Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы


-бап. Мүгедектерге техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарын беру



жүктеу 57,02 Kb.
бет10/18
Дата20.01.2023
өлшемі57,02 Kb.
#40979
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
39 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы

22-бап. Мүгедектерге техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарын беру
1. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етiледi.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың екінші бөлігінің осы редакциясы 01.01.2020 бастап 01.01.2021 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2019 № 287-VІ Заңымен.

Протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе шінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.


2. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.
3. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүрiп-тұру құралдары осы баптың 1-тармағына сәйкес берiледi.
4. Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң талаптарына сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



жүктеу 57,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау