136
«Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала
қадірлі!-дейді дана халық. Расында бұғанасы қатып, белі бекімеген
баласынан дана шығады деп үкілеген үмітіне айдар таға білген ата-ана өз
ұрпағын ұлы жолға жетелер ұстазға әкеліп тапсырғанда да тек “бақытым
балаларым” деуден таймасы түсінікті.
Енді міне, мектеп табалдырығын тұлымы желкілдеп, бұрымы
желпілдеген бүлдіршін балалар имене аттай бастады.
Әрқайсысы жанарына дархан үміт толтырып, тәрбиеші ұстазына
жәутеңдей қарайды. Сондықтан «талаптың тұлпарына мініп», оқу білім
үйренуге, ілім алып, өзгелерге таратуға асыққан балдырған оқушының
болашағы біздің қолымызда екенін ұмытпауымыз керек. Балаға бүгін
берілуі тиіс тәрбиені кейінге қалдырсаң, ертең кеш болатынын естен
шығармай, «өзгенің бақытын аялап, өзінің уақытын аямайтын» ұстаз ғана
алтын уақыттың бағасын түсінеді деп ойлаймын. Себебі, дер кезінде
берілмеген тәрбие, жұғымы жоқ тамақ болары сөзсіз.
Шәкәрім атамыз «ар ілімінің негізі болып табылатын нәрсе –
адамдық ынсап, әділет, мейірім. Осы үшеуі қосылып ұждан деген ұғымды
білдіреді”,-деген екен. Алдымен, өзі мен өзгелердің бағасын біліп, қоршаған
ортаның бәріне жанашырлықпен қарап, мейрім шуағы бала санасына егілсе,
өтірікке алданбай, арбалмай, шындықтың бағасын үйретсек, ол бала әділетті
қоғамның қозғаушысы боларына еш шүбә келтірмес едім. Міне,
ұстаздарды, сынып жетекшілерді ар-ұжданның биік өлшемін бағалатар
тынымсыз ізденістер күтуде.
Қазіргі таңда ғылым мен білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де
күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түскені
анық. Ұстаз қауымы алдында жай білім беріп тәрбиелеу ғана емес, сонымен
қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді,
дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару мәселесі тұр.
Тәрбиесі, санасы, пиғылы мен іс-қимылы жөнделмеген адам да
қоғамның белсенді мүшесі бола алмайды. Абай көксеген «қайырымды қала
137
тұрғындарындай» ұрпақ тәрбиелеу-біздің де алға қойған мақсатымыз. Ата-
ананың ұрпағы алдындағы парызы қаншалықты болса, шәкірт тәрбиесін
мойнына жүктеп отырған ұстаздың да жауапкершілігі сондай болмақ керек.
Ең басты тәрбие назарында Отанын сүйер, тазалық пен сұлулыққа
жаны құмар, эстетикалық талғамы жоғары, экологиялық білімі толысқан,
саяси сауаты жетілген ұрпақтың болашағына жауапты екенімізді сезінудің
өзі бейқамдықтан аулақ қылары сөзсіз.
Төл
тарихынан
түйгені
мол,
салт-дәстүрі
мен
ұлттың
құндылықтарынан тергені көп, пікір көзқарасы толысқан, ұтымды шешім
қабылдай алатын тұлға қалыптастыруды мақсат еткен ұстаздық
ізденістерімнің нәтижесі де аз емес.
Мен өз іс – тәжірибеме өзгерістер енгізе отырып , оқушыларымды
жаңа қырынан таныдым. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы
құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына
қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен
жүрегінен келіп шығады», - деген қағиданың шынайылығына өзім
қолданған әдістерден, оларды оқушылардың жас, жеке ерекшелігіне сай
пайдалану қажеттілігінен туындайтынынан көз жеткіздім. Қазіргі таңдағы
өзіміз қолданып жүрген барлық сабақтардың негізгі құрылымдары мен
мазмұны болып табылатын «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл
күйді көтеру» ,«Сергіту сәті», «Тыныштық сәті», «Дәйексөз»,
«Шығармашылық тапсырма», ұжымдық жұмыс, жеке жұмыс деген әдіс-
тәсілдерінің өзі оқушылардың сабақ үстінде өздерін еркін ұстауларына,
демалуларына, баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі
жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт
- бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен
әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейтініне сенімім мол
болды. Сабақтан тыс өткізілген эстетикалық әңгіме, түрлі ой жарыстар, пікір
таластар, «Жүректен жүрекке», «Жүрек жылуы» тақырыптарындағы
тренингтер, мұғалім мен балалар арасында өзара түсіністік, сыйластық, бір-
138
біріне деген құрметін бірінші кезекте тұруы, өзара дос-құрбыларына,
дәрежесі мен құқығы тең адамдарша тілдесіп, түсінулері жақсы нәтижеге
жеткізді. «Жан қазынасы- адамгершілік негізі» атты әңгіме сағаты балалар
бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды ажыратуға, әдеп әліппесін
бойларына дарытуға жол ашса, әртүрлі сахналандырылған қойылымдар
мен аңыз бейнесіндегі көрсетілімдер оқушыларды жақсы ниетпен армандай
білуге және оған қол жеткізуге ықпалы зор болды. «Ата салтым-асыл
қазынам», «Кішіпейілділік- адамгершілік негізі», «Сүйкімі дүниенің
сұлулықта» атты тәрбие сағаттарындағы рухани-адамгершілік білім
жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатты.
Бұл орайда жан-жақты дамыған, ақыл-ойы қалыптасқан шәкірт
тәрбиелеуде атқарылатын жұмыстар әлі де жан-жақты талмай ізденісті
талап етеді.
«Қыран баласына қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз баласына
талмас талап сыйлайды» дейді дана халқымыз. Мен де ұрпақ тәрбиелеуде,
ел болашағын тәрбиелеуде өзіндік үлес қосып жүргенімді мақтан етемін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. С. Ғ.Тәжібаева Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы.
Оқу құралы. Алматы,Білім,2008
2. О.К. Трубецкая Балалардың рухани- адамгершілік құндылықтарын қалай
жетілдіруге болады // Сынып жетекшінің анықтамалығы №12(48) 2012
3. Л. Омарова Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мәселелері // Бастауыш
мектеп № 2 2004
Достарыңызбен бөлісу: |