ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет76/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   142

227

Кьёркегор  Гегельдің  объективті  диалектикасына  өзінің  тұжы-

рымын,  яғни  адамның  өмір  сүруінің  субъективтік  диалектика-

сын  қарсы  қояды.  Оның  пікірінше,  дүниеге  көзқарастың  жараты-

лыстану  жетістіктеріне  негізделген  кез  келгені  –  ол  жамандықтың 

белгісі,  өйткені  жаратылыс  ғылымы,  ақыр  соңында,  адамзаттың  өз-

өзін  құртып-жоюына  әкеліп  соқтырады.  Кьёркегор  адамның  тіршілік 

етуі  мәселесін,  оның  ішкі  әлемін,  сана-сезімін,  құштарлықтарын 

философияның негізгі мәселесіне айналдырады. Егер Сократ дүниені 

танып  білу  үшін,  алдымен  «өз-өзін  тануға»  үндесе,  ал  Кьёркегор 

тұлғаның ішкі дүниесін зерттеуді қанағат тұтып, тіпті сыртқы әлемді 

танып  білуден  бас  тартады.  Болмыс  –  ол  ішкі  дүние  (innerlichkeit), 

«меннің» өз «меніне» қатынасы. Адамның ішкі жан дүниесі заттардың 

ішіндегі  зат  сияқты  нысан  бола  алмайтындықтан,  ол  ұтымды 

(рационалистік)  жолмен  танылмайды.  Адамның  болмысы  орнықсыз, 

адам өзінің келешектегі өліміне қарай жылжып келе жатқанын сезінеді. 

Оны  тек  сезіммен  түйсінуге,  бастан  өткеруге  болады.  Осыған  байла-

нысты  ойшыл  философияға:  қорқыныш,  қас-қағым  сәт,  қалшыл, 

секіріс, түңілу, үміт сияқты санаттарды енгізеді. Кьёркегор бойынша, 

осы  санат-экзистенциалдардың  көмегімен  адамның  ішкі,  қайталанбас 

жан дүниесі әлемін көз алдыңызға елестете аласыз.

Өмір  сүру  –  ол  адамның  күйзелістерінің,  қайғы-қасіреттерінің 

және  соның  шектерінен  шығу  үшін  жасайтын  іс-әрекеттерінің  әлемі. 

Бұл  –  өзіндік  қайталанбас  болмысын  іске  асыру  мақсатындағы  көп 

мүмкіндіктердің  бірін  еркін  таңдау,  өзін  тобырдан  бөлектеу,  ешкімге 

ұқсамау.  Бұл  –  өмір  сүрудің  шектілігі  мен  шексіздігінің  арасындағы 

таңдау  және  соған  байланысты  қорқыныш,  батылдық  және  бейтаныс 

дүниеге секіріс. Кьёркегор бойынша, батылдық қандай да бір сыртқы 

жағдайларға байланысты емес. Ол қашанда – адамның еркін таңдауы. 

Ал секіріс те ешқандай факторларға жанаспайды, өйткені ол – қашанда 

ұтымды  ойлау  шектерінен  асып  жататын  рухтың  іс-әрекеті.  Көріп 

отырғанымыздай, ойшыл классикалық философияның қағидаларынан 

алыстап кеткен.

Кьёркегорша,  адам  өз  өмірінде  үш:  эстетикалық,  этикалық 

және  діни  сатыдан  өтеді.  Кант  рухындағы  эстетиканы  С.Кьёркегор 

сезімдік қабылдау және ләззат деп қарайды. «Немесе-немесе» (1843) 

атты  шығармасында  ол:  адам  денесінің  сымбатына  қызығу  (эротика), 

алғашқы кездесудің әсерімен кездейсоқ жыныстық қатынастарға түсу, 

қоғамда  үлгіге  (сәнге)  айналғанның  барлығына  жетуге  ұмтылу,  өтіп 

жатқан өмірдің әр сағатынан, әр күнінен ләззат алып қалуға жанталасу 



228

сияқты әрекеттерден көрінетін эстетикалық өмірдің данқын шығарды. 

Өмірге эстетикалық көзқарастың ұраны: «Carpe diem, carpe horam!» – 

«Әр сағаттан, әр күннен ләззат ал!» – болды. Бұндай өмір салты адам-

ды өз сезімдерінің, құмарлықтары мен құлшыныстарының құлына ай-

налдырады.

Дамудың эстетикалық сатысында адам уақытты өзінше бағалайды. 

Ләззаттың  әр  мезеті  үшін  ол  бәрін  беруге  әзір,  алайда  келесі  мезет 

одан  да  нәзік,  одан  да  тәтті  болуға  тиіс.  Бірсарынды  және  қайталана 

беретін  сезімдер  –  эстетикалық  өмірдің  бітіспес  жауы.  Өмірге  он-

дай  көзқарастың  классикалық  үлгілері  ретінде  Кьёркегор  барынша 

көп  сұлу  әйелдерді  бағындыруға  ұмтылған  Дон-Жуанның,  әр  жолы 

жаңа,  нәзік,  өткір  сезімдерден  ләззат  алуға  жанталасатын  Иоанның 

бейнесін  келтіреді.  Бірақ  күндер,  жылдар  өтеді,  эстетикалық  кезең 

сарқыла бастайды. Қайталанбайтын нәрсе қайталанады, өткір сезімдер 

мұқалады,  ләззат  қуудың  жалғандығы  айқын  сезіледі,  адамды  зерігу 

мен жалғыздық, өмірге құлықсыздық, тіпті одан түңілу сезімі билейді. 

Ал сол кезде оның алдында екінің бірін: өзінің мағынасын жоғалтып 

үлгірген  бұрынғы  эстетикалық  өмір  шектерінде  қалу  керек  пе,  әлде 

жаңаша өмір сүруге бет бұру қажет пе дегенді таңдау қажеттігі пайда 

болады. Нәтижесінде, адам өзінің өмір сүруінің келесі – этикалық са-

тысына кез болады.

Бұл  сатыда  ол  ізгілік  жолына  түсуге  әрекет  жасайды.  Егер 

эстетикалық  кезеңде  адам  сезімдік  ләззаттар  алуға  ұмтылса,  енді 

этикалық  сатыда  оның  қоғам  алдындағы  борышын  өтегісі  келетін 

ниетін  көреміз.  Бұнда  адамның  өмір  сүруінде  маңызды  қарама-

қайшылық туады. Егер сезімдер оны бір жаққа – өз-өзін сүюге, ләззат 

алуға тартса, ал этикалық нормалар оның қоғам алдындағы борышын 

өтеуін  талап  етеді.  Моральдық  нормалардың  талаптарына  бағынуға 

тырысып  және  өзінің  сезімдерін  тұншықтыра  отырып,  адам  жан-

сыз  машинаға  ұқсап  кетеді.  Бұл  айтарлықтай  күйзелістерге  түсіреді, 

өйткені  моральдық  нормалардың  уақыттан  тыс  талаптарын  адамның 

өтпелі сезімдік құштарлықтарына негіздеуге болмайды. Адамгершілік 

тұрғысынан ол өз күшімен жетілген тіршілік иесі бола алмайды. Ав-

густин құсап, Кьёркегор оның себебін адамзаттың бастапқы тегіндегі 

күнәсінен көреді.

Бұл  жерде  «немесе  –  немесе»  қағидасы  жарамайды,  өйткені  екі 

сатының  да  үлкен  кемшіліктері  бар.  Сол  себепті  өмірлік  диалекти-

ка  тұлғаны:  «мынау  да  емес,  анау  да  емес»  дейтіндерді  терістеуге 

келтіреді.  Сонда  адамда  енді  өмір  сүруінің  үшінші  сатысына  өткісі 



229

келетін және соған қатерге толы секіріс жасағысы келетін ниет пайда 

болады. Бұл саты – діни саты.

Соған  орай  Кьёркегор  ғылыми  танымның  күшіне  сеніп,  тұлғаның 



ішкі жан дүниесін – күйзелістер, рухани шарықтау және құлдырау 

әлемін  ұмытып  кеткен  замандастарын  жазғырады.  Дін  сатысына 

өтіп  қана  адам  оларды  өз  өмірінің  негізгі  мәселесіне  айналдыра  ала-

ды.  Бастапқыдан  күнәһар  тіршілік  иесі  ретінде  ол  өз  кінәсін  мойын-

дап және Құдаймен байланысқа түсіп қана өз-өзін таба алады. Ал бұл 

күйзелістерді бастан кешкенде ғана мүмкін болады.

Аталған  сатыны  көрсету  үшін,  Кьёркегор  Библиядағы  Ибраһим 

(Авраам)  бейнесіне  жүгінеді.  Ол  Құдайға  деген  сенімі  жолында  жал-

ғыз  сүйікті  ұлын  да  құрбандыққа  шалуға  әзір-тін.  Ойшыл  адамның 

өмір  сүруінің  этикалық  және  діни  сатылары  арасында  пайда  бола-

тын  қарама-қайшылықтарға  егжей-тегжейлі  талдау  жасайды.  Шын 

мәнінде,  этикалық  көзқарас  тұрғысынан  алғанда,  Ибраһимның  іс-

әрекеті  адамға  жат  және  қылмыстық  әрекет  болып  табылады.  Бұдан 

Сократ  пен  Ибраһим  арасындағы  шексіз  алшақтықты  көреміз.  Сок-

рат  моральдық  борышы  жолында  өз  өмірін  қиса,  ол  кезде  Ибраһим 

Құдай  еркін  орындау  үшін  жалғыз  ұлын  бауыздап,  жауапкершілік 

жүгін және күнәсін өзі арқалауға әзір. Осындай ерекше күшті қарама-

қайшылықтар  адамның  өмір  сүруіне  деген  тосын  пікірлерді  (пара-

докс) туғызады.

Сөйтіп,  «парадокс»  түсінігі  Кьёркегор  философиясының  өзегіне 

айналады.  парадокс  –  адамның  өмір  сүруінің  қайшылықтарынан 

келіп шығатын күйзелістер. Егер эстетикалық өмір салтының негізгі 

қағидасы – ләззат, этикалық өмір салтында басты ұстаным – борыш 

болса,  ал  діни  өмір  салтындағы  негізгісі  –  күйзеліс.  Адам  –  күйзелу 

үшін  жаралған  тіршілік  иесі.  Өмір  күйзелістерге  толы.  Өмір  сүру  – 

өмірді күйзеліспен, зардап шегумен өткізу деген сөз. Бірақ бұл мәселе, 

белгілі  болғандай,  философияның  бүкіл  тарихын  тізіп  өтеді.  Сон-

да  Кьёркегор  қойған  сұрақ  несімен  ерекше?  Оның  ойынша,  күйзеліс 

адамның  өмір  сүруі  барысындағы  қиындықтардан  ғана  шықпайды  – 

ол керек және қалаулы. Егер біз күйзелістің бар екенін ғана мойын-

дап қоймай, сонымен бірге оны сүйетін болсақ, онда бақытсыздықтан 

құтылып,  тіпті  бақытты  күй  кешуден  де  асып  кетеміз.  Олай  бол-

са,  адам  өз  өмірін  жеңілдетуге,  күйзелістерден  қашуға  ұмтылмай, 

керісінше, қиындықтарды көбейте түсіп, соларды аңсап тұруға тиіс. 

Сонда  ғана  бақытсыздық  пен  бақыт  арасындағы  қайшылықтарды 

жеңуге болады. Ойшыл осының бәрін де өзінің ащы тағдырында басы-

нан өткергендіктен, растай алады.




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау