Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет81/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83

186 
 
атқарады.  2016  жылдың  соңына  қарай  елдердің  37  пайызында  халықаралық 
деңгейде  келісілген  стандарттарға  (Париж қағидаттары)  сәйкес  келетін  ұлттық 
құқық  қорғау  мекемелері  болды,  елдердің  57  пайызында,  соның  ішінде  2012 
жылы  Қазақстанда,  бұл  стандарттарды  орындау  мәніне  ұжымдық  шолу 
өткізілді.  Өткізілген  шолу  Қазақстанның  негізгі  ұлттық  құқық  қорғау 
институты  Париж  қағидаттарының  стандарттарына  толықтай  жауап 
бермейтінін көрсетті.  
2017  жылғы  10  наурызда  ҚР  Президенті  «Қазақстан  Республикасының 
Конституциясына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заңына  қол 
қойды,  оған  сәйкес  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  мәртебесі  еліміздің 
Негізгі Заңында бекітілді.  
Уәкілдің мәртебесін конституциялық деңгейде бекіту адам мен азаматтың 
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін, сондай-ақ 
Омбудсменнің  мемлекеттің  саяси-құқықтық  құрылымындағы  рөлін  едәуір 
нығайтуға  мүмкіндік  береді.  Осыған  байланысты,  Адам  құқықтары  жөніндегі 
Уәкіл  туралы  тиісті  Заңды  әзірлеу  және  қабылдау  процесін  жеделдету  қажет 
деп санаймыз.   
 
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың  Конституциялық 
Кеңестің қорытынды шешімдерін және оның жолдауларында қамтылған, 
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметіне қатысты ұсыныстарын 
орындау туралы ақпараты  
 
2018 
жылы 
Адам 
құқықтары 
жөніндегі 
Уәкіл 
Қазақстан 
Республикасының  Конституциялық  Кеңесінің  Төрағасына  «Неке  «ерлі-
зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі 
–  Кодекс)  47-бабының  5-тармағын  конституциялық  емес  деп  тану  мәселесі 
бойынша қорытынды жолдады. 
Атап  айтқанда,  Кодекспен  тіркелген  неке  фактісінің  болуына  немесе 
болмауына  байланысты  жүкті  және/немесе  босанған  әйелді  күтіп-бағуға 
қаражатты  төлеу  ұзақтығының  әртүрлі  тәсілдері  қарастырылған,  бұл  осы 
мәселеде белгілі дәрежеде кемсітушілік тәсілдің барын дәлелдейді.  
Әйелдерге  қатысты  кемсітушіліктің  барлық  нысандарын  жою  туралы 
конвенцияға  сәйкесотбасылық  тәрбиелеу  әлеуметтік  функция  ретінде  ана 
болуды дұрыс түсінуді қамтуын қамтамасыз ету және өз балаларын тәрбиелеу 
мен  өсіруіне  ерлер  мен  әйелдердің  ортақ  жауапкершілігін,  барлық  жағдайда 
балалардың  мүддесі  жоғары  болу  шарты  орындалғанда,  мойындауды 
қамтамасыз  ету  мақсатындақатысушы  мемлекеттербарлық  тиісті  шараларды 
қабылдайды.
 
Осыған  байланысты,  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  мекемесі  ана  мен 
баланың анағұрлым  жақсы  мүдделерін  қамтамасыз  ету  мақсатында  Кодексінің 
қағидаларын  ұлттық  және  халықаралық  құқыққа  сәйкес  келтіру  қажеттілігі 
туралы қорытынды берді.  


187 
 
Қарағанды  облыстық  сотының  Төрағасы  мен  судьялары  ҚР 
Конституциялық  Кеңесі  алдына  «Атқарушылық  іс  жүргізу  және  сот 
орындаушыларының  мәртебесі  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңының 
(бұдан әрі – Заң) 27-бабы 5-тармағының конституциялық емес деп тану туралы 
мәселені көтерді.  
Аталған  нормаға  сәйкес  сот  орындаушысына  келуден  бас  тартқан 
тұлғалар  сот  орындаушысының  қаулысы  негізінде  күштеп  алып  келуге  душар 
етіле  алады.  Келуден  бас  тартқан  тұлғаны  күштеп  алып  келуге  душар  ету 
туралы сот орындаушысының қаулысы санкциялық сотқа жатады.  
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  мекемесі  ұсынған  қорытындыда  әрбір 
адам  өзінің  құқықтары  мен  бостандықтарын  жүзеге  асырғанда,  басқа 
адамдардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  тиісінше  мойындауын  және 
құрметтеуін  қамтамасыз  ету  және  мораль  мен  қоғамдық  тәртіптің  әділ 
талаптарын  қанағаттандыру  мақсатында  оған  заңмен  белгіленген  шектеулер 
ғана қойылады делінген.  
Сот  актісін  орындаудан  және  сот  орындаушысына  келуден  жалтарған 
тұлғаны жауапкершілікке тартудың тиісті тетіктері заңнамамен қарастырылған.  
Осыған 
байланысты 
құқықтық 
нақтылық 
және 
болжамдылық 
қағидаттарын  ескере  отырып,  аталған  норманы  ҚР  Конституциясының 
қағидаларына  және  халықаралық  құқыққа  сәйкес  келтірудің  нысаналылығы 
туралы пікір айтылды.  
Конституциялық  заңдылықты  бекіту  заңдарды  және  өзге  құқықтық 
актілерді  адам  құқықтары  саласындағы  жалпыға  бірдей  қағидаттарды  сақтай 
отырып, Негізгі Заңға қатаң сәйкестікте қабылдау қажеттілігін анықтайды. 
Қазіргі уақытқа дейін Конституциялық Кеңестің 2015 жылғы 16 шілдедегі 
№1-2/1,  сондай-ақ  халықаралық  құқық  қорғау  тетіктерінің  (БҰҰ  Адам 
құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап мерзімдік шолуы, арнайы процедуралар 
және  БҰҰ  келісімді  органдары  (комитеттері)  Қазақстан  Республикасындағы 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  мекемесінің  (бұдан  әрі  –  Уәкіл)  мәртебесін 
Бас  Ассамблеяның  1993  жылғы  20  желтоқсанда  48/134  резолюциясымен 
бекітілген  «Адам  құқықтарын  ынталандырумен  және  қорғаумен  айналысатын 
ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты қағидаттарға» (Париж қағидаттары) 
сәйкес келтіру қажеттілігі туралы ұсыныстары толық жүзеге асырылмады. 
2017  жылғы  10  наурызда  ҚР  Президенті  «Қазақстан  Республикасының 
Конституциясына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заңына  қол 
қойды,  оған  сәйкес  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  мәртебесі  еліміздің 
Негізгі Заңында бекітілді.  
Бұл  жағдай  Омбудсмен  мекемесінің  құқықтық  базасын  жетілдіру  үшін 
объективті алғышарт болып табылады. 
Осыған  байланысты,  тиісті  нормативтік  құқықтық  актіні  әзірлеуді  және 
қабылдауды нысаналы деп санаймыз.   
___________________________________________________________ 
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау