Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет82/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83

188 
 
Диалогтық алаң қатысушылары әзірлеген мүгедектігі бар адамдардың 
құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар  
Әуе көлікке қолжетімділік мәселесі бойынша 
 
1)  мүгедектігі  бар  адамдарға  қосымша  ақы  алмай,  әуежай  ғимаратына 
келгеннен  бастап  кеткенге  дейін  жәрдемдесу  (тіркелудің,  төлқұжат 
бақылауынан  өтудіңбарлық кезеңдерінде,  әуе  көлігінің бортына  мінгенде,  ұшу 
барысында сүйемелдеу және көмек көрсету); 
 
2) әуежай ғимараттарын, әуе кемесін мүгедектігі бар адамдардың барлық 
санаттарына  қолжетімділікті  қамтамасыз  ететін техникалық құралдармен  және 
құрылғылармен жабдықтау; 
 
3)  әуе  компаниялардың  тарапынан  мүгедектігі  бар  жолаушының  ұщу 
кезінде  болуы  ықтимал  денсаулыққа  зиян  келтіру  немесе  өлім  үшін  өзіне 
жауапкершілікті алуы туралы құжаттарға қол қою талаптарын белгілеуіне жол 
бермеу; 
 
4) 
әуежай,  әуе  кемелерінің  қызметкерелерін  мүгедектігі  бар 
жолаушыларға қызмет көрсету бойынша жүйелі оқыту. 
 
 
Мүгедектігі 
бар 
адамдардың 
инфрақұрылым 
объектілеріне 
қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша 
 
1)  ҚР  ҚНжҚ  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  саласындағы 
халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру; 
 
2)  жаңа  объектілерді  салу,  сондай-ақ  әрекет  ететін  объектілерді  жөндеу 
және  қайта  құру  сәулет-жобалық  құжаттаманы  қарау  жөніндегі  комиссияға 
әлеуметтік ортаның, мүгедектігі бар адамдар ұйымдарының өкілдерін қосу; 
 
3)  әртүрлі  мүгедектік  санатының  тұлғалары  үшін  кедергісіз  ортаны  құру 
бойынша  инфрақұрылым  объектілеріне  сәулет-құрылыс  бақылау  тетігінің 
тиімділігі  мақсатында  «Қазақстан  Республикасындағы  сәулет,  қала  құрылы 
және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына облыс, республикалық маңызы бар 
қала,  астананың  жұмыспен  қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар  және  мүгедектігі 
бар  адамдар  ұйымдары  саласындағы  жергілік  атқарушы  органдары  өкілдеріне 
бұл процеске қатысу құқығын беру туралы норманы енгізу; 
 
4) мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты 
нормативтік  құқықтық актілерді  әзірлеу  және  қабылдау  кезіндемүгедектігі  бар 
адамдардың құқықтары саласындағы ұйымдарды тарту. 
 
 
Мүгедектігі  бар  әйелдердің  репродуктивтік  денсаулығын  қорғауға 
құқығын жүзеге асыру мәселесі бойынша 
 
1)мүгедектігі  бар  әйелдердің  репродуктивтік  құқықтары  бойынша  ҮЕҰ 
арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар бойынша лоттарды жариялауды 
қайта бастау; 
 
2)  мүгедектігі  бар  әйелдердің  жүктілігін  жүргізу  бойынша  зерттеулер 
өткізу, халықаралық тәжірибені зерттеу; 
 
3)  денсаулық  сақтау  саласында  Мүгедектігі  бар  адамдардың  құқықтары 
туралы конвенцияны енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру; 


189 
 
 
4)  ҚР  Денсаулық  сақтау  министрінің  мүгедектігі  бар  адамдардың 
құқықтары  мәселелері  жөніндегі  кеңесшісін  тағайындау  туралы  мәселені 
қарастыру; 
 
5)  мүгедектігі  бар  адамдардың  ЭКҰ  бағдарламаларына  қолжетімділігін 
қамтамасыз ету бойынша жағдай жасау; 
 
6)  медициналық  ұйымдарды  мүгедектіктің  әртүрлі  нысандарымен 
адамдар үшін бейімделген құрылғылармен жабдықталуын қамтамасыз ету; 
 
7)  репродуктивтік  денсаулық  саласындағы  ақпаратты  мүгедектігі  бар 
адамдардың барлық санаты үшін қолжетімді форматта ұсыну. 
 
Мүгедектігі бар адамдардың  жоғары  білім алу құқығын қамтамасыз 
ету мәселесі бойынша
 
 
1)  «Білім  туралы»  ҚР  Заңында  Мүгедектердің  құқықтары  туралы 
конвенцияға сәйкес «орынды бейімделу» ұғымын қарастыру; 
 
2)  мүгедектігі  бар,  соның  ішінде  есту  және  көру  қабілеті  бұзылған 
тұлғалардың жоғары білім беру ұйымдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету; 
 
3)  ҰБТ  өткізгенде  мүгедектігі  бар,  есту  және  көру  қабілеті  бұзылған 
адамдардың қажеттіліктерін ескеру;
 
 
4)  оқу  бағдарламаларын,  материалдарды  есту  және  көру  қабілеті 
бұзылған тұлғалардың қажеттіліктерін ескере отырып әзірлеу;
 
 
5)  жоғары  білім  беру  ұйымдарында  ым  тілін  меңгерген  мамандарды 
қамтамасыз ету; 
 
6)  жоғары  оқу  орындарында  Мүгедектігі  бар  студенттерді  қолдау 
орталықтарын құру мүмкіндігін қарастыру; 
 
 
7)  жоғары  оқу  орындарына  квотамен  түсетін  мүгедектігі  бар  адамдар 
үшін мамандықтар тізімін қайта қарастыру. 
 
Мүгедектігі  бар  сотталған  тұлғалардың  құқықтарын  қамтамасыз 
ету бойынша  
 
1) пенитенциарлық мекемелерде мүгедектігі бар сотталған тұлғалар үшін 
қолайлы  ортаның  құрылуын  қамтамасыз  ету  (пандустар,  санитарлық-
гигиеналық бөлмелер, тасымалдау үшінкөлік құралдары); 
 
2) есту және көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар сотталған тұлғаларға 
ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету; 
 
3)  мүгедектігі  бар  сотталған  тұлғаларға  арнайы  әлеуметтік  қызметтердің 
көрсетілуін  қамтамасыз  ету  (сол  түзеу  мекемелерінде  жазасын  өтеп  жатқан 
тұлғалардың қатарынан жеке көмекшінің қызметтері); 
 
4)  пенитенциарлық  мекемелердің  қызметкерлерін  мүгедектігі  бар 
адамдардың құқықтары саласында оқыту; 
 
5)  мүгедектігі  бар  сотталған  тұлғалардың  жазасын  тұрғылықты  жері 
бойынша өтеу мүмкіндігін қарастыру.  
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау