|
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінудеӨндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
|
бет | 4/11 | Дата | 31.01.2023 | өлшемі | 316,5 Kb. | | #41083 |
| kur -kasiporynnyn-ondiris-tiimdiligin-arttyru-zholdary-qazhrom1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Экономикалық тиімділік деңгейі екі өлшем – экономикалық тиімділік және өндіріс шығындарын салыстыру арқылы айқындалады. Экономиқалық тиімділік көрсеткіштері қандай шығындар және ресурстар құнымен экономи- калық нәтиже алынғанын көрсетеді.
Экономиқалық тиімділік жалпы (абсолютті) және салыстырмылы деп ажыратылады .
Жалпы тиімділік шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде (са - ла, кәсіпорын, ұйым, капиталды құрылыс объектісі) анықталып, тиімділіктің жалпы шамасын анықтайды,
Салыстырмылы тиімділік – белгілі - бір өндірістік шаруашылық міндетті шешу үшін екі немесе бірнеше нұсқадағы технико - экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы есептеледі. Бұл ұтымды нұсқаны таңдау, оны басқалармен салыстырғанда технико - экономикалық, әлеуметтік және прогрессивті артышылықтарын анықтау үшін пайданылады. Салыстырмалы тиімділікті қарастырғанда ең бастапқы кезеңі – негізгі технико – экономикалық көрсеткіштерді салыстыру болып табылады (капитал салымдары, өзіндік құн және табыс, еңбек өнімділігі мен қор сиымдылығы, материалдарды пайдалану көрсеткіштері және т.б.). бірнеше нұсқаларды осы көптеген көрсеткіштер арқылы салыстыра келе кәсіпорын экономикалық тиімдісін таңдайды.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпы шамасын анықтайтын көрсеткіштерге кеңірек тоқталайық.
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтағана экономикалық нәтиже еңбек, материал шығындарымен, өндірістік қорларымен ( негізгі және айналым), капитал салымдарымен және табиғат ресурстарымен сәйкестендіріледі.
Өндірістің экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштер арқылы айқындалады:
негізігі қорларды пайдалану тиімділігі (қор қайтарымы және қор сыйымдылығы);
инвестициялардың тиімділігі (капитал қайтарамы және капитал сыйымдылығы);
еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі (еңбек өнімділігі, еңбек сыйымдылығы);
материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі (материал қайтарымы, материал сыйымдылығы);
шаруашылық қызметінің жалпы тиімділігі (пайдалылық)
Қор қайтарымы – 1 теңге өндірістік қорларға есептегендегі өндірілген өнім құнын көрсетеді:
Fқ = Dn/F (1)
Ол өнімді өткізуден түскен табыстың (Dn) негізгі өндірістік қорлар – дың жылдық орташа құнына (F) қатынасымен анықталады. Қор қайтарамын анықтағанда өнім көлемі құндық (өнімнің кең номенклатурасын шығаратын кәсіпорындарда), заттай және шарты (тек бір ғана өнім түрін өндіретін кәсіп–орындарда) өлшеммен есептелуі мүмкін.
Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының артуы қор қай- тарымына оң әсер тигізеді.
Капитал салудың қайтарымы мына формуламен анықталады:
Кқ=Q/K
Мұндағы: Кқ – капитал қайтарымы
Q – капитал салымы нәтижесінде өнім көлемінің өсімі
К – капитал салымы
Капитал сыйымдылығы - өнім көлемінің бірлігінің өсіміне қажетті не- гізгі қорларды құру үшін жұмсалған капитал салымдарын көрсетеді, капитал қайтарымына кері шама:
Кс=К/Q
Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші – бір жұмыс істеушіге шаққан – дағы жылдық орташа өндірілген өнім көлемі болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшыға шаққандағы орташа өндірілген өнім мен жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылыардың үлес салмағына байланысты. Бұл тәуелділік мына формуламен көрсетіледі:
Wo=Dn*r/R*r=D/r*r/R
Мұндағы: R – жұмыс істеушілердің тізімдік орташа саны
R – жұмысшылардың тізімдік орташа саны
Dn/ r – бір жұмысшыға шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім
r/R – жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы.
Бір жұмысшының орташа жылдық өнім ө ндіруіне экстенсивті және интенсивті себептер әсер етеді. Экстенсивті себептерге жұмыс уақытының қорын пайдалануға, ал интенсивтіге – уақыт бірлігіндегі еңбңек өнімділігіне, яғни орташа сағаттық өнім өндіруге әсер ететін факторлар жатады.
Бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:
бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;
жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіріуі.
Өнім өндіруге тікелей қатыспайтын қызметкерлер тобының үлесі тө- мен болған сайын, өндірісті ұйымдастыру мен технологияның сол деңгейін- дегі, бір жұмыс істеушінің еңбек өнімділігі соғұрлым жоғары болады.
Еңбек сыйымдылығы - өнім бірлігіне немесе жалпы өндірілген өнім көлеміне кеткен еңбек уақыты шығындарын көрсетеді.
Wci = Ti / Qi
Өнімнің бір түрінің еңбек сыйымдылығы Wci – түрлі өнім өндіруге кеткен жұмыс уақыты қорының Ті өнім көлеміне Qi қатынасымен анықтай – ды.
1 теңге өнімнің де еңбек сыйымдылығын есептеуге болады – барлық өнім өндіруге кеткен уақыт қорын өндірілген өнім құнына бөлеміз.
Wc = T / Dn
Өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуі – еңбек өнімділігінің ар– туының маңызды факторы.
Материал қайтарымы – тауар өнімі құнының жұмсалған материалдық ресурустар құнына (Мқұны) қатынасымен анықталады:
Мқ = Dn / Мқұны
Яғни, жоғарыда айтылған көрсеткіш материалдық ресурстардың 1тең- гесіне қанша өнім өндірілетінін көрсетеді. Осы қатынас нәтижесінде алынған бөлім материалдық ресурстардың айналымдылық көрсеткіші болады
Материал сыйымдылығы - өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды бағыты. 1 теңге тауарлық өнімді өндіру үшін қанша материалдық ресурс шы- ғындары жұмсалатынын көрсетеді. Ол материал қайтарымына кері шама бол ғандықтан былай анықталады:
Мс = Мқұны / Dn
Өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындар үлесі – материал- дық шығындар сомасының (Мқұны) өндірілген өнімнің толық өзіндік құнына (С) қатынасы. Осы көрсеткіштің динамикасы өнімнің материалдық сыйымдылығының өзгеруін көрсетеді.
Шаруашылық қызметінің жалпы тиімділігін көрсететін пайдалылық көрсеткіштерін бірнеше топтарға біріктіруге болады:
1) Өндіріс шығындарының өтімділік көрсеткіштері. Өндірістік қыз – меттің пайдалылығы (шығындардың өтімділігі) жалпы (ӨСТТ) немесе таза табыстың (ТТ) өткізілген өнім бойынша шығынға қатынасы (Шс):
Rз = ӨСТТ / Шс немесе R = ТТ / Шс
ӨСТТ - өнімді сатудан түскен табыс;
ТТ – таза табыс;
Шс - өткізілген өнім бойынша шығын.
Бұл көрсеткіш өнімді өндіру және өткізуге кеткен шығындардың әр теңгесінен кәсіпорын қанша пайда табатынын көрсетеді. Оны кәсіпорын бой- ынша жалпы немес бөлек бөлімшелер, жеке өнім түрі боыйнша есептеуге болады.
2) Сатылымның көрсеткіштері.
Сатылымның пайдалылығы (айналым) - өнімді сатудан түскен табыс– тың немесе таза табыстың түсімге қатынасы:
Rpп = ӨСТТ / Т немесе Rpп = ТТ / Т
Т – түсім.
Анықталған көрсеткіш, 1 теңге сатылымнан кәсіпорын қанша табыс табатынын көрсетіп, кәсіпорын бойынша және өнім түрі бойынша жеке есеп- теледі. Сатылымның пайдалылығы деңгейіне өткізілген өнімнің құрылымы – ның, оның өзіндік құнының және өнімді сату бағаларының өзгерісі ықпал жа- сайды.
3) Капиталдың табыстылығы.
Капиталдың табыстылығы – баланстық, жалпы, таза табыстың жалпы ивестицияланған жалпы капиталға (КL) немесе оның жеке бөліктеріне (меншіктік, қарыз, негізгі, айналым, өндірістік капиталдардың орташа жылдық құнына) қатынасы. Формуласы былай бейнеленеді:
Rк = БП / KL ; R = Прп / KL; R = ЧП / KL.
БП, Прп, Чп – баланстық, жалпы, таза табыс;
KL – активтер
4) Өнімнің пайдалылығы (Rп) - өнімді сатудан түскен табыстың (Dn) толық өзіндік құнға (С) қатынасы:
Rп = Dn / C
С – толық өзіндік құн
Жекелеген өнімдердің пайдалылығының өзгеруіне өзіндік құн деңгейі мен сату бағасы әсер етеді. Оны арттырудың негізгі факторы оны өндірудің өзіндік құнын төмендету болғандықтан, оны калькуляция баптары бойынша өзгер себептерін талдауға басты назар аударылуы қажет, сонымен бірге баға қалыптасуының дұрыстығын зерртеуге де көңіл бөлу қажет.
Кәсіпорын қызметінің пайдалылық көрсеткіштері басқа да көрсеткіштермен бірге кәсіпорын қызметінің және оның іскерлік белсенділігін сипаттайды. Сөйтіп, біз нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаатайтын негізгі көрсеткіштерді жан – жақты талдадық. Оларды дұрыс есептей білу, әртүрлі себептердің олардың деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтап, талдау өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін ашуға, табылған кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасауға, оның қаржылық жағдайының жақсарып, бекінуіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|