118
Аталмыш өзгерістер уәкілетті органдардың қажетті қорытындыларын
берудің нақты тәртібін белгілейді.
Үкіметтің берген жауабынан жергілікті атқарушы органдарға аталған
өзгерістерді қолдану туралы нұсқаулар ү.ж. сәуірінде ғана жолданды делінген.
Алайда, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің азаматтардың
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою
бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізген мониторингісі
көрсетілген органдар жоғарыда аталған нормативтік өзгерістер туралы
ақпараттандырылмағанын,
және
тиісінше
тұрғынжайы
белгіленген
санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін
азаматтарды есепке қоюдан бас тартып отырғандарын көрсетті.
Бізге келіп жатқан азаматтардың арыздары аталмыш салада жоғарыда
көрсетілген
органдардың
құқық
қолданушы
практикасында
нақты
нұсқаулардың жоқтығы туралы куәландырады.
Аталмыш факт туралы Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау басқармасының 2018 жылғы 30 мамырдағы хаты куәландырады (Астана
қаласының Тұрғын үй басқармасының қайта ұйымдастырылуына байланысты
оның құзыретіне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге есепке қою және
үйлестіру мәселелері кіреді), оған сәйкес «қазіргі уақытта жоғарыда аталған
қорытындыны беру бойынша уәкілетті орган еш нормативтік нормативтік
актімен белгіленбеген» (санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды).
Бұл жағдай басқа аумақтық уәкілетті органдарды сұрастыру кезінде
расталды.
Осылайша, Үкіметтен алынған жауаптарда азаматтардың арыздарын
пәнді қарау және айтарлықтай маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша тиісті
шараларды қабылдау туралы ақпаратты қамтымады.
Омбудсмен
мекемесінің
үндеулері
мен
ұсынымдары
Ұлт
Көшбасшысының
оның
Қазақстан
халқына
Жолдауында
қойылған
тапсырмаларын іске асыру жарығында тұрақты негізде құқық қорғау
мониторингісін жүргізу барысында алынатын ақпаратты мұқият талдаудың
нәтижесі болып табылады.
Жоғарыда баяндалғанды назарға ала отырып, құрметті Бақытжан
Әбдірұлы, қажетті шараларды қабылдау мақсатында үндеу хатта қозғалған
мәселелерді қосымша қарауды туралы тапсырысыңызды беруді сұраймын.
Қосымша: мәтін бойынша 16 парақта.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
119
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министр
Кеңсесінің Басшысы
Н.Ш. Алдабергеновке
Құрметті Нұрлан Шәдібекұлы!
2018 жылғы 1 наурызда Омбудсменнің мекемесінен ҚР Денсаулық сақтау
министрлігіне халыққа тегін, кепілді медициналық көмектің шеңберінде
ұсынылатын дәрі-дәрмекпен жеткіліксіз және дер кезінде қамсыздандыруына
байланысты шаралар қабылдау туралы үндеу хат жолданған еді.
Қалыптасқан жағдайды бақылауға алу мақсатында сондай-ақ ҚР Бас
Прокурорына осы мәселені прокурорлық қадағалау тұрғысында қарау туралы
үндеу хатын жіберілді.
Профильдік ведомствоның 2018 жылғы амбулаториялық және
стационарлық қамтамасыздандыруға дәрі-дәрмектің сатып алу сомасы 191,7
млрд. теңгеден асатыны, яғни мәлімделген қажеттіліктің 90%-на сай келетіні
және оның 75%-ы аймақтарға жеткізілгені жайлы мәлімдегеніне қарамастан,
ұлттық құқық қорғау мекемесіне азаматтардың тиісті дәрі-дәрмектерінің
алмауы жайлы өтініштері әлі де келіп түсуде.
Осы орайда «Қазақстан мүгедектер қауымдастығы-гемофилияға
шалдыққандар» ҚБ-тің өтініш хаты аса алаңдау тудырды. Ол өтініште
емделушілердің әлсіз санатына жататын тұлғалар, яғни гемофилияға ұшыраған
жандар, қазіргі таңға дейін өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмекпен
камсыздандырылмағаны жайлы мәлімденеді.
Қауымдастықтың мәлімдеуінше, осы жылдың 1 маусым күні осы
өтініштер іспеттес өтініштер Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Солтүстік
Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келіп түсті.
Гемофилияға ұшыраған жандардың емі үздіксіз болуына байланысты
және әлдебір қысқамерзімді емнің тоқтатылуы түзелмейтін зардаптарға, тіпті
өлімге әкеп соқтыруы мүмкін екендігіне байланысты, қысқа мерзім аралығында
тиісті дәрі-дәрмекпен қамтамасыздандыру жайлы шұғыл түрде шаралардың
қолдану маңызды деп санаймыз.
Сонымен қатар, қаралып жатқан тематиканы зерттеу арқылы және
мүгедектер қауымдастығы-гемофилияға шалдыққандар қоғамдық бірлестігінің
13 маусым күні өткен баспасөз конференция барысында осы тақырыпта кең
аспектіде бойлаған жүйелік мәселелер бар екені анықталды.
Аталмыш ұйымның мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда
«гемофилия» диагнозы бар 1273 науқас есепте тұр (841 – ересек адамдар, 432 -
балалар), оларға салалық мамандар – гематологтардың орнына учаскелік
терапевттер медициналық қызмет көрсетіп жатыр. Терапевтте осы салада
қажетті білім мен біліктіліктің жоқтығы осы санаттағы науқастарды кәсіби емес
емдеуге, сондай-ақ елдің өңірлерінде дәрі-дәрмектік препараттарға қажеттілігін
қате құруға әкеліп отыр.
120
Гемофилияға ұшыраған науқастар гематологтың ғана емес, сондай-ақ тіс
дәрігерлерінің,
хирургтердің,
травматологтардың,
нейрохирургтердің,
психологтардың салалық мамандандырылған көмегіне зәру. Аталған баспасөз
конференция барысында гемофилиямен ауыратын балалардың ата-аналары
салалық мамандардың олардың балаларын емдеуден бас тартқандығы жайлы да
мәлімдеген еді.
Аталмыш мәнмәтінде республикалық мамандандырылған мекеме құру
маңызды деп көрінеді, ол ерте кезден ауруды диагностикалау, емдеу,
профилактика,
науқастарды
оңалтуды,
сондай-ақ
гемофилиямен
науқастанғандарды бірыңғай орталықтан есепке алуды, олардың дәрі-дәрмектік
препараттарға, стационарлық және амбулаторлық емдеуге объективті
қажеттілігін жүргізуді жүзеге асырар еді.
Қазақстаннан ерекше, ұқсас мекемелер дамыған елдерде ғана емес, Ресей
Федерациясы мен Өзбекістанда қызмет атқарады. Мысалы, Ресейде
Гематологияның Ұлттық медициналық зерттеу орталығында жыл сайын
4000-нан астам гемобластозамен және қанның басқа ауруларымен ауыратын
науқастар ем алады, 1000-нан астам оталар жасалады. 28 ғылыми-клиникалық
және клиникалық-диагностикалық бөлімшелер, соның ішінде ғылыми-
клиникалық зертханалар, инструментальды және сәулелік диагностиканың
бөлімдері, науқастарға арналған күндізгі стационарлар, амбулаторлық-
емханалық консультативтік қызмет, мамандандырылған, соның ішінде жоғары
технологиялық медициналық көмек көрсету үшін 270 орынға арналған
стационар бар.
Өзбекістанның Гемофилия орталығында диспансеризация бойынша
шаралар, емдеудің ортопедиялық әдістері мен оңалту іс-шаралар өткізіледі.
Емдеу амбулаторлық және стационарлық жағдайларда жүзеге асырылады.
Емдеудің физиотерапевтік әдістер зақымдалған буындарды тез қалпына
келтіріп, ерте мүгедектікті алдын алуға септігін тигізіп отыр.
Гемофилия анағұрлым күрделі, емделмейтін, генетикалық аурулардың
бірі және қиын салдарға ие бола тұра, Қазақстанда бекітілген Әлеуметтік
маңызы бар аурулар тізіміне кірмейтіні алаңдатушылықты тудыруда. Белгілі
болғандай, аталмыш аурулар күшейтілген қадағалауды, диагностика мен
үздіксіз дәрілік қамсыздандырудың қосымша шараларын қажет етеді.
Баяндалғанды
назарға
ала
отырып,
Қазақстан
Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 21-тармағын басшылыққа
ала отырып, Үкіметті аталмыш үндеу хатта көтерілген проблемаларды қарап,
оларды шешуге ықпалдасуды сұраймын.
Құрметпен,
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
Достарыңызбен бөлісу: |