Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет46/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83

109 
 
БҰҰ-ның  Мүгедектер  құқықтары  туралы  конвенциясын  имплементтеу 
шеңберінде  және  тұpғын  үй  және  азаматтық  құрылысты  олар  үшін  бейімдеу 
мақсатында  Үкімет  аталған  обьектілерді  тек  қана  тапсыру  кезеңінде  емес, 
сондай-ақ,  жобалаған  кезде  қоғамдық  бақылауды  кеңейту  туралы 
Омбудсменнің ұсыныстарымен келісті. 
Сондай-ақ,  көліктік  инфрақұрылым  нысаналарына  мүгедектігі  бар 
адамдардың барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін  Инвестициялар және 
даму  министрлігімен  аталған  тұлғаларды  әуе  арқылы  тасымалдау  ережелерін 
жеңілдететін нормативтік акт әзірленді.  
Соңғы  жылдары  алименттерді  өндіріп  алу  проблемасы  жаппай  өpic 
алғандықтан,  Бас  прокуратураға  «Неке  және  отбасы  туралы»  ҚР  Кодексіне, 
Азаматтық  іс  жүргізу  кодексіне  және  «Атқарушылық  іс  жургізу  және  сот 
орындаушыларының  мәpтeбeci  туралы»  ҚР  Заңына  нақты  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары бар үндеу жіберілді. 
Қазіргі уақытта жаһандық құқық қорғау күн тәртібінде ерекше назар егде 
жастағы  адамдардьң  құқықтарын  қорғауға  аударылғанын  ескере  отырып, 
Үкіметке  егде  жастағы  адамдардың  құқықтарын  іске  асыру  кезінде  біздің 
отандастарымыздың  аталмыш  санатының  жекелеген  құқықтық  мәртебесін 
анықтайтын жүйеленген нормативтік құқықтық актіні әзірлеу туралы меселесін 
қарау ұсынылған еді. 
Еңбек  заңнамасында  зейнеткерлік  жастағы  адамдар  үшін  жұмыспен 
қамту  және  кәсіптік  бағдар  беру  тетіктерінің  жоқтығына  олардың  кәсіби 
тәжірибесі  мен    зияткерлік  әлеуетін  пайдалануды  көздейтін  тиісті  шаралар 
ұсынылған еді. 
Қолданыстағы  екі  жақты  ынтымақтастық  туралы  меморандумға  сәйкес, 
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасына азаматтардың әділ сот ісін жүргізу және сот 
төрелігіне  қолжетімділікке  қатысты  құқықтарының  бұзылуы  туралы, 
Омбудсмен  атына  түсіп  жатқан  шағымдардың  талдауы  негізінде  жинақталған 
ақпарат жіберілді. 
Мемлекеттік  органдар  мен  азаматтық  қоғамның  тиімді  өзара 
әрекеттесуіне  ықпалдасудың  маңызды  құралы  Адам  құқықтары  жөніндегі 
уәкілдің  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Құқықтық  саясат 
жөніндегі кеңестің жұмысына қатысуы болып табылады. 
Азаматтық қоғам институттарымен жүргізілген өзара іс-қимыл бірлескен 
жобалар  мен  адам  құқықтарын  қорғау  саласындағы  ең  маңызды  бағыттар 
шеңберінде жүзеге асырылды. 
2017  жылы  Адам  құқықтары  жөніндегі  уәкіл  мен  оның  өкілдері  183 
ұлттық және 48 халықаралық іс-шараға қатысты. 
Есеп беру жылы ұлттық құқық қорғау мекемесі бірқатар халықаралық іс-
шараларды өткізудің бастамашысы болды.  
Алғаш 
рет 
посткеңестік 
кеңістікте 
Ұлттық 
құқық 
қорғау 
институттарының  Азиялық-Тынық  мұхиттық  форумымен  бірлесіп  құқық 
қорғау  институттарының  әлеуеті  мен  тиімділігін  нығайту  мәселелері  бойынша 
халықаралық семинар өткізілді. 


110 
 
Еуропалық  одақ  өкілдігінің,    БҰҰ  Адам  құқықтары  жөніндегі  Жоғарғы 
комиссары 
Басқармасының, 
БҰҰ 
Даму 
бағдарламасының, 
ЕҚЫҰ 
Бағдарламалары  Офисінің  қолдауымен,  кең  ауқымды  шетел  сарапшыларының 
қатысуымен  «Азаптаулардың  алдын  алу:  қазақстандық  және  халықаралық 
тәжірибе» атты Ұлттық алдын алу тетігінің бірінші Форумы өткізілді. 
Орталық-азиялық  ынтымақтастықты  дамыту  туралы  Қазакстанның 
бастамасы мәнмәтініде есепті жылдың қараша айында Алматы қаласында БҰҰ 
өңірлік  құрылымдарының  қолдауымен  өзекті  құқық  қорғау  мәселелер  аясында 
өңірлік өзара әрекеттесу алаңын құру туралы келісімге қол жеткізілген Орталық 
Азия елдері омбудсмендерінің кездесуі бастама алды. 
Страсбургтегі  Еуропа  Кеңесінің  штаб-пәтеріне  және  Женевадағы  БҰҰ 
құқық  қорғау  құрылымдарына  жұмыс  сапарлары  аясында,  сондай-ақ  шетелдік 
әріптестермен 
кездесулер 
барысында 
Қазақстандағы 
конституциялық 
реформаның  негізгі  жағдайлары  мен  Сіз  бастамашылық  еткен  мемлекет  пен 
қоғамды  жаңғыртуға  бағытталған  ауқымды  бағдарламалары  туралы 
ақпараттандырдым. 
Омбудсмен  мекемесінің  қызметі,  бұқаралық  ақпарат  құралдарында, 
республикалық  баспасөзде,  радио  мен  теледидарда,  оның  ішінде  орталық 
коммуникациялар қызметінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенді көрініс 
тапты.  Есепті  кезеңде  ресми  сайтта  65  баспасөз-айғақ,  тоқсан  сайынғы 
бюллетеньдер,  ҰАТ  жинақталған  баяндамасы  және  Омбудсменнің  жылдық 
есебі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған еді.  
Жалпы,  2017  жылы  жүргізілген  жұмысты  талдау  ұлттық  құқық  қорғау 
институтының  мемлекеттік  органдар  мен  азаматтық  қоғамдастықпен  өзара 
әрекеттесу деңгейінің, аталмыш үдерістегі оның медиаторлық рөлінің, сондай-
ақ  азаматтардың  тарапынан  оған  деген  сенімділіктің  артқаны  туралы 
куәландырады. 
Белсенді  халықаралық  қызмет  Қазақстанның  ауқымды  сыртқы  саяси 
жетістіктерімен  және  халықаралық сахнада  оның  беделінің  нығаюымен  сәйкес 
келді. 
Ұлттық  құқықтық  қорғау  мекемесі  азаматтардың  негізгі  құқықтары  мен 
бостандықтарын 
қамтамасыз  ету 
және  Қазақстан  Республикасының 
халықаралық-құқықтық  міндеттемелерін  орындау  бойынша  мемлекеттік 
саясатты іске асыруға әрі қарай жәрдемдесуін жалғастырады. 
 
 
Құрметпен, 
Адам құқықтары 
жөніндегі уәкіл   
 
 
 
 
 
 
 
А. Шәкіров 
 
 
 
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау