Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі



жүктеу 4,13 Mb.
бет9/18
Дата26.05.2018
өлшемі4,13 Mb.
#17983
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

3.8. Білім беру


2014-2016 жылдары «Білім беру» секторын талдау елдің ЖІӨ-дегі сектор үлесінің 2,8 % деңгейінде сақталып тұрғанын көрсетеді.

2016 жылдың қорытындылары бойынша білім беру саласында жұмыс істейтіндердің саны 1032,8 мың адам немесе экономикалық белсенді халықтың 12,1%-ын құрайды.

2016 жылдың қорытындылары бойынша осы сектордағы еңбек өнімділігі 1 273 мың теңге/адам, бұл ретте, осы көрсеткіштің орташа жылдық өсу қарқыны -1,6% құрады.

2014-2016 жылдарда білім беру секторына 626,4 млрд.тг. инвестиция салынды. Бұл ретте, 2016 жылы осы сектордағы инвестициялардың көлемі 207,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 57% бюджеттік қаражаттар, 42% білім беру кәсіпорындарының жеке қаражаттары, 0,4% банктердің кредиттері және 0,6% жеке инвестициялар болып табылады.

Білім беру секторының өзекті мәселесі білім беру шығыстарының төмен деңгейі болып табылады. О

сылайша, Қазақстанда осы көрсеткіш Малайзияға, Ресейге, Чилиге, Австралияға және Норвегияға қарағанда айтарлықтай төмен.



21-сурет. Білім беруге бөлінетін мемлекеттік шығындар, ЖІӨ-дегі шығыстардың үлесі %, 2016 жыл

Қазақстан

Ресей

Дереккөз: Дүниежүзілік банк
Қазіргі уақытта елде білім беру қызметтерінің импорт-экспортына бағытталған академиялық ұтқырлықтың қазақстандық үлгісі қалыптастырылуда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігінің шекаралары кеңейтіледі. Халықаралық білім беру кеңістігіне толыққанды ену үшін қазақстандық жоғары білімнің сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету, оның тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.

Алайда білім беру сапасында проблемалар сақталып қалуда, осылайша Қазақстан 2015 жылы PISA (математика) халықаралық емтиханы бойынша 72 елдің ішінен 42 орынды алды. Орта мектепте оқытудың сапасы бойынша Қазақстан салыстырылатын елдерден, бірінші кезекте Ресейден және Қытайдан айтарлықтай артта қалып келеді. Қазақстандық оқушылардың дайындық деңгейі, әсіресе оқу бойынша өте төмен, ал математика мен жаратылыстану ғылымдары бойынша сәйкес көрсеткіштер біршама жоғары. Орта мектептегі оқыту нәтижелерінің төмендігін адам өмірінің одан кейінгі білім беру және кәсіби кезеңдерінде түзету қиын болғандықтан, қалыптасқан жағдай өнімділікке теріс ықпал етеді және елдің экономикалық дамуын жылдамдатуға кедергі келтіреді.


22-сурет. Қазақстандағы орта білімнің сапасы

PISA бағдарламасы бойынша жиналған балдардың саны: орта білімнің индексі1, 2015 ж.



Оқу Математика Жаратылыстану



1Анағұрлым жоғары балдар көбірек мүмкіндікті білдіреді – PISA балдары 15 жастағы мектеп оқушыларының мүмкіндіктерін бағалайды.

Дереккөз: ЭЫДҰ «PISA-2015 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері» Ұлттық есебі.
Қазақстандық жоғары білім жүйесі халықаралық рейтингтерде салыстырмалы түрде жоғары емес позицияларға ие және экономиканың перспективалы секторларын дамытуға аз ықпал етеді.
23-сурет. Жоғары білім беру деңгейінің рейтингі


жүктеу 4,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау