Педагогикалық процесс- қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған, арнайы ұйым-
дастырылған, белгілі бір тəрбиелік жүйе аясында жəне уақыттық дамудағы тəрбиешілер
мен тəрбиеленушілердің өзара бірлескен іс-əрекеті.
Педагогикалық жүйе-педагогикалық шындықтың құбылысының мəнін, оның мақсатын,
мазмұнын, оны жүзеге асырудың тəсілдері сипаттайтын қажетті жəне жеткілікті
элементтерінің жиынтығы.
Педагогикалық əрекеттестік- бұл оқушының қатынастарын, іс- əрекетін, мінез-құлқын
өзгерту мақсатындағы педагогтың баламен арнайы байланысы.
Педагогикадан əдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы. Егемен Қазақстан, 11 маусым
1999жыл.
2.Қазақстан Республикасының тəлім-тəрбие тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі, 5 ақпан
1993жыл
3.Қазақстан Республикасының мектепке дейнгі жəне мектеп жасындағы балалардың
тəрбие тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі, 13 қыркүйек 1995жыл.
4.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика . Алматы, 1998жыл
5.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика . Алматы , 2000жыл
6.Ильина Т.А. Педагогика. Алматы,1977жыл
7.Мағжан Жұмабаев. Пе,дагогика. Алматы, 1996жыл
8.Рувинский Л.И. Мамандыққа кіріспе. Алматы, 1991жыл
9.Сейталиев К.Б. Тəрбие теориясы. Алматы, 1986жыл
10.Педагогикадан лекциялар жинағы /25/ , Алматы, 1991жыл
11.Сабиров Т. Болашақ мұғалімдердің дидақтикалық білімдерін жетілдіру. Алматы,
1999жыл
12.Макаренко А.С. Ұстаздық дастан. Алматы, 1985жыл
13.Сухомлинский В.А. Коллективтің құдіретті күші. Алматы, 1979
14.Сухомлинский. Мектептің жас директоры мен сырласу. Алматы, 1987
15.Портнов М.Л. Азбука управления школой. Москва, 1990.
Педагогика курсы бойынша ұсынылатын оқулықтар тізімі:
1.Абай атындағы қазақтың мемлекеттік университеті. Педагогикадан лекция жинағы
/24лек./ Алматы ,1991
2.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің авторлық ұжымы.
Педагогика. Алматы, 2003
3.Əбиев Ж.Б., Бабаев С.Б., Қудиярова А.М. Педагогика , Дарын-Алматы, 2004жыл
4.Ильина Т.А. Педагогика. Алматы, 1973
5.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика . Астана, 1998
6.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000
7.Кожахметова К. Сынып жетекшісі. Алматы, 2000
8.Мағжан Жумабаев. Педагогика. Алматы, 1995
9.Ə.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы, 2001
10.Жарықбаев Қ.,Қалиев С. Қазақ тəлім-тəрбиесі. Алматы, 1995
11.Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984
12.Пидкасистый. Педагогика. Москва, 1998
13.Подласый И.П. Педагогика, 1,2кн. Москва,2000
14.Зотов Ю.Б. «Организация современного урока», М, 1984
15.Бабанский Ю.К. « Методы обучения в современной общеобразовательной
школе»М.,1985 ж.
16. Бабанский Ю.М., М.1983 – 250экз.
17. Ильина Т. А. Изд-во «Мектеп», 1977 (на каз. яз., рус. яз.) – 550 экз.
18. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М., 2000г. Каз.яз.- 65 яз.
19. Подласый И.П., 1999г. -35 экз.
20. Сластенин В.А., 2000г.-11 экз.
21. Табылдиев Э., 2001г. на каз.яз.-6 экз.
22. Харламова И.Ф., 1999г. – экз
23. Курс лекций Алматы «Нұрлы əлем» Алматы, 2003-10 экз
24. А. Онищук «Урок в современной школе», М. 1986-4экз.
25. С.И. Векслер «Современные требования к уроку», М.1985-2 экз.
26. Ю.Б. Зотов «Организация современного урока», М. 1984-6 экз.
27. У. Древс., Э.Фурмани. «Организация урока, оценки и отметки», М. 1984 – 2 экз.
28. Н.Д. Хмель «Педагогический процесс в общеобразовательной школе», А.1984-10 экз.
29. Ю.К. Бабанский «Методы обучения в современной общеобразовательной школе».
М.,1985-20 экз.
30. Программа по педагогике. Хмель Н.Д. Айтма5анбетов Т.Р. Караганда 1995
31. Сборник учебник программ по педагогическим дисциплинам, Алматы, 2001
педагогика, методика воспитательной работы, история педагогики.
32. Педагогика курсынан оку багдарламасы. Алматы, 1998
33. Программа госэкзамен по педагогике «этнопедагогике», Алматы 1995
34. Программа дисциплины «Педагогика и психология» инженерной деятельности. (для
инженерно-технических специальностей) Алматы, 1996
35. Педагогика. Программа для вузов культуры и искусств. Уральск, 1999
5. ПƏН БОЙЫНША ДƏРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
№1 дəріс тақырыбы: Педагогиканың ғылым ретіндегі жалпы түсінігі.
Жоспары:
1. Педагогика жайында жалпы түсінік.
2. Педагогика ғылымының обьектісі жəне пəні.
3. Педагогика - тəрбие жайындағы ғылым.
1. Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен
алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің
тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың
баласын мектепке апарып-əкелетін құлдарды атаған. Кейін педагогтар деп балаларды
үйрету, тəрбиелеу жəне оқытумен айналысатын адамдарды атады.
Əрбір адам тəжірибе негізінде белгілі бір педагогикалық білімдерді жинақтайды,
түрлі педагогикалық құбылыстар арасында байланыстарды орнықтырады. Осылайша,
алғашқы қауым адамдары балаларды тəрбиелеуде белгілі бір білімге ие болған. Ол
ұрпақтан-ұрпаққа салт-дəстүр, ойын, ережелер түрінде жеткізіліп отырған. Бұл білім
мақал-мəтелдерде, аңыз-əңгімелерде, ертегілерде сақталған, ол халық педегогикасының
мазмұнын құрайды. Мысалы, қазақ мақал-мəтелдерінің тəрбиелік мəнділігі ерекше: «Ата
көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Шешесін көріп - қызын ал, аяғын көріп - асын
іш», «Ұлтыңды сақтаймын десең - қызыңды тəрбиеле, руыңды сақтаймын десең - ұлыңды
тəрбиеле» жəне т.б. Сонымен қатар, қазақ халқында ата-əже, əке-шеше тəрбиесімен бірге
арнайы, дарынды адамдарда (белгілі ақын, жыршы, əнші, күйші, молда, емші, шебер
адамдар) да тəрбиелену кең таралған.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. «Педагогика» ұғымына ерте ежелгі жəне қазіргі мағынада анықтама беріңіз.
2. Ғылыми педагогикалық білімнің тұрмыстық білімнен қандай айырмашылығы бар?
3. Педагогиканы ғылым жəне өнер деп таниды. Сіз қалай түсінер едіңіз?
4. Педагогиканың ғылым ретінде дамуына не түрткі болды?
5. Ғылымның обьектісі жəне пəні дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |