Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет47/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83

111 
 
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министр 
Кеңсесінің Басшысы 
Н.Ш. Алдабергеновке 
 
 
Құрметті Нұрлан Шәдібекұлы! 
 
Әлеуметтік  осал  топтарды,  ең  алдымен  лайықты  тұрғын  үймен 
қамтамасыз 
ету 
мәселесі, 
Қазақстан 
Республикасы 
Президенті                               
Н.Ә.  Назарбаевтың  бағдарламалық  құжаттарында  маңызды  орын  алады.  Осы 
міндетті  іске  асыру  мақсатында  мемлекеттік  тұрғын  үй  қоры  шеңберінде, 
аталған санаттағы азаматтарға тұрғын үй белгіленген тәртіппен беріледі. 
Сонымен  қатар,  Адам  құқықтары  жөніндегі  уәкіл  мекемесіне 
азаматтардың  тұрғын  үй  құқықтарының  бұзылуына  қатысты  келіп  түсетін 
шағымдары  бұл  құқықтардың  жүзеге  асырылуына  кедергі  келтіретін 
факторлардың бар екендігін дәлелдейді. 
Қолданыстағы  заңнамамен  «Алтын  алқа»  белгісімен  марапатталған 
немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналарға нақты әлеуметтік 
кепілдіктер  қарастырылған.  Атап  айтқанда,  1995  жылғы  12  желтоқсандағы 
Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттiк  наградалары  туралы»  Заңының  
36-бабына  сәйкес,  аталмыш  көп  балалы  аналар  санаты  белгіленген  нормалар 
бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. 
Сонымен  қатар,  1997  жылғы  16  сәуірдегі  Қазақстан  Республикасының 
«Тұрғын  үй  қатынастары  туралы»  Заңының  74-бабына  сәйкес,  мемлекеттік 
тұрғын  үй  қорынан  Ұлы  Отан  соғысының  мүгедектері  мен  қатысушылары, 
жетiм  балалар,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  тұрғын  үйді 
алуға құқылы. 
Аталмыш  заңға  сәйкес,  «Алтын  алқа»  алқасымен  марапатталған  көп 
балалы  аналар  мемлекеттік  тұрғын  үй  қорынан  тұрғын  үйге  тек  көпбалалы 
отбасылар  санаты  бойынша  ғана  үміткер  бола  алады,  бұл  жоғарыда  аталған 
заңдардың нормалары арасында заңды қайшылықтың бар екендігін көрсетеді. 
Бұл заңды қайшылықты Астана қаласының прокуратурасы растап, алайда 
бұл,  Қазақстан  Республикасының  «Құқықтық  актілер  туралы»  Заңының  
12-бабына 
сәйкес,
 
бір  деңгейдегі  нормативтік  құқықтық  актілердің 
нормаларында  қайшылықтар  болған  кезде  қолданысқа  кешірек  енгізілген  акт 
нормалары  қолданылатынын  түсіндірді.  Осыған  байланысты  азаматтарды 
тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  тәртібімен  байланысты  құқықтық  қатынастар 
«Тұрғын  үй  қатынастары  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының                    
74-бабының ережелерімен реттеледі. 
Қазіргі  ахуал,  көптеген  балалары  бар  аналармен  бірінші  кезектегі 
тәртіппен  тұрғын  үй  алу  құқығын  іске  асырылуында  сөзсіз  екімәнділікті 
қалыптастырады,  өйткені  жергілікті  атқарушы  органдардың  осындай  құқықты 


112 
 
беруден  бас  тартумен  келіспейтіндіктерін  білдіретіндіктен,  олар  өздерінің 
мүдделеріне заң жүзінде бекітілген нормаларын басшылыққа алады. 
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып,  осы  мәселе  бойынша 
заңнаманың нормаларын жан-жақты талдау негізінде тиісті сәйкестікте келтіру 
қажет. 
Тұрғын  үй  қатынастары  саласындағы  тағы  бір  маңызды  мәселе, 
санитарлық-эпидемиологиялық  және  техникалық  талаптарға  сай  емес  тұрғын 
үйлер, азаматтарды есепке қоюдың айқын тетігінің жоқтығы болып табылады. 
Қазақстан  Республикасы  «Тұрғын  үй  қатынастары  туралы»  Заңының  
69-бабына  сәйкес,  тұрақты  пайдалануында  коммуналдық  тұрғын  үй  қорынан 
берілген  тұрғынжайы  жоқ  Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  егер 
өздерінің 
тұрып 
жатқан 
тұрғынжайы 
белгіленген 
санитариялық-
эпидемиологиялық  және  техникалық  талаптарға  сай  келмесе,  мемлекеттік 
тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады. 
Сонымен  қатар,  біздің  сұранымызға  аталмыш  тәртіппен  жауап  берілген 
Астана  қаласы  әкімдігінің  ақпаратына  сәйкес,  тұрғын  үйдің  жоғарыда 
көрсетілген  талаптарға  сай  келмеуі/сәйкестігін  растайтын  куәлікті  беру 
бойынша  осы  уақытқа  дейін  уәкілетті  орган  бірде-бір  нормативтік  актімен 
айқындалмады. 
Бұл,  «Тұрғын  үй  қатынастары  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
Заңында  нақты  нормасы  бар  кезінде  оны  іске  асыру  тетігі  ұзақ  уақыт  бойы 
болмағандығын білдіреді. 
Осы  жағдайларға  байланысты,  Омбудсмен  мекемесімен  Қазақстан 
Республикасының  Инвестициялар  және  даму  министрлігімен  аталған 
олқылықты  толықтыру  бойынша  жұмыс  жүргізілді.  Атқарылған  жұмыстың 
нәтижесінде,  ҚР  Үкіметінің  2012  жылғы  26  маусымдағы  қаулысымен 
бекітілген,  мемлекеттік  тұрғын  үй  қорынан  тұрғын  үйге  немесе  жеке  меншік 
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған үйге мұқтаж Қазақстан 
Республикасының  азаматтарын  тіркеу  ережесіне  ҚР  Үкіметінің  2017  жылғы  
17 ақпандағы қаулысымен өзгерістер енгізілді. 
Бұл  өзгерістер  қажетті  қорытындылар  берудің  келесі  тәртібін  белгілейді: 
1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті 
органның  аумақтық  бөлімшесі  тұрғын  үйге  арналған  санитарлық-
эпидемиологиялық  қорытындының  түпнұсқасы  беріледі;  2)  тұрғын  үйді 
техникалық  байқаудан  өткізудің  нәтижелері  бойынша  сәулет,  қала  құрылысы 
және  құрылыс  қызметі  саласындағы  сертификатталған  сарапшымен  тұрғын 
үйге техникалық қорытындының түпнұсқасы беріледі. 
Алайда,  Адам  құқықтары  жөніндегі  уәкіл  мекемесінің  мемлекеттік 
тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу бойынша жергілікті 
атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген келесі мониторингі, бұл органдар 
жоғарыда  аталған  нормативті  өзгерістер  туралы  хабарланбағанын  және 
тиісінше,  олардың  тұрғындары  белгіленген  санитарлық-эпидемиологиялық 
және  техникалық  талаптарға  сәйкес  келмейтін  жағдайларда  азаматтарды 
тіркеуден бас тартатынын көрсетті. 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау