Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде


Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары



жүктеу 316,5 Kb.
бет8/11
Дата31.01.2023
өлшемі316,5 Kb.
#41083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
kur -kasiporynnyn-ondiris-tiimdiligin-arttyru-zholdary-qazhrom

Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары

Еліміз «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасына сәйкес мақсатты даму үстінде. Елбасымыз атап көрсеткендей, бүгінгі күн тәртібінде әлем қоғамдастығындағы Қазақстанның және барлық қазақстан - дықтардың – ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесмендердің, мамандар мен жұмысшылардың бәсекеге қабілеттілігі мәселе болып отыр. Осы орайда ша – руашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүесін құру процесін жеделдеткен жөн.
Нарықтық жағдайда қазақстандық кәсіпорындар басшылары мен top менеджерлеріне басқарудың әдістері мен іс – қимылдарын игеру қажет. Со – лардың қатарына кәсіпорындарға бәсекелік басымдылықтарды ұстап қалу және сыртқы орта өзгерістеріне икемделу негізінде болашақтағы мақсаттарға тиімді жолмен қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегиялық менеджмент жатады.
Әдебиеттерде көп қарастырылатын, тәжірибеде өзін өзі ақтай білген кәсіпорын стратегияларының кең тараған түрін базистік немесе эталондық стратегиялар деп атайды. Олар мынадай элементтердің біреуіне немесе бір – нешеуінің жай күйінің өзгеруіне байланысты болады: өнім, нарық, сала, ұйымның сала ішіндегі жағдайы және технология. Бұл элементтердің әрқай – сысы ағымдағы немесе жаңа жағдайда болады.
Этолондық стратегиялар кәсіпорынның төрт түрлі тәсілімен өсіп келе жатқандығын білдіреді:
1. Эталондық стратегияның бірінші тобын шоғырландырылған өсу стратегиялары құрайды. Бұл стратегияларды сала ерекшелігін, қызмет аясы мен өндірілетін өнімді өзгертпей – ақ жалпы көрсеткіштерді арттыру үшін қолданылады. Осы топтың нақты стратегиялары мыналар:
- нарықтағы позициясын күшейту. Мұнда кәсіпорын берілген нарықты белгілі бір өніммен жаулап алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.
- нарықты дамыту стратегиясы. Мұнда өндірілген өнімге жаңа нарық іздестіріледі.
- өнімді дамыту стратегиясы. Мұнда берілген нарыққа жаңа өнімді енгізу және оны өткізу көзделеді.
2. Кәсіпорынды дамытудың екінші стратегиясын әртараптандырыл - ған өсу стратегиялары құрайды. Мұндай стратегиялар кәсіпорын – мен беріл- ген нарықта бұрынғы өнімімен ары қарай дами алмаған жағдайда қолданады. Мұндай стратегиялардың негізгі түрлері:
- өндірісте жаңа өнім түрін өндіруге жаңа мүмкіндіктерді пайдалану негізінде орталықтындырылған әртараптандыру.Бұл жерде жұ- мыс істеп тұрған өндіріс бизнестің ортасында қалып қояды да, жа -ңа өндіріс игерілген нарықтағы мүмкіндіктерге орай немесе кәсіп - орын іс - әрекетіндегі басқадай күшті жақтарында пайда болады.
- көлденең әртарптандыру, нарқта жаңа технологиямен өндірілген, қолданыстағы тауарға ұқсамайтын ерекше тауар көмегімен өсу мүмкіндігін қарастырады. Мұнда компания ең алдымен жаңа өнім өндіруге құзыреттілігін бағалағаны жөн.
- конгломемеративті әртараптандыру стратегиясының мәні кәсіп орынның қолданыстағы тауарға технология жағынан байланысы жоқ жаңа өнімді өндіруінде жатыр. Бұл жүзеге асыру жағынан ең стратегия болып саналады. Себебі оның ойдағыдай жүзеге асырылуы көптеген факторларға байланысты (персоналдың құзы – реттілігіне бастап, басшының өзіне тән ерекшелігі, қажетті капитал дың бар болуы). әртараптандырылған өсу стратегиясын қолдануда ұйым жаңа өнімді өткізуге қажетті нақты мүмкіндіктерге ие болма-са, көп шығынға ұшырайды немесе дағдарысқа тіреледі.
3. Жаңа құрылымдарды қосу есебінен кәсіпорындарды кеңейтуге бай - ланысты біріктірілген өсу деп аталатын стратегиялар. Оған мыналар жатады:
- сатылап біріктірудің кері стратегиясы, жабдықтаушылардың үстінен қатаң қадағалау және жабдықтаушының еншілес компания құруы есебінен өсуге бағытталған. Стратегияның бұл түрін қолда – ну кәсіпорынның жабдықтаушылардың бағасы мен жабдықтар ба -ғасының өзгеруіне тәуелді болмайтын жағдайын жасайды.
- алға ұмтылатын сатылас біріктіру стратегиясының мәні – ком – пания мен түпкі тұтынушы арасындағы құрылым, яғни сату және бөлу жүйесінің үстінен қатаң бақылау жүргізу немесе жаңа құры - лымдар құру есебінен кәсіпорындарды кеңейтуден тұрады.
4. Эталондық стратегияның төртінші түрі қысқарту стратегиясы деп аталады. Кейбір жағдайларда кәсіпорынды жаңартудың бұл стратегиясы ең соңғы мүмкіндік болуы мүмкін. өйткені жаңару және жаппай тездету – көбі – не кәсіпкерлікті дамыту жолындағы бір – біріне қайшы процестер. Кәсіпо – рынның мақсатты қысқарту стратегиясының 4 түрін бөліп көрсетуге болады:
- кәсіпорын бизнесін ары қарай жүргізе алмайтын жағдайда қолда – нылатын жою стратегиясы;
- кәсіпорын өзінің қызмет ету аясына ұзақ мерзімді өзгеріс енгізу үшін бизнесінің немесе бөлімшелерінің бірін сату немесе жабу арқылы қысқарту стратегиясы.
- өндірістік шығындарды кеміту мүмкіндіктерін қарастыруға және шығындар көлемін азайту бойынша іс – шаралар жүргізуге бағыт- талған стратегия. Бұл стратегияны жүзеге асыру шығындарды азайту, өнімділікті арттыру, персоналды қысқарту және тіпті жұ - мыстан шығару, пайдалы тауарлардың өндірісін тоқтатумен байла- нысты.
Іс жүзінде кәсіпорын бірнеше стратегияларды бірге қолдануы (әсіре – се көп салалы кәсіпорындарда) және оларды белгілі бір жүйе бойынша жүзе - ге асыруы мүмкін. Бұл жағдайларда құрамдастырылған стратегия ұғымын қолданамыз.
Кәсіпорыннның ерекше стратегияларын іске асыратын бірнеше амал - дардың өз тәртіптері бар. Олардың ішінен мыналарды атап өтуге болады:

  • стратегиялық жоспарлау жалпы бағдарлау мен белгілі шек - теулермен сипатталады. Оның негізгі параметрлері қатаң сақ талуы керек, өйткені олардың көмегімен ықтимал өзгерістер- ді бағалауға болады.

  • Жоспарлауда сценарийлерді қолдану. Оптимистік тұрғыдан келешектегі оқиғалардың ең оңтайлы, ал пессимистік тұрғы– данең қолайсыз даму барысын анықтау. Мұндай әдістеме бар лық ықтимал нәтижелерді қамтуды талап етеді. Әдетте жос - парлау шеңберінің базасы ретінде аталған екі нұсқаның біреу ін ғана әзірлейді. Мұнда алдын – ала ескерту енгізу процесі нақты жағдай мен шығындарды талдауда қажет етеді.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, стратегияны кәсіпоры саясатынан бөліп, басқарудың жеке функциясы ретінде қарастыру керек де – ген қорытындыға келеміз.
Кәсіпорын стратегиясы мен саясаты өзара байланысты болады. Бір жа ғынанан стратегия кәсіпорын саясатының норма мен принциптеріне бағы – нышты болса, екінші жағынан американдық экономистердің зерттеулері көр– сеткендей, сол принциптер мен нормалар стратегиядан келіп шығады. Бұл жерде кәсіпорынның стратегия жүзінде анықталған саясаты туралы айтып өт- кенді жөн көріп отырмыз.
Стратегия кәсіпорынды тиімді басқаруға әсер ететін көптеген бәсеке– ге қабілетті амалдар мен жалпы тәсілдерге бөлінеді.
Жалпы алғанда кәсіпорын стратегиясы – барлық негізгі функциялар мен бөлімшелерді қамтитын мақсаттарды, тұтынушыларды қанағаттандыру және нарықтық позициясын нығайтуға бағытталған кәсіпорынның басқару жоспары.
Кәсіпорынның негізгі қызметі мен бөлімшелеріне жабдықтау, өндіріс, қаржы, маркетинг, кадрлар мен ғылыми зерттеулерді жатқызуға болады; олар дыңәрқайсысының стратегия ішінде атқаратын міндеттері бар. Стратегияны таңдау бүкіл кәсіпорын бойынша жинақталған өндірістік шешімдер мен бәсе кеге қабілетті амалдарды бір арнаға келтіру. Амалдар мен тәсілдердің мұндай бірлігін кәсіпорынның ағымдағы стратегиясы білдіреді. Жақсы ойластырыл – ған стратегия кәсіпорынды келешекке дайындап, оның ұзақ мерзімді даму ба- ғытын белгілейді. Оның нақты іскерлік позицияға орналасу ниетін анықтай – ды.
Стратегияны қалыптастыру тек жоғары басшылықтың ғана міндеті емес. Ірі кәсіпорындарда стратегияны қалыптастыру жөнінде шешім қабыл - дауға жоғары буын басшыларымен қатар коммерциялық және өндірістік бө - лімшелердің, кәсіпорын бөлімшелері ішіндегі атқарушы (өндіріс, маркетинг және өткізу, қаржы, кадрлар, т.б.) басшылар, өнімнің шоғырлануына жауап - ты өндірістік кәсіпорын басшылары мен жетекшілері де қатысады. Ал, әрта– раптандырылған кәсіпорын стратегиясы жеке ұйымдық 4 деңгейде қалыпта – сады. 1 – ші деңгейде корпаративтік стратегия әзірленсе, 2 – ші деңгейде – кәсіпорынды әртараптандыруға себеп болған бизнес бірліктерінің страте – гиялары әзірленеді. 3 – ші деңгейде кәсіпорын ішіндегі әрбір атқару қызмет – терінің стратегиялары әзірленеді. Бұған өндірістік, маркетингтік, қаржылық және т.б. стратегия түрлерін жатқызуға болады. Ал, төртінші деңгейде негізгі жұмыс бөлімшелеріне бағытталған оперативті стратегиялар әзірленеді.
әрбір кәсіпорын өзінің дамуына қолайлырақ болған стратегияны әзір– леуіне байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, мынадай стратгия-арды келтіруге болады: берілген кәсіпорынның жаңа объектілерін салыстыру стратегиясы, тауарларды нарыққа жылжыту стратегиясы, персоналды іріктеу және дайындау стратегиясы, өсу стратегиясы, франчайзинг, шығындарды азайту және әлеуметтік стратегиялар.
Кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау үдерісі басқару шешімдерін қабылдауға көмектесетін құрал болып табылады. Оның міндеті – ұйымға жа– ңартулар мен өзгерістерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау барысында басқарушылық қызметтің төрт түрін бөліп көрсетуге
болады. Олар: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдастырылған стратегиялық болжау.
Ресурстарды бөлу – қор, басқарушылық қабілет пен технологиялық тә - жірибе сияқты шектеулі ұйымдық ресурстарды бөлуді құрайды. Стратегия – лық сипаттағы барлық әрекетімен қамтитын сыртқы ортаға бейімделу кәсіпо- рынның сыртқы ортамен қатынасын жақсартады. Кәсіпорын сыртқы қолайлы мүмкіндіктерге де, қауіп қатерлерге де икемделіп, стратегияның қоршаған ортаға жақсы бейімделуін қамтамасыз етуі қажет. Талданатын объектіге сыртқы факторлардың әсері үлкен. Бұлар – сала өнімін тұтынушылар, мемлекет саясаты, халықтың төлем қабілеті.
Ішкі үйлесу тиімді біріктіру мен ішкі операциялардың оң нәтижесіне жетуін қамтамасыз етеді, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін стратегиялық қызметті үйлестіруді қамтиды. Стратегиялық жоспарлау басқару аппараты қызметкерлерінің жұмысына өзіндік талаптарын қояды. Ол талаптарға мынадай элементтер кіреді:
1 – ші элемент – жағдайды үлгілей білу. Ол үшін қажеттілктер мен тұ – тынушылар сұранысының, бәсекелестер өнімінің сипаты мен өзінің тұтыну – шылық қажеттіліктерін қанғаттандыра білу қабілетінің арақатынас заңды – лықтарын анықтау мақсатымен мұқият талдау жүргізу қажет.
2 – ші элемент - өзгерістер қажет екендігін анықтай білу қабілеті. На – рық жағдайында қызмет ететін кәсіпорындағы өзгеріс қарқыны жоспарлы экономикаға қарағанда әлдеқайда күштірек болады және ол сыртқы нарық –тық жағдайдың тегеурінді болуына байланысты екендігі түсіндіріледі. Өзге – рістердің қажеттілігін анықтау мынадай шарртарды талап етеді:
- басқару аппараты қызметкерлерінің берілген саладағы белгілі фактор- лардың әсерінен туындайтын процестерге жауап қайтаруға әзірлігі;
- белгілі және белгісіз факторлардың жиынтығын есепке алу негізінде кәсіпорындарды күтілмеген ойда жоқ жағдайларға дайындау, бәсекеге қабі – леттілікті арттыру мүмкіндігін қарастыруға мүмкіндік беретін ғылыми – тех– никалық әлеует (потенциал), интелект, интуиция мен басқарушылардың шы- ғармашылық қабілеті.
3– ші элемент - өзгерістер стратегиясын қалыптастыру қабілеті. Оңтай- лы стратегияны іздеу – кәсіпорынның қызмет етуінің қолайлы нұсқасын зи – ялы түрде және шығармашылық тұрғыдан қарастыру процесі. Оның негізінде жетекшілер мен мамандардың жағдайдың даму бет алысын көре білу қабілеті жатыр. Стратегиялық жоспарды дайындаушылар әр түрлі сценарийлерді әзір- лей білуі, болжау әдістерін меңгеруі, тұтынушылардың қажеттіліктерін анық- тай білуі керек.
4 – ші элемент – стратегиялық жоспар әзірлеуде пайдаланатын әр түрлі сенімді әдістерді қолдану тәртібі.
5 – ші элемент – стратегияны жүзеге асыра білу қабілеті. Стратегия ғы- лыми негізделген жоспар болса да, оның, кәсіпорын жұмысшыларының прак- тикалық қызметімен екі жақты байланысы бар. Бір жағынан, жоспармен бекі- тілмеген кез келген әрекеттің пайдасы болса, екінші жағынан, практикалық қызметпен байланыспаған ойлау процесі де нәтижесіз болмақ. Сондықтан стратегияны жүзеге асыруға қатысатын кәсіпорын жұмысшылары техноло – гияны меңгергені жөн.
Кәсіпорын стратегиясын жүзеге асырудың құралы ретінде оны дамыту- дың стратегиялық жоспарын жасау керек.


жүктеу 316,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау