Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/36
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15350
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36

балалардың сабақтан тыс уақытарын, əртүрлі іс-əрекет жəне қарым-қатынастарды 
интеграциялайды.  
 
  
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Тəрбие жүйесі туралы ұғым. 
2.  Тəрбие жүйелерінң даму кезеңдері. 
3.  Қандай тəрбие жүйелерін білесіз? 
 
№18 дəріс тақырыбы: Дидактика пəні жəне міндеттері 
Жоспары: 
1. Дидактика туралы түсінік. 
2. Дидактиканың негізгі категориялары немесе ұғымдары. 
3. Дидактиканың дамуы жəне қалыптасуы. 
1.Дидактика  (гр.didaktikos  –  үйрету,  оқытуға  қатысты)  оқытудың  жəне  білім  берудің 
теориясы,  педагогиканың  саласы.  Дидактиканың  мəні  –  адамға  білім  берудің  жəне 
тəрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді 
қамтамасыз  ететін  мұғалім  ұйымдастырған  сабақ  берумен  оқудың  бірлігінің  өзара 
байланысы.  
 
Дидактика  –  теориялық  жəне  сонымен  қатар  нормативті  –  қолданбалы  ғылым. 
Дидактиканың ғылыми – теориялық функциясы оқытудың шынайы процестерін зерттеуді, 
оқытудың  əр  түрлі  мақсаттарының  фактілері  мен  заңдылықтарының  байланыстарын 
анықтау,  олардың  мəнін  ашу,  дамуының  үрдістері  мен  болашағын  анықтау  болып 
табылады.  Алынған  теориялық  білімдер  оқытудың  практикасын  бағыттауға  мүмкіншілік 
береді.  Оқыту  теориясы  білім  мазмұнын  таңдау  мəселесін  жасап,  оқыту  ұстанымдарын 
орнатып,  оқыту  əдістерін  жəне  құралдарын  қолданудың  нормативтерін  белгілеп 
нормативті-қолданбалы,  конструктивті  –  технологиялық  функцияны  атқарады.  Бұл 
функциялардың  бірлігінде  дидактика  –  бұл  оқыту  процесінің  мəнінің  түсінігі,  оның 
білімдік, тəрбиелік жəне дамытушылық функциясын жүзеге асырылуы. 
2. 
 
Дидактиканың 
негізгі 
категориялары 
(ұғымдары): 
сабақ 
беру 
(преподавание),  оқу,  оқыту,  білім  беру,  білім,  іскерлік,  дағды,  оқытудың  мақсаты, 
мазмұны, түрлері, формалары, əдістері, құралдары, нəтижесі.  
 
Сабақ 
беру 
(преподавание) 
– 
оқыту 
мақсатын 
жүзеге 
асырудағы 
ақпараттандыруды, тəрбиелеуді, білімді ұғынуды жəне практикада қолдануды қамтамасыз 
ететін мұғалімдердің тəртіпке келтірілген іс-əрекеті.  
Оқу  -  процесс,  оның  барысында  оқушыда  тану,  жаттығу  жəне  тəжірибеге  ие  болу 
арқылы мінез-құлықтың жəне іс-əрекеттің жаңа формалары пайда болады. 
Оқыту  -  қойылған  мақсатты  орындауға  бағытталған  мұғалім  мен  оқушылардың 
тəртіпке келтірілген өзара əрекеті. Бұл олардың бірлескен іс-əрекетінің екі жақты процесі 
болады.  
Білім  беру  –  оқушының  оқыту  процесінде  ие  болған  білімнің,  іскерліктің, 
дағдының, ойлау тəсілдерінің жүйесі.  
  
Бақылау сұрақтары 
1)  Дидактика дегеніміз не? 
2)  Дидактиканың мəні. 
3)  Дидактиканың негізгі категорияларын немесе ұғымдарын атаңыз. 
4)  Дидактиканың негізгі категорияларына немесе ұғымдарына анықтама беріңіз. 
5)  Оқыту мен оқудың айырмашылығы неде? 


6)  Дидактиканың заңдылықтарын атаңыз. 
7)  Дидактиканың дамуына үлес қосқан қандай көрнекті педагогтарды, олардың 
қандай еңбектерін  білесіз? 
8)  Дидактиканың даму тарихы. 
 
№19 дəріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының қазіргі мектептеріндегі білім 
мазмұны 
Жоспары: 
1. Білім беру мазмұны туралы түсінік жəне оның мəні.. 
2. Білім мазмұнын қалыптастырудың принциптері жəне ұстанымдары. 
3.  Қазақстан  Республикасының    «Білім  туралы»  заңы  жəне  білім  мазмұнына 
қойылатын жалпы талаптар. 
4. Оқу жоспары, бағдарламалары, оқулық жəне оқу құралы.  
5. Оқулыққа қойылатын талаптар. 
1.Білім (оқыту, оқу үрдісі) мазмұны – жас ұрпақты неге оқыту керек деген сұраққа нақты 
жауап болып табылады. Білім мазмұнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға 
таңдалып алынған білім, біліктілік жəне дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге 
болады. Бұл жүйеге оқушылардың белгілі интеллектуалдық, əлеуметтік жəне рухани 
дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман өндірістері, мəдениет жəне өнер 
туралы білім; білім алудың интеллектуалдық жəне практикалық біліктіліктері мен оларды 
қолдану тəсілдері; танымдық іс-əрекет, теориялық жəне практикалық мəселелерді 
шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді. Білім мазмұны категориясы 
адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-əрекет тəсілдерін 
орындаудағы адамға тəн біліктіліктер туралы  алынған білімдері; қоғам алдында 
туындайтын жаңа мəселелерді шешу тəжірибесі; өмір, табиғат, қоршаған орта тағы 
басқалар туралы ойлары көрсетілген əлеуметтік тəжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың 
əлеуметтік тəжірибесін жалпы адамзат мəдениеті деп атайды. 
 
Сан мыңдаған даму тарихында адамзат өте көп білім жинақтады. Жасөспірім ұрпақ 
осы білімді игерген кезде ғана өркениет дамуы жүзеге асады. Бірақ жинақталған білімнің 
барлығын  адам  түгелдей  меңгере  алуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  ең  маңызды,  негізгі 
білімдер мен біліктіліктерді таңдау мəселесінің орны ерекше. 
 
Əлеуметтік  тəжірибе  мектептегі  оқу  мазмұнында  түрлі  пəндерге  бөлініп  көрініс 
табады.  Оқу  пəні  бұл  –  нақты  белгілері  бойынша  ерекшеленген,  құбылыстардың  нақты 
класына  жататын  əлеуметтік  тəжірибенің  (адамзат  мəдениетінің)  бөлігі.  Оқу  пəндері 
белгілі  ғылымдардың  негіздерін  мектептердегі  оқыту  қажеттіліктеріне  бейімдейтін  білім 
мазмұнының арнайы  
 
Білімнің  мазмұны  –  оқыту  процесі  компоненттерінің  бірі.  Бұл  ғылыми  білімнің, 
іскерліктің  жəне  дағдының  жүйесі.  Осы  жүйенің  негізінде    оқушылардың  ақыл-ойы, 
қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады. 
 
Білім  мазмұны  бұл  –  бірінші,  алдыңғы  ұрпақтың  тəжірибесін  меңгеру  тəжірибесі, 
екінші  жеке  тұлға  мінез-құлқының  типологиялық  сапаларын  тəрбиелеу,  үшіншіден 
адамның  ақыл-ой  жəне  дене-күш  жағынан  дамуымен  сипатталатын  үш  біртұтас  үрдістің 
мазмұны. 
 
Білім мазмұны көптеген нормативті құжаттарда анықталған.  
 
  
Бақылау сұрақтары 
1. 
Білім жəне оның мазмұны туралы түсінік бер. 
2. 
Білім мазмұнының көздерін ата. 
3. 
Білім мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды көрсет. 
4. 
Оқу жоспары дегеніміз не? 
5. 
Оқу бағдарламасы дегеніміз не? 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау