8
Сурет 1 - Спорт теориясындағы негізгі ұғымдар
Спорттық дайындық жүйесі – спортшының спорттық
жетістікке жету жолындағы дайындық дəрежесін қамтамасыз
ететін, оқу мен спортты, жарыс пен демалысты үйлестіру үшін
қажетті жағдайлар жасайтын көп жақты жүйе.
Спорт мектебі – мамандар тобының күшімен дамытылатын
шығармашылық қағидаға негізделген спортшы дайындығының
бірыңғай жүйесі.
Спорттық машықтану – спорттық дайындықтың негізгі
бөлігі жəне дене жаттығуларын спортшының өзі таңдаған
спортында барынша жоғарғы көрсеткіштерге жетуіне ықпал
ететін қасиеттер мен қабілеттерді дамыту əрі жетілдіру
мақсатында дене жаттығуларын қолдануға негізделген дене
тəрбиесі мамандығының арнайы жүйесі.
Спорттық машықтану жүйесі деп білім, қағидалар,
əдістер жəне спорттық жетістіктер жиынтығы, сонымен бірге
машықтану
процесстерін
ұйымдастыру
жəне
басқару
əрекеттерін айтады.
Спорттық машықтанудың əсерін, нəтижесін, спортшы
дайындығының
деңгейін
анықтағанда
«дайындалғандық»,
Негізгі ұғымдар
Бастапқы
Функционалды
Қорытынды
Спорт
Спорт
тық
жарыс
Спорт
тық
дайын
дық
Спорт
тық
машы
қтану
Спорт
тық
жетіст
іктер
Спорт
тық
нəти-
же
9
«жаттыққандық» жəне «спорттық қалып» деген ұғымдар
қолданылады.
Жаттыққандық дегеніміз - жүйелі дене тəрбиесі
жаттықтыруларын жасау арқылы спортшы ағзасының берілген
жаттықтырудың жүктемесіне қалыптасуы жəне оның жұмыс
қабілеттілігі деңгейінің жоғарлауы.
Дайындалғандық – спортшының дене куаты қасиеттерінің,
техникалық шеберлігінің, тактикалық жəне психологиялық
дайындық
деңгейлерінің
жоғары
деңгейге
жетуі.
«Дайындалғандық» термині осы аталған дайындық жақтарының
кез-келгеніне жеке де арнайы мүмкін.
Спорттық қалып, спорттық бап - спортшының белгілі бір
циклде спорттық жоғары нəтижелер көрсетуге дайын күйі.
Қорытынды
немесе
соңғы
ұғымдарға
спорттық
жетістіктер, спорттық нəтиже жəне спорттық мамандану
жатады.
Спорттық
жетістіктер
–
белгілі
бір
нəтижедегі
спортшының шеберлігі мен қабілетінің көрсеткіші.
Спорттық нəтиже - спорттағы көрсеткіштердің сандық
жəне сапалық деңгейі. Спорт түрінің ерекшелігіне байланысты
ол жалпыға белгілі өлшемдермен (кг, м, немесе балл, ұпай жəне
т.б.) немесе басқа да салыстырмалы амалдармен өлшенеді.
Спорттық мамандану – белгілі уақыт аралығында
спорттық жарыстарға қатысқан нəтижесін жинақтай көрсететін
спортшының тұрақты мінездемесі.
Спорт белгілерінің пайда бола бастауы адамзат қоғамының
ең ерте кезеңдеріне жатады. Шынықтыру жаттығуларының
пайда болуының алғы шарты адам еңбегі, оның ішінде, белгілі
дəрежеде қимыл-қозғалыс дағдылары мен барлық дене
қасиеттерін талап ететін аң аулау болды. Қазіргі заманғы спорт
түрлерінде ертедегі адамның машықтанушылық белсенділігінің
негізгі түрлеріне ұксас белгілер (мысалы: жүгіру, лақтыру жəне
т.б.) айқын байқалып отырады.
Сөйтіп, спорт адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында
адамның еңбек жəне əскери əрекеті негізінде пайда болып,
адамның дене тəрбиесі еңбекке, əскери істерге дайындығының
маңызды жолдары мен əдістерінің бірі, сонымен бірге
10
денсаулық шындау мен демалысты ұйымдастырудың жолы
болып қалыптасады.
2. Спорттың қазіргі түрлерінің типологиясы
Спорт түрлері əрекет мазмұнына, сипатына, жарыс
ережелеріне, спорт жарыстарын өткізу жолдарына байланысты
көптеген, əртүрлі спорт түрлеріне топтала бөлінеді. Қазіргі
кезде олардың топталуының 7 түрлі нұсқасы бар (сурет 2 ):
1. Бəсекелесу түріне, сипатына байланысты спорт түрлері
бес топқа бөлінеді:
- спортшының дене қуаты қасиеті деңгейінің анықталуына
байланысты топталатын спорт түрлері. Олар: күрес, бокс, жеңіл,
ауыр атлетика т.с.с:
- техника құралдарын басқару арқылы қозғалу спорт
түрлері. Олар: велосипед, мотоцикл, автомобиль басқара
жарысу спорт түрлері;
- спорттық қарумен нысана ату спорт түрлері. Оған
жататындар: садақ, мылтық, тапанша ату спорт түрлері;
- спортшының əр түрлі заттардан қозғалатын құралдар
(моделді) құрастыру қызметіне байланысты спорт түрлері. Олар:
ұшатын, суда жүзетін, жерде қозғалатын құралдарды құрастыру,
аспабпен басқару спорт түрлері;
- логика, ақыл-ой мүмкіншіліктерін қолдана отырып
бəсекелесетін
спорт
түрлері.
Олар:
шахмат,
дойбы,
тоғызқұмалақ т.б. спорт түрлері;
2. Жеңімпазды анықтау ерекшеліктеріне байланысты спорт
түрлері екі топқа бөлінеді:
- спортшылардың
бəсекесін
құралдармен
өлшеп,
анықтайтын спорт түрлері. Олар: жеңіл атлетика, шаңғы спорты
т.с.с.;
- спортшылардың бəсекесін көру, бақылау арқылы
анықтайтын спорт түрлері. Олар: бокс, күрес т.б. спорт түрлері.
3. Қозғалыс құрылысы ерекшеліктеріне байланысты спорт
түрлері үш топқа бөлінеді:
- циклді спорт түрлері. Оған жататындар: жүгіру түрлері,
суда жүзу, шаңғы, ескек есу т.с.с;
Достарыңызбен бөлісу: |