9
психолог көмегімен жеке оқушылармен жұмыс жүргізіледі. Нәтижелері ата-
аналарына хабарландырылып отырылады. Лицейде педагогикалық кеңес пен
педагогикалық консилиумның орны ерекше. Педагогикалық кеңесте
сыныптар, пәндер, жеке оқушылар жетістік-кемшіліктері жан-жақты
сараланып, шешімі негізінде мақсат-міндеттер қойып, тексерулер нәтижелері
педагогикалық консилиумда жалғасын тауып, мұғалім-тәрбиеші-психолог -
оқушы-ата-аналармен біріге отырып, кемшілікті жоюға бағыт- бағдар алып,
шаралар белгілеп, жұмыстар жасалынады. Оқу жылы басталысымен, жаңа
қабылданған оқушыларды ортаға қалыптасуын зерттеуге психологқа
тапсырма беріледі, яғни психолог зерттеу диагностикасын жасайды. Мұнда
оқушылардың қабілет түрін, мазасыздығын Филлипс әдісімен анықтаса,
Беннет тесі бойынша техникалық ойлауының даму деңгейін анықтайды,
сонымен бірге темперамент типтерін, зейінін, көріп және естіп есте сақтауын,
қарым –қатынасқа түсу деңгейін, Кеттел IQ бойынша интеллект деңгейін
анықтайды. Анықталған мағлұматтар алдымен оқушының өзіне, ата-
аналарына жеке таныстырылады да, педагогикалық консилиум өткізіледі.
Педагогикалық консилиумға сыныптар бойынша пән мұғалімдері,
тәрбиешілері, мектеп дәрігері қатыстырылады. Тәрбиешілері әр оқушыға
педагогикалық және әлеуметтік саралау жасаса, мектеп дәрігері дәрігерлік
саралау жасап, әр оқушының денсаулығы жайлы мағлұмат береді. Мұның өзі
оқушылар туралы пән мұғалімдері, тәрбиешілерге ары қарай әр оқушымен
қалай жұмыс істеуді және қандай жетістік, кемшіліктеріне мән беріп
болашаққа
болжам жасалып, жұмыс істеуге бағыт-бағдар алады.
Білім жүйелі болу үшін білім сапасы әр тақырып бойынша ғана емес,
жалпы курс бойынша да жүйелі түрде тексерілмеген жағдайда оқушылар
олқылықтарды дер кезінде анықтап, түзету шараларын жүргізу мүмкін емес.
Олай болса, осы жұмыстар біздің лицейде қалай жүргізілетіндігіне
тоқталып өтсем деймін:
Әрбір алынған бақылау жұмыстарынан кейін:
10
Оқушылар
білімі
жан-жақты
сараланып,пәндер
бойынша
диагностикалық
карта жасалады;
Жеке оқушылар және сыныптар бойынша біліміне қосылған өсімшелер
болжанып, ары қарай дамыту картасы жасалады;
Пән
мұғалімі
тәрбиешімен
біріге
отырып,
жетістік
және
кемшіліктермен тоқсан бойында жан-жақты көмек бере отырып, дамыта
жұмыс істейді;
Нәтиже бастапқы диагностика, болжам карталарымен салыстырылып,
жетістік пен кемшілік себептері анықталады. Жетістіктерді озық тәжірибе
ретінде жинақтап, қорытып, тарату, ал кемшіліктердің алдын алу, себептерін
жою жұмыстары жүргізіледі.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар:
Дарынды баланы анықтау;
Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптық) оқыту;
Дарынды балалармен жүйелі түрде
қосымша сабақтар өткізу;
Пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық
конференцияларға
қатыстыру;
Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана отырып,
өз бетінше білім алуға үйрету, дамыту;
Ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.
Баланың рухани өсуіне, оның әр түрлі әлеуметтік ортада өзін жайлы
және қалыпты сезінуіне психологиялық-педагогикалық жағымды жағдай
жасау арқылы, оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу жұмыстары
дарынды баланы анықтауға бағытталуы қажет. Дарындылықты қандай да
нақты бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен
оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау қажет. Атап айтар болсақ:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін
қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. Бұл дегеніміз пән
мұғалімдері нақты бағыттар бойынша сынау тапсырмаларымен деңгейлік
тапсырмалар арқылы оқушының бағытын анықтау деген сөз.