Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет54/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83

129 
 
тұрғын-үйін өндіру және мүліктен шығару арқылы қарызды өндіріп алу бойынша 
үкім қағаздарын  қайта шақыруды іске асыру ұсынылды
18

А.ж.  27  наурызда  ҚР  Халық  Банкінің  Басқармасы  Ипотекалық  қарыздарды 
қайта  қаржыландыру  бағдарламасына  өзгерістерді  бекітті,  солардың  шеңберінде 
халықтың  әлеуметтік  тұрғыдан  осал  топтарына  жататын  ипотекалық  қарыз 
алушыларға,  сондай-ақ  2004-2009  жылдар  мерзімінде  ипотекалық  қарыз  алған 
қарыз  алушыларға  қолдау  көрсетіледі.  Бағдарлама  шеңберінде  ипотекалық 
тұрғын-үй қарыздары/ипотекалық қарыздар, соның ішінде заңды күшіне енген  сот 
актілері бар қарыздар, қайта қаржыландырылады
19
.  
Судьялардың  және  сот  орындаушыларының  өңірлік  семинарларда  атқару 
өндірісі мәселелері бойынша баяндама жасауы сондай-ақ кепілдік мүлікті өндіріп 
алу  арқылы  екінші  деңгейлік  банктің  пайдасына  қарыз  сомасын  өндіріп  алу 
кезінде  бір  мағыналы  емес  сот  тәжірибесінде  орын  алатын  жағдайларды 
дәлелдейді
20

Осылайша,  «Казкоммерцбанк»  АҚ  пайдасына  К.-дан  қарыз  сомасын  өндіріп 
алу  туралы  атқару  өндірісі  бойынша  сот  орындаушысы  ҚР  Азаматтық  процестік 
кодексінің  246-бабы  тәртібінде  сотқа  сот  шешімін  орындау  тәсілі  мен  тәртібін 
өзгерту,  атап  айтқанда,  қарызгердің  анасының  (кепілдік  берушінің)  меншік 
құқығында  тіркелген  бір  бөлмелі  пәтер  түрінде  «Казкоммерцбанк»  АҚ-ға 
кепілдікке  берілген  мүлікті  өндіріп  алу  туралы  өтініш  берілді.  Өз  талаптарын 
негіздемесі ретінде сот орындаушысы қарызгердің иелігінде өндіріп алуға болатын 
қандай  да  бір мүліктің, соның ішінде қаражаттың жоқ екенін атады,  бұл  кезекте, 
қарызгер кепілдік шарты бойынша банкке қарызға алынған қаражатты қайтаруын 
қамтамасыз  ету  ретінде  ұсынған  кепілдік  берушінің  «Казкоммерцбанк»  АҚ-ға 
кепілдікке  берілген  мүлкі  бар.  Сот  сот  орындаушысының  талабын 
қанағаттандырды,  банктік  қарыз  бойынша  қарыз  кепілдік  берушінің  мүлкінен 
өндіріп алынды.  
Дәл сол банктің пайдасына сот шешімін орындау бойынша ұқсас жағдайда сот 
сот орындаушысының талабын қанағаттандырудан бас тартты, өйткені өндіріп алу 
қажеттілігі  туындаған  мүлік  қарызгердің  иелігінде  болмады,  атқарушы  өндірісте 
қарызгер  болып  табылмайтын  басқа  тұлғаның  (кепілдік  берушінің)  меншігінде 
болды. 
ҚР  Жоғарғы  Соты  судьяларының  кеңейтілген  мәжілісінде  әділ  сот  атқарудың 
2017  жылғы  қорытындылары  бойынша  “сот  жүйесінің  бірінші  тасы  –  әділдік, 
ұқсас істер бойынша әртүрлі шешімдерді қабылдауға болмайды” деп аталды. 
Халықтың  сот  жүйесіне  сенім  деңгейін  арттыру  мақсатында,  біздің  көз-
қарасымыз  бойынша,  қарызды  өндіріп  алу,  халықтың  әлеуметтік  тұрғыдан  осал 
топтарына  жататын  қарызгерлердің  материалдық  жағдайын  ескерумен  кепілдік  
мүлікті өндіріп алу туралы істер бойынша біркелкі сот тәжірибесін орнату керек. 
Тұрғын-үйдің  болуы  жеткілікті  тұрмыс  деңгейінің  негізгі  элементтерінің 
бірі  болып  табылады.  Азаматтарды  жалғыз  тұрғын-үйінен  шығару  әлеуметтік 
шиелініске  алып  келіп,  қоғамдағы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайға  кері  әсер 
етеді.  
                                                             
18
 
 
 


130 
 
Бұл  мәселе  2010  жылы  Қазақстанға  іссапармен  келу  қорытындылары 
бойынша  БҰҰ  жеткілікті  тұрғынжай  туралы  мәселе  бойынша  арнайы 
баяндамашысы  Р. Рольниктің ұсыныстарында да көрініс тапты.  Атап айтқанда, аз 
қамтылған  отбасылардың  өз  несиелерін  және  ипотекалық  қарыздарын  өтеуге 
қабілетсіздігімен 
байланысты 
мәжбүрлеп 
шығару 
жағдайлары 
туралы 
хабарламалар уайымдатты. Арнайы баяндамашы азаматтардың құқықтарын қорғау 
мақсатында мемлекетті тиісті шараларды қабылдауға шақырды.  
Бұл  мән-мәтінде  Елбасының  ағымдық  жылғы  қаңтарда  Қазақстан  халқына 
жолдауында  аталған,  халықтың  валюталық  ипотекалық  қарыздары  бойынша 
мәселені үзілді-кесілді шешу және  Ипотекалық  қарыздарды қайта қаржыландыру 
бағдарламасын кеңейту туралы тапсырмасы уақтылы болды. 
Судьялар  қарызды  өндіріп  алу  және  кепілдік  мүлікті  өндіріп  алу  туралы 
істер бойынша шешімді шығарғанда, әділдік қағидатын басшылыққа ала отырып, 
әрбір  жекелеген  жағдайда  жеке  тәсілді  қолдануы  тиіс,  бұл  кезекте,  олар 
қарызгерлердің  материалдық  жағдайын,  сондай-ақ  азаматтарды  жалғыз 
тұрғынжайынан  шығару  фактісіне  жол  бермеу  мақсатында  ипотекалық  қарыз 
алушыларға  қолдау  көрсету  бойынша  мемлекет  жүзеге  асыратын  шараларды 
ескеруі тиіс. 
Жоғарыда аталғанды назарға ала отырып, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл 
мен  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  соты  Төрағасының  арасындағы 
Ынтымақтастық  туралы  меморандумның  қағидаларын  басшылыққа  ала  отырып, 
Сізден  қиын  өмірлік  жағдайға  тап  болған  азаматтардың  құқықтарын  қорғау 
бойынша  сот  жүйесі  шеңберінде  шаралар  қолдану  мүмкіндігін  қарастыруды 
сұраймын.  
Қосымша: аталған өтініштер бойынша материалдардың көшірмелері ___ бетте. 
 
Құрметпен,  
Қазақстан Республикасындағы 
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл   
 
 
 
          А. Шәкіров 
 
Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Сот Төрағасы  
Ж.Қ. Асановқа 
 
Құрметті Жақып Қажманұлы! 
 
Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің жыл сайынғы Жолдауында 
2018  жылғы  5  қазанда  мемлекеттік  орнықты  дамуы  үшін  заң  үстемдігінің  маңызын 
атап, сот жүйесін ары қарай жаңғыртуға шақырды. 
Жоғарғы  Сот  пен  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  арасындағы 
Ынтымақтастық туралы екі  жақты меморандум шеңберінде  сотпен қорғалуына  және 
соттың  істі  әділ  қарауына  құқықтарына  қатысты  азаматтардан  түсетін  өтініштерге 
жүйелі талдау жасалады.  


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау