314
Осыған байланысты атап өтуге тиістінің ең біріншісі – білімдер
көлемінің шапшаң артуы. Егер біздің дәуіріміздегі білімдер санының
еселенуі I ғасырдан бастап 1750 жылға дейін орын алса, ал кезекті ар-
туы 1750-1900 жылдары, ал XX ғасырдағы өркендеуі бар-жоғы 50 жыл
ішінде болды. Бүгінгі күні Жердің метрлік ауқымдағы радио сәулелері
Сатурн және Юпитер секілді планеталарды басып озып, ғарыштан
бақылау жасауға мүмкіндік берген жетістіктерге жетті. Жазу-сызудың
пайда болуы арқылы адамзат ақпараттар мен білімдерді берудің және
сақтаудың тиімді құралына ие болды. Кейіннен адамның «сүйікті
досы» – кітап пайда болды. Ал XX ғасырда радио, телефон, телевиде-
ние, интернет және т.с.с. электрондық құралдар ақпараттардың орасан
үлкен көлемінің және олардың таралуының шапшаң өсуіне жеткізді.
Дамыған елдерде бүгінгі таңда материалдық өндірісте халықтың бар-
жоғы 24-26%-ы қамтылса, ал рухани салада 36-38%-ы қамтылған.
Ақпараттық қызмет көрсету экономиканың жалпы көлемінің жарты-
сынан көбін құрайды. Сөйтіп, ақпарат тауардың ең құнды түрлерінің
біріне айналды. Оның бір ғажап ерекшелігі мынада: егер сіздің 100
пар туфлиіңіз болып, нарықта соның жартысын сатсаңыз, сізде әлі 500
пары қалады. Бірақ егер сіз 1000 бит (көлем өлшемі. – Аудармашы)
ақпарат сатсаңыз, оған ақша аласыз, оның үстіне, сіздің қолыңызда осы
1000 бит ақпаратыңыз тағы қалады. Олай болса, бүгінгі таңда алтын
да, ақша да, табиғат байлықтары да негізгі капитал емес, ол – адамның
қабілеттері, табиғи дарындары, оларды тұлғаның шығармашылық
әлеуетін дамыту мақсатында жетілдіру. Ал ол үшін елдегі білім беруді
сапалы жаңа деңгейге көтеру қажет.
Кез келген елде білім беру жүйесі екі нәрсені қамтуға ұмтылады:
біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпаққа уақыт талабына сай келетін
кәсіби білімдер беру, яғни әртүрлі салалар бойынша әлемде бар жаңа
технологияларға үйрету, екіншіден, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді
оқыту арқылы тұлғаны, оның азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Кеңес заманы тұсында басты назар әр тұлғаның азаматтық ұстанымына
аударылып, арнаулы кәсіби білімдерге көп көңіл бөліне қоймады.
Бүгінгі күні білім берудің гуманитарлық құрамдас бөліктері
жылдан-жылға азайып, керісінше, кәсіби пәндердің саны артып келеді.
Бұл біржақты дайындықта жетілген, өзінің тар кәсіби саласын ғана
білетін маман болып шығуға әкеліп соқтырады. Егер қазіргі заманғы
батыстық стандарттарға мұқият қарасақ, дамыған елдерді тұралатқан
рухани-адамгершілік тоқыраудың білім берудегі гуманитарлық са-
ланы жете бағаламаудың салдары болғанын байқау қиын емес. Осы
315
саладағы жалаңаш-жалпы технократизм үміт күткен нәтижелерге
жеткізбейді.
Әлбетте, білім беру жүйесі бір орында тұрмайды, ол тұрақты
өзгерісте болады, әсіресе оқу орындарын компьютерлермен, элек-
трондық оқулықтармен, тестілермен, басқа да мультимедиалық оқу
құралдарымен жабдықтау орын алады. Бірақ кез келген елде
мыңжылдықтар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол – мұғалімнің,
Ұстаздың, Оқытушының білім беру үдерісіндегі шешуші рөлі.
бірде-бір техникалық құрал Оқытушы тұлғасын ауыстыра ал-
майды. Бұл – білім беру жүйесінің негізі. Сол себепті оқытушылық
қызметтің мәртебесін көтеру арқылы ғана елдегі білім беру жүйесін
ары қарай дамытып, жақсартуға болады.
1.4. ғылыми таным әдістері
Әлемдік тарихтың бастамасында, сана-сезімі оянған кезден-ақ,
адам өзін қалған әлемнен бөлектей бастады және сонымен бірге
табиғаттағы әрбір заттың ерекше дара тіршілік ететінін байқады. Бұл
бастапқы тәжірибе заттардың, табиғат құбылыстарының атауында
бекіп, ерекше, дара ретінде қаралатын болды. Өзінің бөлек тіршілік
етуін түйсінумен қатар, тамақ, баспана, қорғаныс іздеу және ол
қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында адам қоршаған әлемдегі
заттармен өзінің байланыстылығын көрді, қоршаған ортадағы жеке-
леген заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты байқай бастады.
Алғашында ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланған
заттар оған ғажап, қайталанбас, бұрын ешқашан кездеспеген заттар
болып көрінді. Ол заттар оның қажеттіліктерін өтейтін болған соң,
олар оның санасында сақталатын болды. Алайда ары қарай ол сол
қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын басқа да заттарды байқап,
соларды пайдалана бастады. Мысалы, шие, өрік, алма, таңқурай –
олардың барлығы да жеуге жарамды, демек, адам осы жемістердің
барлығына тән ортақ сапалар мен қасиеттерді табады. Әртүрлі, мы-
салы, «жидек» немесе «жеміс» сияқты заттардың ортақ қасиеттерін
білдіретін ұғымдар пайда болады. Сөйтіп, тікелей бақылау арқылы
ерте заман адамының қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстарды
игеру-меңгеруі орын алады да, ақыр соңында, ғылым бастауларының
шығуына келтіреді.
Ғылым пайда болған кезден бастап-ақ енді шындық-болмысты
іздеудің жанама жолдары мен құралдары шығады. Қазір біз оларды та-
316
ным әдістері деп атаймыз. Гректің «methodos» сөзін тура аударғанда,
«жол» деген мағына береді. Танымға қатысты қолданғанда, «әдіс-
тәсілдер», «амалдар», жолдар» дегенді білдіреді. Бұл ұғымның кең
мағынасында біз әдістерге адам өз қызметі барысында қолданатын
барлық амалдар мен технологияларды жатқыза аламыз, өйткені ол
әлдебір үлгілерге жүгініп, адамзат тәжірибесінде көптеген жылдар
бойы қалыптасқан бір немесе басқа амалды қолданып, ол кез келген
істі орындай алады. Мысалы, қандай да бір жауапты саяси немесе
басқа шешімдерді қабылдамас бұрын, үкімет қазір «пиар-технология-
лар» деп аталып жүрген насихаттық жұмыстарды жүргізеді.
Педагогикада оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай, оларды
оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері бар. Ондай мысалдарды
есепсіз көп келтіре беруге болады. Ғылыми қызметте де дәл солай
жаңа шындықтарды іздестірудің әртүрлі әдістері пайдаланылады.
«Әдіс» сөзі мұнда енді ғылыми қызметке қатысты тар мағынасында
қолданылады.
Зерттеу қызметіндегі ғылыми әдістерді асыра бағалау қиын. Аса
көрнекті физиолог И.П.Павлов: «Бар мәселе жақсы әдісте жатыр. Әдісі
жақсы болса, аса талантты емес адам да көп нәрсе істей алады. Ал
әдісі нашар болса, ғұлама адам да босқа жұмыс істеп, құнды, нақты
мағлұмат ала алмайды», – деп сендірген (қараңыз: И.П.Павлов. Физио-
логия бойынша дәрістер. – М., 1956. 21-бет).
Ғылыми таным әдістерінің рөлін кемсітетін басқа да көзқарас бар.
Мысалы, М.Борнның ойынша, «біз джунглиде адасып жүріп, өзіміздің
алдыға қаншалықты ілгерілеуімізге қарай арттағы жолымызды біліп,
енді алдағы жолымызды ағаттықтар мен сынап көру арқылы іздеп та-
бамыз» («Очерки по диалектическому материализму» кітабы бойынша
дәйексөз. – М., Наука, 1977. – 155-бет).
Әлбетте, ғылымда жаңалық ашу – көпфакторлы үдеріс. Бұл жер-
де қаншалықты тиімді болса да, көп нәрсе зерттеудің бір әдістеріне
ғана емес, зерттеу нысанасының өзіне де байланысты. Сонымен бірге,
екінші жағынан, ойлаудың санаттық құрылымына да байланысты.
Зерттеушінің дарындылығын, ойлау қабілетінің қарапайым еместігін
де есептен шығарып тастауға болмайды. Ғылыми ұжымның әлеуметтік-
психологиялық ахуалы да зерттеу жобасына қатысушыларға өзінің
теріс немесе оң ықпалын тигізбей қоймайды. «Инсайт» (ішкі сәуле) не-
месе «түйсік» (шындықты санадан тыс түсіну) секілді құбылыстар да
жаңалық ашуда елеулі рөл атқарады. Кейбір жағдайларда оған әртүрлі
жағдайлардың, мүлде кездейсоқ факторлардың (мысалы, Ньютонның
Достарыңызбен бөлісу: |