Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет80/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83

184 
 
Осыған  байланысты  сот  әйелдің әлеуметтік  мәртебесіне  байланысты  ана 
мен  баланы  қаржылай  қамтамасыз  ету  тәсілдерінің  бұндай  айырмашылығына 
кемсітушілік сипатты элементтер тән деп санайды. 
Сот  Кодекстің  47-бабының  жоғарыда  келтірілген  5-тармағы  кемсітпеу 
конституциялық  қағидатын  бұзады  деп  атайды.  Осылайша,  Қазақстан 
Республикасы Негізгі Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес тегіне, әлеуметтік, 
лауазымдық  және  мүліктік  жағдайына,  жынысына,  нәсіліне,  ұлтына,  тіліне, 
дінге  көзқарасына,  нанымына,  тұрғылықты  жеріне  байланысты  немесе  кез 
келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. 
Сонымен  қатар,  сот  атағандай,  өзге  заңнамалық  актілер,  соның  ішінде 
Еңбек  кодексі  әйелге  осы  кезеңде  оның  әлеуметтік  мәртебесіне  қарамастан 
жеңілдіктер  береді  (жүктілігіне  және  босануына  байланысты  демалыс,  бала  3 
жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс). 
Сонымен  бірге,  ұсыныста  еліміз  қатысушысы  болып  табылатын 
халықаралық шарттардың қағидалары да келтіріледі. 
Атап  айтқанда,  Бала  құқықтары  туралы  конвенцияда  қатысушы 
мемлекеттер  ата-анасының  екеуінің  де  баланың  тәрбиесі  мен  дамуы  үшін 
ортақ  және  бірдей  жауапкершілігін  тану  қағидаттарын  қамтамасыз  ету  үшін 
барлық мүмкін күш-жігерлерді қабылдайды депанықталған. 
Әйелдерге  қатысты  кемсітушіліктің  барлық  нысандарын  жою  туралы 
конвенцияға сәйкесотбасылық тәрбие әлеуметтік функция ретінде ана болуды 
дұрыс  түсінуді  қамтуын  қамтамасыз  ету  және  өз  балаларын  тәрбиелеу  мен 
өсіруіне  ерлер  мен  әйелдердің  ортақ  жауапкершілігін,  барлық  жағдайда 
балалардың  мүддесі  жоғары  болу  шарты  орындалғанда,  мойындауды 
қамтамасыз  ету  мақсатындақатысушы  мемлекеттербарлық  тиісті  шараларды 
қабылдайды.
 
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакттің 24-бабында 
 
әрбір  бала  нәсілiне,  түр-түсiне,  жынысына,  тілiне,  дiнiне,  ұлттық,  немесе 
әлеуметтiк  тегiне,  мүлiктiк  немесе  туу  жағдаяттарына  қарамастан,  ешқандай 
кемсiтусіз отбасы,  қоғам және мемлекет  тарапынан,  өзiнiң  жас шамасы  талап 
ететiн тиiстi қорғау шараларын иеленуге құқылы делінген. 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  мекемесі  соттың  Қазақстан 
Республикасының  «Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы»  Кодексінің 
47-бабы  5-тармағын  конституциялық  емес  деп  тану  мәселесі  бойынша 
ұсынысын  қарастырып,  ана  мен  баланың  анағұрлым  жақсы  мүдделерін 
қамтамасыз  ету  мақсатында  оны  ұлттық  және  халықаралық  құқыққа  сәйкес 
келтіруді нысаналы деп санайды. 
___________________________________________________________ 
 
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың  Конституциялық 
Кеңестің нормативтік қаулыларын және оның жолдауларында қамтылған, 
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметіне қатысты ұсыныстарын 
орындау туралы ақпараты  
 


185 
 
2017 
жылы 
Адам 
құқықтары 
жөніндегі 
Уәкіл 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциялық 
Кеңесі 
Төрағасына 
«Қазақстан 
Республикасының  Конституциясына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 
туралы» ҚР Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі 
мәселесі бойынша қорытынды жолдады. 
Атап  айтқанда,  террористік  қылмыстар  жасағаны,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасының  өмірлік  маңызы  бар  мүдделеріне  өзге  де  ауыр  зиян 
келтіргені үшін соттың  шешімімен  азаматтықтан айыруға  жол беретінЗаңның  
қағидасы  зерттеп  қаралды.  Аталған  норманы  енгізгенде,  нақты  әрі  қатаң 
дефиницияларды  қарастыру,  сондай-ақ  құқық қолдану  тәжірибесінде  оны  қате 
түсінуіне жол бермеуге жәрдемдесу керек екені аталды.  
 
ҚР  Конституциялық  Кеңесінің  04.04.2002  жылғы  №2  «Қазақстан 
Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  діни  сенім  бостандығы  және 
діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу туралы» ҚР Заңының конституциялылығын тексеру туралы» нормативтік 
қаулысын  қайта  қарастыру  мәселесі  бойынша  қорытындыда  діни  наным-
сенімдерді  тарату  бостандығы  саласында  заңнамалық  актілермен  шектеулер 
енгізу  мүмкіндігі  мәселесіне  назар  аударылды,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясында  дінге  құқық,  соның  ішінде  діни  наным-
сенімдерді  еркін  таратуға  құқық,  тек  заңмен  ғана  шектелуі  мүмкін  деп 
анықталған,  осыған  байланысты  бұл  құқыққа  кеңінен  түсінік  берілуіне  және 
қисынсыз  шектелуіне  алып  келе  алатын  «заңнамалық  актілер»  ұғымын 
қолдануға болмайды. 
ҚР  Конституциялық  Кеңесінің  09.04.2004  жылғы  №5  «Қазақстан 
Республикасындағы 
сайлау 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциялық  Заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 
Қазақстан 
Республикасы 
Заңы 
конституциялылығының 
Қазақстан 
Республикасының  Конституциясына  сәйкестігін  тексеру  туралы»  нормативтік 
қаулысына  қосымша  түсінік  беру  туралы  қолдаухаттың  қорытындысында 
сайланбалы  мемлекеттік  лауазымдарға  үміткерлерге  қойылатын  талаптар 
мемлекеттік  қызметке  қабылданатын  тұлғаларға  қойылатын  талаптарға 
өтелмеген  немесе  алынбаған  сотталғандықтың  міндетті  түрде  болмауы 
бөлігінде ұқсас деген пікір айтылды. 
Қазіргі  уақытқа дейін Конституциялық Кеңестің, сондай-ақ халықаралық 
құқық  қорғау  тетіктерінің  Қазақстан  Республикасындағы  Адам  құқықтары 
жөніндегі Уәкіл мекемесінің (бұдан әрі – Уәкіл) мәртебесін Бас Ассамблеяның 
1993  жылғы  20  желтоқсанда  48/134  резолюциясымен  бекітілген  «Адам 
құқықтарын  ынталандырумен  және  қорғаумен  айналысатын  ұлттық 
мекемелердің  мәртебесіне  қатысты  қағидаттарға»  (Париж  қағидаттары)  сәйкес 
келтіру қажеттілігі туралы ұсыныстары толық жүзеге асырылмады  (БҰҰ Адам 
құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап мерзімдік шолуы, арнайы процедуралар 
және БҰҰ келісімді органдары (комитеттері). 
Тәуелсіз  ұлттық  құқық  қорғау  мекемелері  мемлекеттің  адам  құқықтары 
саласындағы  өз  міндеттерін  орындауын  қамтамасыз  етуде  маңызды  рөл 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау