104
басқа жаттығу құралдар мен əдістерге қарағанда, жаттығу жасап
жүргендердің артық күш түсіру немесе қауіпсіздігіне, шамадан
тыс шаршауына жол бермейді.
Аталмыш кезеңде 10-15 шақырымға жүгіру пайдаланылады,
берілген жылдамдық бойынша шамадан тыс қашықтықьа:
қызлар - 10 шақырым, ал ұлдар - 20 шақырымға бір рет
жүгіретін болады. Жүгіріс 200 метр мен 1200 метр
аралығындағы қашықтық көлемі бойынша осы жерде жарыс
түріндегі жүгіріс бойынша жүрек соғысын кейбір жерлерде өз
алдына жаттығулар кезінде минутына 180 соққыға дейін апара
отырып жүргізіледі.
Көктемгі ойындарға қатысуға байланысты апталық циклдың
құрлымы кішкене өзгеріске ұшырайды. Дүйсенбіден жұмаға
дейін күн сайын жаттығулар өткізілетін болады жəне бірінші екі
аптада негізінен күш белсенділік пен көлем деңгейіне түсетін
болады. Бейсенбі жəне жұма күндері күш түсіру жаттығулары
немесе жүктеме қала сыртындағы жаттығуларға ауысады, оның
өзі төмендетілген бірдей ұзақ жүгіріс түрінде орындалатын
болады, ал сенбі күні демалыс, ал жексенбі күні жарыстарға
қатысу немесе қортынды жарыстарға қатысу жоспарланады.
Аталмыш жаттығулар циклын құру адам ағзасының барлық
функцияларының жетіліп, дамуына алып келеді, оның өзі алда
күтіп тұрған «негізгі жарыстарға» бағытталған, онда біздің
желаяқтар жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген.
Жалпы
Қазақстандық
студенттер
ойындары
материалдарында көрінгендей, оның өзі жыл сайын сəуір
айының аяғы мен мамыр айының біріші жартысында өткізілетін.
Осы жарыстарда ҚазМУ студенттері басқа Республиканың 25-
30 жоғары оқу орындары өкілдерімен күресте қыздар да, ұлдар
да бірнеше рет жеңіс тұғырынан көріне білді.
Əр жарыстар кезеңі бойынша (15 сəуір мен 1 қыркүйек
аралығы) оның өзі студент-спортшыларға мамыр жəне маусым
айларындағы жарыс кестесінің жиілігіне байланысты үлкен
айтарлықтай күш түсіреді жəне сол уақытта емтихан-сынақтар
сессиясынң
басталуына
байланысты
қиындықтар
туады.
Сондықтан да мамыр жəне маусым айларында негізінен
жаттығулар үзікті немесе кесінді жүгірістерге бағытталады,
əртүрлі вариантты қамтиды (қайталамалы, ауыспалы, бақылау),
105
оның өзі жоғары жылдамдықта жүргізіледі. Осыған байланысты
жаттығулар саны мен көлемі азайтылады, жоспарлар жарыстан
жарысқа жəне соның аралығында əрбір спортшының дайындық
жағдайына байланысты жасалады.
Бұл кезең студенттер үшін негізгі болып табылады, оның
алдында жалғасып келген ерте жарыстар құрамы 1 сəуір мен 15
сəуір аралығында болады. Бұл уақытта желаяқтар 1 жəне 2 рет
кросс жарысына қатысады, соның ішінде басты назар стадион
ішіндегі жарыс жолағында жүгіруге аударылады.
Осыдан кейін бақылау немесе қортындылау жаттығулары
қажет болады. Оның өзі жүгіру техникасының негізгі
компоненттерінің
сай
болуына
жəне
сонымен
қатар
желаяқтардың ағзасының барлық функцияларын ретке келтіру
болып табылады. Жүгірістің жалпы көлемі сол бұрынғы күйінде
қалып отырады, жалпы даму дайындығы құралдары төмен
түспейтін болады.
Шілде жəне тамыз айларында жарыс кестесі ауқымды
болатындықтан,
студенттер
емтиханға
дайындалудан
босатылады, оның өзі жаттығу құралдарының деңгейін көтеруге
жəне əртүрлі бағытта қолданылуына алып келеді. Жалпы
жүгіріс көлемі таңертеңгілік 3 жəне 6 шақырымға дейін
қолданылып отырады, ал емтихан кезінде олар араға бір күн
салып жүргізіліп отырады. Ал кейбір жағдайларда мүлдем
өткізілмеген болып шықты. Жаттығу-оқу жұмыстарының көлемі
кейбір мекен-жайларда 70-75 пайызға дейін ұлғайған. Арнайы
жасалған жүгіру жолдары мен жолақтар стадионнан тыс əртүрлі
бағыттағы жүгірістерді орындауға мүмкіндік береді, оның өзі
əдіс пен қозғалыс жылдамдығына қарай орындалады. Осы
уақытта кестеге сай бұдан да жоғары жəне ірі Халықаралық
студенттік жарыстар мен біріншіліктер өтіп жатыр.
Тəжірибеден
қорытынды
шығара
отырып,
мынадай
тұжырымға келуге болады: осындай аталмыш жағдайда
желаяқтардың дайындығы жарысқа он күн қалғанға дейін болуы
қажет. Осы қалған он күнге бірнеше жаттығулар өткізу қажет,
оның біреуі қортынды жүгіріс үлгісінде болуы қажет немесе
мөлшерлеу түрінде болады. Бұл ең алдымен жақындап келе
жатырған жарыстарға солардың жағдайына байланысты ішкі
106
органдардың қызметі мен демеуші двигателді апараттардың
координацияның қайта қалпына келтірілуі болып табылады.
Ауыспалы кезең. (1 қыркүйек-15 қазан). Бұл кезең
желаяқтың күшін қалпына келтіріп отырады, физикалық жəне
психологиялық ауыртпалықтарды түсіруге, жарақатты емдеу
мен спортшының мінез-құлқының жақсы көңіл күйде болуына
əсер етеді, оны толықтай демалдырады, бірақ негізгі дене
құрылысының сапасын сол күйінде сақтап қалған болып
есептелінеді.
Жаттығу сағаттары аптасына 3-4 рет өткізіледі жəне 1,5
сағаттан 30 минуттай жай жүгірісті пайдалана жəне жалпы
дамыту жаттығуларын да мол пайдалана отырып жүзеге
асырылады.
Ерекше бір назар аударатын нəрсе: қозғалыс жəне спорттық
ойындарға көп көңіл бөлінеді (баскетбол, қол добы, доп үшін
күрес).
2. Семинарлық сабақтар
2.1. Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындағы спорттың
ғылыми-əдістемелік мəселелері
Мақсаты – Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындағы спорттың
ғылыми-əдістемелік
мəселелері
туралы
ептіліктермен
дағдыларды қалыптастыру.
Жоспар: 1. Қазіргі кезеңде студенттік спортты дамытуға
кедергі факторлар.
2.
Студенттік
спортты
жетілдірудің
ұйымдастыру
мəселелері.
3. Дене тəрбиесі емес жоғары оқу орындары студенттерінің
спортпен
шұғылдануының
кейбір
ерекшеліктері
(жеңіл
атлетика, күрес).
Əдістемелік нұсқаулар
1. Қазақстан Республикасында студенттік спортты дамытуға
кедергі факторларды дəптерге жазып, олардың қазіргі кезеңде
негізгі ерекшеліктерін анықтаңыз.
2.
Студенттік
спортты
жетілдіруде
ұйымдастыру
мəселелерін анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |