ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет71/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   142

212

Сонымен, бұл жат ету тұжырымдамасының мәні неде болды?

Бәрінен  бұрын  Маркс  шеттетілген  еңбектің  мәнін,  яғни  еріксіз 

еңбектің  ешқандай  пенделік  те,  моральдық  та  қанағаттанушылық 

бермейтінін  көрсетті,  өйткені  ол  –  өзің  үшін  емес,  қожайының  үшін 

еңбектену. Ондай еңбектің нәтижелері оны істеген адамға тиесілі емес, 

ол жетістіктер оған жат. Жұмысшы үшін еңбек – тек өмір сүру құралы, 

бірақ өмірдің өзі емес.

Жұмысшының  жұмыс  істеймін  немесе  істемеймін  дейтін  таңдауы 

жоқ.  Ол  өмір  сүру  үшін  жұмыс  істеуге  тиіс.  Бірақ  бұл  еңбекке 

қажеттіліктен  келетін  қанағаттану  емес,  ол  –  басқа  мұқтаждықтарды 

қанағаттандыратын  құрал  ғана.  Сондықтан  адам  өзінің  өмірде  іске 

асырғысы  келетін  мақсаттарын  еңбектен  емес,  одан  тыс  нәрселерден 

іздейді.  Көбінесе  бұл  хайуандық  мұқтаждықтар:  тамақ,  су  ішу, 

тұрғынжайды  безендіру  немесе  өзін  әдемілеу.  Өйткені  еңбек  адамды 

биікке көтеру қызметінен оны кемсітіп қорлау қызметіне ауысады.

Шеттетілген,  жат  болған  еңбек  адамды  механизмге  айналдырады. 

Ондай  еңбекпен  айналысатын  адам  еркін  және  жауапкершілікті  бола 

алмайды.  Ол  –  өндірістің  құлы,  оның  «бұрандасы».  Ондай  адамдар 

бір-бірімен қандай қарым-қатынас орната алады? Олардың арасындағы 

қарым-қатынас – ол еркін адамдардың қатынасы емес, керісінше, жат, 

бір-біріне жау механизмдердің қатынасы.

Марксше,  еңбекті  жат  ету  –  барлық  әлеуметтік  өмірді  түсінудің 

кілті  болып  табылатын  жеке  меншіктің  өмір  сүруіне  тікелей  байла-

нысты.  Ал  біз  көп  уақыт  бойы  істердің  жағдайының  өзгеруін  Маркс 

жеке  меншіктің  жойылуымен  байланыстырады  деп  ойлап  келдік. 

Бірақ  ол  тіпті  де  олай  емес.  Бұрмаланбаған,  шыншыл  да  шынайы 

Маркс: «Байлық та – кедейшілік сияқты кемістік», – деп санайды және 

болмыстың қақ ортасында болуға кеңес береді.

Жалпы  алғанда,  Маркс  пен  Энгельстің  тұжырымдамасы  өте 

қарапайым және ұсыныстары да өзінен-өзі түсінікті. Ол адамгершілік 

рухында және коммунистік ынтамен құрылған. Өзекті идеясы – терең 

танып  білу  негізінде  әлемді  шығармашылықпен  өзгерту,  адам-

гершілікке  негізделген,  яғни  тұлғаның  өз-өзін  шығармашылықпен 



дамытуы  үшін,  жан-жақты  жетілген  адамдардың  өздері  басқаратын 

қоғам құру.

Енді қазір сұрақты нақтылай отырып сұраймыз: олар философияға 

жаңадан не енгізді?

Маркс  пен  Энгельстің  еңбегі  бірізді,  жүйелі  материалистік  фи-

лософия  қалыптастыру  болды.  Егер  Маркске  дейінгі  материалис-



213

тер  Табиғатты  материалистік  көзқараспен  жүйелі  талдай  отырып, 

қоғамның қызметін идеалистік деп түсінсе, ал Маркс тарихтың жаңа 

материалистік түсінігін ұсынады.

Сұрақтың  мәні  мынада:  алдыңғы  өткен  дәуірлердің  ойшылда-

ры  қоғамды  қарау  барысында  адам  –  ойлай  алатын  тіршілік  иесі 

және  бірдеңені  істемес  бұрын,  ол  өзінің  басында  мақсатқа  сай  жос-

пар  құрады  деген  айқын  факт  шектерінен  аса  алмады.  Ой  қашанда 

нақты  істердің  алдында  жүреді.  Бірақ  солай  болса,  онда  тарихтың 

тағдыры корольдар мен қолбасшылардың, ғалымдар мен заңгерлердің 

қолында  –  олардың  идеялары  мен  есептері,  жігерлі  шешімдері  қоғам 

дамуының  негізінде  жатыр.  Демек,  олар  тарих  доңғалағын  қалаған 

жақтарына  қарай  бұра  алады.  Сонда  олардың  шешіміне  кім  ықпал 

етуі  мүмкін?  Сол  тұлғаларға  жақын  жүретін  адамдар  және,  бәрінен 

бұрын,  әрине,  «осы  өмірдің  мықтылары»  жақсы  көретін  ақсүйек  би-

кеш-арыстандар. Шамасы, «Cherchez la femme!» – «әйелді іздеңдер!» 

деген  француз  мәтелінің  тамыры  қоғамды  осылай  түсінуде  жатса  ке-

рек.  Егер  біз  француз  романистері  –  әкелі-балалы  Дюмалардың  «20 

жыл өткен соң», «10 жыл өткен соң», «Виконт де Бражелон» деп ата-

латын  шығармаларындағы  тарихи  тұжырымдаманы  алатын  болсақ, 

онда  қанқұмар  француз  корольдары  немесе  соларға  жақын  жүретін 

кардиналдар Францияның тарихын жасайды, ал оларға шешуші ықпал 

ететіндер – олардың сүйіктілері. Қоғамның дамуы маңызды, шешуші 

дәрежеде жақсы заңдарға байланысты болады деп санайтын ұлы Мон-

тескьё  де  осындай  көзқараста  ойлайтын.  Бірақ  заңдар  –  тағы  сол  заң 

шығарушылардың шығармашылық әрекеттерінің жемісі емес пе.

Шамасы, бұл жерде марксистердің де адамға тән идеяларды, яғни 

сананың  өнімдерін  жоққа  шығармайтынын  ерекше  атап  айтқан 

жөн  болар.  Олардың  ойы  бойынша,  «драмаларының  авторлары  да, 

актерлері  де  –  адамдардың  өздері».  Сонымен  бірге  олар  өздеріне: 

«Нақты  дәуірде  пайда  болатын  ескі  идеялардың  бастаулары  қайда 

кетеді?»,  «Уақыт  өте  келе,  ескі  идеялардың  орнында  жаңалары  пайда 

бола ма?» – деген терең мағыналы сұрақтар қояды. Ол сұрақтарға жа-

уап бере отырып, олар сол идеялардың өздері нақты дәуір адамдарының 

өмір сүру шарттарынан, бәрінен бұрын, соларға тәуелді материалдық 

жағдайлардан  келіп  шығатынын  көрсетеді.  Қоғамдық  қатынастардың 

бар  жиынтығынан  Маркс  пен  Энгельс  анықтаушы  ретінде  өндірістік 

қатынастарды  бөліп  көрсетеді,  ал  ол  әр  алуан  халықтардың  тарихи 

дамуындағы  қайталанушылықтарды  табуға  және  әртүрлі  елдердің 

ұқсас  қоғамдық  тәртіптерін  бір  негізгі  ұғымға  –  «қоғамдық-



214

экономикалық  формацияға»  жинақтауға  мүмкіндік  берді.  Ол: 

өндіргіш  күштер  дамуының  белгілі  бір  деңгейі  негізінде  пайда  бола-

тын, олардың саяси және құқықтық құрылымына сай келетін өндіргіш 

қатынастармен,  қоғамдық  сана,  отбасы,  тұрмыс  сияқты  формалармен 

сипатталады.

Маркс  пен  Энгельс:  «Адамдардың  санасы  олардың  болмы-

сын  айқындамайды,  керісінше,  қоғамдық  болмыс  олардың  санасын 

айқындайды», – деген қорытындыға келеді. Әлбетте, қоғамдық өмірде 

миллиондаған адам әрекет етеді, онда олардың әрқайсысы саналы түрде 

өзінің алдына белгілі бір мақсаттар қояды және соларды іске асыруға 

талпынады. Бірақ бұл мақсаттардың барлығы және адамдардың талпы-

нысы  бір-бірімен  бәсекелесе,  бір-бірімен  қарама-қайшылықтарға  түсе 

отырып, тарихи үдерістің параллелограмын құрады.

Екі  ғұлама  да  қоғамның  дамуына  тарихтың  жүйелі  сатыларынан 

өту  үдерісі  ретінде  қарады.  Осы  әбден  дұрыс  көзқарас  тұрғысынан 

алғанда,  Кеңес  Одағының  ыдырауының  терең  себептерінің  бірі  – 

большевиктердің  «марксизмнің  шығармашылық  дамуы»  дегенді  жа-

лаулатып,  әлі  капитализмнің  «қазанында  қайнап  үлгірмеген»  Ресейге 

социалистік даму жолын таңғаны болды.

Марксистік  философияда  оның  негізін  салушылар  жоғарыда 

аталған  материализмді  табиғи  түрде  диалектикамен  –  даму  тура-

лы  іліммен  біріктіре  алды.  Маркс  пен  Энгельс  басты,  әрі  маңызды 

және  Гегель  қисынды  талдау  жасаған  диалектикалық  тәуелділіктер 

мен  қатынастардың  табиғат  пен  қоғам  өмірінің  нақты  үдерістеріне, 

адамдардың  тіршілік  қарекетіне  қатысатынын  дәлелді  түрде  көрсете 

білді.  Егер,  Гегель  бойынша,  бұл  «Ай  астындағы  әлемде»  бар-жоғы 

жүріп өткен баспалдақтар ғана бар болса, ал шынайы даму адам рухы 

саласында  орын  алса,  онда  марксизм  тұрақты  қозғалыста  болатын 

және  ішкі  қарама-қайшылықтарды  жеңу  арқылы  дамитын  нақты 

материалдық  дүниенің  өзін  көрсеткен.  Олай  болса,  қоғамның  негізгі 

қозғаушы  күші  –  ол  өндіргіш  күштер  мен  адамдардың  өндірістік 

қатынастары арасындағы қайшылықтар болып табылады.

Материалдық  әлемнің  диалектикалық  сипатын  түсінуге  ерек-

ше  үлкен  үлес  қосқан  Энгельс  болды.  «Анти-дюринг»  және  «Табиғат 

диалектикасы»  деп  аталатын  еңбектерінде  жансыз  және  жанды 

табиғатта, қоғамдық дамуда, адамдардың рухани шығармашылығында 

және  іс  жүзіндегі  тіршілік  қарекеттерінде  диалектика  заңдары  мен 

санаттарының  қалай  пайда  болатынын  ол  егжей-тегжейлі,  соны-

мен  қатар  жалпыға  ұғынықты  етіп  түсіндіріп  берді.  Қоғам  өмірін 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау