Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
75
3. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен
өкілдіктерінде де жасалуы мүмкін. Ұйымда бір ұжымдық шарттың болуына жол беріледі.
4. Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін
тараптар тепе-теңдік негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның дербес
құрамы, жобаны әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптардың келісімімен
айқындалады.
Кәсіптік одақтың мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлер жұмыс берушімен
өзара қарым-қатынастарда өздерінің мүдделерін білдіру үшін кәсіптік одақ органына
уәкілеттік беруге құқылы.
Ұйымда жұмыскерлердiң бiрнеше өкiлдерi болған кезде олар комиссия жұмысына
қатысу, ұжымдық шартты талқылау және қол қою үшiн бiрыңғай өкiлдi орган құрады.
5. Комиссия дайындаған ұжымдық шарттың жобасы ұйым жұмыскерлерінің міндетті
түрде талқылауына жатады. Комиссия келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере
отырып, жобаны пысықтайды.
6. Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде, ұжымдық шарт кемінде екі данада
жасалады және оған тараптардың өкілдері қол қояды.
7. Ұжымдық шарттың жекелеген ережелері бойынша тараптар арасында
келіспеушіліктер болған кезде олар туындаған күннен бастап бір ай ішінде тараптар бір
мезгілде келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген талаптармен ұжымдық
шартқа қол қоюға тиіс. Ұжымдық келіссөздер барысында туындаған келіспеушіліктер
өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде оларды реттеу бойынша бұдан кейінгі
ұжымдық келіссөздердің нысанасы болуы мүмкін.
8. Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар осы бапта оны жасасу үшін
белгіленген тәртіппен тараптардың өзара келісуі бойынша ғана жүргізіледі.
9. Егер алынған мәліметтер мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық
немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын болса, ұжымдық келіссөздер
тараптары оларды жария етуге құқылы емес.
10. Ұжымдық келіссөздер тараптары келіссөздер жүргізу кезінде жалақысы сақтала
отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін.
11. Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен
бастап бір ай ішінде мониторинг үшiн еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға
ұсынуға мiндеттi.
157-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы
2016.06.04. № 483-V ҚР
Заңымен
1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар бас, салалық және өңірлік
келісімдерге сәйкес айқындайды.
Ұжымдық шартқа:
1) еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу жүйелері, жұмыскерлерге, оның ішінде ауыр
жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін
жұмыскерлерге арналған тарифтік мөлшерлемелер мен айлықақылар, үстемеақылар мен
қосымша ақылар мөлшерлері туралы;
2) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы;
3) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы;
4) саламатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі туралы,
денсаулық сақтауды жақсарту туралы;
5) кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасау туралы;
6) ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы;
7) жұмыскерлер мен жұмыс берушінің ұжымдық шарттың орындалуын бақылауы
және ол үшін жауаптылығы туралы;
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
76
8) жұмыс берушінің жұмыскерлер өкілдерінің пікірлерін есепке алуды талап ететін
актілері туралы;
2016.06.04. № 483-V ҚР
Заңымен
9) тармақшамен толықтырылды
9) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан
Республикасы Заңы
11-бабының 1-тармағына
сәйкес зейнеткерлік жасқа толған
адамдарды ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға
жіберу тәртібі туралы ережелер енгізіледі.
2. Ұжымдық шартқа:
1) еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру туралы;
2) жалақыны индекстеу тәртібі туралы;
3) босатылатын жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды,
біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету
туралы;
4) даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтетін жұмыскерлерге,
сондай-ақ жұмысты оқумен қоса атқаратын жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер мен
жеңілдіктер туралы;
5) жұмыскерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы;
6) жұмыскерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың демалысы
туралы;
7) кәсіптік одақ органдарына сайланған жұмыскерлерге, сондай-ақ сайланбалы
өкілдерге кепілдіктер және олардың қызметін жүзеге асыру үшін жасалатын жағдайлар
туралы;
8) кәсіптік одақ мүшелері болып табылатын жұмыскерлермен еңбек шарты бұзылған
кезде кәсіптік одақ органының уәжді пікірін ескерудің тәртібі туралы;
9) жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған кезде жұмыс берушінің бастамасы бойынша
еңбек шартын бұзған жағдайдағы өтемақы төлемі туралы;
10) жұмыс берушінің орналасқан жерінен немесе жиналатын жерден жұмыс орнына
дейін және кері қайтқанда жұмыскердің жолда болған уақыты үшін өтемақы төлемі
туралы;
11) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды)
асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем
сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға
байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге
берілетін демалысқа ақы төлеу туралы;
12) жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өздері келтірген нұқсан үшін жауаптылығы
туралы;
13) ерікті зейнетақы жарналары туралы;
14) жұмыскерлерді және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру кепілдіктері
туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
15) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жұмыскердің
қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның пайдасына жұмыс берушінің қаражаты
есебінен ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыру туралы;
16) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту
жөніндегі іс-шаралар туралы;
17) жәрдемақылар мен өтемақы төлемдері, оның ішінде еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдерді төлеу туралы;
18) тараптар айқындаған және осы Кодексте айқындалған басқа да мәселелер
бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.
3. Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық,
өңірлік келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс.
Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |