесі  сияқты.  Заңдылық  қажетті  үрдіс  болып,  онда  заңдардың  тұтастай 
жиынтығы іс атқарады. 
Заңдылық  –  қандай  да  бір  үрдістің  кезеңінде  немесе  қоғамдық  өмірдің  кез  келген 
аясындағы объективті түрде бар, қайталанатын, мəнді байланыстағы құбылыстар. Тəрбие 
заңдылықтары  нақты  жағдайда  заңдардың  əрекетінің  көрінісі  ретінде  қарастырылады, 
яғни  тəрбие  үрдісінің  компоненттерінің  құрамдас  бөліктерінің  арасындағы  объективті, 
мəнді, тұрақты, қайталанатын байланыстары. 
Тəрбие 
заңдылықтары: 
тəрбиенің 
қоғамдық 
мұқтаждық 
пен 
талаптарға 
үйлесімділігі; тəрбие, оқыту, білім беру жəне жеке дамуы процесстерінің өзара тəуелділігі; 
жеке адам қарым-қатынасы мен тəрбиесіндегі іс-əрекеттің анықтаушы ролі; тұтас тəрбие 
процесіндегі мақсат, мазмұн, əдістер мен тəрбие формаларының бір-біріне тəуелділігі т.б. 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Тəрбие принциптерін ата жəне олардың мəнін аш. 
2.  Тəрбие принциптерін жүзеге асыру ережелерін ата. 
3.  Тəрбие заңдылықтары мен принциптерінің айырмашылығы неде?  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау