Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет18/36
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15350
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36

6. 
Оқулық дегеніміз не? 
7. 
Оқу құралы дегеніміз не? 
8. 
Оқулыққа қойылатын талаптарды ата. 
9. 
Оқу жоспары неше компоненттен тұрады? 
 
№20 дəріс тақырыбы: Оқыту процесінің мəні 
Жоспары: 
1. Оқыту процесінің мəні жəне оның функциялары. 
2. Оқытудың түрлері. 
3. Оқушылардың танымдық іс-əрекеінің ерекшеліктері. 
4. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатылары. 
1.Оқыту  –  қоғамдық  қатынастарды,  қоғамдық  сананы,  мəдениетті  жəне  өнімді  еңбек 
тəжірибесін,  қоршаған  ортаны  белсенді  өзгерту  жəне  қорғау  туралы  білімді  ересектерің 
мақсатты  бағытталған,  ұйымдасқан,  жүйелі  түрде  беруі  жəне  оны  өсіп  келе  жатқан 
ұрпақтың  меңгеруі.  Ол  ұрпақтың  сабақтастығын,  қоғамның  толықтай  қызмет  етуін  жəне 
тұлғаның  дамуының  сəйкесті  деңгейін  қамтамасыз  етеді.  Оқыту  процесінде  оқушылар 
адамзаттың 
қоғамдық-тарихи 
тəжірибесінен 
белгілі 
бір 
жақтарын 
меңгереді: 
идеологияны,саясатты, ғылымды, мораль, еңбек, əдебиет жəне өнер, жалпы жəне денелік 
мəдениетті. Оқыту тұлғаның жан-жақты жəне үйлесімді дамуының негізін салады.  
Оқытудың  ғылыми  танымнан  айырмашылығы  бар.  Ғылыми  зерттеу  адамзатқа 
белгісіз  білімді  ашып  берсе,  оқушы  адамзатқа  белгілі тек  өзіне  белгісіз  білімдер  жүейсін 
меңгереді. 
 
Оқыту  мұғалім  мен  оқушының  бірлескен  іс-əрекеті  ретінде  екі  өзара  байланысты 
процеске бөлінеді: сабақ беру мұғалімнің іс-əрекеті ретінде жəне оқу оқушының іс-əрекеті 
ретінде.  Мұғалім  қоғамның  мүддесін  көздейді,  ол  оқушы  меңгеруге  тиісті  адамзаттың 
тəжірибесін  өзінде  алып  жүргенге  іспетті.  Сабақ  беру  бірнеше  жақтың  қосындысы 
болады: мұғалімнің өз пəнін білуі, оқыту-тəрбиелеу процесін ұйымдастыра білу іскерлігі, 
қазіргі  оқыту  əдістерін  білуі,  оқушының  танымдық  мүмкіншілігін,  оның  ақыл-ой 
дамуының  терең  түсінуін,  шəкірттің  тұлғалық  белгілерін  қалыптастырудың  жолдарын 
білуі.  Оқу  –  белсенді  танымдық  процесс,  онда  оқушының  ақыл-күштері,  мінезінің 
моральдық  жəне  еріктік  белгілері,  тұлғаның  белгілері  жəне  темпераменті  қалыптасып, 
көрініс табады.  
Бақылау сұрақтары 
1.  Оқыту дегеніміз не? 
2.  Оқыту процесінің мəні неде? 
3.  Оқыту процесінің функцияларын ата. 
4.  Оқушылардың танымдық іс-əрекетінің ерекшеліктерін ата. 
5.  Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатыларын сипатта. 
6.  Оқытудың қызметін атаңыз. 
7.  Оқыту түрлері, олардың кемшіліктері мен жетістіктерін атаңаыз. 
8.  Оқыту түрлерінің сипаттамасын жəне ерекшеліктерін атаңыз. 
 
№21 дəріс тақырыбы: Оқу мотивтері 
Жоспары: 
1. Оқу мотивтері туралы түсінік. 
2. Оқу əрекеті мотивтерін қалыптастыру. 
3. Оқуға мотивацияны арттыру шарттары. 
4. Оқушыларды оқуға ынталандыру. 
 


1.  Мотивтер /фр. motif, лат. moveo – қозғалтамын/ іс-əрекеттің түрткісі, олар субъектінің 
өмір  сүру  жағдайының  əсерімен  құрылады  жəне  оның  белсенділігінің  бағытталғандығын 
анықтайды. Мотив ролінде сұраныстары, қызығушылықтары, талпыныстары, эмоциялары, 
бағытталғандығы  жəне  мұраттары  болып  табылады.  Бала  мектепке  келгенде  мектепте 
болуға деген қызығушылықпен байланысты жəне қоғамдық өмірге белсенді қатыстырылу 
мотивтері  онда  басым  болады.  Өсе  келе  бұл  мотивтер  өзгеріске  түседі:  бір  жағдайларда 
жақсы  баға  алуға  деген  қызығушылық  пайда  болады,  екіншілерде  білімнің  өзіндік 
мазмұнына қызығушылық туады.  
 
Себептендіру  /мотив/  -  баланы  оқуға  ұмтылдыратын  күш.  Оқушының  оқу 
мотивтері – борыш сезімі, мұғалімнен мақтау алу ниеті, жазалаудан қорқуы, ересектердің 
талабын  орындау  əдеті,  танымдық  қызығушылық,  сыныпта  өз  орнын  табуға  деген 
ұмтылысы,  ата-аналарды  қуантуға  ниеті,  «бестік»  бағасын  алуға  талпынысы,  сыйлық 
алуға деген ұмтылысы.  
Бақылау сұрақтары 
1.  Мотив дегеніміз не? 
2.  Оқу мотивтерін ата. 
3.  Танымдық мотив дегеніміз не? 
4.  Оқу əрекеті мотивтерін қалыптастыру тəсілдерін ата. 
5.  Оқуға мотивацияны арттыру шарттарын көрсет. 
6.  Стимул дегеніміз не? 
 
№22 дəріс тақырыбы: Оқыту заңдылықтары жəне принциптері 
Жоспары: 
1. Оқытудың заңдылықтары жəне принциптері туралы жалпы түсінік. 
2. Оқытудың заңдылықтары. 
3. Оқытудың жеке /нақты/ заңдылықтары. 
4. Оқытудың принциптері /ұстанымдары/ мен ережелері. 
1.Оқыту  теориясының  негізгі  компоненттерінің  бірі  оның  заңдылықтары.  Олардан 
құбылыстар, үрдістер, оның нəтижелері арасындағы обьективті, тұрақты жəне қайталанып 
келіп отыратын байланыстар көрініс табады. 
 
 
Дидактикалық  принциптер  –  оқыту  процесінің  жалпы  мақсаттарына  жəне 
заңдылықтарына  сəйкесті  мазмұнды,  ұйымдастырушылық  формалар  мен  əдістерді 
анықтайтын базистік жағдайлар.  
 
Я.А.Коменский  педагогикалық  ойдың  тарихында  ең  бірінші  болып  оқыту  процесінің 
құрылыуын анықтайтын оқыту принциптерінің жүйесін жасады. Я.А.Коменскийдің оқыту 
табиғаттың  жəне  адамның  дамуының  жалпы  заңдылықтарына  бағынады  деген  идеясы 
«оқытудың  табиғатқа  сəйкестігі»  деген  атқа  ие  болды.  Ж.Ж.Руссо  оқыту  процесінің 
принципалдық  негізі  баланың  табиғатпен  тікелей  жанасуы  деп  есептеді.  И.Г.Песталоцци 
оқытудың мазмұнын көрнекілік принципінен шығарады. 
 
А.Дистервег  оқыту  жүйесін  нақты  ережелермен  толтырады.  Ол  оларды  оқыту 
мазмұнына, 
оқытушыларға, 
оқушыларға 
талаптар 
түрінде 
қарастырды. 
Оқыту 
прициптерін  жасауда  К.Д.Ушинский  үлкен  үлес  қосты.  Ол  мынадай  принциптерді  бөліп 
шығарды:  оқытудың  халықтық  идеясында  көрініс  табатын  оқытудың  тəрбиелеушілік 
сипаты;  оқытудың  жүйелігі,  шамаға  лайықтылығы  жəне  əлі  жетерлігі;  білімнің  беріктігі; 
оқытудың  саналылығы  жəне  белсенділігі;  оқытудың  көрнекілігі.  К.Д.Ушинский  осы 
принциптерге терең психологиялық негіздеме берді. 
 
 
  
Бақылау сұрақтары 
1)  Оқыту процесінің заңдылықтарына түсінік жəне оларға сипаттама бер. 
2)  Оқытудың заңдылықтарын ата. 
3)  Оқытудың жеке заңдылықтарын ата. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау