121
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
Б.Ә. Сағынтаевқа
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Ү.ж. 8 қазанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі
уәкіл ҚР Білім және ғылым министріне мектепке дейінгі мекемелердің қызметі
мәселелері жөнінде үндеу хат жолдады. Аталмыш хатты жолдау аталған
мекемелердің персоналы өз тәрбиеленушілеріне қатысты қолданатын қатігез
қарым-қатынасы бар оқиғалардың жиілеп кеткеніне байланысты еді. Бұқаралық
ақпарат құралдарындағы, соның ішінде шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарындағы бейнежазбалармен расталатын жарияланымдар, сондай-ақ
Омбудсмен мекемесіне азаматтардан келіп түскен шағымдар бұл туралы
куәландырады.
Жоғарыда көрсетілген фактілердің кең ауқымды географиялық және
мерзімді қамтуы, тәрбиеленушілерде жұқпалы аурулардың анықталуы,
балалардың сапасыз тамақтан улануы және басқа да оқиғалар уәкілетті
органның тарапынан тиіссіз бақылауы туралы куәландырады. Мұндай
қорытынды көптеген жағымсыз фактілерді жоғарыда көрсетілген органның
анықтауы арқылы емес, азаматтардың шағымдары арқылы белгілі болғанымен
расталады.
Ү.ж. 5 қазанда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында
мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуына, олардың балаларға арналған
мекемелерде лайықты мазмұнды білім алуы мен тәрбиеленуіне ерекше назарын
аударды. Көрсетілген мекемелерде қалыптасқан жағдай туралы хабардар бола
тұра, ол балабақша қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын қайта
қарауды көздейтін тиісті «жол картасын» әзірлеу туралы тапсырма берді.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, Омбудсменнің аталмыш үндеу
хатында қаралып отырған проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстар
баяндалған еді, атап айтқанда, мектепке дейінгі білім беру саласындағы
қызметіне қатысты лицензиялауды алып тастау жөнділігін жанжақты талдау
ұсынылған еді.
Сондай-ақ, уәкілетті органның берген жауабы нысаны бойынша да,
мазмұны бойынша да қоғамның айрықша қызығушылығын тудырып отырған
айтарлықтай маңызды мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органның
әзірлеген құжаты ретінде қабылдау мүмкін емес. Хатта ұсынылып отырған
ұсыныстарға қандай да реакция туындамады.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Жоғарыда баяндалғанның мәнмәтінінде
Сізді орталық мемлекеттік органдар Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеу
хаттары мен ұсынымдарын қарауының ұқсас тәжірибесі жүйелі сипатқа ие
болып жатқандығы туралы хабардар ету қажет деп санаймын.
Атап айтқанда, ү.ж. сәуір айында Үкімет атына мемлекеттік тұрғын үй
қорынан бірінші кезекте «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы
122
аналармен тұрғын үй алу құқығын іске асыруда құқықтық қақтығыстарды
болдырмау туралы үндеу хат жолданды. Бұл ретте, осы санаттағы көп балалы
аналардың пайдасына қолданыстағы сот шешімі, олардың талаптарының
негізділігі туралы куәландырады.
Сондай-ақ, аталған өтініште тұрғын үйі белгіленген санитарлық-
эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін азаматтарды
есепке қою мәселесі қозғалды. Мемлекет басшысы ү.ж. 5 қазандағы Қазақстан
халқына Жолдауында азаматтардың тұрғын үй қауіпсіздігін жеткіліксіз
қамтамасыз етілуіне және осы саладағы уәкілетті органдардың бақылауына
алаңдаушылық білдіргенін атап өткен жөн. Баяндалғанның мәнмәтінінде
жоғарыда аталған мәселе ерекше маңызға ие, өйткені жаңа тұрғын үйлерді
пайдалануға қабылдау процесіне ғана емес, сондай-ақ елдің қолданыстағы
тұрғын үй қорына да қатысты.
Осы үндеу хатқа берілген жауаптарда үлкен әлеуметтік маңызы бар
және кең қоғамдық резонанс тудыратын мәселелерді шешу бойынша негізді
ұстаным алынған жоқ. Сонымен қатар азаматтардың көптеген шағымдары
мен ұсыныстарын талдау негізінде аталған үндеу хаттар Мемлекет
басшысының қоғамды жаңғырту бойынша нұсқауларын іске асыруға
жәрдемдесуге бағытталған.
Сонымен қатар, соңғы жылдары Омбудсмен мекемесінің атқарушы
билік органдарымен тиімді өзара іс-қимылы орнағанын атап өту қажет деп
санаймын. Осының ең көрнекі мысалдары Азаптауларға қарсы ұлттық алдын
алу тетігінің форматы, балалар мен мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз
ету саласындағы ынтымақтастық болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, Сізден осы үндеу хатта
ұсынылған мәселелерді шешу үшін қажетті шаралар қабылдау және
жұртшылықты хабардар ету мақсатында қарастыруды тапсыруды сұраймын.
Қосымшалар: 1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Білім және
ғылым министріне үндеу хатының көшірмесі 8 парақта.
2. ҚР Білім және ғылым министрлігі жауабының көшірмесі 4 парақта.
3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Премьер-Министрі Б. Ә.
Сағынтаевтың атына үндеу хатының көшірмесі 8 парақта.
4. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жауабының көшірмелері 5
парақта.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
123
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен жауап
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі -
Министрлік) Сіздің балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті
шараларды қабылдауға және мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды оқыту
жағдайларына қойылатын талаптарды белгілеуге катысты, сондай-ақ «Алтын
алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналардың
мемлекеттік тұрғын үй корынан бірінші кезекті тұрғын ұй алу құқығына
қатысты хатыңызға келесіні хабарлайды.
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балаларды оқыту
жагдайларына қойылатын талаптарды белгілеу бойынша қажетті
шараларды қабылдауга қатысты.
Ұлттык білім беру деректер корының алдын ала деректері бойынша 2018
жылғы 1 казандағы жағдай бойынша республикада 10314 мектепке дейінгі
ұйым (880,8 мың бала) жұмыс істейді, оның ішінде 6567 мемлекеттік, 3749
жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар.
КР ПЭ 2011 жылғы 11 мамырдағы №01-38.61 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің
кеңейтілген отырысының 2011 жылғы 17 сәуірдегі № 01-7 хаттамасының 10.1-
тармағын орындау үшін мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін лицензиялау
рәсімі жойылды және хабарлама тәртібіне ауыстырылды (Қазақстан
Республикасының "Білім туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар
туралы " Заңдарына өзгерістер енгізілді).
Лицензиялау процедурасының күшін жою бизнес-ахуалды жақсарту және
әкімшілік кедергілерді жою есебінен мектепке дейінгі ұйымдар санының
артуына ыкпал етті.
Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру саласындағы кызметті
лицензиялауды кайта бастау мезгілсіз деп санаймыз.
КР «Білім туралы» Заңының 51-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң) мектепке
дейінгі ұйымдардың педагогтарында бейіндік білімі болуы тиіс.
Казіргі уакытта мектепке дейінгі ұйымдарда 71,9 мың педагог жұмыс
істейді, олардың 58,2% - ы ғана мектепке дейінгі базалық білім алды (41,8 мың
адам).
Осы мәселені шешу үшін Министрлік Заңның 51-бабына педагогикалық
немесе мектепке дейінгі білімі бар педагогтерді мектепке дейінгі ұйымдарда
жұмысқа жіберу бойынша өзгерістер енгізу жұмыстарын бастады.
Сонымен катар, Елбасының 2018 жылғы 5 казандағы Қазақстан халкына
Жолдауында (бұдан әрі - Жолдау) мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру
бойынша тапсырмасын орындау мақсатында (ҚР БҒМ 2018 жылғы 27
Достарыңызбен бөлісу: |