Access-те әр түрлі 22 аспаптар панелі бар. Олардың бірін экранға шығару немесе жасыру үшін Көрініс – Аспаптар панелі – Күйге келтіру командасын беріп, ашылған сұхбат терезесінен сәйкес ауыстырып қосқышты орнату (алып тастау) жеткілікті.
Жаңа БҚ құру үшін БҚ құруға арнылған сұхбет терезенің «Жаңа БҚ» ауыстырып қосқышын орнатып, OK түймесін шерту жеткілікті. Ашылған сұхбат терезесінде «Бума» өрісіне енгізілген тізімнен жаңа БҚ орналасатын буманы таңдау және «Файл аты» өрісіне құрылатын БҚ атауын енгізу керек. Мысалы, Бума: Менің құжаттарым, файл (БҚ) аты: Кам1. Одан әрі «Құру» (Создать) түймесін шертеді. Атау Access-тің БҚ құруға өту терезесіне енгізіліп, экранға БҚ терезесі шығады. Қор терезесінде алты объектімен жұмыс бастауға арналған 6 қондырма бет бар: Кестелер (Таблицы), Сұраныстар (Запросы), Формалар (Формы), Есептер (Отчёты), Макростар (Макросы), Модульдер (Модули). Олардың алғашқы төртеуі негізгі объектілер.
Макростар – макрокомандалар (бірнеше басқа командаларды біріктіріп, ретімен орныдайтын команда). Мысалы, Quit (шығу-выход) – Access-тен шығу, Delete (жою-удалить) – макрокомандалар. «Макрос» қондырмасын пайдаланып ашылған терезеде макросты енгізуге болады.
Модульдер – Visual Basic программалау тілінде жазылған ішкі программалар (процедуралар). «Модульдер» қондырмасы осы программалармен жұмыс істеуге арналған. Access-тің стандартты құралдары жеткіліксіз болған жағдайда программалаушы осы тілде модульдерді жазып, жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігін арттыруына болады.
Берілгендер қоры терезесінің оң жағында үш командалық түйме орналасқан: Ашу (Открыть), Конструктор (Конструктор), Құру (Создать).
Ашу (Открыть) түймесі қондырмадан таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны көріп шығуға, жаңа жазу қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады.
Конструктор (Конструктор) түймесі қондырмадан таңдалған объект құрылымын ашып, оны түзету, күйге келтіру үшін пайдаланылады. Егер объект кесте болса, оған жаңа өрістер немесе бар өрістерінің қасиеттерін (типін, өріс ұзындығын, т. б.) өзгерту мүмкін.
Құру (Создать) түймесінің іс-әрекеті: жаңа объект құру үшін пайдаланылатын сұхбаттық терезені ашу.
1.5. Мәліметтер қорын жабу және ашу.
Берілгендер қорын жабу үшін оның терезенің «Жабу» түймесін шерту немесе Файл – Жабу (Файл – Выход) командасын беру жеткілікті. (БҚ .mdb кеңейтілуі бойынша сақталады).
БҚ-ны ашу үшін Access-ті іске қосқан кезде көрінетін терезеден БҚ-ны ашу ауыстырып қосқышын белсендендіріп, атауын екі рет шертсе болғаны. Тізімде ол көрінбесе, терезеде орнласқан «Басқа файлдар...» қатарының екі рет шертілуі тиіс. «Берілгендер қоры файлын ашу» сұхбаттық терезе көрінеді (терезені ашу үшін Файл – Берілгендер қорын ашу (Файл – Открыть база данных) командасын беруге немесе Ctrl+O клавиштерін басуға болады).
Терезеде орындауға мүмкін іс-әрекеттер:
«Файлдар типі» өрісінен БҚ типін («База данных») таңдау;
«Бума» өрісінен БҚ файлы енгізілген диск/буманы таңдау;
терезеде көрінген файл атауын таңдап, OK батырмасын шерту.
1.6. Кесте. Кестені қолдан құру. Кестені сақтау.
Кесте – берілгендер қорының негізігі объектісі. Кесте құру үшін БҚ терезесін ашып, Кеслер – Құру (Таблицы – Создать) командасын беру керек. Жаңа кесте (Новая таблица) сұхбат терезесі ашылады. Оған кесте құрудың үш режимі енгізілген:
кесте режимі (режим таблицы) – кестені қолдан құру;
кестелер шебері (мастер таблиц) – кестені автоматты түрде құру;
конструктор.
1.6.1. Кестені қолдан құру технологиясы.
«Жаңа кесте» терезесінен «Кесте режимі» қатарын таңдап, OK батырмасын шерту керек (режим қатарын екі рет шертуге де болады). Access тағайындаған «Кесте1» - (Таблица1) кестесінің уақытша атауы.
Ретімен оның Өріс1; Өріс2; ... тақырыптарын екі реттен шертіп, олардың орнына құрылатын кестенің өріс тақырыптарын енгізу.
Ұяшықтарға жазу элементтерін (өріс мәндерін) енгізу. Ұяшыққа ендірілген элемент оған сыймаса, оны ескерудің қажеті жоқ. Көрінісін сақтағыңыз келсе, көрсеткішті өріс тақырыбының шетіне әкеліп, баған сызығын әдеттегідей әрі-бері жылжытуға болады. Қатені түзеу үшін BS не Del клавиштерін пайдалану жеткілікті.
Терезенің жабу пернесін шертіп, терезені жабу. Access кесте құрылымын сақтау сұралатын сұхбат терезесі шығады. Оның Иә пернесін шерту керек. Ескерту. Кесте не басқа БҚ обьектілерінің берілгендері клавиатурадан ендіріліп, бекітілген сайын Access оларды автоматты түрде сақтап отырады.
Кесте атауы сұранылатын терезе көрінеді. Access уақытша тағайындаған атауды өзгерткіңіз келсе, жаңа атау ендіріп (мысалы, санат), ОК пернесін шерту керек.
Кілттік өріс құруды сұрайтын сұхбат терезесі ашылады. Егер, Иә түймесін шертсеңіз, Access автоматты түрде кестеге Код атаулы есептегіш өрісті қосып қояды. Бұл өріс келешекте қажет болмаса, Жоқ түймесін шерту.
Құрылған кесте БҚ-ның Кестелер бөліміне жазылып қояды.
Жазылған кесте мазмұнын көріп шығу үшін БҚ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын, одан әрі Ашу (Открыть) түймесін шерту жеткілікті.
Access кесте өрістері типтерін оларға ендірілетін мәндер бойынша автоматты түрде анықтап отырады. Бірақ кейде өріске енгізілген бүтін сандық берілгендер типін мәтіндік деп белгілейді. Кесте құрылымын өзгерту керек болса, “Конструктор” режимін пайдалану керек.
3-сурет. Кестені қолдан құру.
1.6.2. Конструктор режимі. Өрісті кілттік ету. Өріс қасиеттері.
Кесте конструкторын түрлі әрекеттер үшін пайдалануға болады:
өріс атауын өзгерту;
өріс типін өзгерту;
өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;
жаңа өріс қосу;
өрісті кілттік ету;
жаңа кесте құру;
Конструктор терезесін ашу үшін БҚ терезесінің Кестелер қондырмасынан кесте атауын таңдап, Конструктор пернесін шерту керек. Жаңа кесте құру үшін Кестелер-Конструктор командасы орындалуы керек.
Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің “Берілгендер типі” бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау керек. Оның оң жағында тілсызық түймесі (тізім символы) пайда болады. Оны шертіп, ашылған тізімнен қажетті типті таңдаса болғаны.
Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкеліп, тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек. Көрінген контексті менюден Кілттік өріс (ключевые поля) қатарын шерту жеткілікті (немесе аспаптар панелінің Кілттік өріс түймесін шерту керек болады). Кілттік етілген өріс атауының сол жағына (шеттік бағанға) кілт белгісі орнатылып қойылып қойылады.
Ескерту. 1. Терезенің Сипаттау бөлімін толтыру міндетті емес. 2. Конструктор режимі арқылы Жаңа кесте құру үшін терезенің Өріс атауы бағанына сәйкес тақырыптарды енгізу керек. 3. Кестеге жаңа өріс қосу үшін, тақырыбын Өріс атауы бағанына енгізу жеткілікті.
1.6.3. Өріс қасиеттері.
Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың типтерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері – оның типі мен өлшемі.
Access құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды. Қажет болса, оны қолдан өзгерту де, ал жаңа кесте үшін қолдан өзгерту де мүмкін. Түрлі типті өрістердің қасиеттері әр түрлі. Өріс типі таңдалған кезде оның қасиеттері Конструктор режимі терезесінің төменгі бөлімінде көрінетін Жалпы қондырмасын енгізіліп қойылады. Access өріс өлшемі үшін стандартты 50 санын орнатқан. Өлшемді 1 мен 255 аралығындағы (1-255) символдар тізбегінен тұратын етіп алуға болады. 50-ді қалдыруға не өріс ұяшығына ендірілетін берілгендердің ең ұзыны сиятындай етіп, басқа санды, 15-ті енгізу де мүмкін.
Мәтіндік типті өріс үшін басқа қасиеттерді орнату міндетті емес. Мысалы, Өріс форматы. Мұнда ескертетін жайт – қасиеттер құрамында «Қолтаңба» (подпись) да бар. Ол – формамен жұмыс істеу кезінде Access автоматты түрде меншіктейтін өрістің екінші атауы.
Сандық типті өріс қасиеттерін орнату. Сандық өрістер бүтін немесе нақты сандар ендірілетін өрістер болып екіге бөлінеді.
Жаңа құрылатын кестеде сандық өріс құру немесе өрісті күйге келтіру үшін қондырмадан өріс өлшемін, өріс форматын (қажет болса, ондық таңбалар санын) орнатып қою керек. Олардың тізімін экранға шығару үшін сәйкес қатардың шертілуі тиіс. Қатардың оң жағында тілсызық түймесі пайда болады. Оны шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдау керек. Мысалы, өріс өлшемі үшін экранға шығарылған тізімнен Бүтін (Целое) қатарын шерту (тізімде көрінген Байт (байт) – [0; 255], Бүтін (Целое) – [-32708; 32767], Ұзын бүтін (Длинное целое) – [-2147483648; 2147483647], Жылжымалы нүктелі (С плавающей точкой (4 байт)) – [-1.401298Е-45; 3.402823Е+38] аралықтарында сақталатын сандар).
Дата/Уақыт және Ақшалық (денежный) типті өріс қасиеттерін орнату жоғарыдағыдай.
МЕМО өрісі. Өріс мәтіндік өріс сияқты, бірақ ол ұяшықта [257-65535] аралығындағы символдар тізбегінен тұратын ұзын типті мәтіндік берілгендерден сыйдыруға арналған. МЕМО өрісінің ерекшелігі – берілгендер басқа жерде сақтауға жіберіледі де, ол орналастырылған орында сілтеме көрсеткіш қана сақталады.
Логикалық және Есептегіш типті өріс форматтарын Access автоматты түрде өзі орнатады. Логикалық өріс ұяшығына ауыстырып қосқыш белгісі енгізулі тұрады. Оны орнату ұяшықта логикалық Иә (ақиқат), орнатуды алып тастау Жоқ (жалған) мәнін енгізу деп қабылданады.
OLE объектісінің өрісі басқа программалар арқылы құрылған сурет және т. б. объектілерді кірістіру үшін, Гиперсілтеме өрісі Интернет не басқа объектінің файлдарымен байланыс орнату үшін гиперсілтеме мәтінін енгізу үшін құрылады.
Алмастыру шебері өріс типтерінің соңғысы етіп енгізілген элемент. Ол тип атауы емес, кестелер байланысын орнатуға арналған ішкі программа.
1.6.4. Кесте шебері.
Кесте құрудың келесі әдісі – Кесте шебері ішкі программасы (процедурасы) арқылы автоматты түрде құру. Құру жолы:
Жаңа кесте терезесін ашып, «Кесте шебері» қатарын екі рет шерту (немесе OK түймесін шертуге болады). Программа іске қосылып, оның төрт қадамдық терезесінің бірінші қадам сұхбат терезесі көрінеді.
Терезеде:
а) «Жеке» немесе «Жұмыста қолдану» ауыстырып қосқыштарының қажеттісін орнату (әдетте соңғысы орнатылады).
б) «Кесте үлгілері» панелінен кесте типін таңдау. Оның өріс атаулары «Өріс үлгілері» панеліне кірістіріліп қойылады.
в) «Өріс үлгілері» панелінен қажетті өріс атауларын «Жаңа кесте өрістері» панеліне көшіру (ол үшін атауды екі рет шертуге, не оны таңдап, көшіру шертуге болады).
Мұндағы ескертетін жайт: құрылатын кестенің өріс атаулары «Өріс үлгілері» тізімінде бола бермейді. Ол кезде «Жаңа кесте өрістері» панеліне кез келген атауды көшіріп және оны таңдап, терезенің «Өріске басқа ат қою...» түймесін шерту керек. Ашылған сұхбат терезесінде «Өріс аты» өрісіне қажетті атауды енгізіп, OK шертеді.
г) терезенің «Одан әрі» түймесін шерту.
Екінші қадам терезесінде кілтті пайдаланушының анықтауы және кілтті автоматты түрде анықтау ауыстырып қосқышының бірін орнату. «Кілтті автоматты түрде анықтау» ауыстырып қосқышы орнатылса, Access есептегіш типті кілттік өріс құрып шығады. Бірінші аталған ауыстырып қосқышы орнатылған кезде «Одан әрі» түймесін басып, кілтті көрінетін қосымша ашылған сұхбат терезеден анықтау керек.
Үшінші қадам терезесінде кестені бұрыннан құрылған кестелермен байланыстыру мүмкіндігі бар. Қажет болса, терезеде көрінген нұсқауларды орындау керек.
Соңғы терезеде үш ауыстырып қосқыш көрінеді. Олардың қажеттісін орындап, «Дайын» (Готово) батырмасын шерту керек.
Құрылған кестенің Стберу өрісі бірегей. Кестені ашып, мәндері жоғарыда таңдалған кодтар арқылы жазылған Стберу өрісін қосып, оған ат беріп (мысалы, Емт-Ст) сақтау қажет.
4-сурет. Кестені шебер көмегімен құру.
Достарыңызбен бөлісу: |