136
Дене мəдениеті сабағы білім беру, тəрбие жəне сауықтыру
міндеттерінің шешімдерін алдын-ала қарастырады:
- өмірлік маңызы бар дене қабілетін дамытуда жəне оны
толық жетілдіруде, денсаулықты көп жыл сақтауда жəне
оңтайлы кəсіби жұмыс қабілеттілігін қолдауда дене мəдениеті
жəне спортты пайдалану туралы ғылыми-негізделген базалық
білім беру;
- дене мəдениетіне уəжді-құнды көңіл бөлу жəне жүйелі
сабақтарда дене қуаты жаттығулары мен спорт қажеттілігін
қалыптастыру;
- дене қуаты қабілетін дамыту бойынша əлеуметтік-мəдени
тəжірибені жəне дене мəдениеті мен спорттың əлеуметтік-
мəдени құндылықтарын жан-жақты іскерлік жəне дағдыларды
игеруді қамтамасыз ету;
- дене мəдениеті-спорттық қызметтің əртүрлі формаларын
пайдалана отырып, ұйымдастырушылық қабілет пен мүмкіндікті
дамыту;
- дене мəдениеті тəсілдері мен əдістерін пайдалана отырып,
психикалық күйді басқаруды үйрену;
- дене қуаты жаттығулар жүйелерін жəне сыртқы орта
факторларын
пайдалана
отырып,
жеке
биологиялық
мүмкіндіктер мен кəсіби қызметті ескере отырып, организмнің
дене қуаты жəне физиологиялық қорлармен ғылыми негізделген
дифференцияланған басқаруды қамтамасыз ету;
- бос уақытта жəне салауатты өмір салтында (СӨС) дене
жаттығулары мен спорт түрлерін пайдалануды үйрету;
- спорттық-сауықтыру туризмнің жаттығулар жүйесін
(дамытатын, алдын алатын, қалпына келтіретін) кəсіби ауруды
алдын ала емдеу мақсатында дене мəдениетінің сауықтыру-
оңалту амалдарын пайдалануды үйрету...» [ 136, 4 б.].
«Жоғары оқу орнындағы студенттердің дене мəдениетінен
қойылатын біліктілік талаптары. Студент білуі тиіс:
- дене мəдениеті жəне спорттың əлеуметтік функцияларын;
- дене тəрбиесінің жүйелерін;
- дене мəдениеті жəне спорттың теориялық негіздері мен
əдістемесін;
- дене қуаты белсенділігі жəне жұмыс қабілеттілігінің əр
түрлі режимдеріне организмнің əрекет ерекшеліктері;
137
- кəсіби қызметке ықпал етуші анағұрлым маңызды
психофизикалық жəне жəне функциональды көрсеткіштер мен
негізгі формалар, тəсілдер жəне оларды реттеу əдістерін;
- ден саулықты күтудің гигиеналық негіздерін;
- кəсіби аурулардың алдын-алу шараларын.
Студент істей білу керек:
- арнайы кəсіби жұмысқа қабілеттілікті, денсаулық жəне
кəсіби аурулардың алдын-алу шараларын қолдау үшін дене
мəдениеті жəне спорт тəсілдері мен əдістерін қолдануды;
-
дене
қуаты
жəне
функциональды
дайындықты
жоспарлауды, бақылауды жəне басқаруды;
- таңғы жəне өндірістік гимнастика кешендерін құруды.
Студент дағдысы:
-
дене
жаттығуларының
орындалуын,
организмнің
физиологиялық
мүмкіндіктеріндегі
жүктеме
тепе-теңдігі
бағалануын көрсете білу;
- дене қуаты дайындығын басқару;
- ертеңгілік жəне өндірістік гимнастика жүргізу;
- жеке, отбасылық салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- таңдап алынған жəне қолданбалы спорт түрлерінде
тактиканың
орындалу
техникасы
мен
жарыс
өткізудің
ережелерін ...» [14, 5 б.].
Жоғарыдағы айтылып кеткендей, қазіргі танда дене
мəдениеті сабағы эллективтік курс деп есептелнеді жəне оған
кредит берілмейді. Бірақ, оған қарамастан бұл пəн Ақтобе
мемлекеттік педагогикалық институтта 1-2 курстарда (1-4
семестрлар) жүргізледі. Міндетті түрде өтетін сабақтарға əрбір
семестрде 60 сағаттан беріледі.
Сабақтар 100 минуттан өтеді . Сабақ ұш бөлімнен түрады.
Бірінші бөлімге (дайындық бөлімі) 25 минут бөлнеді. Əр бір
сабақ қойылған міндеттерге байланысты өткізілу керек. Олар
студенттердің оқитын мамандықтарына сəй қойылу керек. Олар
жөнінде біз басқа, осы мəселеге нақты бағытталған бөлімдерде
теренірек қарастырармыз. Бұл жерде айта кететің бір жағдай
мынандай. Дене мəдениеті сабағына бір уақытта əртіұрлі
мамандықтарда оқитың студенттер топтары келеді (мысалы,
математиктер мен филологтар). Оларға разминка (дайындық
бөлімі) бірдей жұргізілу керек, ал негізгі бөлімі - болашақтағы
138
мамандық енбегінің түрі мен мазмүнына сəйкес қойылған
міндеттеріне байланысты.
Негізгі бөлімінде типтік бағдарламадағы үсынылатың
материал игерлуге тиісті (жылдық жəне тоқсандық жоспарына
сəйкес).
Жоғарғы оқу орнында дене тəрбиесі процесің жүзеге
асыруда келесі өзекті мəселелерді есепке алу қажет.
Қазіргі танда жоғарғы оқу орындарында студенттердің
дене
шынықтыру
тəрбиесінің
тұжырымдамасы
[Л.И.Лубышева,15] іске асырлады. Осы тұжырымдамасына
сəйкес Мемлекеттік білім беру стандарты дене тəрбиесі алдына
студенттердің өмір стилін қалыптастыру міндетін қойып
отыр. Яғни, əрбір студент дене мəдениеті өрісіндегі бар рухани
құндылықтарды игеріп, өзіннің жеке өмірінде қолдану қажет.
Екіншіден, кредиттік технология бойынша студент көбіне
өз бетімен жұмыс жасау керек. Бірақ, осы əрекетке оны
оқытушы үйрету керек. Сондықтан, міндетті түрде өтетің дене
мəдениетінің сабақтары, Л.И.Лубышеваның пікірі бойынша,
практикум-консультация ретінде болу қажет. Яғни, оқытушы
сабақ
үстінде
студенттерге
олармен
игеретің
дене
қозғалыстардың техникасың негізгі нуктелеріне, оларды дұрыс
жасауына назар аудару керек.
Үшіншіден, сабақтағы үсынылған мəліметтерді бекіту үшін
оқытушымен дайындалған оқу-əдістемелік құралдар қамтамасыз
етілу керек (соның ішінде, электрондық оқулықтар).
Дене тəрбиесі мен спорт түрлері бойынша өзіндік жəне
өзіндік əрекет сабақтары.
Бұл жерде мынандай жағдайды түсініп алу қажет: өзіндік
əрекет ұйге берген тапсырмадан қандай айырмашылығы бар?
Тапсырманы ұйге беру барысында оқытушы студенттерге
келесі мəліметтерді үсынады: қандай жаттығуларды орындау
қажет, неше рет қайталау қажет, қандай қарқындылығымен,
қандай ұзаұтықта б ұл тапсырманы орындау қажет. Сонымен,
оқытушы студенттерге қандай жақдайларда бұл тапсырманы
орындау керек, жəне қалай сол жағдайларды ұйымдастыру
қажет екені жөнінде айтады. Кейбір уақыттан кийін оқытушы
сол тапсырманы тексереді, соған сүйене отырп келесі
тапсырманы береді.
Достарыңызбен бөлісу: |