Қазақстан республикасының білім және ғылым министирлігі алматы облысы



жүктеу 1,47 Mb.
Дата15.01.2020
өлшемі1,47 Mb.
#26627

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТИРЛІГІ
Алматы облысы

Қаратал ауданы

Жылыбұлақ орта мектебі КММ

Тақырыбы: Математика мен табиғат үндестігі

Секция: Математика
Аты-жөні, сыныбы: Қани Томирис 6-сынып

Жетекшісі: Көкенай Галя


МАЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ

І.КІРІСПЕ .................................................................................................................................5

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ



2.1.Фибоначчи сандары табиғатта.................................................................7

2.2.Таңғажайып жеті саны................................................................................8

2.3. Табиғат пен математиканың үйлесімділігі...........................................9

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................18

ІV.ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ...............................................................................................................................

Пікір.


Біз жобамызда табиғат пен математика арасында үйлесімділік бар екендігін оқып, үйреніп дәлелдедік. Онда тек ағаштар ғана емес, белгілі бір табиғи заңдылықпен бірлесіп өсетін көптеген өсімдіктер мен құстардың топталып ұшу ерекшеліктерін іздену жолында анықтадық.

Томиристің «Математика мен табиғат үндестігі» атты тақырыпқа жазылған ғылыми жұмысымен танысу барысында көп ізденгендігін байқадым.

Жұмыс барысында математика туралы негізгі ұғымдар, түрлі табиғи заңдылықтар анықталды. Жобада салыстыру, жүйелеу, анықтау тәсілдерін қолдандық.

Өзекті мәселені зерттеуде түрлі әдебиеттермен, журналдардағы табиғаттың тылсым дүниелері туралы әңгімелермен, зерттеулермен таныстық.

Ғаламтордан табиғат қызықтарын аса қызығушылықпен ізденгендігі байқалады.

Осы жобаның қосымша материалы ретінде бастауыш сыныптың дүниетану пәнін пайдалануды ұсынамыз.

Оқушының тақырыпты ашу мақсатында өзіндік дәлелдемелері, қызықты әңгімелері арқылы алдына қойған мақсатқа жеткендігін аңғартады. Бұл жұмыспен таныса келе ,жоғары баға бердім.

Аннотация

Оқушы жобада өз шамасына қарай математика мен табиғаттың үйлесімділігін көрсете біліп, ойларын жеткізген. Өз мүмкіндігіне қарай зерттеу, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды жұмыстарын жасағаны көрініп тұр.

Материалдарды жинақтап, ұтымды пайдалана білген. Жобаны жасауда көп ізденгені, өзінше ойлана білгені байқалады. Жобаны жасауда әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана білген.

Тақырып өте кең болғандықтан, өзекті мәселені жан-жақты қамти отыра, мәселенің түйінін тауып, дәлелдеу жолдары қарастырылған. Зерттеу барысы төмендегідей бөлімдерге бөлінген:

Кіріспе:

Зерттеу нысаны: « Табиғат математиканың негізгі ілімі» екенін зерттеу.

Негізгі бөлімде итальян математигі Фибоначчидің сандар жүйесі тізбегінің табиғатқа да қатысы бар екенін дәлелдеп көрсете алды.

Таңғажайып жеті саны арқылы табиғат пен математиканың үйлесімділігін

нақты дәлелдерімен ашып көрсеткен.

Қорытынды бөлім: Эксперимент қорытындысында оқушы тәжірибе жасап, өз жұмысын дәлелдей біледі.


Ғылыми жетекшісі: Көкенай Галя

1.Кіріспе

    1. Табиғат –математиканың негізін қалаушы.

Табиғатты танып білу үшін оқу керек. Бәрінен де тиімдісі - өз көзіңмен көріп бақылау. Көргендеріңді есте сақтай білу керек.

Аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, өсімдік (ағаш, бұта, шөп),аң, құс, адам – осылардың барлығы табиғатты құрайды.

Республикамыздың президенті Н. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру стратегиясын айқындаған болатын. Оның басты міндеттерінің бірі - ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті. Осы ғылым мен білімді меңгеру үшін ең бірінші адамның табандылығы, еңбекқорлығы, ынтасы болуы керек. Осы қасиеттер болғанда ғана адамда бәсекелестік туады.

Ғылыми зерттеу жұмысы да осы сияқты табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай - ақ еңбекқорлықты талап етеді. Осындай қасиеттердің арқасында мектептегі математика сүйіп оқитын пәндерімнің біріне айналды.

Менің математика ғылымына қызығушылығымның туындауы ұстазымның жемісті еңбегі деп білемін. Осы өз қызығушылығымнан туындаған «Математика мен табиғаттың үндестігі» тақырыбын зерделеу, оның қыр - сырларын ашып, математика мен табиғаттың тығыз байланыстылығына көз жеткізу менің алдыма қойған мақсатым болатын. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.

1.2. Ғылымдарға апарар жол да,ашар кілт те- математика

Математика адамзат тарихында тұрмыстық мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында пайда болған ең алғашқы ғылым.

Орта ғасырларда ғұмыр кешкен ағылшын философы әрі табиғат зерттеушісі Роджер Бэкон (1214 - 1292) «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы әрі оларға пайдалы да, қажет те» деп бекер айтпаған. Ғылымдар туралы әңгіме болған бір мәселеде Роджер Бэкон математиканың маңызын «... ғылымдарға апарар жол да, ашар кілт те - математика» деп жоғары бағалаған.
Ол толып жатқан ғылымдардың мәселен, сурет салу, музыка, құрылыс салу, жазу стилін кескіндеу, логика ғылымы т. б ғылымдардың дамуына негіз бола алады.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.Фибоначчи сандары табиғатта.

Итальян физигі, механигі, әрі математигі Галилео Галилей (1564 - 1642) «Табиғат математика тілімен сөйлейді: бұл тілдің әріптері - дөңгелектер, үшбұрыштар және математикалық өзге де пішіндер... Табиғат өз заңдарын математика тілімен қалыптастырады»,- деп айтқандай біз күн сайын өзімізді қоршаған табиғаттан әр түрлі өрнектерді кездестіреміз.
Итальяндық математик Пизанолық Леонардо (Фибоначчи) (1180 - 1240) 1228 жылы өз есімімен аталған (Фибоначчи сандар) сандар тізбегін ойлап тапқан. Бұл сандардың әрбір келесі саны өзінен бұрынғы (алдында тұрған) екі санның қосындысына тең болған.
1, 1+1=2 ; 2+1=3; 3+2=5; 5+3=8; 8+5=13; 13+8=21; 21+13=34; 34+21=55
55+34=89
Сонда ол сандар: 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34, 55, 89,....
Осы сандар тізбегінің заңдылығын өзімізді айнала қоршаған ортадан кездестіруге болады. Ағаштардың жапырағы ағаш бұтақтарындағы екі жапырақтың арасына спираль тәрізді оралып орналасады екен:

Фибоначчи санын көптеген өсімдіктерден анықтап қараған қызықты. Күнбағыста 34 спираль бір бағытта оралған және 50 - і басқа бағытта оралған.



2.2.Таңғажайып жеті саны.

Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ 7 санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата - бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным - түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді 7 санымен атайды.



Жеті жұт. Бұлар:

1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру).

5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зіл - зала (жер сілкіну)

Жеті жоқ. Ол былай:

1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.



Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Аптаның жеті күні:

1. Дүйсенбі 2. Сейсенбі 3. Сәрсенбі. 4. Бейсенбі.5. Жұма. 6. Сенбі.

7. Жексенбі.

Кемпірқосақтың жеті түсі. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады. Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.

«Жетiнiң» адамзаттан басқа, жер бетiндегi барша тiршiлiк иесiнiң де тiрлiгiне қатысы бар. Қоян 4 жетіде, мысық соқырын 56 күнде туса, иттер 63 күнде, аң патшасы арыстан да 63 күнде , қой 98 күнде қоздайды екен ғой. Тауық қыт-қыттап жүрiп, жиырма бiр күнде жұмыртқалайды.



2.3. Табиғат пен математиканың үйлесімділігі.

Күз айларында бірінің соңынан бірі тізбектеле ұшатын қаздың керуеніне қай-қайсымыз да бір сәт қызықтап қарап қаларымыз сөзсіз.

Сүйір бұрыш түрінде ұшу кезінде әр құс қанат қаға отырып, арт жақта келе жатқан құстың ұшуын жеңілдететіндей әуе дәлізін жасайды. Осындай пішінде ұшатын қаздар тобы ұшу қашықтығын 70 пайызға дейін соза алады. Мәселен, жеке қаз 70 шақырым ұша алса, топ қаз сондай уақытта 170 шақырымға жете алады. Бұл есепте жалғыз ұшқаннан гөрі топ күйінде ұшу шамамен екі еседен де артық пайдалы деген сөз. Осыншалықты өте нәзік есепті қаздар қайдан үйренді десеңізші?! Олай болса, қаздардың бұндай ұшуынан біз мынадай сабақ ұққандаймыз: демек, қандай да бір мақсатқа қол жеткізуді көздегендер өзара бас біріктіргенде ғана ол мақсаттарына анағұрлым оңайырақ әрі тезірек жетпек.

Ақ қайың. Параллель түзулер сияқты екі-екіден өседі.Жапырақтары үшбұрышты немесе ромб тәрізді болып келеді. Биіктігі 20 м дейін жетеді.

Ал,енді таулардың басына назар салайықшы, оларды призмаға ұқсатуға болады. Міне, осы жерде де математика мен табиғаттың үйлесімділігін байқауға болады.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

3.1.Эксперимент қорытындысы.

Эксперимент жасауды алдымен алоэ өсімдігінен бастадым. Бөлме өсімдіктерге көп қызығам, олардың көбісінің адам ағзасына пайдасы зор. Бырақ, алоэның берер пайдасы барінен де ерекше екенің түсіндім. Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, түрлі тері ауруларына қарсы дәрі ретінде қолданылады. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында., асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейдеген екен.

Мен алоэның шынымен де қандай пайдасы бар екенің анықтау үшін бірнеше зерттеулер жүргіздім:

Алоэ сөлінің адам ағзасына әсерін зерттеу нәтижесі.

Тәжірибе №1

Алоэ сөлінің адам ағзасына пайдасы.

Зерттеу әдісі: Мұрынға тамызу

Мақсаты: Жағдайын жақсару

Уақыты: 25,26,27 қыркүйек 2016 жыл

Зерттелуші: Демеубаев Ерназ

Зерттеу барысы: әр 5-6 сағат сайын мұрынға 5-6 тамшы сөлін тамызу

Қорытындысы: Жағдайы жақсы

Ұсынылады: Алоэ сөлі ағзаның қызметін жақсартады. Күнделікті қолдану мұрын қуысын жақсартады.

Тәжірибе № 2

Алоэның күйікпен жараға әсері.

Зерттеу әдісі: Жараға таңу.

Мақсаты: жара мен күйктің жазылуы

Уақыты: 02-03 қазан 2016 жыл

Зерттелуші: Қани Азамат

Зерттеу барысы: күйікпен жараға компрес жасау немесе жапырағын кесіп таңу.

Қорытындысы: жазылу жылдамдығы жақсы

Ұсынылады: Алоэ күйік пен жараны жазады, актисептикалық жағдай туғызады.

Тәжірибе № 3

Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері.

Зерттеу әдісі: Ауыз қуысының қағынуын шаю.

Мақсаты: Ауырғанды басады.

Уақыты: 20-21 қазан 2016 жыл.

Зерттелуші: Қани Томирис

Зерттеу барысы: 50 % алоэ сөлімен шаю.

Қорытындысы: Алоэ сөлі ауруды басады.

Ұсынылады: Күнделікті қолдануда ауыз қуысының ауруларын жазады.

Ал, мына слайдтан айды көріп отырсыздар.Осы суреттерді интернеттен көрдім де, мен де бақылауға кірістім. Жаңа ай туғанда оның доға тәріздес болатынын,айдың ортасына таман айдың толысқанын,яғни жарты дөңгелекке ұқсап қалғанын байқадым.Ал,ай бітуге таяғанда толық дөңгелек тәріздес болады екен.

Қорыта келген де математика саласы барлық тұрмыста қажет дүние. Менің жүргізілген зерттеулерім математика ғылымының түпсіз терең, құпиясы мол әлем екенін дәлелдей түседі. Бұл тақырып әлі де толығырақ зерттеулерді қажет етеді деп ойлаймын.Қазіргі заман математика ғылымының өте кең, жан- жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білімін көтеру үшін оқушылардың әрқайсысының үлкен ізденісте жүруі шарт, яғни ғылыми жобамды басқа оқушылар керегіне қолданады деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. «Қазақстан өсімдіктері». Алматы. 2003 жыл

  2. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері

  3. Балалар энциклопедиясы: энциклопедия (Бас редакторы Б.Аяған)

- Алматы: Қазақ энциклопедиясы,2008 –Т.1:А-Е.

Мұхамедшин К.Д, Сартбаев С.К. «Арша - өмір ағашы»



  1. 4.Жақыпов Б.О. “Қазақстан табиғаты” II том. Алматы, 2009

  2. Житомирский С.В., Итальянский Е.Г., и др. Астрономия : Энциклопедия/Науч-поп. издание для детей – М.: ЗАО «Росмэн- Пресс» 2007 – 128 с.

  3. Жүнісқызы К, Дүниетану; Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына

арналған оқулық/К.Жүнісқызы, Ә.Бірмағамбетов, Қ.Аймағамбетова,

Қ.Жүкенов 3-басылымы, өңделген – Алматы: Атамұра,2011

7. Иващенко А.А. “Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы”.

Алматы. 2007.

8. Құлжанова Н.А., Құрманова С.Е., Садырбекова Н.К.. “Батыс Қазақстан

облысының өсімдіктері мен жануарлары”. Орал. 2003.

9.Сыбанбеков К. «Жасыл әлем сырлары». Алматы,2007

10. сайт Google



11. сайт Яндекс



жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау