ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет75/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   142

224

ызақорлықпен өткір тырнақтарымен өз-өзін жарақаттайтын құтырған 

аңға ұқсайды.

Жансыз  табиғатта  Ерік  өзін  тартылыс  және  кері  тебу  күштерінде, 

химиялық  қоспалар  мен  іріп-шірулерде  т.б.  көрсетсе,  ал  тірі,  жанды 

табиғатта  өмірге  ұмтылыста  және  тіршілік  ету  үшін  өзара  күресте, 

ұрпақ жалғастыру мақсатындағы жыныстық сезімде көрінеді. Парасат 

және адамгершілік тұрғысынан адам неғұрлым жетілген болса, басына 

соғұрлым көп қарама-қарсылықтар мен күйзелістер түседі. Әлеуметтік 

өмір  –  ол  іштарлық,  жалғандық,  надандық  және  екіжүзділіктің  сах-

насы.  Өмірге  келетін  жаңа  ұрпақ  алдыңғы  ұрпақтың  сол  қателіктері 

мен адасушылықтарын қайталайды, қоғамды адамгершіліксіз адамдар 

басқарады,  ал  ғылыми  жетістіктер  жамандықты  жүзеге  асыру  үшін 

пайдаланылады.

Моральдық  саланы  айтсақ,  онда  соңғы  жүзжылдықтарда  онда 

ешқандай  да  алға  жылжу  болмады:  бұрынғыша  қан  төгіліп,  алдау, 

зорлық-зомбылық, қанау және басқалары болып жатыр, азаюдың орны-

на,  олар  өршіп  барады.  Үнемі  үрейлену  және  сенімсіздік  жағдайында 

өмір сүру – адам өмірінің нормасына айналды.

Сонымен,  А.Шопенгауэр  бойынша,  әлем  жамандыққа  толы  және 

оның басты кінәлісі – Әлемдік еріктің өзі. Ол саналы болмауы себепті 

жолында басқа жаңа қылмыстарды жасай отырып, өзінің іс-әрекеттері 

үшін жауапкершілік көтермейді. Бұл жерде дүниеге адамның келуіне, 

оның санасына байланысты жалғыз ғана үміт пайда болады. Адам ғана 

осы Әлемдік ерікке қарсы тұрып, тарихтың қасіретті жолына тосқауыл 

бола  алады.  Бірақ  ол  үшін  адам  философиялық  деңгейде  Әлемдік 

еріктің  терең  мәніне  жетуге,  содан  кейін  екі  кезеңнен:  эстетикалық 

пайыммен қарау және моральдық жетілуден өтуге тиіс.

Эстетикалық пайыммен қарауға қатысты айтар болсақ, И.Канттың 

артынан  ол  пайымның  риясыз  сипатын  мойындайды,  өйткені  онда 

өз-өзін сүю және қандай да бір пайдакүнемдік жоқ. Өнер адамды өз-

өзін сүюге ұмтылудан пайда болған күйзелістерден азат ете отырып, 

оның  жанына  тыныштық  береді.  Оның  пікірінше,  мүсін  өнері  мен 

көркемсурет кеңістікте өмір сүрсе, ал поэзия мен музыка уақытта өмір 

сүреді.  Өнердің  қай  түрі  болса  да,  Әлемдік  ерікті  өзінше  білдіреді, 

бірақ бәрінен тереңірек музыка ұғындырады, өйткені онда музыканы 

шығарушы,  орындаушы  және  тыңдаушы  арасындағы  айырмашылық 

барынша  азайған.  Өзінің  ең  жоғарғы  көріністерінде  музыка  Әлемдік 

ерікті біздің санамызға дейін жеткізеді, ал оны ұтымды жолмен беру 

мүмкін емес. Шопенгауэрдің бұл көзқарастары Шеллинг көзқарасымен 



225

астасып  жатыр,  өйткені  ол  да  симфониялық  музыка  Даралыққа 

жеткізетін  жол  ашады  деп  санайды.  Шопенгауэр  әлемнің  қасіретін, 

адамның күйзелістерін толық ашып көрсететін қайғылы музыка, атап 

айтқанда, реквием екеніне сендіреді.

Екінші сатыда адам моральдық жетілу жолына түсуге тиіс, бірақ ол 

үшін өзінің өмірге деген ерік-жігерін жоюы керек. Осы мақсатта Шо-

пенгауэр: «Қалағаныңның бәрінен бас тарт және қаламайтыныңды 



істе» деген үзілді-кесілді тұжырымын алға тартты. Бір қарағанда, бұл 

ақылға қонымсыз сандырақ болып көрінеді. Бірақ қорытынды жасауға 

асықпайық,  өйткені  оның  талабының  мәні  –  адамды  өзін  еліктіретін, 

тартатын  нәрселерден  айыру.  Бірақ  ол  үшін  адам  өз  жан  дүниесінде 

өзін  жақсы  көру,  басқалардың  қасіреттерін  бөлісіп,  жанашырлықпен 

қарау  сезімін  тұншықтырып,  тақуалық  өмір  салтын  ұстану  жолына 

түсуі  керек.  Ойшылдың  бұл  идеясының  ертедегі  үнділіктердің  «нир-

вана» және гректердің «атараксия» ғұрыптарына жақын екенін аңғару 

қиын емес. 

Әрине,  Шопенгауэрдің  «ғаламдық  пессимизмімен»  және  оның 

философиясының  негізін  құрайтын  ережелерімен  толық  және  сөзсіз 

келісуге  болмайды.  Шындығында,  егер  Әлем  санадан  шықпайтын 

Әлемдік  еріктің  туындысы  болса,  онда  неге  Ғаламда  әлдебір  тәртіп, 

үйлесім,  заңдылықтар  бар?  Әлемдік  ерікке  байланысты,  адамды 

әлемдік мұхитқа тамған бір тамшымен салыстыруға болады. Бірақ бір 

тамшы қалайша тұтас мұхиттың суын шашып жібере алады? Осыған 

ұқсас  сұрақтар  ойшылдың  бастапқы  ұстанымдарының  осалдығын 

көрсетеді.

Рас,  әлем  қарама-қайшылықтардан  өрілген  және  ол  қайшылықтар 

адамның  жүрегі  арқылы  өтеді.  Адам  өзінің  тым  қысқа  өмірінде 

қайырымды  істер  істейді,  бірақ  кейде  жамандық  тұзағына  да  түсіп 

қалады.  Көпшілік  жағдайларда,  өкінішке  қарай,  өмірінде  ол  бақытты 

сәттерден  гөрі,  күйзелістерді  басынан  көбірек  өткереді.  Бірақ  осыған 

бола, Шопенгауэр ұсынғандай, өмірден бас тартуға бола ма? Әлбетте, 

жоқ. Әрбір саналы ойлайтын адам өмірдің адамға берілген баға жетпес 

сый екенін түсінеді.

Шопенгауэрдің пікірінше, таным екі формада болады:

• тікелей, түйсіктік (ақыл-ес танымы);

• дерексіз, рефлекстік (парасат-пайым танымы).

Түйсік танымын ол басты деп санайды, ал рефлекстік таным соның 

үстінде  жатыр.  Ғылымды  ол  ерікке  қызмет  ететін  іс-әрекет  деп  қана 



226

қарайды. Ғылымның мақсаты – еріктің іс жүзіндегі нақты мүдделерін 

қанағаттандыру.

Ерік  Шопенгауэрдің  бар  философиясының  шеткі  бұрышын  тіреп 

тұрған тас ретінде болғандықтан, ол волюнтаризм деп дұрыс аталған. 

Шамасы,  ол  еріктің  рөлін  асыра  бағалап,  өзін  зорлық-зомбылық 

көрсететін полицейлер мемлекетін жақтаушы етіп жариялаған.

Шопенгауэрдің  пессимистік  философиясы  оның  көзі  тірісінде 

табысқа  жете  қоймады,  бірақ  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  ол 

философиялық өмір қалыптастырудың қайнар көзі болды. Сол уақытта 

пессимизм мен скептицизм философиялық сәнге ұласып, ал Шопенга-

уэр иррационализмге, интуитивизм мен прагматизмге жол салушыға, 

әрі ой әміршісіне айналды.

Иррационализмнің негізін қалаушылардың бірі, дат философы және 

теологы,  сол  заманғы  экзистенциализмнің  алдыңғы  буыны,  ізашары 

сёрен  кьёркегорды  (1813-1855)  да  замандастары  «Анти-Гегель»  деп 

атап  кеткен.  Оған  қоса,  замандастары  оған  «уайымшыл  дат»  деген 

лақап ат берген. 

Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы – өлім және күйзеліс. 

Ол ажалмен бетпе-бет келген, сылбыр да азапты өлім халінде жатқан 

адамның ішкі терең әлемін зерттейді.

Әрине,  өлім  мен  күйзеліс  тақырыбы  XIX  ғасыр  философиясында 

басталған жоқ, ол да, өмір тақырыбы сияқты, – мәңгі. Бірақ дат ойшы-

лы оған ерекше үндестілік және айқындық береді. Оның аты шыққан 

еңбегінің атауы да өзгеше – «Үрей және қалтырау» (1843).

Кьёркегор  Гегельдің  жайбарақат  «объективизмін»,  шешімдері 

түсіндірілуі мүлдем басқа тәсілді және тілді қажет ететін ғылымилығын 

қабылдай алмады. Ол үшін, мысалы, Гегельдің дінді де ұтымды ету-

ге  тырысқан  әрекеті  көңілге  қонымсыз.  Оның  ойынша,  Құдай  ойдың 



нысана-тақырыбы емес, – күйзеліс тақырыбы.

Басынан-ақ Кьёркегор болмысты жүйенің «қалыбына»

1

 сыйдыруға 



болмайды  деп  санап  (өйткені  ол  өне  бойы  өзгерісте  болады),  қандай 

да бір философиялық жүйелер құрудан бас тартады. Соған байланыс-

ты  ол,  бәрінен  бұрын,  Гегельдің  болмыс  пен  ойлауды  теңдестіруі 

қағидасын  сынға  алады,  өйткені,  оның  ойынша,  адамның  рухы  –  ол 

жай ғана ұтымды ойлауға қарағанда, әлдебір үлкен бірдеңе.

1

  Бұл жерде: «прокрустово ложе» – бір патшаның екі төсек жасатып, кішісіне жатқандардың 



төсекке  сыймаған  дене  мүшелерін  шапқызып,  ал  үлкен  төсектегілердің  аяқ-қолдарын 

созғызып, қалыпқа салғандай жасағаны туралы айтылады. Жалпы, «барлығын теңдей ету-

ге тырысу» дегенді білдіреді. 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау