142
жетістікке жетуде. Көбінесе оқушылар өз жобаларын еліміздегі көкейкесті
мәселелермен байланыстырып, өз зерттеулерін жүргізеді, өзіндік
көзқарастарын білдіреді. Осындай жобалардың бір мысалын атап өтейік.
Ұлттық құндылықтарды трансформациялау және модернизациялау арқылы
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруға үлес қосуды мақсат еткен
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудың этномәдени аспектілері»
атты жобасы арқылы оқушыларымыз ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың
жолдарының моделін құрастырып, көпшілік назарына ұсына алды. Аталмыш
жоба
республика
көлемінде
бағаланып,
бірінші
орынға
ие
болды.Оқушыларымызға дұрыс бағыт-бағдар ұсыну арқылы мектебімізде
ғылыми-зерттеушілік жұмыспен айналысатын оқушылар саны жыл сайын
артуда. Мектебіміздің ұстанымы гимназия болғандықтан, оқушыларымыз
гуманитарлық бағыттағы тақырыптарды таңдап, ұлттық құндылықтар
төңірегіндегі зерттеулерді басымдықта деп есептейді. Облыстық кезеңдегі
ғылыми сайыстарында көрсететін жоғары жетістіктері үшін мектебіміз «Ең
үздік ғылыми қоғам» номинациясымен марапатталды.
Ұлттық кодтың екінші құрылым жүйесі:
Гносеология – таным теориясы. Таным теориясы - философиялық ұғым.
Білімнің ақиқатқа қатыстылығы, білім индикаторы мен көрсеткішінің,
өлшемділігінің ақиқатқа сыйымдылығы. Қазіргі гносеология арнаулы
когнитивтік білім жайлы ғылыми негізге сүйену дегенді аңғартады. Әлемге
тұрмыстық контексте қарамай, оған білімді теориялық тұрғыда танудың
феноменін іске асырады. Мектепте оқылатын пәндердің оқушыға
рационалды және рефлексті тұрғыда әлем жайлы өзінің пікірін саналы
тұрғыда тұжырым жасауына мүмкіндік береді.
Оқушының жаңа философиялық пайымдауына, теориялық танымның
көкейкестілігін табуына жәрдем жасайды. Әрбір пән ұстазы оқушының
логикалық-әдіснамалық (тезаурустық) көкейін тесетін мәселесін шеше
алуына қолайлы жағдай туғызу көзделеді. Гносеология ілімі оқушыларға
білім мазмұны арқылы білімнің ғылыми моделін жасауға бағдарлануы
143
арқылы ерекшеленеді. Модель құруға жалқылау-жалпылау, ұқсастығын табу,
талдау-жинақтау, сараптамалық тұжырым жасау және т.б. өнімді әдістер
қызмет етеді.
Осы аталғандарды біз өз тәжірибеміздежүзеге асырып жатырмыз.
Оқушыларды жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиадаға дайындық
жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында білім мекемесінде олимпиадалық
резерв мектебінің жұмысы ұйымдастырылған. Резерв мектебінің шәкірттерін
іріктеу оқушылардың өз еріктері және пән мұғалімдері ұсыныстары негізінде
жүргізіледі. Олимпиадалық резерв мектебіне арналған оқу бағдарламалар
әдістемелік бірлестіктер жанынан құрылған олимпиадалық зертханаларымен
даярланып, әдістемелік кеңес отырысында бекітіледі. Мектептің жұмыс
тәртібіне 2013–2014 оқу жылынан бастап, оқушылардың дайындықтарын
үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, жазғы демалыс кезіндегі қашықтықтан
оқыту жүйесі енгізілген.
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән
мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы
мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру
2. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына,
қоршаған
ортаға
өзін-өзі
жарнамалауына
көмек
көрсету
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай
жұмыс түрлерін қолданады:
1. Әр ұстаз өз пәні бойынша әр оқушыға олимпиадаға дайындық
бағдарламасы мен маршрут картасын құрады2. Ата-аналармен байланыс
орнатады3. Жазғы дамалыс уақытында оқушылармен тығыз қарым-
қатынас жасайды
4. Оқу жылының басында оқушылардың маршрут карта бойынша
жазғыуақыттағы берілген тапсырмалары тексеріледі (слайдта толық мәлімет
беріледі).
Ұлттық кодтың үшінші құрылым жүйесі:
144
Аксиология – құндылық теориясы. Платон ілімінде аксиология
этикалық, эстетикалық идеал құруға адамның рухани жетістігі қызмет етеді
дегенмен дәлелденген. Парасаты жоғары адам, рухани құндылығы басым
тұлға ғана құндылықты саралай алады дегенді аңғартады.
Дарынды балалармен жұмыс барысында қолдау көрсету және
ынталандыру жүйесінің міндетті жоспары, дарынды бала әрекетін бағалау
өте
маңызды
болып
табылады.
Осыған
байланысты
мектепте
ынталандырудың келесі жүйесі жасалған:
1. Оқу жыл бойы әртүрлі зияткерлік сайыстарда табыстылыққа жеткен
жеңімпаздар мен жүлдегерлеріне арналған «Дарын» марапаттау кеші
ұйымдастырылады, онда олар бастамашыл роль атқарып, көшбасшылық
деңгейде қызмет атқарады.
2. Әр тоқсан бойынша жетістікке жеткен оқушылар қаламыздағы ойын-
сауық орталықтарына барады.
3. Ерекше қабілетімен дараланған оқушылар, олимпиада жүлдегерлері
жазғы уақытта Баянауылдағы «Жас дәурен» оқу-демалыс лагерінде, жыл
бойы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалады.
4. Жыл бойы өткізілген зияткерлік сайыстарда белсенділік танытқан,
жоғары нәтижелерге жеткен сынып «Ең белсенді сынып» номинациясымен
және ауыспалы кубокпен марапатталады.
5. Оқу жылы бойы зияткерлік және ғылыми сайыстарда жоғары
нәтижелерге қол жеткізіп, мектептің беделін асқақтатқан оқушылардан «Жыл
оқушысы» сайлауына кандидаттар іріктеліп, көпшілік дауыс жинаған
оқушыға «Жыл оқушысы» номинациясымен және кубокпен марапатталады.
Аталып өткен оқушылардың адами капиталын ұлттық код негізінде
өркендету – олардың болашақта ешкімге тәуелсіз болуларына және өздерінің
бақытты, құтты, нұрлы өмір сүрулеріне, дарынды қабілеттерінің ұдайы
үзіліссіз ілгерілеуіне түрткі болмақ.
Бүгінгі таңда Елбасымыздың аталған Жолдауындағы «ұлттық код»
ұғымы мектептерде білім мазмұны арқылы негізгі нысанаға алынса,
Достарыңызбен бөлісу: |