ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет62/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   142

185

сатсыз  біз  ештеңе  туралы  ойлай  да  алмас  едік.  Сезімсіз  ойлау  –  бос, 

нәтижесіз ойлау, ал еш нәрседен түсінігі болмай қиялдау – соқырлық. 

Сол  екеуін  қосып  барып  және  санат  деп  аталатын  сүзгіден  өткізіп 

қана  біз  білім  деңгейіне  қол  жеткіземіз.  Кант  танымды  адам  ойла-

рында  танылатын  нысандарды  өздігінше  құрастырудың  белсенді, 

шығармашылық үдерісі ретінде қарайды. Ол Табиғатқа әлдебір тәртіп 

және  заң  ойлап  шығарушылық  қасиет  берген  сияқты  болады.  Ондай 

көзқарасты субъективтік идеализм деп айқындауға болады.

Таным  үдерісінде  адамның  шығармашылықпен  құрастыру  қуатын 

асыра  бағалау  қиын.  Онсыз  күрделі  механизмдер  мен  машиналар, 

қазіргі заманғы АЭС және ғарыш кемелері, яғни біз «екінші табиғат» 

деп  атайтындардың  барлығы  да  болмас  еді.  Алайда  біз  «екінші 

табиғаттың» өзінің негізі – «бастапқы табиғатсыз» өмір сүре алмайты-

нын ұмытпауға тиіспіз.

Канттың  таным  теориясының  екінші  бір  осал  жері  –  адамға 

сезімталдық  пен  ақыл-парасаттың  априорлық  формаларын  беруі. 

Шын  мәнінде,  олардың  барлығының  да  априорлық  сипаты  бар,  яғни 

адамның  тәжірибесінде  пайда  болады.  Жаңа  ғана  дүние  есігін  ашқан 

сәбидің басында ешқандай санат жоқ. Оларды ол білім алу және тәрбие 

арқылы өзінің өмірлік тәжірибесінде жинақтайды.

Алайда  И.Канттың  таным  теориясы  осымен  аяқталмайды. 

Адамның  бойында  жанның  тағы  бір  қабілеті  –  парасат  бар.  Адамда 

болмыстың  шекті  негіздерін  танып  білуге  деген  қажеттілік  бар. 

Егер  ақыл-ой  құбылыстарды  тани  отырып,  оларды  әлдебір  тәртіпке 

келтіруге  ұмтылса,  онда  парасат  оның  шектерінен  шығып,  «зат  – 

өзінде» дегеннің мәнін ашуға тырысады. Парасат ақылдан асып кетіп, 

ноумендік  дүниеге  тап  болғысы  келеді.  Егер  ақыл  санаттармен  бірге 

болса,  ал  парасат  енді  идеяларды  басшылыққа  алады.  И.Кант  бо-

йынша, кез келген таным қиялға берілуден басталады, ақылмен түсіну 

кезеңінен  өтіп,  идеялармен  аяқталады.  Демек,  идеялар  –  ақыл  санат-

тарынан  кеңірек,  олар  метафизикалық  санаттар  болып  табыла-

ды.  Идеялар  әлдебір  аяқталған,  жетілген,  дара  нәрсені  көрсетеді.  Біз 

жақындағанмен,  оларға  ешқашан  жете  алмаймыз.  Сонымен,  парасат 

ұсталмайтынды ұстауға, шешілмейтінді шешуге ұмтылады.

И.Кант  бойынша  парасаттың  үш  идеясы  бар:  жан,  әлем  және 

Құдай.

Соларға  жету  үшін,  парасат  шешілмейтін  қарама-қайшылықтарға, 

И.Канттың  сөзімен  айтқанда,  диалектикалық  антиномияға  түсіп 



186

кетеді. Әлем идеясын қарастыра келе, И.Кант төрт антиномияны алға 

тартады:

1.  Әлемнің басталған уақыты бар   1. Әлем кеңістікте де, уақытта

  және кеңістікте шектеулі.  

  да шектеусіз.

2.  Кез келген күрделі түпнегіз  

2.  Әлемде қарапайым ештеңе

  қарапайым элементтерден  

  жоқ, бәрі күрделі.

  тұрады.

3.  Табиғи үдерістердің себеп-  

3.  Әлемде ешқандай еркіндік 

  тілігімен қатар, кейбір құбы-  

  жоқ, барлығы да табиғи

  лыстарды түсіну үшін, еркін  

  заңдылықтар негізінде 

  себептіліктің де болатынын  

  болады.

  мойындау керек.

4.  Әлемде оның бөлшектері  

4.  Әлемдегі еш жерде және 

  немесе себептері ретінде  

  одан тыс шектерде қажетті

   қажетті маңыздылық  

  маңыздылық жоқ.

  болуға тиіс.

Әлбетте,  И.Кант  бұл  антиномияларда  маңызды  философиялық 

мәселелерді  көтереді.  Оларда  тікелей  қарама-қарсы  ұстанымдар 

өткір  қойылған,  сол  себепті  ол  мәселелерді  диалектикалық  тұрғыда 

шешілуге итермелейді (кейіннен Г.Гегель оларды диалектикалық жол-

мен шешуге әрекет жасаған).



мораль мәселелерін Кант теориялық емес, практикалық парасат-

тың  басымдығы  санайды.  Солай  деп  ол  парасаттың  мораль  сала-

сында  ұстанымдар  мен  нормалар  беру  қабілетін  түсінеді.  Адамның 

еркіндігінің  негізінде  мүмкін  болатынның  барлығы  практикалық 

парасат  саласына  жатады.  Мораль  саласын  Кант  ғылымнан  жоғары 

қояды, өйткені мораль адамды бар нәрседен тиісті нәрсеге бағыттап, 

оны  қалған  дүниеден  биікке  көтереді.  Адамның  сезімдері  мен  жан 

толқыныстарынан  шығатын  барлық  тілек-ниеттері,  оның  өз-өзін 

сүйетіндігінен  болатын  іс-әрекеттері,  пайда  табуға  ұмтылу  және 

басқалары мораль саласында ескерілмеуге тиіс.

Іс  жүзіндегі  парасат  моральдық  қағидаларды  априорлық  жолмен 

алға шығарады. Біз өздеріміздің іс-әрекеттерімізде нақты өмірден емес, 

таза  мораль  талаптарынан  келіп  шығатын  нормаларды  басшылыққа 

алуға  тиіспіз.  Бұндай  ұстанымды,  сөз  жоқ,  борыш  этикасы  деп 

санауға болады.

Адамды  белгілі  бір  әрекеттерге  итермелейтін  мінез-құлық  ереже-

лерін  И.Кант  ұйғарым  деп  атайды.  Ойшыл  оларды  екі  топқа  ажыра-

тады.  Алғашқылары  –  ережелері  ғылыми  болжамдарға  негізделген, 




187

қалыптасқан  жағдайларға  байланысты  ұйғарымдар,  сол  себепті  олар 

тұрақты түрде өзгеріп отырады. Алайда олар адамның ішкі уәждерін 

есепке  алмай,  сыртқы  мінез-құлқын,  іс-әрекетін  реттейді.  И.Кант 

оларды  гетерономдық  мінез-құлыққа  жатқызады.  Мысалы,  «егер 

клиенттеріңді жоғалтқың келмесе, олармен адал бол» дегендей. Осын-

дай  мінез-құлықты,  әлбетте,  қоғам  қабылдайды.  Ал  егер  адам  ондай 

ережелердің  талаптарын  орындамаса,  онда  оны  жаза  күтіп  тұр.  Бұл, 

И.Кант бойынша, заңға сыйымды, яғни заңға қарсы емес мінез-құлық 

болып табылады.

Екіншілері  –  моральдың  кесімді  ұйғарымдары.  Олардың  талап-

тары қашанда орындалуға тиіс, өйткені олар өмір тәжірибесінен емес, 

адамның «егер» дегеннен басталатын ешбір ережесін қабылдамайтын 

трансценденттік  табиғатынан  шығады.  Сонымен  қатар  болжамға 

негізделген  ұйғарымдар  моральдық  ұйғарымдардан  төмен  болса  да, 

оларға қарама-қайшы емес.

Мысалы,  адам  суға  батып  бара  жатқан  адамды  құтқару  үшін 

ұмтылғанда,  әлдебір  сый-сияпат  алудан  үміттенеді.  Бұл  жерде  оның 

әрекеті  заңға  сыйымды.  Ал  егер  адам  өзінің  өмірін  ойламастан,  ба-

тып бара жатқан адамды құтқару мақсатымен ғана суға ұмтылса, онда 

оның әрекеті моралдық әрекет болып саналады.

Этикада  И.Кант  үзілді-кесілді  екі  ұйғарымды  алға  тартады. 

Алғашқысы – «сен әрекеттеріңді бар еркің қашанда жалпыға ортақ 



заңдарды білдіретіндей етіп жаса». Бұны: «Белгілі бір жағдайда әркім 

өзін Планетада өмір сүріп жатқан алты миллиард адамның кез келгені 

дәл солай істейтіндей болып ұстауға тиіс», – деп түсіну керек. Кесімді 

ұйғарым талаптарын орындай отырып, адам пайда іздемеуге тиіс. Ол 

жай ғана өзінің басқалардың алдындағы борышын орындауға тиіс.

Екінші  ұйғарым:  «ешқашан  адамға  құрал  ретінде  қараушы 



болма, оған қашанда мақсат ретінде қара». Адам – бұл Әлемнің ең 

жоғарғы  құндылығы.  Оны  осы  дүниедегі  ештеңемен  де  салыстыруға 

болмайды. Сондықтан бұл ұлы гуманистік ұстаным адамды қорлайтын, 

кемсітетін  діни  қағидаларға  қарсы  бағытталған.  И.Кант  моралінің 

күшті жағы да осы болып табылады.

Канттың адамның парызы мен қадір-қасиетіне қатысты пікірлері де 

осыған  байланысты.  Адам  үшін  не  нәрсе  аса  құнды:  қадір-қасиет  пе 

әлде  рақатшылық  па?  Рақатшылықпен  өтетін  өмірдің  еш  құндылығы 

жоқ. Қадір-қасиетін сақтаған адам бәрін де, тіпті өмірін де қиюға әзір. 

Оның  қайнар  бұлағы  қайсы  және  қадір-қасиеттің  шарттары  қандай? 

«Бұл  –  адамды  өзінен  жоғары  көтеретін  нәрсе  ғана  болуы  мүмкін...». 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау