ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет37/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142

110

Джордано  Бруно  әлем  жаратылысының  геоцентристік  тұжырым-

дамасын  қабылдамайды.  Оның  пікірінше,  өз  өсін  және  Күнді  айна-

лып  жүретін  Жер  –  шексіз  әлемдегі  болар-болмас  тозаң  ғана.  Жер 

Ғарыштың кіндігі бола алмайды, өйткені әлемнің орталығы да, шека-

ралары  да  жоқ.  Н.Коперникпен  таласа  отырып,  Бруно:  «Күн  –  біздің 



әлеміміздің  орталығы  ғана,  ал  Ғарыштағы  әрбір  Жұлдыз  –  өзінің 

барлық  Планеталарын  қоса  алғандағы  Күн,  ал  оларда  (планеталарда) 

Өмір болуы мүмкін», – деп мәлімдейді. Әлбетте, шіркеу оның мұндай 

күпірлігін кешіре алған жоқ.

1592  жылы  ол  тұтқынға  алынды,  ал  күн  сайын  монах-жазалаушы 

оның камерасына келіп, өзінің күпірлік көзқарастарынан бас тартуын 

өтінетін. Бұл сегіз жылға созылды. Оның опынғанына, көзқарастарынан 

бас тартуына қол жеткізе алмаған жазалаушылар Джордано Бруноны 

Римдегі  Гүлдер  алаңында  өртеу  арқылы  өлім  жазасына  кесті.  Үкімді 

ол қайтпас қайсарлықпен қарсы алды: жанып жатқан отқа түскенде, ол 

жендеттерге: «Сендер, мүмкін, бұл үкімнен менің оны тыңдағанымнан 

да артық үреймен қорқатын шығарсыңдар!» – дегенді айтты.

Өзінің  идеялары  арқылы  Бруно,  Н.Кузанскийдің  артынан-ақ, 

Жаңа  заманның  философиясы  мен  жаратылыстану  ғылымының 

негізін салды.

Қазіргі  заман  ғылымының  негізін  салушылардың  ішіндегі  ең 

ұлысы, – Ньютонды, әлбетте, қоспағанда, – галилео галилей болып 

саналады.  Италиялық  ғалымның,  нақты  жаратылыстанудың  негізін 

қалаушылардың  бірегейінің  орны  мен  рөлін  XX  ғасырдың  екінші  бір 

ұлы философы және ғалымы Бертран Рассел осылай айқындады.

Ал,  шындығында,  адамның  өз  өмірінде  қаншалықты  көп  нәрсе 

жасай  алатынына  таңдануға  және  мақтануға  болады.  Галилей 

қазіргі  заманғы  механиканың  негізін  салды.  Галилейдің  маятниктің 

тербелісіне  жасаған  тәжірибелері  де  аз  қызығушылық  тудырмайды. 

Салмақтары  әртүрлі,  бірақ  ұзындығы  бірдей  маятниктер  ұзақтығы 

бірдей тербелісті қозғалыс жасайды екен. Маятниктің тербелісі дененің 

шеңбер доғасы бойынша құлауы емей, немене? Ал егер осылай болса, 

онда әртүрлі салмақтағы денелер құлаған кезде бірдей жылдамдықта 

болмай ма? Егер ортаның кедергісінен ауытқыса, барлық денелер еркін 

құлаған кезде, бірдей жылдамдықпен қозғалады. кейбір кемшіліктері 

болғанмен,  Галилей  денелерді  көлбеу  жазықтықта  сырғанату 

тәжірибелерінде соған ұқсас нәтижелерге қол жеткізді. Жағдайды рет-

ке  келтіріп  түзету  мақсатында  математика  ғылымының  жетістіктерін 

пайдалана отырып, Галилей ойша тәжірибе жасауға жүгінеді. Галилей 



111

«бос, шексіз евклидтік кеңістікте қозғалатын геометриялық денелерді» 

ұсынды.  XX  ғасырдың  ұлы  физигі  В.Гейзенберг  бұл  қозғалысты 

түсінудегі өте қиын кезең, нағыз революция болғанын айтады.



инерция  заңын  анықтау  да  Галилеоның  еңбегі:  қосымша  күштің 

көмегінсіз  шамасы  бойынша  да,  бағыты  бойынша  да  бірде-бір  дене 

жылдамдығын  өзгерте  алмайды  және  егер  оған  басқа  денелер  ықпал 

етпесе,  тұрақты  жылдамдықпен  қозғалысын  ары  қарай  жалғастыра 

алмайды. Галилейдің бұл жаңалығын «физиканың шын бастамасы» 

деп  бағалаумен  келісуге  әбден  болады  (қараңыз:  С.А.Лебедев  және 

басқалары. Введение в историю и философию науки. – М.: Академиче-

ский проект, 2007. 65-бет).

Галилей:  «Табиғат  кітабы  математика  тілімен  жазылған»,  –  деп 

жариялайды.  Өмірінің  соңына  дейін  ол  осы  қағиданы  ұстанған. 

Механикаға  ол  «сан»,  «жиын»,  «фигура»,  «қозғалыс»,  «бірқалыпты 

қозғалыс», «жеделдетілген қозғалыс» деген санаттар енгізді.

Денелердің орамдылығы себебін зерттей келе, Галилей оларда, дене 

бөлшектерінің  арасында  бос  ұсақ,  оларды  бір-бірлерімен  кіріктіріп 

тұратын қуыстардың бар екенін түсінеді. Бірақ ол қуыстар соншалықты 

кішкентай  және  әрқайсысының  кедергісін  оңай  жеңуге  болғанмен, 

бірақ  сандарының  санауға  болмайтындай  көптігі  олардың  кедергісін 

тым арттырып жібереді. Бұл ережені көрнекі түрде көрсету үшін, Га-

лилей Н.Кузанскийдің: «Шеңбер дегеніміз – ол сансыз көп жақтары бар 

көпбұрыш» деген идеясына жүгінеді. Бұл оған математикаға «маңызды 

шексіздік»  түсінігін  енгізуге  мүмкіндік  береді.  Кейіннен  «шексіз  аз-

дарды санау» деген ат иеленген «бөлінбейтіндер математикасы» осы-

лай пайда болды.

Галилей  32  есе  ұлғайтылған  телескоп  орнатты.  Ол  ай  алаптары 

мен  кратерлерді  көрді,  Күн  бетіндегі  дақтарды,  оның  өз  өсімен  айна-

латынын  тапты,  Шолпан  кезеңдерін,  Юпитердің  төрт  серігін  ашты, 

ал  Құс  жолын  тұман  баспаған  екен,  ол  өте  алыстағы  жұлдыздардың 

шоғырлануы болып шықты. Осы жаңалықтардың барлығы сол кездегі 

қоғамға  «жарылған  бомбадай»  әсер  етті.  Дүниенің  аристотельдік-

птолемейлік бейнесіне түзеуге келмейтіндей нұқсан келтірілді. Ал Га-

лилей жалпыеуропалық деңгейде даңққа бөленді.

Адамның әлемді танып білу үдерісіне бет бұра отырып, Галилей бұл 

үдерістің шексіздікке кететін үдеріс екеніне сендіреді. Ғылым – дайын, 

түпкілікті  берілген  тұжырымдар  мен  қорытындылардың  жиынтығы 

емес.  Біз  табиғат  құпияларының  азғантай  бөлігіне  ғана  иеміз,  ол  ары 

қарай  іздену,  табу  үшін  қашанда  ашық.  Адамның  білімі  шектеулі,  ал 




112

табиғат  шексіз  және  бұл  оны  танып  білудің  шексіз  мүмкіндіктерін 

ашады.  Жаратылыстанушының  осы  ой-толғауларынан  біз  оның 

ортағасырлық схоластиканың қағидалар жиынтығын қабылдамағанын 

көреміз.

Галилей гелиоцентрлік (Күн – планеталар жүйесінің кіндігі дейтін) 

жүйені  қызу  құптады.  Ол  Кеплермен  хат-хабар  алысып,  оның  ашқан 

жаңалығын қолдады. Бірақ ол католик шіркеуінің жазалаушыларынан 

қатты қысым көрді. Біздің білетініміздей, оған жазалаушылар алдымен 

(1616  ж.)  құпия  жаза  белгілеп,  ал  содан  кейін,  1633  жылы  енді  жария 

жазаға  тартты.  Нақ  сол  кезде  ол  өзінің  теорияларынан  бас  тартып, 

ешқашанда Жердің өз өсін және Күнді айналатынына сендірмеуге уәде 

беруге тиіс болды. Бірақ бір аңыз бойынша сот залынан шыға салып, 

Галилей: «Ал ол, қалай болғанда да, айналады!» – деген екен.

Өткен  ғасырдың  80  жылдары  француз  тарихшысы  П.Редондидің 

«Галилей – күпір» деген еңбегі жарық көрді, онда Рим католик шіркеуі 

жазалаушыларының  мұрағаттарында  табылған  құжаттар  негізінде  ол 

Галилейдің, шын мәнінде, Жердің айналу фактісін мойындағаны үшін 

емес, материяның атомдық құрылысына деген көзқарасты қабылдағаны 

үшін жазаланғанын сенімді уәждермен дәлелдейді. Қарапайым тілмен 

айтқанда,  Галилейді  «аяп»,  жазалаушылар  халық  үшін  «Коперник 

күпірі»  деген  жорамалды  ұсынған.  Өмірінің  соңына  дейін  Галилей 

«шіркеу жазалаушыларының тұтқыны» саналып, Флоренцияға жақын 

маңдағы вилласында өмір сүруге мәжбүр болған. Тек 1992 жылы Папа 

Иоанн  Павел  II  сот  шешімін  қате  деп  жариялап,  ұлы  ғалымды  ақтап 

шықты.


Ғылыми  жетістіктер  туралы  әңгімені  аяқтай  келе,  герменизм 

сияқты құбылысты айналып өтуге болмайды. Ресми ғылыммен қатар, 

ежелден-ақ  ғылымнан  тыс  арнаулы  білімнің  өмір  сүргенін  және 

әлі  де  өмір  сүріп  келе  жатқанын  айтуға  тиіспіз,  оның  үстіне,  оның 

кейбір  түрлері  жеткілікті  дәрежеде  жүйеленген.  Олардың  қатарына 

«оккульттік»  немесе  «эзотерийлік»  деп  аталатындарды  да  жатқызуға 

болады.

Ғалымдардың  пікірінше,  ол  білімдер  бітіп  болмайтын 



қателесушіліктер,  ал  оларды  қолдайтындар  мен  тарататындар  – 

алаяқтар болып табылады. Міне, енді өткен ғасырдың 60 жылдарының 

ортасынан бері қарай Батыс ғылымтануында, ғылымның тарихтануы 

мен  философиясында  ғылымнан  тыс  арнаулы  білімдердің  ғылымға 

ықпал ете бастаған мәселесі белсенді талқылана бастады.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау