Соңғы екі жылда 3 кәсіптік лицей салынды.
Атырау қаласында мұнай-газ саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау өңіраралық орталығының;
Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталығының;
Астана қаласында 800 оқушы орындық, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылында 360 оқушы орындық кәсіптік лицейлердің;
Өскемен қаласында машина жасау саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталығының құрылыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласында өңдеу саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі Өңіраралық орталықтың құрылысын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, «Мемэкспертиза» РМК-ың Оңтүстік филиалында сараптамадан өтуде.
2007 – 2009 жылдар кезеңінде:
- «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС» БК, «KEGOK» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанынан техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қазіргі заманғы оқу орталықтары;
- Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы. Ол нормативтік-әдістемелік негіздерді жасаумен және жұмыс берушілермен бірлесіп еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандардың кәсіби дағдыларын және біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалау жүйесін енгізумен айналысады. 2007 – 2009 жылдары республиканың 850 оқу орнының 105,5 мың бітірушісін қамти отырып, ТжКБ-ның 125 мамандығы бойынша кәсіби даярлық пен біліктілік беру деңгейін бағалау бойынша бітіруші курстардың білім алушыларына тестілеу жүргізілді;
- ТжКБ жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі 6 өңіраралық орталық (Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Щучье және Шымкент қалаларында). Соңғы жылдары аталған орталықтарда ТжКБ жүйесінің 2000-ға жуық педагог қызметкері біліктілігін арттырды.
Жұмыс істеп тұрған оқу орындарының базасында индустриялық-инновациялық дамыту жобалары бойынша кадрларды даярлау жөніндегі базалық орталықтар құрылуда: ет-сүт өнімдерін қайта өңдеу үшін – Ақмола облысының Катаркөл аулындағы Ауыл шаруашылық колледжінің базасында, автомеханика бойынша – Алматы қаласының № 6 кәсіптік лицей базасында, металл өңдеу бойынша – Қарағанды қаласының № 15 кәсіптік лицей базасында.
Соңғы 3 жылда кәсіптік лицейлердің және колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту проблемасы шешіле бастады (жергілікті бюджет (бұдан әрі – ЖБ), республикалық бюджет (бұдан әрі – РБ), жұмыс берушілер қаражаты есебінен). «Өзін-өзі тану» кабинеттерін алуға республикалық бюджет есебінен 14,5 млн.теңге бөлінді.
2007 – 2009 жылдары ТжКБ оқу орындарының материалдық-техникалық базасы 4,9 млрд. теңге сомасына жаңартылды. Бүгінгі күнге дейін ТжКБ оқу орындарының 31 %-ы қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылды.
Халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі – Еңбекмині) және ұлттық компаниялар өкілдерімен бірлесіп, 2008 жылы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуіші әзірленді және бекітілді.
2008 – 2010 жылдары 230 мамандық бойынша МЖБС, 224 мамандық бойынша біріктірілген білім беру бағдарламалары, ТжКБ мамандықтары бойынша 1 430 үлгі оқу бағдарламасы әзірленді және бекітілді. 2010 жылы индустрия жобаларының сұранысы бойынша 86 мамандық бойынша МЖБС, 65 мамандық бойынша оқу бағдарламалары, 710 ТжКБ мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламалары әзірленді.
2007 – 2010 жылдары ТжКБ оқу орындарының 18 мың педагог қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті, оның ішінде ҮИИД мамандықтары бойынша 2010 жылы 7 мың педагог қызметкерлер. Республикалық бюджет есебінен кәсіптік лицейлерге 116 шетел ағылшын тілдерінің оқытушылары тартылды.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын студенттерге қаржылық көмек көрсету мақсатында стипендияның көлемін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Осылайша, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап колледждерде мемлекеттік білім тапсырысы негізінде оқитын білім алушыларға стипендияның көлемі 6000 теңгеден 7500 теңгеге, 2010 жылы 7500 теңгеден 9375 теңгеге өсті, 2011 жылы стипендияның көлемі 9375 теңгеден 12188 теңгеге дейін өседі.
Кадрларды даярлауда нақты әріптестік қатынастар орнату – ТжКБ жүйесінің басты міндеттерінің бірі. 2007 – 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ), ірі компаниялар, әкімдіктер: «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Қазақмыс», «Казинжиниринг», «Қазпошта» АҚ және т.б. арасында 32 меморандум, келісім жасалды.
2008 жылы Еңбекмині, БҒМ мен «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің (бұдан әрі – «Атамекен» Одағы» ҰЭП) арасында 2008 – 2010 жылдарға арналған бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыру туралы Ұлттық Пактіге қол қойылды.
2009 жылы БҒМ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері мен «Атамекен» Одағы» ҰЭП арасында Техникалық және кәсіптік білімді қолдау қорын құру туралы меморандумға қол қойылды.
Өңірлердегі оқу орындарында 16,8 мыңнан астам компаниялармен және кәсіпорындармен келісім-шарттар жасалды, оның ішінде жаңа ашылған кәсіпорындармен кадрлар даярлауға 61 шарт жасалды (мысалы, «Тара металлургиялық зауыты», «Электрлиздік зауыт», «Тері өндіріс» және т.б., нәтижесінде 831 адам даярланып және еңбекпен қамтылды).
Келісімдер шеңберінде білім алушыларға практикадан өту үшін 97 мың жұмыс орны ұсынылды.
2009 жылы 24 жетекші оқу орны Ұлыбританияның атақты колледждерімен, оның ішінде 14 колледж Кембридж өңірлік колледжімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ТжКБ-ның 440-тан астам қызметкері шетелде біліктіліктерін арттырды.
БҒМ Еңбек министрлігімен бірлесіп, ҮИИД жобасын іске асыру үшін қажеттіліктерге талдау жасалды. 2010 жылға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы жобасын іске асыру үшін негізінен мынадай кәсіптер бойынша жұмысшыларға сұраныс бар: түрлі бейіндегі слесарь, жабдықтарды жөндеуші, құрылысшы, механик, жүк көлігінің жүргізушісі, мамандандырылған техника машинисі, дәнекерлеуші, электромонтажшы, электрик, металлург, темір жол көлігі жұмыскері, металл өңдеуші станоктарда жұмыс істеуші, машина жасау операторы мен технигі, туристік индустрия, ақпараттық технологиялар қызметкері.
Еңбекминінің мәліметі бойынша 2010 – 2014 жылдарға арналған экономиканың кадрларға деген жалпы сұранысы 287 мың адамды құрайды. Олардың ішінде ҮИИД жобалары үшін – 108 мың.
2010 – 2014 жылдары ТжКБ оқу орындарында 224,6 мың маман дайындалады.
Еңбекминистрлігінің мәліметі бойынша 2010 жылы экономиканың кадрларға деген жалпы сұранысы 47 831 адамды құрады, оның ішінде салалар бойынша индустрияландыру картасына қосылған жобалар бойынша 24 401 адам. ТжКБ оқу орындарынан аталған салалар бойынша 58 316 техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрлары бітіріп шықты.
Жол картасын іске асыру шеңберінде қазақстандық кадрлармен шетел жұмыс күшін алмастыру үшін мамандар даярлау және қайта даярлау қарастырылған. 2009 жылы оқумен 95,6 мың адам қамтылған, олардың жұмысқа орналасқаны – 41,0 мың адам, 20,2 мың адам оқуды жалғастыруда. 2010 жылы 71,0 мың адам даярлау және қайта даярлау қамтылған.
1.3.2. Негізгі проблемаларды талдау
ТжКБ-ның 70 %-ға жуық оқу орны ескірген жабдықтарды пайдаланып жұмыс істеуде.
ТжКБ жүйесінде білім алудың жастар үшін тартымдылығы мен беделі жоқ.
Қаржыландыру көлемі төмен күйінде қалып отыр – ЖІӨ-ден 0,3 %. ТжКБ оқу орындарында 600 мыңнан астам білім алушы немесе елдің білім беру жүйесіндегі барлық білім алушылар санынан 13 % адам білім алады.
Мамандардың біліктілік деңгейіне қойылатын біліктілік талаптары жаңартуды талап етеді, өйткені олар өндірістің жаңа технологияларына сәйкес келе бермейді.
Сала кадрларын даярлау сапасын басқарудың негізгі тетіктерінің бірі – жұмыс берушілердің өздерінің біліктілікті тәуелсіз бағалауы, яғни мамандарды сертификаттау. Барлық салаға мамандардың біліктіліктерін сертификаттау жүйесін енгізу қажет.
Өндірісте тағылымдамадан өту және оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді. Инженерлік-педагогикалық қызметкерлер мәртебесінің төмендігі жоғары білікті кадрларды тартуға мүмкіндік бермейді.
Сондай-ақ, елдің индустриалдық-инновациялық дамуы үшін кәсіби кадрларды даярлауға қажеттілікті қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірқатар проблемалар бар:
- ұзақ мерзімді кезеңге кадрларға деген қажеттілікті болжау жүзеге асырылмайды, оның ішінде ҮИИД жобалары бойынша;
- жұмыс берушілерді кадрлар даярлауға тарту үшін нормативтік-құқықтық база жеткіліксіз;
- ТжКБ оқу орындарының білім алушыларына кәсіпорындарда өндірістік практика мен тағылымдама ұйымдастыру мәселесі шешілмеген.
1.3.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы факторлар:
- жұмыс берушілердің техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлауға қызығушылық танытпауы;
- жұмыс берушілер өндірістік практика мен тағылымдамадан өту үшін қажетті орындар санын ұсынбаған;
- жергілікті бюджеттен ТжКБ-ны қаржыландыру көлемі жеткіліксіз;
- ұзақ мерзімді кезеңге арналған кадрларға деген қажеттіліктерді болжау әдістемесінің жоқтығы;
- кәсіби даярлықты тәуелсіз бағалау жүйесі барлық мамандықтар бойынша енгізілмеген.
Ішкі факторлар:
- жекелеген аудандардағы ауыл жастары үшін техникалық және кәсіптік оқытудың қолжетімсіздігі;
- материалдық-техникалық базаның нашарлығы;
- еңбекақы төлеу деңгейінің төмендігіне байланысты инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің техникалық және кәсіптік білім жүйесінен кетуі;
- оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі.
1.4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
1.4.1. Реттелетін саланы немесе қызметтер аясын дамытудың негізгі параметрлері
Қазіргі кезде жоғары білім беру саясаты республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлаудың жағдайларын қамтамасыз ету, жоғары мектептің интеллектуалдық әлеуеті мен практикалық-бағдарлық қызметін күшейту, оны ғылыммен және өндіріспен ықпалдастыру халықаралық білім беру стандартына сәйкестендіру қажеттілігімен айқындалады.
2010 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша республикада 148 жоғары оқу орны жұмыс істейді (9 ұлттық, 1 халықаралық және «Назарбаев университеті» АҚ, 32 мемлекеттік, 13 азаматтық емес, 92 жеке меншік жоғары оқу орны, соның ішінде 16 акционерленген).
3НК статистикалық есептілігіне сәйкес жоғары оқу орындары студенттерінің жалпы контингенті 610,2 мың адамды құрады. Жалпы әлемде 10 мың адамға шаққанда 232 студенттен келеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш 422,5 адамды құрайды.
Жоғарғы оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 39,2 мың адамды құрайды, оның 41 %-ының ғылыми атақтары бар.
Қазақстанның жоғары мектебі әлемдік білім беру деңгейіне қол жеткізуге және біртұтас білім беру кеңістігіне енуге ұмтылуда. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу тетігі Болон процесінің параметрлерін орындау болып табылады, оған Қазақстан Республикасы 2010 жылы наурызда қосылған болатын.
Қазірге кезде Қазақстан Республикасында жоғары білім беруде Болон декларациясының негізгі принциптері іске асырылуда. Бүкіл азаматтық жоғары оқу орындарында оқыту кредиттік оқыту технологиясы бойынша жүргізілуде, республиканың 37 жоғары оқу орнында екі дипломдық білім беру іске асырылуда, 42-сінде қашықтықтан оқытылуда.
Қазақстан Республикасының жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО-ның білім берудің халықаралық стандарттық жіктеліміне сәйкес келеді. Мамандарды даярлаудың үш деңгейлік: бакалавр-магистр-PhD доктор моделіне өту толық іске асырылды. Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету және кепілдік беру жүйесі құрылды.
2009 жылы балавриат-магистратура-докторантура білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ететін Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуші бекітілді.
Жоғары білім берудің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасы көрсеткіштерінің бірі жоғары оқу орындарының әлемдік академиялық рейтингтерге енуі болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті 2010 жылғы қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттерінің рейтингісіне енуге ұмтылуы тиіс деп атап өтті.
2009 жылы бірінші рет Қазақстанның бес жоғары оқу орны және 2010 жылы бір жоғары оқу орны Times Higher Education – QS World University Ranking (Ұлыбритания) халықаралық рейтингісіне қатысты.
Болон декларациясы қағидаттарының бірі сынақ бірлік жүйесін енгізу болып табылады. Кредиттік оқыту технологиясын жетілдіру жұмыстары жалғастырылуда, оның мақсаты кредиттік бірліктің еуропалық жүйесімен үйлестіру. Бұл ретте отандық білім берудің дәстүрлі ерекшеліктері ескеріледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жалпы еуропалық жүйемен салыстыруға келетін дипломға Қосымшаны әзірледі. Аталған жүйе студенттің бір жоғарғы оқу орнынан басқасына ауысуы кезінде оқудағы жетістіктерін дұрыс өлшеу мен салыстыру критерийлерін қамтамсыз ету үшін қажет. Осыған байланысты ECTS үлгісі – сынақ балдарын қайта тапсырудың еуропалық жүйесі бойынша сынақ балдары жүйесін әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды.
Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді жоғарғы оқу орны – «Назарбаев Университеті» жұмыс істейді, ол отандық инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауға сапалы серпін жасауды қамтамасыз етеді. Университет бағдарламасының «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» орта білім берудің оқу бағдарламаларымен сабақтастығы қамтамасыз етілетін болады.
Экономикадағы болып жатқан өзгерістерге икемделу мақсатында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының құрылымында оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғарға оқу орындарының академиялық еркіндігі кеңейтілді: таңдау бойынша компонент көбейтілді – бакалавриатта 40 %-дан 50 %-ға дейін, магистратурада 50 %-дан – 60 %- ға және докторантурада 70-тен 80 %-ға дейін.
Жоғары оқу орындары білім беру, ғылым және өндіріс арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын білім берудің инновациялық инфрақұрылымын дамыту, түрлі бейіндегі ғылыми-инновациялық орталықтар, жаңа технопарктер құру жұмыстарын жүргізуде.
2007 жылы 16,67 млн. АҚШ доллары (2 млрд. теңге) сомасындағы республикалық бюджет қаражаты есебінен 10 инженерлік бейіндігі университет зертханасы құрылды. 2008 жылы 8,33 млн. АҚШ доллары (1 млрд. теңге) сомасындағы республикалық бюджет қаражаты есебінен ашық үлгідегі инженерлік бейіндігі 5 зертхана ашылды. Аталған зертханалардың ғылыми ресурстарын ғылыми орталықтардың, зерттеу институттарының ғалымдары және университеттер оқытушылары пайдалана алады.
Қазіргі әлемде елдің әлеуметтік экономикалық дамуының маңызды субъектілері ретінде университеттердің миссиясы мен қызметі өзгеруде. Университеттер білім жүйесінің ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамның қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Осыған байланысты 2008 жылдан бастап қамқоршылық кеңестер құру, жұмыс берушілерді басқаруға тарту және жоғары оқу орындарын басқарудың алқалық органдарының қызметін кеңейту жолымен корпоративтік менеджмент принциптері енгізілуде.
Қамқоршылық кеңестер 65 жоғары орнында жұмыс істейді. Университеттерде корпоративтік басқаруды енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің жүргізіп отырған ауқымды жұмыстарының бір бөлігі болып табылады және ол әкімшілік реформаның принциптеріне сәйкес келеді. Аталған жұмыстар жоғары оқу орындарын басқару жүйесін демократияландыруға ықпал етеді.
Интитуционалдық аккредиттеудің ұлттық стандарттары мен өлшемдері бекітілді. 2008 және 2009 жылдары бес ұлттық жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұдан әрі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұдан әрі – Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (бұдан әрі – Абай атындағы ҚазҰПУ), Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (бұдан әрі – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (бұдан әрі – ҚазҰАУ) ASIIN және ACQUIN (Германия), ABET (АҚШ) белгілі шетелдік аккредиттеу агенттіктерімен білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өткізу үшін шарттар жасады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 60 млн. теңгеден астам мөлшерде қаржылық қаражат бөлінді.
2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ 21 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден өтті, соның ішінде аталған жоғары оқу орындарының өз қаражаттары есебінен. Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰАУ халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтуді жалғастыруда.
Сонымен қатар, 2009 жылы Қазақ-Британ техникалық университеті 4 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден дербес өтті.
2009 жылы БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының (бұдан әрі – ҰАО) аккредиттеу кеңесі 9 қазақстандық жоғары оқу орнын 5 жыл мерзімге ұлттық институционалдық аккредиттеу туралы оң шешім қабылдады. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында 13 қазақстандық жоғары оқу орны ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтті.
Қазақстан Республикасының азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесін (ҚАЗТЕСТ) жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Тілді меңгеру деңгейін бағалаудың халықаралық жүйесінің талаптарына сәйкес тестілеу тапсырмаларының, өлшем материалдарының нормативтік негіздері әзірленді. Қазақ тілін оқытуды жүйелеу және тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін мемлекеттік стандарттар бекітілді. Нормативтік құжаттарға және мемлекеттік стандарттарға сәйкес сөйлеу қызметінің түрлері бойынша тестілеу тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі мен стандарты бойынша тестілеу жүргізудің технологиясы әзірленді. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясының үміткерлері үшін тестілеу жүргізілуде.
1.4.2. Негізгі проблемаларды талдау
- Ұзақ мерзімді кезеңге арналған кадрлар қажеттілігіне болжам жасау жүзеге асырылмайды;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасының мазмұны жұмыс берушілердің еңбек нарығындағы өзгерістерді көрсететін талаптарына толық жауап бере алмайды;
- Мемлекеттік бақылаудың қорытындылары бойынша бірқатар жекеменшік жоғары оқу орындарының жекелеген мамандықтары бойынша білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында белгіленген талаптарға, біліктілік талаптарына толық сәйкес келе бермейтіні байқалады. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік аттестаттауды жүзеге асыру кезінде бірыңғай тәсіл жоқ және бақылау қызметін орындаудың төмен деңгейі байқалады;
- Әлеуметтік әріптестік нашар дамыған. Ғылым мен өндірістің байланысы нашар. Бітірушілерді жұмысқа орналастыру, жоғары білім беру стандарттарын жасау процесіне жұмыс берушілерді тарту, мамандарды әзірлеу және аттестаттау тетіктері жоқ.
Жұмыс берушілерді кадрлар даярлауға тарту жөніндегі заңнамалық база жеткіліксіз.
- Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы әлсіз, зертханалардың осы заманғы жабдықтармен жарақталу пайызы төмен;
- Мемлекеттік жоғары оқу орындары жатақханаларының 77 %-ының салу мерзімі 25 жылдан жоғары. Оларға ағымдағы жөндеу жүргізілген соңғы мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейінгі аралықты құрайды;
- Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру жүйесі тиісті деңгейде дамымаған;
- Диссертациялық зерттеулер шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелердің тиімділігі және нәтижелілігі төмен;
- Жоғары оқу орындарын кадрлық қамтамасыз етуде жағымсыз үрдістер орын алған: профессорлық-оқытушылық құрамы жүйелі түрде ұлғайтылмайды, қоса атқарушылық бойынша жұмыс практикаға енгізілген, жемқорлық көріністері орын алған;
- Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында аккредиттеудің құқықтық салдарлары қарастырылмаған. Атап айтқанда: аккредиттелген жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестаттаудан босату; аккредиттелген жоғары оқу орындарына мемлекеттік үлгідегі дипломмен қоса өздерінің үлгісіндегі дипломдарын беру құқығы; аккредиттелген жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын басым орналастыруды қарастыру; аккредиттелген органдар мен аккредиттелген білім беру ұйымдарының қазақстандық тіркелімінің жоқтығы. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
- ҚАЗТЕСТ жүйесі шектеулі контингент – «Болашақ» стипендиясының үміткерлері үшін ғана қолданылады.
1.4.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы факторлар:
- зертханалық жабдықтарды сатып алуға және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруға арналған бағдарламалық қаржыландырудың жоқтығы;
- кәсіби оқытуды жүргізуге және студенттердің практикадан өтуіне мүмкіндік беретін оқу орталықтарының жоқтығы;
- кадрлар даярлау үшін жұмыс берушілердің жеткіліксіз гранттар бөлуі.
Ішкі факторлар:
- бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтердің әлеуетті жұмыс берушілермен тығыз байланысы жолға қойылмаған;
- студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамды қолдаудың әлеуметтік бағдарламасы дамымаған;
- жоғары оқу орындары ғалымдарының ғылыми бағдарламалар мен жобаларды орындауға қатысу тиімділігі жеткіліксіз.
Жоғары оқу орындары жұмысының айқындығын күшейту, өз қызметінің кең көлемі бойынша ақпараттар ұсыну қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастырады. Бұл ретте жоғары оқу орындары мен неғұрлым тиімді бағдарламаларды одан әрі дамытуға ынталандырады. Қоғамдық бақылау және бағалау тетіктері бұл процестердің катализаторларына айналады.
Халықаралық талаптарға сәйкес аккредиттеу рәсімін жүргізу барысында ішкі факторлар ретінде білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы (өзін-өзі талдау) қарастылған. Аккредиттелген агенттіктер білім беру ұйымдарының ұсынған есебінің (өзін-өзі бағалау материалдары) негізінде сарапшыларды тарту және білім беру ұйымдарына бару арқылы сыртқы бағалауды жүзеге асырады.
2. 2-стратегиялық бағыт. Экономиканы жедел әртараптандыруды ғылыми қамтамасыз ету
2.1. Реттелуші саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері
Ел ғалымдарының қызметі мемлекеттік басымдықтарға сәйкес қалыптасқан республикалық мақсатты және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды, іргелі зерттеулер бағдарламаларын іске асыруға және Қазақстанда инновациялық қызметті дамытуға бағытталған.
Ғылымды дамыту 6 басым бағытқа шоғырланған: нанотехнологиялар және жаңа материалдар; биотехнологиялар; көмірсутекті және тау-кен металлургиялық секторлар және олармен байланысты сервистік салаларға арналған технологиялар; ядролық технологиялар және қалпына келтірілетін энергетика технологиялары; ақпараттық және ғарыштық технологиялар; тұрақты дамудың негізі ретінде ұлттық идея.
Елде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын 421 ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 141-і – мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттары. Ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен 16,3 мың адам (2006 ж. – 19,56 мың; 2007 ж. – 17,77 мың) айналысады, оның ішінде зерттеуші-мамандар – 10,8 мың адам (2006 ж. – 12,4 мың; 2007 ж. – 11,5 мың).
2007 – 2010 жылдары ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру көлемі 16,9 млрд. теңгеден 20,0 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 15,5 %.
Қазақстан ғылымын мемлекеттік қаржыландыру деңгейі соңғы 3 жылда ЖІӨ-нің 0,22 %-ын құрады. АҚШ долларымен есептегенде ҒЗТКЖ-ға кететін шығын Қазақстанда әрбір жан басына жылына шамамен 15 долларды (салыстыру үшін Ресейде – 70 шамасында; АҚШ-та – 892; Швецияда – 875, Финляндияда – 726 доллар) құрайды.
Ғылыми инфрақұрылымды дамыту мақсатында ғылымның басым бағыттары бойынша 5 ұжымдық пайдаланымдағы ұлттық зертхана құрылды және жабдықталды. Жетекші жоғары оқу орындарының жанынан 15 инженерлік бейіндегі зертхана ашылып, жұмыс істейді. 6 инновациялық-білім беру, оның ішінде екі халықаралық консорциум құрылды.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру бойынша шаралар қабылдануда. Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы отандық вакцина (2008 – 2009 жж. 7,7 млн. доза өндірілді) шығарылуда. A/H1N1 тұмауына қарсы әсерсіздендірілген вакцинаны дайындаудың технологиясы әзірленді. Қарағанды фармацевтикалық кешенінде 20 млн. түпнұсқа фитопрепараттардың орамын шығару қамтамасыз етілуде. 110 жаңа жұмыс орны құрылды.
«Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде гуманитарлық бағыттағы 6 ғылыми-зерттеу ұйымы 70-тен астам ғылыми жобаларды орындады. Нәтижесінде ұлттық және әлемдік ғылыми пікірлер, мәдениет және әдебиет басылымдарының сериялары әзірленді, 230-дан астам кітап атауы басып шығарылды.
2010 жылы Білім және ғылым министрлігі 6 іргелі зерттеулер бағдарламасын және 34 қолданбалы зерттеулер бағдарламасын іске асыруда.
2009 жылы шетелдік ғылыми орталықтарда 120 қазақстандық ғалым, оның ішінде жас ғалымдар тағылымдамадан өтті. Ағылшын тілі курстарымен ғылыми ұйымдар базасында 203 адам қамтылды.
Зияткерлік меншік институтының деректеріне сәйкес 2010 жылы өнертабыстарға 1 168 қорғау құжаттары берілген, соның ішінде 168 патент, 21 патент алды, 821 инновациялық патент берілді.
2008 жылы іске асырылған ғылыми-техникалық бағдарламалар нәтижесінде отандық және шетелдік басылымдарда 9 045 ғылыми мақала жарияланды. 1 097 әдістеме, практикалық ұсынымдар, оқу құралдары, бағдарламалар, электрондық оқулықтар және т.б. әзірленді. Жарияланымдық белсенділіктің анағұрлым жоғары деңгейі 1 қызметкерге есептегенде іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша 0,8 екені байқалуда.
Соңғы жылдар аралығында қазақстандық ғалымдардың халықаралық журналдардағы жарияланымдарының олардың жалпы санына қатынасы өзгеріссіз қалып отыр және 6 %-ды құрайды. Қазақстан ғалымдарының шетелдік жарияланымдарының үлесі жалпы дүниежүзілік ағымда 0, 017 %-ға тең. Халықаралық агенттіктердің деректері бойынша Қазақстан 5 жылда 1000 – 10000 жарияланымы бар 46 ел тобына жатады.
Қазақстандағы ғылыми-техникалық дамудың макроэкономикалық талдауы ЖІӨ-дегі жаңа ғылыми өнімнің үлесі соңғы жылдары 1,1 %-дан аспайды, ғылыми өнімді өндіру бойынша кәсіпорындардың белсенділігі – 2,3 %.
Қазақстан ғалымдарының жақын және алыс шетелдермен: Ресей, Белорусь, АҚШ, Қытай, Үндістан, Германия және басқалармен ынтымақтастығы дамуда. «Ғылым саласындағы 2007 – 2009 жылдарға арналған халықаралық ынтымақтастық» ғылыми-техникалық бағдарламасының шеңберінде 92 бірлескен жоба орындалды.
Ғылыми-техникалық салада нормативтік және құқықтық база жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылым туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірледі және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізді.
«Ғылым туралы» Заңның жобасында ғылымды басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша нормалар қарастырылады: ұлттық ғылыми кеңестерді, ғылыми жобаларды тәуелсіз халықаралық сараптауды енгізу арқылы Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығын құру мәселелері, қаржыландырудың жаңа түрлерінің тетіктерін (базалық, бағдарламалық-нысаналы, гранттық қаржыландыру), университет ғылымын, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ілгерілету.
2.2. Негізгі проблемаларды талдау:
1. Қазақстанда ғылымды қаржыландыру деңгейі төмен болып қалып отыр. Ғылыми зерттеулерге бюджеттен бөлінетін шығыстар ЖІӨ-ге 0,22 %-ды құрайды. ЮНЕСКО деректері бойынша әлем экономикасы ғылымға ЖІӨ-ден 1,7 % бөледі. Дамыған елдерден айырмашылығы жекеменшік сектордың ғылымды дамытудағы үлесі төмен.
2. Материалдық-техникалық базаның нашарлығы. Ғылымға кететін шығыстардың төмендігінен 2000 – 2008 жылдары ғылыми-техникалық ұйымдар қорының жарақталуы аздап қана жоғарылады.
3. Еліміздің ғылыми инфрақұрылымында GLP (Good Laboratory Practice – Тиісті зертханалық практика), GMP (Good Manufacturing Practice – Тиісті өндірістік практика), GSP (Good Scientific Practice – Тиісті ғылыми практика) халықаралық стандарттарын қолдану ғылыми зерттеулердің сапасын және отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Сонымен қатар, қазіргі кезде олардың елдің ғылыми инфрақұрылымында қолданылуы жеткіліксіз. Олардың жоқтығы отандық өнімдерді экспорттауға кедергі келтіретін және олардың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін төмендететін фактор болып табылады.
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іріктеу кезінде халықаралық сараптама жүргізу тәжірибесі пайдаланылмайды.
5. Ғылыми кадрлар жасының ұлғаюы және жастардың ғылымға аз келуі. 60 жастан жоғары ғылым докторларының саны – 47,4 %; 40 жастан жоғары ғылым кандидаттарының саны – 70 %. Ғалымдардың орташа жасы – 55 жас шамасын құрайды.
6. Ғылыми зерттеулер нәтижелерінің төмендігі. 16 мың ғалымға 1 – 2 халықаралық патенттен келеді. Елімізде 1 млн. халыққа патент сұранысының саны 93,6 (Ресейде – 195,9; Германияда – 582,6; Ұлыбританияда – 289,7; АҚШ-та – 741,8; Кореяда – 2 591,5; Жапонияда – 2 720,7) құрайды. Әлемде қазақстандық ғалымдардың ғылыми басылымдарының үлесі тек 0,021 %-ды құрайды. Ал жалпы әлемдік ағымда АҚШ шамамен 22 %, Қытай - 10,2 %, Жапония - 6,1 %, Ресей – 2 %-ды құрайды. Орта есеппен жылына шетелде біздің ғалымдардың жарық көретін мақалаларының саны 243-ті құрайды.
7. Ғылым мен білім беру арасында алшақтық сақталуда, соның салдары – білім беру саласында ғылыми нәтижелер капиталға айналмауы, ғылыми зерттеу жүргізуге жас мамандардың тартылмауы.
8. Ғылыми қызметкерлердің ұлттық кәсіби қоғамы дамымаған, олардың ішінде биологиялық, физикалық, химиялық қоғам және т.б.
9. Шетелде оқу мен тағылымдамадан өткен жас ғылыми қызметкерлер мен оқытушыларға өзінің зерттеу дағдысын толығымен қолдану мен дамыту және тиісті ғылыми ортаның жоқтығын ескере отырып халықаралық деңгейде ғылыми нәтижелерді алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
2.3. Сыртқы және ішкі факторларды бағалау
1. Ғылымды қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігі – ғылыми-техникалық және жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелерінің негізі болып табылады.
2. Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің жай-күйі.
Ғылыми әлеуеттің кеңейтілген өндірісі іске асырылмайды. Жоғары білікті кадрлар жасының ұлғаюы мен кету мәселесінің маңыздылығы толық бағаланбайды.
Қазақстан Республикасы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының Халықаралық сараптама кеңесі өзінің есебінде (2008 ж., наурыз) «Қазақстанның болашағын анықтайтын сыни фактор – бұл ғылыммен және технологиямен айналысатын білікті зерттеушілерді даярлау және тиімді пайдалану» болып табылатынын атап өтті.
Қазіргі таңда жоғары білікті кадрлардың әлеуеті Қазақстанның ғылыми-техникалық саласында жеткілікті деңгейде қолданылмайды. Жоғары білікті кадрларды даярлау мен пайдаланудың қолданыстағы жүйесі ғылым мен экономиканың кадрлық қажеттіліктерін қамтамасыз етпейді.
3. Ұйымдастыру-экономикалық факторлар.
Ғылыми әлеует жағдайымен байланысты себептерден басқа ғылымды қайта құру мына ұйымдастыру-экономикалық факторлармен асқынуда:
- даму басымдықтарының үздіксіз ауысуы, оны жүзеге асырудың нақты шараларының ғылыми-техникалық саясаттан алшақтауы;
Достарыңызбен бөлісу: |