Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет79/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83

182 
 
8. Сараптамалық-талдау құжаттары 
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі  
№ 261-IV«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының 
мәртебесі туралы» Заңының 27-бабы 5-тармағының конституциялылық 
емес деп тану туралыҚарағанды облыстық сотының ұсынысына Адам 
құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің қорытындысы 
Қарағанды  облыстық  сотының  Төрағасы  мен  судьялары  Қазақстан 
Республикасының  Конституциялық  Кеңесі  алдына  «Атқарушылық  іс  жүргізу 
және  сот  орындаушыларының  мәртебесі  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
Заңының  (бұдан  әрі  –  Заң)  27-бабы  5-тармағының  конституциялық  емес  деп 
тану туралы мәселені қойды.  
Заңның  27-бабы  5-тармағына  сәйкес  сот  орындаушысына  келуден  бас 
тартқан тұлғалар сот орындаушысының қаулысы негізінде күштеп алып келуге 
душар етіле алады. Келуден бас тартқан тұлғаны күштеп алып келуге душар ету 
туралы сот орындаушысының қаулысы санкциялық сотқа жатады.  
Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрінің  2011  жылғы  20  қаңтардағы 
№18  бұйрығымен  бекітілген  Жеке  сот  орындаушылары  қаулыларының үлгілік 
нысандары  ІІБ  құрылымдық  бөлімшесінің  алып  келуі  туралы  қаулының 
орындауын жүктейді.  
Қарағанды  облыстық сотының өкілдері бұл  құқықтық  қағиданы  қолдану 
адам  мен  азаматтың  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  39-бабы  1 
және 3 тармақтарында бекітілген құқықтары мен бостандықтарын шектейді деп 
санайды.  
ҚР  Конституциясының  39-бабы  1-тармағына  сәйкес  адамның  және 
азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, 
қоғамдық  тәртіпті,  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын,  халықтың 
денсаулығы  мен  имандылығын  сақтау  мақсатына  қажетті  шамада  ғана  және 
тек  заңмен  шектелуі  мүмкін.Аталған  баптың  3-тармағы  адам  құқықтары  мен 
бостандықтарының,  соның  ішінде  Негізгі  заңның  16-бабының  1-тармағымен 
қарастырылған,  ешбір  жағдайда  да  шектелмеуін  тікелей  анықтайды,  соған 
сәйкесәркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. 
Сонымен  бірге,  халықаралық  құқық  нормалары  адамның  құқықтарын 
негізсіз  шектеуге  тыйым  салады.  Осылайша,  Адам  құқықтарының  жалпыға 
бірдей  декларациясының  29-бабында  Өзінің  құқықтары  мен  бостандықтарын 
жүзеге  асыруда  әр  адам  тек  басқа  адамдардың  құқықтары  мен 
бостандықтарын  тиісті  түрде  тану  және  құрметтеу  мақсаты  көзделген 
жағдайда  ғана  және  демократиялық  қоғамдағы  моральдің,  қоғамдық  тәртіп 
пен игіліктің әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсаты көзделген жағдайда 
ғана, заңмен белгіленген шектеуге ұшырауы тиіс делінген. 
Ұсыныс  авторлары  Заң  «күштеп  әкелу»  ұғымы  нені  қарастыратын, 
қарызгерге  қатысты  мәжбүрлі  сипаттағы  қандай  әрекеттерге  жол  берілетінін 
және  азаматтардың  осал  топтарына  жататын  тұлғаларға  бұндай  әрекеттерді 
қолдану мүмкін екенін нақтыламайтынын атайды.  


183 
 
Сонымен  қатар,  ұлттық  заңнамада  әділ  аталғандай,сот  орындаушысына

сот  приставына  атқарушылық  іс  жүргізу  мәселелері  бойынша  келмеу  (ӘҚКо 
665-бабы),  сот  орындаушысының  қаулысын  немесе  өзге  заңды  талаптарын 
орындамау (ӘҚКо 670-бабы), сондай-ақ сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де 
сот  актiсiн  және  атқарушылық  құжатты  орындамау  (ӘҚКо  669-бабы)  үшін 
әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 
Сонымен  қатар,  сот  актісін  орындаудан  жалтарған  тұлға  Қазақстан 
Республикасының  Қылмыстық  кодексінің  430-бабы  бойынша  қылмыстық 
жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 
Басқа сөзбен айтқанда, сот актісін орындаудан және сот орындаушысына 
келуден  жалтарған  тұлғаны  жауапкершілікке  тартудың  тиісті  тетіктері 
заңнамамен қарастырылған.  
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі Қарағанды облыстық сотының 
«Атқарушылық  іс  жүргізу  және  сот  орындаушыларының  мәртебесі  туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 5-тармағының 
конституциялық  емес  деп  тану  туралы  ұсынысын  қарастырып,  оны  ҚР 
Конституциясы  және  Халықаралық  құқық  қағидаларына  сәйкес  келтіру 
нысаналы деп санайды.  
___________________________________________________________ 
 
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26желтоқсандағы 
№ 518-IV«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 47-
бабы 5-тармағын конституциялылық емес деп тану туралыҚарағанды 
облысы Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған 
ауданаралық сотының ұсынысына Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл 
мекемесінің қорытындысы 
 
Қарағанды  облысы  Кәмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі 
мамандандырылған  ауданаралық  сотының  (бұдан  әрі  –  сот)судьясы  Қазақстан 
Республикасының 
Конституциялық 
Кеңесінің 
алдына 
Қазақстан 
Республикасының  «Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы»  Кодексінің 
47-бабы 5-тармағын конституциялылық емес деп тану туралымәселені қойды. 
Кодекс  47-бабының  5-тармағына  сәйкес  егер  анасының  жұбайы  болып 
табылмайтын  еркектiң  әке  екендiгi  анықталған  болса,  баланың  анасы 
босанғанға дейiнгi және босанғаннан кейiнгi кезеңдердiң iшiнде өзiн күтіп-
бағу  жөнiндегi  шығыстарға  арналған  тиiстi  ақша  қаражатын  одан  сот 
тәртiбiмен талап етуге құқылы. 
Бұл кезекте, Кодекстің 147 және 148 баптарында некедегі әйелге, сондай-
ақ  бұрынғы  зайыбынажүктілігі  кезеңінде  және  ортақ  баласы  туған  күннен 
бастап үш жыл бойыалимент сомасы төленетіні анықталған. 
Жоғарыда  баяндалғанға  сүйеніп,  Кодекс  тіркелген  неке  фактісінің 
болуына немесе болмауына байланысты жүкті және/немесе босанған әйелді 
күтіп-бағуға  қаражатты  төлеу  ұзақтығының  әртүрлі  тәсілдерін  бекітетіні 
анықталған.  


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау