Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет



жүктеу 0,95 Mb.
бет3/3
Дата07.02.2018
өлшемі0,95 Mb.
#8929
1   2   3
Жергілікті бюджет шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы уйлесуі болып табылады.

Жергілікті бюджет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмүны жағынан бірыңғай (бір текті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.

Жергілікті бюджет шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмүны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:

1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;

2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;

3) мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары; Шыгыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты. [12]

Жергілікті бюджет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет, сондай-ақ, қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.

Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шыгыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.

Жергілікті бюджет шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы түтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды.

Үшінші топтың жергілікті бюджет шығыстары — мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруга жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыптары өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, үйымдарды жөне халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырулған тәртібі олардың қажетті мөлшерін са-лыстырылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғүрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. [11, 119 –б.]

Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикага, әлеуметтік-мәдени шараларга, гыльшга, қорғаныс пен басқаруга жұмсалатын шығыстарға бөлінеді. Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.

Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен өлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.

Жергілікті бюджет шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғүрльш толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:

1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен уйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;

2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше қүжаттардың — сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Сметалық төртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.

Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялык, қаржыландыру қолданылады. [14]

Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны — бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.

Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен үйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ, төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, түрғын ұй-коммуналдық шаруашьшықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.

Субвенциялар халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

Субсидиялар — үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.



Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз жөне қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар. [17]


  1. кесте.

Салық бойынша жоспардың орындалуын жекелей талдау.















(Жергілікті бюджет)













(мың теңге)



Округ аттары.

Жарты жылдан бері түскен түсімдер

Ауытқу (+) (-)

Жоспар

Нақты

%

І

Асықата өңіріндегі 8 округі

6 236,20

6 376,00

102,20

139,80

ІІ

Атакент өңіріндегі 3 округі

3 679,80

3 937,00

107,00

257,20

ІІІ

Жетісай өңіріндегі 5 округі

8 882,40

8 948,50

100,70

211,00

IV

Достық ауылдық округі

1 579,80

1 531,60

96,90

- 48,20

V

Жаңа ауыл ауылдық округі

1 030,80

934,10

90,60

- 96,70

VI

Мырзакент өңіріндегі 6 округі

5 421,60

4 686,30

86,40

- 760,40

VII

Мырзакент қалашығы

1 567,80

1 116,60

71,20

- 451,20

VIII

Еңбекші ауыл округі

749,40

446,00

59,50

- 303,40

IX

Нұрлыбаев ауылдық округі

621,60

615,80

99,10

- 5,80

 

ЖАЛПЫ БАРЛЫҒЫ

29 769,40

28 591,90

 

- 1 057,70



    1. Мемлекеттік резервтерді жоспарлау.

Экономиканы дамытуга жұмсалатын шығыстарбұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жүмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.

Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі жұмсалымдарматериал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады.

Күрделі жұмсалымдардың құрамына:

1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;

2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;

3) өзге күрделі жүмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс аудару бойынша және т.б);

4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға жұмсалатын шығындар кіреді.

Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:

1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;

2) банктердің үзақ мерзімді кредиттері;

3) халықтың жинақ ақшасы (тұрғын үй қүрылысына);

4) бюджеттен қаржы бөлу. [6, 8 –б.]

Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бүл шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандыру және қайта құруға арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді. Инвестициялық саясатты қайта қүрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік қүрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақүрылым объектілерінің құрылысын қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Жөндеуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген (негізгі капитадцарды ішінара қалпына келтіру жөне олардың жұмыс қабілеттілігі жағдайында болуын қолдап отыру үшін) негізгі капиталдарды жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі, бұл қор шығындарды көсіпорындар мен ұйымдар өнімінің (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) өзіндік қүнына нормативтер бойынша қоса отырып жасалынады.

Айналым қаражаттарының өсімі кәсіпорындардың меншікті немесе оған теңестірілген қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Олар жетіспеген кезде негізінде жаңа кәсіпорындар үшін бюджет қаражаттары белінеді немесе кейін өтелетін кредит беріледі. Бұдан басқа, меншікті айналым қаражаттарының жетімсіздігін жабуға мақсатты қаржыландырудың қаражаттары бағытталады.

Резервтер жасауга жұмсалатын шығындар қаражаттардың үздіксіз ауыспалы айналымын және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бүкіл процесін, шаруашылықтың үйлесімдерін сақтаудың, дүлей апаттардан болған ысыраптарды өтеуді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Қаржы резервтері ақша ресурстарын оңтайландыруға, кәсіпорынның шаруашьшық қызметі процесінде пайда болатын уақытша қаржы қиындығын жоюға мүмкіндік береді. Резервтік капитал шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жасалады.

Мемлекеттік резервтер — мемлекет жасайтын шикізаттың, материалдардың, отынның, машиналар мен жабдықтың бірқатар түрлерін, астықтың, азық-түлік тауарларының, қорғаныс мұқтаждары үшін арналған өнімнің маңызды түрлерінің босалқы қорлары. Мемлекеттік резервтер үнемі қалпына келтіріліп, толықтырылып отыратын мемлекеттің айрықша орталықтандырылған қорын құрайды. Мемлекеттік резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жасалынады. [19]

Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларга — оқу-ағартуға, ақпарттық қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздан-дыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.

Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:

1) білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;

2) мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары;

3) денсаулық сақтау;

4) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.

Нарықтық қатынастар жағдайында түтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдық қорлардан әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан бас тарту болды. Нарық жағдайында еңбек салымына, харакеттің әр түріндегі адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелділігі қалыптасады. Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың кәсіпкерлік және басқа қабілеттіктеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашылық органдарының қарамағында олардың жүмысының нәтижелеріне қарай табыстың (пайданың) бір бөлігі қалады.

Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік-мәдени шараларды қар-жыландырудың жаңа қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына көшуде. Білім беру сферасында — бұл кепілдендірілген бюджетіік нормаларға қосымша білім және көсіби машық үшін ақылы оқуды қолдану, денсау-лық сақтауда — ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту.

Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарына, орта кесіптік білім беру оқу орындарына, жоғары көсіптік білім беру орындарына, кадрлардың біліктілігін арттыру жөне қайта даярлау оқу орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Білім беру мекемелерін қаржыландыру бүл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады. [19, 98 –б.]

Қызметкерлер мен өндірістегі басқа кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар өнімінің (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) өзіндік құнына кіріктіріледі.

Білім беру мекемелері бюджеттен тыс қаражаттарды және ресурстарды, соның ішінде валюталық ресурстарды, ақылы оқыту қызметтерін көрсету есебінен тартады; қаражаттардың бір белігін кәсіпорындар мен ұйымдар — демеушілер береді.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес гранттар және кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі қолданылады: бірінші жағдайда қаражаттар қажетті профилдің мамандарын даярлау үшін мемлекеттік бюджет есебінен етеусіз бөлінеді, екіншісінде оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тарапынан ұзақ мерзімді кредит беріледі (банк мекемесі — студент — жоғары оқуы орындары — Білім және ғылым министрлігі)

Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражайлар мен кермелерді, театрларцы, филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамблдерді, киностудияларды ұстауды қамтиды; олар бюджеттен, сондай-ақ көсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Мәдениет пен шығармашылықтың бірқатар мекемелері (театрлар, цирктер) шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен демеу қаржының сомасы белгіленеді. [19, 88 –б.]

Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауга жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.

Халыққа арналған бірқатар медициналық қызметтер бұрыннан ақылы жүйеде көрсетіліп жүргендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 27-сіндегі № 135 қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі белгіленген. Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттік — Республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, аумақтық денсаулық сақтау органдары — жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады. [19, 94 –б.]

Азаматтарға республикалық бюджеттің есебінен орындалатын тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша ересектер мен балаларға оңалту көмегін қоса алғанда: хирургиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық, тері-венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлік-гинекологиялық және зиянды өрі қауіпті өндірістік факторларға байланысты аурулар, туберкулез, лепра кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге;

2) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуге;

3) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуге;

4) сот-медициналық сараптамаға бағытталады.

Азаматтарға жергілікті бюджетгің есебінен орындалатын тегін медициналық көмек:

1) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті; алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған амбулаториялық-емханалық үйымдар жүзеге асыратын консультациялық-диагностикалық көмекті;

ортодонтикалық көмектен басқа 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге жөне тісі қатты ауырған науқастарға стоматологиялық көмекті;

18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапевтік көмекгі;

2) жедел және шұғыл жәрдем керсетуді;

3) шүғыл көмек керсетуді;

алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша аурулардың барлық түрлері, соның ішінде: онкологиялық, психоневрологиялық, инфекциялық, офтальмологиялық, хирургиялық, ңейрохи-рургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтік, травмотологиялық, тері-венерологиялық, жүкті әйелдер мен аурулардың гинекологиялық ауруларына, алкоголизммен жөне нашақорлықпен, туберкулезбен, қант диабетімен, тыныс жолы өкпе ауруларымен ауыратындар бойынша жоспарлы көмек көрсетуді қоса алғанда, жергілікті деңгейде ересектер мен балаларға стационарлық медициналық, соның ішінде оңалтушылық көмек көрсетуді;

4) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді;

5) ВИЧ-инфекциясын жүқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуді қамтиды.

Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің өскери қызметшілеріне заңдарда белгіленген төртіппен тегін медициналық көмек көрсетіледі. Басқа қалғандарының бәрі ақылы нысанда көрсетілуі тиіс, бұл дұрыс нарықтық медициналық қызметтер көрсетудің дамуына жеткізеді. [18]

Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландырудың көздері мыналар болып табылады: ұзақ мерзімді экономикалық нормативтер бойынша бөлінетін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары; шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерінен аударылатын аударымдар, министрліктің, ведомстволардың және басқарудың басқа органдарының мақсатты субсидиялары; арнаулы бағдарламалар бойынша халықаралық үйымдардың қаражаттары; республикалық және жергілікті валюта қорларынан бөлінетін валюталық қаржы;

жүмыс берушілерге нормативтерден тыс медициналық және басқа қызметтер көрсетуді орындағаны үшін және ақылы қызметтер мен шаруашылық қызметтің басқа түрлерін көрсеткені үшін алынған медициналық мекемелердің қаражаттары; ұйымдар мен азаматтардың, соның ішінде басқа мемлекеттердің қайырымдылық салымдары.

Мемлекеттік денсаулық сақтаудың қаражаттары мыналарға бағытталады: азаматтарға медициналық көмек көрсетуге; денсаулық сақтаудың мақсатты кешенді бағдарламаларына; мемлекеттік денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасыи дамытуға; емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерді ұстауға; медициналық кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға; медициналық ғылымды дамытуға және енгізуге; жұқпалы аурулар эпидемияларын жоюға.

Денешынықтыру мен спортқа жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары, кәсіподақ ұйымдарының қаражаттары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері, спорт қоғамдарының меншікті қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына жүмсалатын күрделі жүмсалымдар, спорт үйымдарының аппаратын ұстау, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінетін қаржылар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Шығыстардың бір бөлігін ұйымдар — демеушілер, әдеттегідей, жарнамалық мақсаттарда өтейді.



    1. Әлеуметтік қамсыздандыру.

Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру (сақтандыру) сияқты екі оқшауланған нысанада іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен — халықты әлеуметтік қоргау жүйесімен тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Рес-публикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді. [18, 6 –б.]

Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес қүрылымдардың (жекешені қоса), қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.

Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына "әлеуметтік қамсыздандыру" мен "әлеуметтік сақтандыру" терминдері сипатты болғанымен бүлар бара-бар ұғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау процесі деп, ал әлеуметтік сақтандырудыосы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі деп түсінген жөн. [18, 32 –б.]

Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар мемлекет шығыстарының жүйесінде үлкен орын алады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау басым бола бастайды және тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ инфляцияның және ақшаның құнсыздануының нәтижесінде өседі.

Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады.

Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалауы арнаулы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар жасалынады. Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен жан басына шаққандагы түтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бүл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша, отбасына қажет қызметтер жиынының ең төмен түтыну қоржынының қүны мен қүрамы есеп-теп шығарылады. Ең төмен түтыну бюджетінің мөлшері бағалар деңгейінің өзгеруімен байланысты мезгіл-мезгіл қайта қаралып тұрады және уәкілетті орган қайта бекітеді.

Әлеуметгік шығыстар зейнетақы төлеудің Мемлекеттік орталығы, қазіргі кезде мемлекеттік бюджетке қамтылған Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік қорлар немесе шаруашьшық субъектілерінің тұтыну қорлары арқылы жүзеге асырылады. Телемақыларды халықты әлеуметтік қорғау органдары, шаруашылық субъектілері, ендірістік емес сфера ұйымдары жасап жүргізеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік сақтаңдыруды кәсіподақ комитеттері қадағалап отырады.

Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде қамтып көрсетіледі. Халықты әлеуметтік қорғау санатына қосылатын ұғымдардың айырмашылықтары бар.

Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне "әлеуметтік көмек" деп аталатындар бола алады.

Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметімен және бүл қызметтің нөтижесіне байланысты болып келетін тиісті телемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады. Яғни әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-өзі қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының (сақтанушының) оларды алуына қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады.

Тұрмысы төмендегілерге әлеуметтік көмек негізінен кедейлік шегінен арғы халықтың көптеген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың есебінен болатын "қайыр көрсету" сипаты болады және мақсаты — "кедейлерге қамқор болу". Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждарды қаржыландыруға арналған қаражаттарды қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады: сақтық, бюджеттік, қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету) әдістері.

Сақтық әдіс әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды қажет етеді.

Бюджеттік әдіс кезінде қаражаттар ақша ресурстарының жалпымемлекеттік қорынан мемлекеттің мүмкіндігімен және әлеуметтік және бюджет саясатының мақсаттарымен анықталатын деңгейде бөлінеді.

Қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету) әдісі кезінде қаражаттардың тіркелген мөлшерлері болмайды және арналар бойынша олардың түсуіне қарай қайырымдылық жарналарын іске асыратын ұйымдар анықтайтын мақсаттарға жұмсалады.

Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылган кезде әлеуметтік қолдау арқылы іске асырылады.

Зейнетақы — бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал өскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы. Жұртқа мәлім, 1998 жылға дейін зейнетақы кәсіпорындардың өз қызметкерлері үшін аударған жарнасы есебінен төленіп келді. Бірақ жарнадан жиналатын қаражат күндердің күнінде мемлекеттік зейнетақы телеу үшін қажет болатын қаражат мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін еді. Оның үстіне экономика дағдарысқа ұрынып, жұмыссыздық етек алған түста бүл проблема өткір сипат ала түскен. Осы жайт жаңа зейнетақы жүйесін енгізуге итермелеген ең негізгі себептердің бірі болды. Ескі, "ынтымақтастык," зейнетақы жуйесі мүндай жағдайда зейнетақының іркіліссіз теленуін қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті.

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы маусымның 27-сіндегі заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды. Оның мәні - 1997 жылғы дейін өмір сүрген зейнетақымен қамтамасыз етудің зейнетақы қорларын қалыптастыру кезіндегі ұрпақтардың ынтымақтастық қағидатынан жеке қорланымдардың қағидатына көшуде болды. Ол үшін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық пен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық заңды түлғалар мен жеке тұлғалардың әлеуметтік салық төлеу жолымен қалыптасатын Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры қарастырылды. [13]

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі кезінде әркім өз табысынан (жалақысынан) міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Осы көздің есебінен жиинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдарды қалыптасады. Ұстау және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мына мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады: жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын заңи түлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар ай сайынғы ақша немесе натуралдық нысандағы табысынан (жұмыс берушінің материалдық, өлеуметтік игіліктер немесе басқадай материалдық пайда түріндегі табыстарын қоса) он пайыз мөлшерінде жарна аударады. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі айлық жала-қының жетпіс бес еселік мөлшерінен аспауы тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары Салық кодексінің 144 бабының 1), 3), 8), 10), 11), 15), 16), 17), 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларында және 316 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшаларында белгіленген төлемдерден ұсталынбайды. Кейін зейнетақы телемдері мемлекеттік жөне мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындагы әркімнің жеке зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, қанша адамның жүмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді. [2, 16 –б.]

Салымшылар немесе жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде ерікті зейнетақы жарналарын төлей алады, олардың мөлшері шектелінбейді, жарналар бірақ рет немесе дүркін-дүркін, үдайы немесе түрақсыз, қолма-қол ақшамен немесе аудару жолымен (қолма-қолсыз ақшамен) төленеді.

Зейнетақы төлемдері салымшының таңдауы бойынша Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына бағьпталады, салымшыға зейнетақы келісім шартының негізінде жеке зейнетақы шоты және жекеше нөмір — әлеуметтік жеке код (ӘЖК) ашылады. Қазақстанда 16 жинақтаушы зейнетақы қоры бар. Егер 30 жылдан бері жүмыс істеп келе жатқан Чилидегі зейнетақы жүйесі экономикалық белсенді саналатын азаматтарының тек 30 пайызын ғана қамти алса, Қазақстанда 5-6 жылдың ішінде 9 миллионға жуық адам әлеуметтік жеке код туралы куәлік алып отыр. 15 миллион түрғындары бар ел үшін бүл үлкен жетістік. Солардың 6,3 миллионға жуығы салымшылар қатарына тартылған, яғни бүл еңбекке жарамды республика түрғындарының 80 пайызының өз шоттары барын дәлелдейді. [16]

Салымшылардың қордаланған жарналарын зейнетақы қорлары уәкілетті банк (кастодиан) арқылы Зейнетақы активтерін басқару жәніндегі ұйымга (ЗАБҮ) береді, ол қаражаттарды бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне жене басқа қаржы тетіктеріне орналастырады. Орналастыру кезінде алынған табыс инвестициялық кіріс деп аталады, ол салымшылардың жеке шоттары бойынша қордаланған қаражаттардың сомасына сәйкес бөлінеді; инвестициялық кіріс қорланудың ұлғаюын және оның инфляциядан қорғалуын қамтамасыз етеді.

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға сәйкес Орталықтан зейнетақы телемдері еркектер 63 жасқа толғанда, өйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек өтілі болғанда, әйелдерге — 20 жыл еңбек өтілі болғанда тағайындалады.

Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері азаматтарға олардың нақты еңбек өтілінің болуына қарай Орталықтан толық көлемінде зейнетақы төлемдерін алу қүқығы болмаған жағдайда тағайындалады.

Төтенше жөне барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың садцарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына сөйкес еркектер — жалпы еңбек өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер жалпы өтілі — 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәр-биелеген өйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, зейнетақы орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі және жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы қаңтардың бірінен бастап жүзеге асырылып келеді. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін қажетті еңбек өтілінен тыс жұмыс істеген өрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспауы тиіс.

Зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін Үкімет белгілейтін өзге де табыстар енгізіледі. Зейнетақы телемдерін есептеу үшін 3 жылғы жүмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жүмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқ-ылы анықталады жөне орташа айлық жалақы шығарылады. Алайда зейнетақыны есептеуге қажет табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 15 еселенген айлық есептік көрсеткіштен * аспауы тиіс. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет тура-лы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызынан аспауы тиіс. Бұған өндірістердің, жүмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Үкімет бекіткен № 1 Тізімдегі 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды. [18, 22-б]

2002-2003 жылдары Зейнетақы телеу жөніңцегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақьшар мелшері көтерідді, енді оның ең төменгі мөлшері 5800 теңгені қүрайды.

Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету негізінен "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңымен (1998 жылғы 20 тамыз, №136-1) жүзеге асырылады. Алайда, зейнетақы заңцылығы 2002 жылдың желтоқсан айынан қазіргі кезге дейін айтарлықтай өзгерістерге үшырады. Сондықтан Үкімет 2003 жылдың 4 шілдедегі қаулысымен "Міндетті зейнетақы салымдарынан құрылған жинақтаушы зейнетақы қор-лары мен ерікті кәсіби зейнетақы салымдарынан зейнетақы төлеудің ережесін" бекітті. Сонымен қатар, Үкімет мамандықтары бойынша анықтап белгілегендерге жүмыс берушілер тарапынан еркін кәсіби салымдар салу еңгізіліп отыр. Осындай зейнетақы салымда-рынан жинақталған қордан жасы 50-ге келгенде жиған қаржысын алуға мүмкіндік туады. Сол сияқты, егер азамат 55 жасқа дейін міндетті жинақтаушы зейнетақы қорына өмірінің сонына дейін жететін ең төменгі төлем деңгейін жинап үлгерсе, зейнет демалысына шығуына мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда зейнетақы төлемдері аталмыш азаматтардың зеинетақы салымдарын сақтық ұйымдарына езімен келісім негізінде аударылатын болады.

Осылайша отандық зейнетақы жүйесі біртіндеп дамып келеді. Зейнетақы активтері өсіп отыр. Бірақ, осы жиналған қаржыларды сақтаудың өзі үлкен мәселе тудырып отыр. Ұлттық банк пен Үкімет жинақтарды валюталық тәуекелдіктен қорғаудың жолын қарастыруда. Жалпы, 2003 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнеткер саны 1,7 миллионға жуық адамға жеті. "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес зейнеткерлік жасы белгіленген соң, зейнетақы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан төленетін болып шешілген. Оның басты міндеті зейнетақы активтерін толықтырып отырған әр түрлі үйымдардың еңбеккерлеріне төленетін жалақының 10 пайызын тіркеуге алу болып табылады.

Орталықтың барлық облыстар мен қалаларда, аудандарда бөлімшелері жүмыс істейді. Енді аталмыш жүйемен Қазақстан банктерінің байланыс жасауға мүмкіндігі бар. Өйткені, қазіргі таңда 90 мындай адам карточкалы жүйеге өтіп үлгерді. Осыған қарағанда, өрбір банк тиімді келісімшартқа отыруға мүдделі. Осындай екінші дережелі банктердің 13-імен шарт жасасылған. Бірақ, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің негізгі бөлігі, яғни 63 пайызы осы күнге дейін Қазақстан халық банкінің қолында. Ал 30 пайызын "Казпошта" жүзеге асырса, қалғандары екінші дәрежелі банктер үлесінде. Банктер зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін тегін жүргізбесі белгілі. Мұндай қызметтері үшін орталық комиссиялық өтемдерді өз мойнына алған. Орташа комиссиялық төлем көлемі жалпы соманың 0,6 пайызын құрайды. [15]

Әлеуметгік сақтандыру жүйесінде әр түрлі жәрдемақылар маңызды орын алады.

Жәрдемақы — бүл жүмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда пайда болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдендірілген ақшалай өтемақы.

Әлеуметтік сақтандыру шеңберінде төленетін жәрдемақыларға сырқаттық бетшелер бойынша телемақылар, жүктілік және босану бойынша жәрдемақы, санаторийларға жолдамалар сатып алу жөніндегі шығыстар (шаруашылық жүргізуші субъектілердің — жұмыс берушілердің — қаражаттары есебінен жүзеге асырылады), жаңа туған сәби үшін төленетін біржолғы жәрдемақы, балаға қарау жөніндегі жәрдемақы, жерлеуге берілетін жәрдемақы (жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылады) кіріктіріледі.

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіби ауру себебінен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында жөне зандарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.

Қызметкер жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болған кезінде жүмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы еңбек демалысына дәл келген күндер үшін есептелмейді. Егер қызметкерлердің жұмысқа уақытша жарамсыздығы демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасса, онда жәрдемақы қызметкер жұмысқа кірісуге тиісті күннен бастап есептеледі. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекте мертігуге немесе кәсіби ауруға байланысты болса, әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейін немесе мүгедектігі анықталғанға дейін заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысының жүз пайызы мөлшерінде төлейді.

Маусымдық жұмыс істейтін қызметкерлерге, үй шаруасымен айналысатындар мен үйге жүмыс алып істейтін қызметкерлерге жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жөр-демақы, егер жеке еңбек шартында өзгеше айтылмаса, "Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тағайындаудың және телеудің тәртібі туралы" нүсқаулыққа сәйкес тағайындалады және төленеді.

Ядролық сынақтардың әсеріне үшыраған аумақтарда түратын әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қалыпты босанғанда 170 күнтізбелік күн үшін, ал босануы ауыр болғанда немесе екі және одан да көп бала туғанда 184 күнтізбелік күн үшін төленеді. 2003 жылдан бастап бала тууға байланысты 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. [11, 250 –б.]

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектік жөніндегі, асыраушысынан айырылғандығы және жас мөлшері бойынша оларды алуға мұқтаж және толық мемлекет есебінен қамтылмаған азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттің мезгіл-мезгіл төлеп тұруы болып табылады.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына, қашан болғанына (жұмыс немесе қызмет кезінде, жұмысқа кіріскенге дейін немесе жүмысты тоқтатқаннан кейін) қарамастан тағайындалады. Бұл жәрдемақылардың мөлшері жәрдемақының түріне байланысты болады және олар айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты қайта қаралып отырады. 2002 жылы бірінші топтағы мүгедектерге, бала жасынан бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектік алған 16 жасқа дейінгі балаларға бір айлық есептік көрсеткішке, ал екінші топтағы мүгедектерге 0,5 айлық есептік көрсеткішке үлғайтылды.

Мүгедек адамдарга зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тоқтатылады немесе зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық пен Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы бар. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыға қүқығы бар отбасының барлық мүшелеріне ортақ бір жәрдемақы тағайындалады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

Жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдеріне қүқығы болмаған жағдайда Занда белгіленген жасқа жеткен кезде, не зейнетақы төлемін зейнетақының ең төмен мөлшерінен аз мөлшерлерде алған жағдайда Орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан тағайындалады. Жәрдемақы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы" заңында және оған сәйкес қабылданған өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде және тәртіппен азаматтардың арнаулы мемлекеттік жәрдемақыәлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға және жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай өтемақы алуға қүқығы бар. Арнаулы бұл жәрдемақы 1999 жылдың 1 сеуірінен бастап жәрдемақы алуға қүқығы бар азаматтардың 14 санатына заңда көрсетілген мөлшерде төленеді. Мәселен, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы 5,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін қүрайды. Бұл жәрдемақы тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қыз-меттер көрсетуге, отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрілік заттармен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жүрт пайдаланатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзіщі баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға төленеді. Ал Ұлы Отан соғысының мүгедегіне бүл жеңілдіктермен бірге кресло-қоларба бөлуге, темір жолда, әуе, су және қалааралық автомобиль көлігінде жылына бір рет жүру үшін, сондай-ақ 1-топтағы мүгедекті алып жүретін адамның жол шығындарына 7,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. [6, 10 –б.]

Бір мезгілде әр түрлі арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалатынын атап айту қажет.

Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен керсеткіштердің Үкімет бекіткен № 1 Тізіміне орай 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты жөне ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға да мемлекеттік арнаулы жөрдемақы қарастырылған. Мұндай жәрдемақы еркектер — 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер — 48 жасқа толғанда жөне жұмыс стажы 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде жәрдемақы тағайындалуға құқы бар.

2001 жылдың шілдесінде қабылданған "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кемек туралы" Заңға сәйкес жан басына шаққанда аймақтарда белгіленген кедейлік деңгейінен темен орташа табыс алатын халықтың бәрі атаулы көмекпен қамтылады. Негізінен олар кәмелетке толмаған балалары, жұмыссыздары, мүгедектері бар отбасылар. Кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі аймақтар бойынша сараланатындықтан, заң әрбір отбасының табысын нақтылауға мүмкіндік береді. Азаматтар қайда түратыны-на қарамастан, өздерін отбасында жан басына шаққавда кедейлік шегі деңгейінде орташа табыспен қамтамасыз ететіндей әлеуметтік көмек алады. Заңға сәйкес, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдарда тіркелмеген еңбек жасындағы жүмыссыздардың әлеуметтік кемек алуға қүқылары жоқ. Мүгедектер, айдан астам уақыт стационарлық емдеуде жатқан адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жасы 80-нен асқан кісілерге, 7 жасқа дейінгі балаларға күтім жасаумен айналысатын азаматтар, оқушылар мен студенттер бұл санатқа жатпайды. Сонымен бірге, жұмыспен қамту органдарына өтініш берген жағдайда, еңбекке жарамды адамдарға лайықты жұмыс немесе қоғамдық жұмыстарға қатысу үсынылады. Бұл жұмыстардан бас тартқан жағдайда олар алты ай мерзімге дейін атаулы әлеуметтік көмек алу құқынан айрылады. Занда атаулы кемек тағайындату үшін өтініш білдірудегі рөсімдер жеңілдетілген.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мыналар бөліп көрсетіледі:

1. Әлеуметтік көмек, ол бойынша төлемақылар мыналарды кіріктіреді:

а) балалары бар отбасына жәрдемақы, ол отбасының жиынтық табысын ескере отырып тағайындалады (18 жасқа дейінгі балаларға);

ө) балалары бар мерзімдік қызметтің ескери қызметшілерінің отбасыларына жәрдемақы;

б) мүгедек балалары бар отбасыларына жәрдемақы;

в) ВИЧ- инфекциясын жүқтырған балаларға немесе ересектерге жәрдемақы;

г) өкелері алименттер төлеуден жалтарынған балаларға уақытша жердемақы;

д) 7 жасқа дейінгі 4 және одан кеп балалары бар жұмыссыз аналарға жөрдемақы.

2. Тұргын үй жәрдемақысы, отбасының жиынтық табыстарын ескере отырып тағайындалады.

3. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, отынды, көлікті, соғыс және еңбек ардагерлеріне, табысы аз зейнеткерлерге және басқаларға медициналық қызмет көрсету жеңілдіктерінің жүйесі.

4. Жұмыссыздарга материалдық көмек.

5. Этникалық отанына оралған қазақтарга жәрдемақы және басқа жәрдемақылар.

Табысы екі, айлық есептік көрсеткіштен артық емес жүмыссыздарга материалдық кәмек белгіленген. Қазақстан Республикасының заңдамасымен жүмыспен қамту бағдарламалары жергілікті бюджеттерден қаржылындырылатыны анықталған.

Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау мына шараларды кіріктіреді:

1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

2) біліктілікті жоғарылатуды кәсіптік даярлау, жұмыссыздарды қайта даярлау және олар үшін қоғамдық жүмыстар ұйымдастыру;

3) қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;

4) табысы аз азаматтардан шыққан жұмыссыздарға мемлекеттік атаулы көмек көрсету.

Қоғамдық жұмыстарды орталық жөне атқарушы органдар ұйымдастырады, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан және олардың өтінімдері бойынша жұмыс берушілердің қаражаттарынан қаржыландырылады. Сонымен бірге еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылу жағдайлары кезінде пайда болған әлеуметтік қауіп-қатерлердің нәтижесінде шығындалған (жоғалған) табысының бір бөлігін өтеу жолымен әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасауға және әлеуметтік сақтандыру жүйесінен теленетін төлемақыларды алушылардың қүқықтарын қорғауға бағытталған заңның қажеттігі туып отыр. Бұл кезде әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік жәрдемақылардан, әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемақылардан және өндірістегі жазатайым уақиғадан және кәсіби аурулардан жұмыс берушілердің жауаптылығын сақтандыру бойынша телемдерден түратын үш деңгейлі жүйенің екінші деңгейі болады. Бүл орайда міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қосарлас Әлеуметтік сақтандыру қоры туралы заңның да болғаны дүрыс. Жұртқа мәлім, бүгінде әлеуметтік қауіп-қатерлер болғанда азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға қүқығы бар, бұл жәрдемақылар республикалық бюджеттен теленеді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (бала туғанда, жерлеуге, балалары бар отбасыларына, табысы аз отбасыларына азаматтарға) тұрғын үй көмегі, жүмыссыздарға материалдық көмек жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан төленеді.

Жергілікті бюджеттерден әлеуметтік көмек керсету түрінде төлемақылар мыналарға төленеді:

1) экологиялық апаттардан, нәубеттерден, ядролық сынақтардан зардап шекендерге;

2) жаппай саяси құғын-сүргін құрбандарына, көп балалы аналарға, жан басына шаққаңда табысы деңгейі темен аз қамтылған отбасыларына, халықтың бірқатар басқа санаттарына.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер, басқа жұмыс берушілер меншікті әлеуметтік қорларынан өздерінің жұмыс істеп жүрген қызметкерлеріне, бұрынғы қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне қосымша материалдық және ақшалай көмек көрсете алады. [18, 28 –б.]



Қорытынды.
Жергілікті бюджеттің шығыстарыбұл аумақтық тұрғыда жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Жергілікті бюджеттің шығыстары — аумақтық тұрғыда қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Жергілікті бюджет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан жергілікті бюджет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты. [10, 95-б.]

Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негiзделгендiктен объективтi түрде сипатталады. Өз алды бюджеттiк сала болуы адамзаттың субъективтiк пiкiрiне байланысты емес, ең адымен ол қоғамдық өндiрiстiң дамуына керектi орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттiк табиғаты мен функцияларынан туатын объективтiк қажеттiлiкке байланысты. Сондықтан, Бюджет кодексiнде мемлекеттiк бюджетке мынадай түсiнiк берiлген – ол “республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретiнде пайдаланатын және бекiтуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет”. Сонымен қатар, “мемлекеттік бюджет” терминi- мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттiк қор мағынасында да пайдаланады. [1, 3 –б.]

“Бюджет” деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесiдей түсiнiктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:



  • ол өз алдында жеке бiр экономикалық категория;

  • ол мемлекеттiң ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;

  • ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттiк механизм арқылы);

  • ол мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары;

ол барлық бюджеттiк қарым-қатынасқа қатысушылар мiндеттi түрде орындайтын заң.

Айтылған мақсатқа жету үшiн нормативтiк- құқықтық актiлердiң ережелерiне сүйене, мемлекеттiк бюджет жүйесiндегi теориялық және практикалық аспектiлердi қорытындылай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснiң негiздерiн логикалық тiзбектi түрде жазуын, әр түрлi деңгейдегi бюджеттердiң мазмұны мен функциялары, осы аумақтағы заңнамалық және атқарушы органдардың функцияларын толығынан қарастырады.

Бұл жұмыстың мазмұны мен құрылымы – “Мемлекеттiк бюджет” курсының негiзi мен Бюджет кодексi негiзiнде және Қаржы бөлiмi негiзiнде жазылған және олардың құрылымына толық сәйкес.

Жергілікті бюджеттiң және қаржының негізгі мақсаттары – аумақтық тұрғыда бюджетті есеп айырысу- кассалық күтуін өрістету, және бақылау, жергілікті бюджетті есеп айырысу-кассалық күтуін өрістету оның ішінде ақылы қызмет көрсетуден депозиттік сомалардан және демеушілiк пен қайырымдылық жәрдемнен түскен құралдар бойынша шоттарды, бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік пен есеп беруді және қаржылық органдар жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту мен жетілдіруге қатынасу, қаржыны дұыс басқару, аумақтық жерлердегi бюджет саласын тиiмдi жүргiзу, республикалық және өз құзіреті шегінде жергілікті бюджеттердің құралдарын тиімді және мақсатты пайдалануды бақылауын қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық жүйесінің іс-әрекетін қамтамасыз ету.

Жергілікті бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық- заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылган ақша қорында— бюджеттік қорында затталынады.

Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор— бүл қоғамдық өнім мен ұлттықтабыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын еткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы қүнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.



Тақырыптың негізінде қорытынды жасайтын болсақ, жергілікті бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және ұдайы өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Бұл жұмыс бойынша пiкiр жергілікті бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстары дұрыс жүргiзiлуiн және бюджет жүйесiнiң кеңеюiн ұсынған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист,2004 ж


  2. Салық кодексі – “Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде” ҚР Заңы. – Алматы: Юрист,2003 ж.

  3. Қазақстан Республикасының заңдары.

  4. Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении Положения о Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета” от 05.08.2002 г. №917.

  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары.

  6. Министрліктер мен ведомстволардың нұсқаулық материалдары.

  7. Бюджетная система Российской Федерации:Учебник / М.В.Романовский и др.; Под редакцией М.В.Романовского, О.В.Врублевской.–2-е изд.,исп.и перераб.- М.: Юрайт, 2000.- 300-615 с.

  8. Годин А.М., Подпорина И.В. Бюджет и бюджетная система Российской Федерации Учебное пособие.- М. Дашков и К,2002- 203-340 с.

  9. Зейнелгабдин А.Б. Финансовая система экономическое содержание и механизм использования.-Алматы Қаржы- Қаражат, 1995.- 26-124 с.

  10. Иванова Г.Г., Маковник Т.Д. Казначейская система исполнения бюджетов.- СПб: Питер, 2001.- 92-208 с.

  11. Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник.- Алматы: РИК, 1994.-115-268 с.

  12. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан: Сборник нормативных правовых актов.- Астана: 2002.- 132 с.

  13. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Проблемы эффективности использования средств государственного бюджета Республики Казахстан в условиях развития рыночных отношений / Под общей ред.д.э.н. Серикбаева А.С. – Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2003. – 36-194 с.

  14. Мельников В.Д., Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы: Учебник.-Алматы,2005 ж – 25-70 с.

  15. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы: Қаржы-қаражат, 2001 ж – 104-311 с.

  16. Рудый К.В. Финансово-кредитные системы зарубежных стран: Учебное пособие. – М.:Новое знание, 2003. –98-301 с.

  17. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005 ж. – 208-416 бб.

  18. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006 ж. – 6-45 бб.

  19. Отебаев Б.С., Жунусова Р.М. Бюджетное устройство и бюджетная система: Учебное пособие. – Ақмола: 1997 г – 85-103 с.

  20. Комментарии к Стандартам внешнего и внутреннего контроля исполнения республиканского и местных бюджетов: Счетный комитет по контролю исполнения республиканского бюджета – Астана:2003 г – 24 с.

  21. Положение о Комитете Казначейства Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24.05.1999 г. №626

  22. Положение о Комитете финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19.05.2002 г. №674

  23. О среднесрочной фискальной политике Правительства Республики Казахстан на 2005-2007 гг. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31.08.2004 г. №918

  24. Правила разработки проектов республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 29.05.2002 г. №592

  25. Правила исполнения республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 05.02.2005 г. №110





жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау