25
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНДЕРІН
ІСКЕРЛІК ОЙЫН, ТРЕНИНГ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚЫТУ
Альдекенова Анар Толыбаевна,
тарих пәні мұғалімі,
дарынды балаларға арналған
мамандандырылған гимназия,
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
Резюме
В докладе обосновывается роль ролевых игр, триенингов на уроках
Истории Казахстана и Основы права, и ее воздействии на
формированиефункциональной грамотности учеников, коммуникации,
навыков саморегулирование и аналитического мышления.
Summary
The report substantiates the role of role plays, treningues in the lessons of
the History of Kazakhstan and the Fundamentals of Law, and its impact on the
formation of functional literacy of students, communication, skills of self-
regulation and analytical thinking.
Әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру мәселесі Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының негізгі
тірегіболып табылады. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін
еліміздің болашағы жастар білімді болуы қажет. ҚР «Білім туралы» заңында
«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды
қалыптастыруға дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға
бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Ғылым
мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағымы күшейген
заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын
26
дамыту мектептің басты міндеті болып табылады. Сондықтан да әрбір
оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Тарих және құқық
негіздері сабақтарында оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын
бірнеше технологияларды өз тәжірибемде кеңінен қолдануға тырысамын,
солардың бірі оқушылардың өздігінен білім алу, ойлау, өз ойын жеткізу,
өзара пікір алмасу қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететін іскерлік ойындар,
тренинг жүйесі ретінде оқыту формалары.
Жобаның көкейкестілігі:Оқушылардың тәжірибеде алған білімдерін
тиімді қолдануға ықпал ететін құзыреттіліктерді меңгеруі бүгінгі күні оқушы
тұлғасының сапасына мемлекет қойып отырған басты талаптардың бірі.
Бүгінгі күні өз ойын еркін білдіре алатын, өзгенің пікіріне сыни тұрғыда
қарай білетін өзіндік азаматтық позициясы бар жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу
мектептің басты ұстанымы болып отыр. Сондықтан да іскерлік ойын,
тренинг жүйесінде білім беру мектептің ұстанымын жүзеге асыруға ықпал
ететін жаңа технологиялардың бірі болып табылады.
Мақсаты: Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндерін іскерлік
ойындар мен тренинг жүйесінде оқыту оқушылардың функционалдық
сауаттылықтарын,
коммуникативті,
өзін-өзі
реттеу
дағдысын
қалыптастыруға,аналитикалық құзыреттіліктерін дамуына ықпал ету
деңгейін зерттеу.
Міндеттері:
Оқушылардың оқу сапасының артуына, функцианалдық сауаттылығын
жетілдіруге іскерлік ойын, тренинг жүйесінде қол жеткізуге болатынын
талдау;
Тренинг жүйесінде оқытудың оқушылардың өзін-өзі реттей білу
дағдысының қалыптасуына әсер етуін қарастыру;
Іскерлік ойындардың, тренингтердің оқушылардың комуникативтілгіне,
өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, әріптесін тыңдауға, көпшілік
27
алдында шығып сөйлеуге, өз ойын дәлдеп айтуға үйретуде негізгі роль
атқаратынын негіздеу.
Жобаның болжамы: Іскерлік ойын, тренинг жүйесінде оқыту негізінде
функционалдық сауатты, өзіндік ұстанымы, пікірі бар, өзін-өзі реттей алатын
тұлға қалыптасады.
Ғылыми еңбектерде «Тренинг – жеке тұлғаның дамуына және өзара
әрекеттестік, өзара қатынас жаттығулар жүйесі» деген анықтама беріледі.
«Тренинг» сөзі біздің педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші
жартысында ғана ене бастады. Бұған дейін осы сөзге мағыналас «жаттығу»
сөзі кеңінен қолданылып келді. Қазір осы екі термин де педагогика
саласында кеңінен қолданылып келеді. Оқыту барысында қолданылатын
тренингтердің түрлері көп. Солардың ішінде оқытудың белсенді әдістерін
жүйелеуге қарай: оқытуды ұйымдастыруға қолданылатын әдістер мен
формалардың тиімділігін анықтауға; нақты міндеттерді шешуге бағытталған.
Олүшінтренингтіңмынатүрлерінқолдануғатырыстық:
1. Оқу-жаттығу тренингі;
2. Белсенді оқыту;
3. Тренинг-семинар ;
4. Кәсіби-педагогикалық тренингі.
Педагогикалық тренинг – оқыту сапасын арттыруда студенттің білік пен
дағдысын қалыпсатыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламамен
жүргізілетін әр түрлі жаттығулар жүйесі.
Педагогикалық тренингті көбіне оқушының білім сапасын, жеке
қасиеттерін, өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі белсендіруін
білуге, өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, әріптесін тыңдауға,
көпшілік алдында шығып сөйлеуге, өз ойын дәлдеп айтуға, басқалардың
ойларымен санасуға үйретеді. Сонымен қатар, ұжыммен жұмыс істеуді,
ұжымның жетістіктерін бағалауды, кемшіліктерін болдырмауды үйрене
отырып, өз білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа жол
ашады [3, 17 бет].
Достарыңызбен бөлісу: |