Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі (2017. 13. 06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет41/50
Дата31.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#8213
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ 
Дата: 20.09.2017 18:07:13
 
81 
дауларын  реттеу  жөніндегі  жұмысқа  орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдардың, 
қауымдастықтардың  және  басқа  да  қоғамдық  бірлестіктердің  басшылары  мен 
жұмыскерлерін, жұмыс берушілерді, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. 
Делдалдарды тарту жағдайларының бәрінде олардан делдалдық етуге жазбаша келісім 
алынуға тиіс. 
  
168-бап.  Тараптардың  ұжымдық  еңбек  дауы  бойынша  келісімге  қол  жеткізуінің 
салдарлары 
1.  Ұжымдық  еңбек  дауының  тараптары  арасында  дауды  делдалдың  қатысуымен 
немесе  онсыз  шешу  туралы  келiсiмге  қол  жеткiзiлген  барлық  жағдайларда  аяқталмаған 
татуластыру рәсiмдерi  тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келiсiмнiң шарттары дауды 
шешудiң шарттары болып есептеледi. 
Ұжымдық  еңбек  дауының  тараптары  қол  жеткiзген  келiсiмдер  жазбаша  нысанда 
ресiмделедi. 
2.  Тараптар  арасында  даудың  шешілуі  туралы  келісімге  қол  жеткізу,  егер  ереуіл 
жарияланған болса, оның тоқтатылуына алып келеді. 
  
169-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты кепілдіктер 
Татуластыру  комиссиясының  мүшелері  ұжымдық  еңбек  дауын  шешу  жөніндегі 
келіссөздерге қатысқан уақытта жалақысы сақтала отырып, жұмысынан босатылады. 
Жұмыскерлердің, олардың бірлестіктерінің ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысатын 
өкілдері  ұжымдық  еңбек  дауын  шешу  кезеңінде  тәртіптік  жазаға  тартылмайды,  басқа 
жұмысқа  ауыстырылмайды  немесе  солардың  өкілдік  етуіне  уәкілеттік  берген  органның 
алдын  ала  келісімінсіз  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  олармен  еңбек  шарты 
бұзылмайды. 
  
170-бап.  Тараптардың  және  татуластыру  органдарының  ұжымдық  еңбек 
дауларын реттеу жөніндегі міндеттері 
1.  Тараптардың  ешқайсысы  татуластыру  рәсімдеріне  қатысудан  жалтаруға  құқылы 
емес. 
2.  Ұжымдық  еңбек  дауында  реттелмеген  келiспеушiлiктер  тараптардың  назарына 
жазбаша нысанда жеткiзiлуге тиiс. 
3.  Егер  жұмыс  берушінің  өкілі  өкілеттіктерінің  жеткіліксіз  болу  себебінен  ұжымдық 
еңбек  дауы  тараптарының  келіспеушіліктерін  реттеу  мүмкін  болмаса,  жұмыскерлердің 
талаптары  мүліктің  меншік  иелеріне,  ұйымдардың,  оның  ішінде  Қазақстан 
Республикасының  аумағында  орналасқан,  мүлкінің  меншік  иелері  шетелдік  жеке  немесе 
заңды  тұлғалар  не  шетелдік  қатысатын  ұйымдар  болып  табылатын  ұйымдардың 
құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе акционерлеріне қойылады. 
4.  Осы  баптың  2  және  3-тармақтарында  көрсетілген  рәсімдердің  нәтижелерімен 
келіспеген  жағдайда,  жұмыскерлер  өз  мүдделерін  қорғаудың  заңда  көзделген  өзге  де 
барлық тәсілдерін пайдалануға құқылы. 
5. Жұмыс беруші: 
1)  жұмыскерлердің  осы  Кодекстің 
164-бабының  3-тармағына
  сәйкес  ресімделген 
талаптарын  алған  күннен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде  ұжымдық  еңбек  дауының 
туындағаны  туралы,  ол  түпкілікті  шешілгенге  дейін  ахуал  туралы  кейіннен  апта  сайын 
хабардар ете отырып, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды хабардар етуге; 
2)  осы  Кодекстің  талаптары  сақталмай  жүргізілетін  ереуілдердің  басталғаны  туралы 
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын және еңбек инспекциясы жөніндегі 
жергілікті органды бір күн ішінде хабардар етуге міндетті. 
  
171-бап. Ереуіл өткізу құқығы 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ 
Дата: 20.09.2017 18:07:13
 
82 
1.  Егер  татуластыру  рәсімдері  арқылы  ұжымдық  еңбек  дауын  шешуге  қол 
жеткізілмесе, сондай-ақ жұмыс беруші татуластыру рәсімдерінен жалтарған не ұжымдық 
еңбек  дауын  шешу  барысында  қол  жеткізілген  келісімді  орындамаған  жағдайларда, 
жұмыскерлер ереуіл өткізу туралы шешім қабылдай алады. 
2.  Ереуіл  өткізу  жөніндегі  шешім  жұмыскерлердің  (олардың  өкілдерінің) 
жиналысында (конференциясында) қабылданады. 
Жұмыскерлер  жиналысы,  егер  оған  ұйым  жұмыскерлерінің  жалпы  санының 
жартысынан астамы қатысса, заңды деп танылады. 
Конференция,  егер  оған  хаттамалық  шешімдерге  сәйкес  жұмыскерлер  сайлаған 
делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады. 
Жұмыскерлер  жиналысының  (конференциясының)  шешімдері  дауыс  берушілердің 
көпшілік  дауысымен  қабылданды  деп  есептеледі.  Жұмыскерлер  жиналысын 
(конференциясын)  өткізу  мүмкін  болмаған  кезде  жұмыскерлердің  өкілді  органының 
ереуілді  өткізуді  қолдайтын  жұмыскерлердің  жартысынан  астамының  қолын  жинап,  өз 
шешімін бекітуге құқығы бар. 
3. Ереуілді жұмыскерлер (олардың өкілдері) уәкілеттік берген орган (ереуіл комитеті) 
басқарады.  Бірнеше  жұмыс  берушілердің  жұмыскерлері  (олардың  өкілдері)  бірдей 
талаптар  қойып,  ереуіл  жариялаған  жағдайда,  оны  осы  жұмыскерлер  өкілдерінің  бірдей 
санынан құрылатын бірлескен орган басқаруы мүмкін. 
4. Ереуілге қатысу ерікті болып табылады. Ешкімді ереуілге қатысуға немесе ереуілге 
қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды. 
5.  Жұмыскерлерді  ереуілге  қатысуға  немесе  ереуілге  қатысудан  бас  тартуға 
мәжбүрлейтін  адамдар  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  тәртіппен 
жауаптылықта болады.  
  
172-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау 
1.  Осы  Кодекстің 
171-бабының  3-тармағында
  көрсетілген,  жұмыскерлер  уәкілеттік 
берген  орган  ереуілдің  басталуы  және  болжамды  ұзақтығы  туралы  жұмыс  берушіге, 
жұмыс  берушілер  бірлестігіне  (олардың  өкілдеріне)  оны  жариялағанға  дейін  бес  жұмыс 
күнінен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс. 
2. Ереуіл жариялау туралы шешімде: 
1) тараптардың ереуіл өткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің тізбесі; 
2) ереуілді бастау күні, орны мен уақыты, қатысушылардың болжамды саны; 
3) ереуілді басқаратын органның атауы, татуластыру рәсімдеріне қатысуға  уәкілеттік 
берілген жұмыскерлер өкілдерінің құрамы; 
4)  ереуіл  өткізу  кезеңінде  орындалатын  қажетті  жұмыстардың  (көрсетілетін 
қызметтердің) ең аз көлемі жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі. 
  
173-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері 
1.  Ереуілді  басқаратын  орган  өзіне  осы  Кодексте  берілген  құқықтар  шегінде  және 
жұмыскерлер (олардың өкілдері) берген өкілеттіктер негізінде әрекет етеді. 
2. Ереуілді басқаратын органның: 
1)  қойылған  талаптарды  шешу  мәселелері  бойынша  жұмыс  берушімен,  жұмыс 
берушілер  бірлестігімен  (олардың  өкілдерімен),  мемлекеттік,  кәсіподақ,  өзге  де  заңды 
тұлғалармен  және  лауазымды  адамдармен  өзара  қарым-қатынастарда  жұмыскерлердің 
мүдделерін білдіруге; 
2)  жұмыс  берушіден,  жұмыс  берушілер  бірлестігінен  (олардың  өкілдерінен) 
жұмыскерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға; 
3)  жұмыскерлер  талаптарының  қаралу  барысын  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 
жариялап отыруға; 
4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға; 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау