Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет58/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   83

137 
 
2018 жылғы 27 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз-
конференциясында 
Шығыс 
Қазақстан 
облысы 
денсаулық 
сақтау 
басқармасының басшысы күрделі әрі шиеленіскен логистика жүйесінің дәрілік 
заттарды уақтылы емес жеткізуі мәселесін түсіндірді.   
Шығыс  Қазақстан  облысы  денсаулық  сақтау  басқармасының  басшысы 
Ratel.kz  интенер-сайтында  берген  сұхбатында 
«СК-Фармация»  тендер 
процедураларын  өткізу  кезінде  орын  алатын  мәселелерді  атады,  бұл 
амбулаториялық  онкологиялық  сырқаттар  үшін  дәрілік  заттарды  жеткізумен 
қиян жағдайға алып келеді. 
Омбудсмен  Денсаулық  сақтау  министріне  жолдаған  хатында  жергілікті 
атқарушы органдардың бұл процестегі жауапкершілігі мәселесін жеке қозғады, 
өйткені  «Халықтың  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы»  ҚР 
Кодексіне  сәйкес  жергілікті  атқарушы  органдарға  азаматтарды  дәрілік 
заттармен қамтамасыз етуге жауапкершілік жүктелген. 
Аталған  жағдайлар  мән-мәтінінде  «Прокуратура  туралы»  ҚР  Заңына  (6-
бабының  4-тармағы)  сәйкес  халықтың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 
қайтымсыз  салдардан,  адамдардың  денсаулығын  қорғау  мақсатында 
мемлекеттік  және  өзге  органдар  мен  мекемелердің,    сондай-ақ  лауазымдық 
тұлғалардың  қызметіне  қадағалау  тәртібінде  тексеріс  өткізу  нысаналы  болып 
саналады.  Ауыр  сырқаттардың  дәрі-дәрмекті  қабылдауды  қысқа  мерзімге 
тоқтатудың өзі аталған салдарға алып келуі мүмкін.   
Жоғарыда  аталғанды,  сондай-ақ  халықты  дәрілік  заттармен  қамтамасыз 
етуге  қатысты  қылмыстық  тергеудің  жүзеге  асырылып  жатқанын  назарға  ала 
отырып,  Сізден  осы  үндеуде  аталған  мәселелерді  Бас  прокуратураның 
бақылауына алуды сұраймын.  
Қосымша:  ҚР  Денсаулық  сақтау  министрі  Е.А.Биртановқа  01.03.2018ж. 
жолданған хаттың көшірмесі 2 бетте. 
Құрметпен, 
Қазақстан Республикасындағы  
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл 
 
 
 
 
А. Шәкіров 
 
2. Ұсыныстар 
 
Қазақстан 
Республикасы 
Денсаулық сақтау министрі 
Е.А. Биртановқа 
 
Құрметті Елжан Амантайұлы! 
 
Тегін  және  жеңілдікпен  дәрілік  қамсыздандырудың  қолда  бар  жүйесін 
жетілдіруді  қарастыратын  тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген 


138 
 
көлемінің  жаңа  моделін  құру  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауында аталған басымдықтардың бірі болып табылады.  
Бұл  мән-мәтінде  2017  жылғы  қарашада  Елбасы  Сізге  халықты  дәрілік 
заттармен уақтылы қамтамасыз ету бөлігінде пәндік тапсырма берді.   
Сол  жылдың  желтоқсанында  Үкімет  отырысында  дәрілерді  жеткізіле 
басталуының  нақты  мерзімдері  анықталды    –  2018  жылғы  15  ақпаннан  10 
наурызға дейін, орталық атқару органының бұл мәселені көз жазбай бақылауын 
дәлелдейді.  
Сонымен  бірге,  тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемі 
шеңберінде  халықты  дәрілік  заттармен  уақтылы  және  жеткілікті  қамтамасыз 
етпеу  мәселесі  қазіргі  уақытта  өте  күрделі  сипатқа  ие  болды,  бұны  бұқаралық 
ақпарат  құралдарындағы  жариялымдар,  азаматтардың  әлденеше  рет 
шағымдары растайды.  
2018 жылдың басынан пациенттердің ерекше осал санаты, атап айтқанда, 
онкологиялық  аурулармен,  эпилепсиямен,  қант  диабетімен,  гемофилиямен 
ауыратын  тұлғалар  емханалар  мен  дәріханаларда  қажетті  дәрі-дәрмектердің 
болмауына  тап  болды  деген  факт  ерекше  уайымдатады.  Жекелеген  өңірлерде 
бұл  дәрілік  заттар  бар,  бірақ  онкологиялық  ауруханаларда  және  емханаларда 
шектеулі саны ғана.Қалыптасқан жағдайдың бюджеттік қаражатты үнемдеумен 
өзара  байланысы  туралы  азаматтардың  болжамдары  ерекше  уайым  тудырады, 
өйткені бұның ешқандай негіздемелері жоқ.  
Ағымдық  жылғы  28  ақпанда  өткен  Денсаулық  сақтау  министрлігінің 
кеңейтілген  алқасы  барысында  сырқаттарға  жеңілдікпен  дәрі-дәрмектер  беру 
тәртібін  бұзудың  ықтимал  фактілері  туралы  ақпарат  айтылды,  сондай-ақ 
жағдайды өзгерту үшін сәуірдің аяғына дейінгі мерзім анықталды.   
Сонымен  бірге,  жоғарыда  аталған  пациенттердің  емдеу  курсы  ұзақ  әрі 
үздіксіз  сипатқа  ие  екенін  айтудың  қажеттілігі  жоқ,  бұл  кезекте,  дәрілерді 
қабылдауды тіпті қысқа мерзімге үзу түзелмейтін салдарға алып келуі мүмкін.   
Осыған  байланысты,  Денсаулық  сақтау  министрлігі  белгіленген 
тексерістердің 
қорытындыларын 
күтпей, 
дәрілік 
заттардың 
қорын 
толықтыруды  кідірмей  қамтамасыз  етуі  және  жоғарыда  аталған  пациенттер 
санатының емдеу процесін қалпына келтіруі маңызды болып табылады.  
Жоғарыда  аталғанға  байланысты,  «Халықтың  денсаулығы  және 
денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы»  ҚР  Кодексіне  сәйкес  Үкімет  алдында  тегін 
медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемі  шеңберінде  дәрілік  заттармен 
қамтамасыз  етуге  жауапкершілік  жүктелген  бұл  міндетті  жергілікті  атқару 
органдарының жүзеге асыруына бастамашылық ету қажетті болып табылады. 
Қарастыруыңызды және қажетті шараларды қабылдауыңызды сұраймын. 
 
Құрметпен, 
Қазақстан Республикасындағы  
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл   
 
 
 
          А. Шәкіров 
 


139 
 
 
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен жауап  
 
Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  министрлігі  азаматтарды 
тегін  дәрілік  заттармен  қамтамасыз  етуге  қатысты  хатыңызды  қарап,  келесіні 
хабарлайды. 
2017  жылы  амбулаторлық-дәрілік  қамсыздандыруға  (бұдан  әрі  –  АДҚ) 
жергілікті  және  республикалық  бюджеттен  101  млрд.  теңге  бөлінді  (РБ  56,4 
млрд.теңге, ЖБ 45,4 млрд.теңге). 
2018  жылғы  1  қаңтардан  бастап  АДҚ  бойынша  бүкіл  сатып  алу 
орталықтандырылды (2017 жылғы 30 маусымдағы «Халықтың денсаулығы және 
денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске енгізілген өзгертулерге сәйкес)және 
РБ-тен  128  млрд.  теңге  бөлінді,  бұл  алдыңғы  жылмен  салыстырғанда  20%-ға 
артық. 
Алайда,  2017  жылғы  қазанда  2018  жылға  дәрілерге  қажеттілік  көлемін 
нақтылағанда,  Бірыңғай  дистрибьютор  (бұдан  әрі  –  БД)  сатып  алар  алдында 
өңірлер  шамамен  180  млрд.  теңге,  яғни  республикалық  бюджеттен  бөлінген 
қаражаттан  50  млрд.  теңгеге  артықсоманы  атады.  Бұндай  жағдай  алдыңғы 
жылдарда  жергілікті  бюджеттен  АДҚ  толық  қаржыландырылмағанына 
байланысты қалыптасты. 
Осыған  байланысты,  Министрлік  ағымдық  жылы  АДҚ  қосымша  қаражат 
бөлу  мүмкіндігіне  қатысты  мәселені  2018  жылға  арналған  республикалық 
бюджетті нақтылау шеңберінде Үкіметтің қарауына шығарады. 
Сонымен  бірге,  амбулаторлық  дәрілік  қамсыздандыруды  орталықтандыру 
және  2017  жылғы  қарашада  нормативтік-құқықтық  актілерге  тиісті  енгізілген 
өзгерістер тендер процедураларының кеш өткізілуіне алып келді. 
Осыған  байланысты,  Министрлік  барлық  өңірлік  денсаулық  сақтау 
басқармаларын  2018  жылғы  қаңтар-ақпан  кезеңіне  дәрілер  қорын  қалыптастыру 
қажеттілігі 
туралы 
алдын 
ала 
(2017 
жылғы 
қыркүйектен 
бастап) 
ақпараттандырды.  Бұл  үшін  5,4  млрд.теңге  мөлшерінде  республикалық 
бюджеттен қаражат қосымша бөлінді. 
Алайда,  кейбір  өңірлерде  сатып  алынған  дәрілік  заттар  пациенттерге  2017 
жылдың  соңында-ақ  берілді,  соның  нәтижесінде  бірқатар  өңірлердің 
медициналық  ұйымдарында  дәрілер  қоры  2018  жылғы  қаңтар-ақпан  кезеңінде 
толық көлемде болмады. 
Министрліктің  ақпараты  бойынша,  өткен  жылдың  соңында-ақ  өңірлерде 
дәрілік қамсыздандырудағы кідіріске шағымдар түсе бастады, осыған байланысты 
Министрлік  азаматтардың  арасында  дәрі-дәрмектермен  толық  қамтамасыз  ету 
фактісін  анықтау  бойынша  жұмысты  бастады.Басқа  бұзушылықтардың  ішінде 
пациенттердің  тегін  дәрілік  заттарды  алуы  туралы  хат  алмасудың  жеке 
жағдайлары  анықталды.  Анықталған  бұзушылықтардың  қорытындылары 
бойынша  медициналық  ұйымдардың  басшыларына  әкімшілік  және  тәртіптік 
жауапкершілік шаралары қабылданылып жатыр.  


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау