2016 жылдың қорытындылары бойынша «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» секторының елдің ЖІӨ-дегі үлесі 5%-ды құрады. «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» секторының негізгі түрлеріне инжинирингтік, бухгалтерлік, аудиторлық, консалтингтік қызметтер, геологобарлау және басқалары жатады.
2016 жылдың қорытындылары бойынша бұл саладағы жұмыспен қамтылғандар саны 240,2 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 2,8% құрады.
2016 жылдың қорытындылары бойынша кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет секторындағы еңбек өнімділігі 9 723,2 мың тг./адам құрады.
2014-2016 жылдар аралығында «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» секторында негізгі капиталға құйылатын инвестициялар 164,5 млрд. тг. құрады. Бұл ретте 2016 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда инвестициялардың 2,6%-ға қысқарғаны байқалады.
«Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» секторының экспортталатын қызметтердің жалпы көлеміндегі үлесі 481,7 млн АҚШ долларын немесе 7,6%-ды құрайды.
Импорттың қызметтер импортының жалпы көлеміндегі үлесі 4296,5 млн АҚШ долларын немесе 38,8 %-ды құрайды, осыған байланысты кәсіби қызметтердегі қызметтер бағасының төмендеуіне ықпал ету қиынға соғады.
Кәсіби қызметтердің импортының жоғары деңгейін және экспортталатын қызметтердің төмен үлесін есепке ала отырып, көрсетілетін кәсіби қызметтердің сапасының деңгейін айтарлықтай арттыру жөніндегі жұмыстар кешенін, соның ішінде жаңа технологияларды және стандарттарды енгізу, осы қызмет түрлеріне рұқсатты кеңейту арқылы өткізу қажет болып табылады.
Қазақстандағы «Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» секторының ең дамыған қызмет түрі мұнай қызметі болып табылады. Тапсырыстардың басым бөлігі (70%-дан астамы) үш өзекті жобаға тиесілі: Теңгіз, Қашаған және Қарашығанақ. Осы саладағы негізгі тежеуші факторлар отандық мұнай қызметінің мердігерлікке қолжетімсіздігі, технологиялық базаның дамымағандығы және білікті мамандардың жеткіліксіздігі болып табылады.
Мұнай қызметінің ең көп талап етілетін салаларының бірі жобалау болып табылады. Отандық мамандар іс жүзінде мүлдем жоба әзірлемейді. Жобалау нарығындағы жұмыс көлемінің тек 13% ғана отандық компанияларға тиесілі. Мұның себебі жоғары бәсекелестік, дағдылар мен білім тәжірибесінің жоқтығы болып табылады.
Геофизика мен геологияда ұқсас жағдай байқалады. Қазақстандық геофизиктер мен геологтардың тапсырыстарды орындау үшін керемет білім базасы және тәжірибесі бар. Алайда шетелдік компаниялар тендерлерді ұтып алады, себебі топтамаларда жұмыстар мен операциялардың бірнеше түрі бар. Ал отандық мамандар болса тек бір нәрсеге ғана бағытталады және геология мен геофизика жөніндегі қажетті қызметтердің барлық кешеніне ие емес.
Сонымен бірге консалтингтік қызметтердің экспорты мен импортында айтарлықтай үйлесімсіздік байқалады. Қазақстанның консалтингтік компаниялары әртүрлі бағыттардағы кеңестік және тренингтік қызметтерді көрсетеді. Алайда Қазақстанның консалтингтік компанияларының көп бөлігінің Қазақстанның басқа қалаларында филиалдары мен өкілдіктері жоқ. Отандық нарықта шетелдік консалтингтік компаниялардың едәуір көп болуы байқалады.
Қазақстанда «Үлкен консалтингтік төрттік» аудиторлық қызметтер нарығында жетекші орын алады. 2016 жылы бірінші орынды «КПМГ» алды – аудиторлық қызметтер нарығының 27%-ы, екінші орын – «Эрнст энд Янг» (25%), үшінші орын – «ПрайсуотерхаусКуперс» (20%), төртінші орын – «Делойт» (19%). Көшбасшылардың бестігін қазақстандық аудиторлық компания – «Центраудит Казахстан» аяқтайды, оған нарықтың 3%-ы тиесілі. Қалған қазақстандық компаниялар қосып есептегенде аудиторлық қызметтер нарығының 6%-ын алады.
ҚР ҰЭМ СК ресми мәліметтеріне сәйкес, соңғы 5 жыл ішінде жарнама және Қазақстандағы нарықты зерттеу саласындағы қызметтердің көлемі салыстырмалы баламада 17,9%-ға, абсолюттіде 27,6 млн. тг. артты. 2014-2015 жж. кезеңі энергиятасымалдаушылардың бағаларының әлемдік төмендеуінен туындаған елдегі экономикалық өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты кеңестік қызметтерді көрсетудің азаюымен сипатталады. Алайда 2016 ж. нарықтағы жағдай өзгерді, қызметтер көлемі 2013 ж. көлемінің деңгейінен асып түсті және 181,7 млн. теңгеге жетті.
Инжинирингтік қызметтердің негізгі мақсаты техникалық талаптардың барлық аспектілерін, техникалық-экономикалық негіздемелерді және инженерлік жобаларды реттеушілер бекіткен өңірлік стандарттар мен нормативтерге сәйкестігін бағалау болып табылады. Қазақстан Республикасының Инжинирингтік компаниялар одағының талдаушыларының бағалары бойынша, инжиниринг жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асыру саласындағы инженерлік кадрларды дайындау жүйесінің, мемлекеттік саясаттың жоқтығы қазіргі таңда Қазақстандағы инжинирингтік қызметтердің дамуын тежейтін белгілі фактор болып табылады.
3.6. Ақпарат және байланыс
«Ақпарат және байланыс» секторын үшжылдық кезеңде талдау сектордың ЖІӨ-дегі үлесі 2014 жылғы 2,5%-дан 2016 жылы 2,1%-ға 0,4 пайыздық тармаққа азайғанын көрсетті.
2016 жылдың қорытындылары бойынша осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны 160,1 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 1,9%-ын құрады.
2016 жылдың қорытындылары бойынша ақпарат және байланыс секторындағы еңбек өнімділігі 6 112,5 мың теңге/адамды құрады, бұл ретте 2014-2016 жылдар ішінде орташа жылдық өсу қарқыны -2,3 %-ды құрайды.
2014-2016 жылдар ішінде осы секторға 291,4 млрд.теңге инвестиция салынды. 2016 жылдың қорытындыларыд бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 47,8%-ға азайып, 57,7 млрд. теңгені құрады.
2016 жылы қызметтер экспортының жалпы көлемінде ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтерді қоса алғанда, телекоммуникациялық қызметтердің үлесі 2%-ды құрады.
Ұялы байланыс нарығының негізгі үлестері үш жетекші компаниямен бақыланады - Kcell (50 %), Beeline (30 %), «Алтел» және Tele2 (20%).
Соңғы 10 жылда қоңыраулардың ең төменгі құны Қазақстан бойынша барлық бағытта 7 есеге төмендеді және бүгінгі минутына 5 теңгені құрайды, ол бір SMS-хабарламаны жіберу құнынан төмен.
Телекоммуникация нарығын ырықтандыруға байланысты дауыстық байланыс құны төмендеп келеді. 2006 жылмен салыстырғанда дауыстық байланыс минутының құны 0,23 АҚШ долларынан бастап 0,015 АҚШ долларына дейін төмендеді. Канадада бұл көрсеткіш минут үшін 0,2 АҚШ долл. құрайды.
Нарықтың негізгі үлесі ұялы байланыс қызметіне (34 %), Интернет желісі қызметіне (28,6 %) келіп отыр. Телекоммуникация нарығында Интернет желісінің, деректерді жіберу, инфрақұрылым бойынша бағдарламаларды тарату қызметтерінің және өзге де байланыс қызметтерінің көлемдерін ұлғайту үрдісі сақталып келеді. Сонымен бірге, ұялы байланыс, жергілікті телефон байланысы, қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерінің көлемдері төмендеуде.
2016 жылы ұялы байланыс абоненттерінің саны 2015 жылғы 1500-бен салыстырғанда, 1000 адамға 1435 абонентті құрады. Абоненттер стационарлық телефон аппараттарын сирек пайдаланады, бұл цифрлық телефон станцияларына қосылған тіркелген телефон желілері санының азаюына әкеп соғады.
Елде жоғары жылдамдықты кең жолақты қолжетімділікті пайдаланумен тіркелген интернет пайдаланушылардың саны біртіндеп артып келеді, ол 2015-16 жылдары 2,3 млн. пайдаланушыны құрады.
2016 жылы Қазақстандағы Интернетті пайдаланушылардың жалпы үлесі де 76,8 %-ды құрайды. Бұл Канада, Ұлыбритания және бірқатар басқа дамыған елдерге қарағанда, біршама аз, алайда Бразилия, Мексика, Түркияға қарағанда, көбірек.
15-сурет. 2016 жылғы «байланыс» саласы көлемдерінің құрылымы, %
ұялы байланыс қызметтері,34
ұялы байланыс қызметтері,28,6
халықаралық және қалааралық байланыс қызметтері, 4,7
телефондық қызметтер,6,2
деректерді беру қызметі,4,7
16-сурет. Тіркелген телефон желісі, ұялы байланыс және тіркелген Интернет абоненттері санының өсу серпіні, 1000 адамға шаққанда абоненттер саны.
тіркелген телефон желілерінің саны
ұялы байланыс абоненттерінің саны
тіркелген интернет-абоненттер саны
2012 2013 2014 2015 2016 Негізгі
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Қазақстанда және басқа да елдерде тіркелген кең жолақты және ұялы кең жолақты байланысқа салыстырмалы бағалары арасында елеулі айырмашылық бар. Жалпы алғанда, дамушы елдерде ұялы кең жолақты байланыс баға тұрғысынан ең қолжетімді болып табылады. Қазақстанда, сондай-ақ Германияда, Оңтүстік Кореяда, Беларусь Республикасында ұялы кең жолақты байланыстың құны тіркелген байланыс қызметтері құнының орташа есеппен 45% құрайды.
4
Нысаналы топ
Салыстыру тобы
-кесте. 2015 жылғы әлемнің кейбір елдеріндегі тіркелген және ұтялы кең жолақты байланыс қызметтері қоржынының құны, халықтың жан басына шаққанда ІҚҚ %
Ел
|
Тіркелген кең жолақты байланыстың орташа құны
|
Құны, USD
|
Ұялы кең жолақты байланыстың орташа құны
|
Құны,
USD
|
Халықтың жан басына шаққандағы ІҚҚ, USD
|
АҚШ
|
0,37
|
16,32
|
1,10
|
48,94
|
32 976
|
Германия
|
1,18
|
46,37
|
0,67
|
26,40
|
47 203
|
Франция
|
0,77
|
27,86
|
0,73
|
26,53
|
43 476
|
Оңт.Корея
|
1,32
|
28,49
|
0,48
|
10,45
|
25 894
|
РФ
|
0,68
|
7,82
|
0,45
|
5,21
|
13 836
|
Беларусь
|
1,57
|
8,79
|
0,58
|
3,23
|
6 723
|
Қазақстан
|
1,12
|
10,77
|
0,57
|
5,52
|
11 538
|
Достарыңызбен бөлісу: |