ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет45/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   142

134

мүдделерін  қозғаған  болса,  онда  олар  әлдеқашан-ақ  отқа  өртелер 

еді». Бұл данышпандық сөздер Т.Гоббсқа тиесілі. Сол себепті мораль 

құндылықтарының  негізінде  де  мүдделерден  шығатын  пайда  жатыр. 

«Қайырымдылық пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық деген не?». 

Бұл  сұраққа  Т.Гоббс  пайда  (лат.  –  utilitas  –  пайда)  тұрғысынан  жауап 

береді.  Бізге  ұнайтыны  да,  пайдалысы  да  –  ізгілік  пен  жақсылық,  ал 

зұлымдық пен жамандық, әлбетте, керісінше.

Адам  еркіндігін  қарастыра  келе,  Т.Гоббс  оны  жалпыға  бірдей 

деңгейге шығарады. Табиғаттың барлық денелері еркіндікке ұмтылады. 

Мысалы, егер ыдыс сынса, ондағы су еркіндік алады. Адам еркіндігін 

айтар  болсақ,  бір  жағынан,  адам  еркін,  бірақ,  екінші  жағынан,  қоғам 

қажеттілігімен  санаспай  тұра  алмайды,  өйткені  өзі  сияқты  мыңдаған 

адаммен  өзара  қарым-қатынаста  болады.  Өзеннің  ағысы  еркін,  бірақ, 

сонымен бірге өз арнасынан аса алмайды. Адам да дәл сондай.

4.4. спиноза және оның түпнегіз туралы ілімі.

жете ұғынылған қажеттілік іспетті азаттық

бенедикт  (барух)  спиноза  (1632-1677)  –  «ұлы  философтардың 

ішіндегі  ең  бір  ізгілікті  және  тартымды  адам.  Парасат  жағынан 

кейбіреулері  одан  артық  та  болған  шығар,  бірақ  ол  адамгершілік 

тұрғысынан  бәрінен  жоғары  тұр.  Бұның  табиғи  салдары  –  өмір  бойы 

және  қайтыс  болғаннан  кейін  де  бір  ғасыр  оның  жан  шошытатын-

дай  өнегесіз  адам  саналғаны».  Бұл  сөздерді  айтқан  екінші  бір  ұлы 

философ – Бертран Рассел (Рассел Б. История западной философии. – 

Новосибирск: НГУ, 1997. – 529-бет).

Бұл  адамның  адамгершілік  қасиеттері  неге  соншалықты  төмен 

бағаланған?

Ол еврей отбасында дүниеге келген және иудей оқымыстылығының 

білгірі  саналғанмен,  діндар  иудей  болу  мүмкіндігін  ойламаған.  Сол 

үшін оны еврейлер шіркеуден қуып, тіпті өлтірмек те болған. Бірақ оны 

христиандар  да  бірдей  жек  көретін.  Спиноза  философиясында  Құдай 

идеясы үстем болғанмен, шіркеушілер оған атеист деп кінә артқан.

Оған Декарт философиясының әсері күшті болды. Сол себепті ол өз 

білімін жаратылыстану ғылымдары мен математика саласында көбірек 

кеңейтуге күш салады. Спиноза философиясын сипаттай келе, Гегель: 

«Ол Декарт философиясын дара шындық түрінде нақтылайды», – деп 

кездейсоқ  айтпаса  керек.  «геометриялық  әдіспен  баяндалған  кар-




135

тезия  философиясының  ұстанымдары»  атты  жұмысында,  сондай-

ақ  «геометрияда  қолданылатын  әдіспен  баяндалған  этика»  де-

ген  басты  еңбегінде  ол  ой-пікірлердің  негізгі  қағидалары  ретінде 

картезиандық  рационализмге  және  «геометриялық  әдіске»  ойланбас-

тан  қосылады.  Бірақ  ғылыми  зерттеулерінде  Декарттың  идеялары-

нан шегініп, ол Бэконмен біріккені сияқты, онымен де үздіксіз сұхбат 

жүргізумен болады.

Спиноза  іс  жүзінде  философия  тарихында  алғашқы  болып  көне 



өсиетті  оқып  зерттеген.  Ол  алдымен  «адам  мен  Құдай  және  оның 

бақыты туралы» трактат, содан кейін «теологиялық-саяси трактат-

ты» жазды. Бұл еңбектерінде Спиноза ғылыми тарихжазудың негізін 

қалады.


Өз  онтологиясында  Б.Спиноза  Құдай  туралы  айтқанда,  Оны  бұл 

Әлемнің  соңғы  себебі  санайды.  Бірақ  сонымен  бірге  ол  Құдайды 

Табиғаттың  ішіне  сіңіріп,  Оған  пантеистік  мағына  береді,  бұл  оны 

Құдай  осы  өтпелі  дүниенің  шектерінен  тыс  өмір  сүретін  мәңгі  Рух 

емес  дейтін  алысқа  әкететін  қорытынды  жасауға  келтіреді.  Оны 

ақылмен ғана түсінуге болады.

Екіншіден,  бұндай  тұжырымдаманы  жақтаушылар  әлемді  Құдай 

әрекетінің ең алшақ салдары деп санайтын деизмге қарсы келеді. Спи-

ноза Құдайды осы дүниенің ең жақын себебі көреді.

Ал енді, ақыр соңында, үшіншіден, Табиғатқа парапар Құдай – осы 

дүниенің Түпнегізі. Сөйтіп, Құдай, табиғат, түпнегіз – тұтас бірбүтін. 

Осындай  көзқарас  болғанда,  «жаратушы»  және  «жаратылған»  де-

ген  діни  ұғымдарға  қажеттілік  өз-өзінен  жоғалады.  Табиғаттың  өзі  – 

«causa sui» – өз-өзінің себебі. Құдай мен Табиғат бір-бірлеріне сәйкес 

келетіндіктен,  Спиноза:  өндіруші  табиғат  (лат.  –  natura  naturans) 

және  өндірілген  табиғат  (лат.  –  natyra  naturata)  деген  екі  ұғым 

енгізеді. Алғашқы түсінікке ақыл-парасат түйсігімен жетуге болса, ал 

екіншісіне адамды қоршаған заттарды сезімдік қабылдау арқылы жете 

аламыз.

Б.Спиноза нақты денелер мен заттарды біртұтас түпнегіз модустары 



деп қарастырады. Түпнегіз өзін зат-модустар көмегімен шектейді. Ал 

кез келген шектеу – ол терістеу (determinatio est negatio). Сондықтан 

заттар  пайда  болады,  өзгереді,  құриды.  Шектеу  бір  заттың  бірегей 

болмысын анықтай отырып, оны екіншісінен бөлектейді, өйткені бұл 

дүниедегі бірде-бір зат екіншісіне толықтай ұқсамайды. 

Түпнегіздің  бірнеше  белгісі  бар:  біріншісі  –  ұзындық,  екіншісі  – 



ойлау.  Сөйтіп,  Декарттың  дербес  екі  түпнегізі  Б.Спинозаның 


136

онтологиялық көзқарастарында бір түпнегіздің екі белгісіне айналды. 

Ал  енді  осылай  болғандықтан,  бар  табиғат  –  тірі!  Философияда  бұл 

гилозоизм  (грекше  –  gileos  –  денеге  тән,  материалдық,  zoo  –  тірі)  – 

бүкіл табиғаттың жандануы деп аталады.



таным  мәселесінде  Б.Спиноза  рационалист  болды.  Сезімдік  та-

ным  –  көмескі  білім.  Ойлау  ғана  адамға  нақты  білім  береді.  Оның 

үстіне,  нағыз  нақты  білімді  математика  береді,  өйткені  математика 

ұғымдары жүйелі, бір-бірімен негізді түрде өзара байланысқан.

Өмірдегі  жинақтаған  тәжірибесіне  қарай  әрбір  адам  аталған 

сезімдерді  өздігінше  қабылдайды.  Мысалы,  далада  аттың  қиын 

көргенде,  шаруа  егіс  даласын,  ал  әскер  бұрынғы  ұрыс  даласын  есіне 

алады.  Бірақ  сезімдік  танымды  тұтастай  жалған  деуге  болмайды: 

онда  қашанда,  мысқалдай  болса  да,  шындық  бар.  Мысалы,  білімсіз 

адам Күнді кішкентай, әрі жылы нысан деп ойласа, қалай дегенмен де, 

бұл  жерде  шындық  қылтияды,  өйткені  күн  бар  және  өзінің  жарық 

сәулелерімен жерді жылытады. Күнделікті сезімдік таным халықтың 

өмірін,  адамдардың  бір-бірлерімен  қарым-қатынастарын  белгілейді. 

Рационалистік  жолмен  алынған  білім  де  әр  кездері  тәжірибелік 

тексеруді қажет етеді.

Танымның  тағы  бір  үшінші  түрі  бар  –  ол  ақыл-парасат  түйсігі 

немесе  сезімдік  те,  рационалистік  те  танымға  жүгінбей,  шындыққа 

тікелей  жету.  Ол  Әлемнің  тұтастығына  жету  мүмкіндігін  береді.  Та-

ным  туралы  ілімнің  тағы  бір  ерекшелігі  –  гносеологиялық  және 

онтологиялық ілімдердің бірлігі, өйткені түпнегіздің ойлау қасиеті бар.

Спинозаның  антропологиясы  да  өзгеше.  Ол  адамды  Табиғаттың 

бөлінбес  бөлшегі  санайды.  Ал  осыдан  Табиғаттың  қасиеті  –  ойлау  – 

адам бойында барынша дамыған түрінде көрінеді. Ал сол уақытта адам 

дене  ретінде  Табиғатқа  түбегейлі  тәуелді  және  қоршаған  дүниемен 

есепсіз  байланыстарға  және  өзара  әрекеттерге  түседі.  Оның  үстіне, 

бірінші кезекте ол өз-өзін сақтауға ұмтылады. Ал бұл оның бойында 

әртүрлі  сезімдер  мен  құштарлықтарды  оятады.  Платон  мен  Сократқа 

ұқсап, Б.Спиноза да адамның дұрыс емес әрекеттерінің себебін жалған 

танымнан  шығарады.  Егер  адам  айналасында  қалыптасқан  жағдайды 

дұрыс түсінсе, ол өзінің іс-әрекеттерінде қателеспейді және кейбіреулер 

бақытсыздық деп бағаласа да, ол өзін бақытты сезінеді.

«Әдетте,  адамдар  өз  еріктерін  азат  деп  ойлайды  және  әрекеттерін 

мүлдем  еркін  іске  асырып  жатқандарына  сенімді,  –  деп  жазады 

В.В.Соколов. – Әйткенмен ерік бостандығы – ол қиял, яғни көпшілік 

адамдардың  өз  әрекеттерін  соларға  ықпал  ететін  себептерге  терең 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау