ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет81/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   142

242

ғылым  монизм

1

  мен  панлогизмнің



2

  ұстанымдарына  сүйенсе,  ал  жаңа 

жағдайда  ғалым  тұлғасының  шығармашылықпен  өзгерту,  түрлендіру 

мүмкіндіктеріне  назар  аударылатын  болды:  ол  осы  дүниенің  жарату-

шысы бола алады, әлемге өзінің шығармашылық әлеуетін таңа алады. 

XX  ғасырда  бір  мезгілде  адамның  ұлылығын  да,  ұждансыздығын  да 

көрсететін осы шығармашылық әлеуеттің қалай іске асқаны жайында 

осы кітаптың келесі бөлімдерінде баяндайтын боламыз. 

Ал қазір терминдер мен түсініктерге (тәсілдерге) қысқаша тоқталып 

өтейік.


Анархизм (ғылымдағы кез келген беделді, сондай-ақ билікті жоққа 

шығару) және волюнтаризм (өзінің субъективтік еркін басқаға таңу). 

Бұл көзқарас ғалым тұлғасын жұртшылыққа қарсы қояды, бір немесе 

басқа нормалар мен құндылықтарды салыстырмалы, дәстүрлерге жат 

деп  қарайды,  әртүрлі  ғылыми  дәстүрлерде  тамыр  жайған  универса-

лийлер мен тұжырымдамаларды теріске шығарады.



Модернизм.  Бұл  барлығын  да  сын  сотына  салу,  шындықты 

тұлғаның  дүниеге  көзқарасымен  ұштастыру,  кез  келген  тұлғаның 

дүниетанымдық бағдарын тану және құрметтеу, шындықтың сюрреа-

лизациясы – нақты мен нақты еместің араласып кетуі және т.б.



Прагматизм (пайдалылық). Шындықты тұлғаның таным үдерісін-

дегі өнімді қызметімен, белсенділігімен ұштастыру.

Сөйтіп, XX ғасырдың бірінші жартысында құрылған классикалық 

емес  ғылымның  негізгі  ерекшеліктері:  барлық  ғылыми  мәселелерге 



дәстүрлі  емес  көзқарас;  бұрынғы  тұжырымдар  мен  теориялардың 

барлығын  тексеру;  ғылымда  қалыптасқан  стандарттарға  сын  көзі-

мен қарау; нышан-бейне беру, тәжірибе жасау, шарттылыққа сүйену 

және т.б.

XX  ғасырды  60  жылдарында  қалыптасқан  жағдайды  бірқатар 

ғалымдар  ғылым  дамуындағы  жаңа  кезең  деп  атайды.  Ол  постклас-

сикалық емес ғылым, басқаша айтқанда, классикалық еместен кейінгі 

ғылым деген атқа ие болды. Оның ерекшеліктері ретінде төмендегі си-

паттар аталады:

Антифундаментализм. Бұл – көпдеңгейлі, қандай да бір түпнегізге 

жатқызылмаған жүйелі тұтастықты білдіретін нақтылық. Ол өздігінен 

құрыла да, дами да алады. 

1

 Монизм – әлемнің негізі бір ғана бастау (материя немесе рух) деп танитын философиялық 



бағыт.   

2

 Панлогизм – грек сөзі – логикалық заңдардың ойлаудың ғана заңдары емес, сонымен бірге 



барлығы да қисынды қажеттіліктермен айқындалатын шындықтың (болмыстың) да негізді 

заңдары болып табылады деп сендіретін гегельдік дүниетаным.




243

Интегратизм.  Егер  классикалық  ғылымда  бүтін  бөлшектерден 

тұрады,  бүтінді  бөлшектерге  бөлуге  болады  деп  саналса,  енді  қазір 

бүтіннің  де,  бөлшектердің  де  өз-өзіне  жеткіліктілігі,  олардың  өзара  

ықшамдалмаушылығы  (тұжырылмаушылығы),  сонымен  қатар  өзара 

бір-бірлеріне  өткіштігі  танылады.  Мысал  ретінде  бір-бірлерінен 

шығатын қарапайым бөлшектерді айтуға болады.



Синергизм.  Егер  классикалық  ғылым  нақтылықты  қозғалатын, 

олардан  табиғаттың  алуан  түрлі  денелері  құралатын  материалдық 

нүктелердің жиынтығы деп қараса, енді табиғаттың терең құпияларына 

бойлай  отырып,  қазір  нақтылықты  солай  түсінуден  бас  тартуға  тура 

келді.

Бірақ синергетика туралы біз кейінірек айтатын боламыз.



Холизм.  Бұл  ұстанымға  сәйкес,  Әлем,  Нақтылық  көпшамалы 

иерархиялық  тұтастық,  яғни  әрбір  тармағы  басқалармен  өзара 

әрекеттесе  отырып,  өз-өзін  тұрақты  өзгертіп  отыратын  тұтастықты 

білдіреді.



Пайыммен  қарауға  қарсылық.  Классикалық  ғылым  аясын-

да  ғасырлар  бойы  танымның  мақсат-мұраты  заттардың  объективтік 

қасиеттері  мен  сапаларын  ашып  көрсету  болды,  мұнда  ешбір  субъ-

ектілікке, оның ішінде адамның іс-әрекеттерінен шығатын көзқарастар 

мен  ұстанымдарға  орын  болмауға  тиіс.  Оның  үстіне,  зерттеушінің 

зерттелетін  нысанға  әсері,  ықпалы  есепке  алынбады.  Алайда 

қарапайым элементтердің физикасы бұл ұстанымды теріске шығарды. 

Атомның  құрылымын  зерттеу  барысында  қарапайым  элементтердің 

бақылау  құралдарымен  өзара  әрекетке  түсетіні  анықталды.  Олай  бол-

са,  нақтылықтың  дербестігін  микроәлемнің  зерттелетін  нысандарына 

да, пайдаланылатын аспаптарға да телу мүмкін емес. Әлбетте, заттар-

ды,  табиғаттың  бір  немесе  басқа  құбылысын  зерттеген  кезде,  қалай 

болғанда да, сырттан әсер ету орын алады. Екінші жағынан, зерттелетін 

нысанға  таным  құралдарының  әсерін  жоққа  шығаруға  болмас.  Соны-

мен, өз бетінше өмір сүретін, таным субъектіне тәуелді емес нысан жоқ.

Релявитизм.  Ғылымда  зерттелетін  нысандар  шамасының  (өлше-

мінің)  мәні  анықталады  және  оларды  әртүрлі  формулалар  мен 

түсініктерге  бекіту  орын  алады.  Алайда  заттар  мен  табиғат  денелері 

әртүрлі  жағдайларда  басқа  денелермен  өзара  әрекеттесу  барысын-

да  өз  сипаттамаларын  өзгертеді.  Бұл  ережені  табиғаттың  барлық 

құбылыстарына  қатысты  айтуға  болады.  Демек,  заттардың  барлық 

қасиеттері мен сапалары салыстырмалы. Алайда реливитизм танымда 



244

анархизммен тең мағыналы емес. Іргелі, маңызды тұжырымдарды та-

нымай, қандай да бір теория құру мүмкін емес.

Қосымшалық.  Бұл  ұстаным  алдымен  микроәлем  құбылыстарын 

зерттеу барысында пайда болды және кейіннен әлемде болып жатқан 

барлық үдерістерді зерттеуге де қолданылды. Қарапайым бөлшектерді 

зерттеу  барысында  олардың  «дискреттік-толқындық»  табиғатын  не-

месе «импульс пен координаттарын» бір мезгілде анықтаудың мүмкін 

еместігі белгілі болды. Олай болса, әртүрлі зерттеу бағдарламаларының 

және  пайдаланылатын  аспаптардың  көмегімен  алынған  нәтижелерді 

біріктіре (бір-бірін толықтыра) отырып, зерттеліп жатқан нысан туралы 

толыққанды білім алудан басқа амал қалмайды. Ал ол үшін полилог: 

ғалымдардың  әртүрлі  мектептер  арқылы  қол  жеткізген  нәтижелерін 

егжей-тегжейлі  зерттеу  және  оларды  бір  теорияға  түзіп  шығу  талап 

етіледі.


Когеренттік.  Лат.  –  cohaerens  –  құрылысы  күрделі  жүйелердің 

ары  қарай  дамуы  барысында  өзара  байланыста  болуы,  келісушілігі 

деген мағынада, яғни әлемде барлығы да бір-бірімен өзара байланыс-

та  болады.  Сондықтан  бір  қарағанда  бір-бірімен  байланысы  жоқ  бо-

лып  көрінетін  құбылыстар  бір-бірлерімен  келісілген  өзара  қарым-

қатынастарға түседі. Көпшілік жағдайларда ол күш жұмсалатын емес, 

«кооперативтік»  мәнерде,  жаңа  құрылымдар  мен  үдерістерді  туғыза 

отырып  орын  алады.  Бұл  қағида  бір  немесе  басқа  үдерістердің  пайда 

болуында  қажеттіліктердің  тоғысатыны  туралы  ескі  үлгіні  мойында-

майды, керісінше, олардың ішкі әлеуеттіліктерінен шығатын осындай 

өзара әрекеттердің шығармашылық сипатын растайды.

Жүйесіздік.  Классикалық  ғылымда  барлығы  да  қатаң  заңдарға 

бағынады. Егер бір немесе басқа үдерістердің бастапқы кезеңдері белгілі 

болғанда,  олардың  дамуының  келесі  кезеңдерін  болжап  айтуға  болу-

шы еді. Енді бұндай тұжырымдаманың шектеулілігі анықталды. Әлем 

алдын  ала  берілген  заңдылықтардың  негізінде  дамымайды,  ал  оның 

жаңа  сапаға  өзгеруі  көп  жағдайда  «Ұлы  Мәртебелі  Кездейсоқтыққа» 

байланысты. Бір немесе басқа құбылыс тең салмақты емес күйге және 

бифуркация (екіге бөліну) нүктесіне жетіп, әртүрлі флуктуацияларды 

(жүйе  шектерінен  шығып  кететін  әлдебір  «ашу-ыза»)  тудырады.  Ал 

сол  кезде  оның  ары  қарай  жетілуінің  сансыз  мүмкіндіктерінің,  жаңа 

сапаға өтуінің ішінен өзінің тарихи жолын есепке алу негізінде жаңа 

жағдайға  бейімделуге  келтіретіні  ғана  жеңіске  жетеді.  Соған  байла-

нысты,  Пригожин  мен  Стенгерстің  жорамалынша,  болашақта  физика 

табиғаттың  әртүрлі  құрылымдарының  қоршаған  ортаға  бейімделуі 

формасын зерттейтін ғылымға айналатын болады.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау