Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет4/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

      75) тәртіптік теріс қылық - қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-
ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе 
тиісінше орындамауы; 
      76) тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және 
ӛз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты; 
      77) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі немесе одан да кӛп 
адамды зиянды және (немесе) қауіпті ӛндірістік факторлардың әсерінен бір 
мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар; 
      78) ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, 
қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы 
құқықтық акт; 
      79) үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша 
орындайтын, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс; 
      80) хабарлама - қызметкердің немесе жұмыс берушінің жазбаша ӛтініші не 
ӛзге тәсілмен (курьерлік почта, почта байланысы, факсимильді байланыс және 
электрондық почта арқылы) берілген ӛтініштер; 
      81) іссапар - жұмыс берушінің ӛкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс 
орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, 
сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта 
даярлауға жіберу. 
      2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнаулы ұғымдары 
мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда 
пайдаланылады.  
      
2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
 
      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан 
Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік 
құқықтық актілерінен тұрады. 
      2. Осы Кодексте кӛзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан 
Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен 
еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады. 
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы 
Кодекстегіден ӛзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың 
ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық 
шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, 
халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады. 
      
3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
 
             мақсаты мен міндеттері
 
      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын 
және еңбек қатынастарына тікелей байланысты ӛзге де қатынастарды еңбек 
қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы 
құқықтар мен бостандықтардың ең тӛмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған 
құқықтық реттеу болып табылады. 
      2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек 
қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық ӛсуге қол 
жеткізуге, ӛндіріс тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 
қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. 
      
4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
 
            принциптері
 


      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері: 
      1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол 
бермеу; 
      2) еңбек бостандығы; 
      3) кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар 
түрлеріне тыйым салу; 
      4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына 
құқықты қамтамасыз ету; 
      5) ӛндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің ӛмірі 
мен денсаулығының басымдығы; 
      6) еңбегі үшін жалақының ең тӛменгі мӛлшерінен кем емес, әділетті 
сыйақыға құқығын қамтамасыз ету; 
      7) тынығу құқығын қамтамасыз ету; 
      8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі; 
      9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ӛздерінің құқықтары мен 
мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету; 
      10) әлеуметтік әріптестік; 
      11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік 
реттеу; 
      12) қызметкерлер ӛкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып 
табылады. 
      
5-бап. Еңбек саласындағы қҧқықтардың шектелуіне
 
             жол бермеу
 
      Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарында 
кӛзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің де еңбек саласындағы 
құқықтарына шек қойылмайды. 
      
6-бап. Еңбек бостандығы
 
      Әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын 
кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, ӛзінің еңбекке 
қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар. 
      
7-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу
 
      1. Әркімнің де еңбек саласындағы ӛз құқықтары мен бостандығын іске 
асыруға тең мүмкіндіктері бар. 
      2. Ешкімді де ӛзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, 
жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік 
және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге кӛзқарасына, саяси сеніміне, 
руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты 
ешқандай кемсітуге болмайды. 
      3. Еңбектің осы түріне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтік және 
құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жӛнінде мемлекеттің ерекше 
қамқорлығынан туындаған ӛзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен 
шектеулер кемсітушілік болып табылмайды. 
      4. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе ӛзге 
де орындарға жүгінуге құқылы. 
      
8-бап. Мәжбҥрлі еңбекке тыйым салу
 
      Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. 
      Мәжбүрлі еңбек, мынадай жұмыстарды: 
      Қазақстан Республикасының міндетті әскери қызмет туралы заңдарына орай 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау