Ғылыми орталықтардың қызметі жөніндегі
ЕРЕЖЕ
Е 029- 04.14-2.70.02-2016
Алматы 2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
3 деңгейдегі
СМЖ құжаты
2016 жылғы «08» шілде №2 басылым
Е 029-04.14.2.70.02-2016
Е 029-04.14.2.70.02.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
12 беттің 2-беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
АЛҒЫ СӨЗ
1 «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғылым департаментінде ӘЗІР-
ЛЕНДІ
Ғылым
департаментінің директоры
«____» _________ 2016 ж.
_____________ Г. Жүнісова
2 КЕЛІСІЛДІ:
Ғылым жөніндегі проректор
«____» _________ 2016 ж.
___________ М.Орынханов
Қаржы және есеп
департаментінің директоры
«____» ___________2016 ж.
____________ К. Жумабаева
Корпоративтік даму
департаментінің директоры
«___» __________ 2016 ж.
___________ Ж. Файзуллаева
Мониторинг және білім сапасын
бағалау басқармасының бастығы
«____» ___________2016 ж.
_________
А. Сауранбаева
Заң және құжаттамалық
қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
«____» _________ 2016 ж.
______________ Б.Туткина
Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі ______________
3 Ректордың 2016 жылғы «____» ____ № ___ бұйрығымен БЕКІТІЛДІ
4 2015 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 1 басылымның орнына ЕНГІЗІЛДІ
Е 029-04.14.2.70.02.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
12 беттің 3-беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
МАЗМҰНЫ
1 Жалпы ереже
4
2 Нормативтік сілтемелер
4
3 Ғылыми орталықтар қызметінің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағи-
далары
5
4 Ғылыми орталықтар қызметінің экономикалық және құқықтық негіз-
дері
7
5 Ғылыми орталықтардың кадрлармен қамтылуы
9
6 Ғылыми орталықтардың қызметін құру, жоспарлау және ұйымдасты-
ру
9
7 Ғылыми орталықтардың қызметін басқару және бақылау
10
8 Ғылыми орталықтардың жауапкершілігі
10
Өзгерістерді енгізу парағы
12
Е 029-04.14.2.70.02.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
12 беттің 4-беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
1 Жалпы ереже
1.1 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дағы (бұдан әрі - Университет)
ғылыми орталықтар өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет ететін Универ-
ситеттің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
1.2 Университеттің ғылыми орталықтары экономикалық өсімді артты-
ру, экономиканың келешегі бар секторларының бәсекеге қабілеттілігін дамы-
ту, республикадағы қоғамды басқару салаларында прогрессивті әсер ету
бойынша республиканың индустриалды-инновациялық даму мәселелерін
шешуге бағытталған республиканың және университеттің құрылымдық бө-
лімшелерінің ғылыми және кадрлық әлеуетінің күшін біріктіру, үйлестіру
және шоғырландыру үшін құрылады.
1.3 Университеттегі ғылыми орталықтардың атауы – өз қызметін атқа-
ратын немесе инновация мен инфрақұрылымды дамыту үшін ғылыми бөлім-
дер көрсететін қызмет түрлері бойынша, мемлекеттің экономикасының ба-
сым технологиялық даму бағыттарына нұсқау бар атаудан құралуы керек.
Университеттің ғылыми орталықтары Қазақстанның экономикасының әр
түрлі даму бағыттары бойынша жұмысын жүзеге асырады.
1.4 Университеттің ғылыми орталықтарының жұмысына ғылыми және
инновациялық жобалар мен бағдарламаларды тиімді іске асыру үшін ғылыми
және инновациялық әлеуеті бар Университеттің барлық кафедралары, инсти-
туттары, зертханалары және басқа бөлімшелері қатыса алады.
2 Нормативтік сілтемелер
2.1 Университеттің ғылыми орталықтары өз қызметінде Қазақстан Рес-
публикасының қолданыстағы заңдылықтары мен құқықтық құжаттарды
басшылыққа алады:
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-1V
«Ғылым туралы» Заңы, 2014 жылдың 29-шы қыркүйегіне дейінгі өзгертулер-
мен;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-111
«Білім беру туралы» Заңы, 2016 жылдың 9-шы наурызына дейінгі толықты-
рулар мен өзгертулермен;
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 09 қаңтардағы №534-IV
«Мемлекеттік индустрия-инновациялық қызметін қолдау туралы» Заңы,
2014 жылдың 29-шы қыркүйегіне дейінгі толықтырулар мен өзгертулермен;
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 қарашадағы «Техника-
лық реттеу туралы» заңы, 2014 жылдың 29-шы желтоқсанына дейінгі толық-
тырулар мен өзгертулермен;
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №427 «Қа-
зақстан Республикасының Патентті заңы», 2015 жылдың 07-ші сәуіріне дей-
Е 029-04.14.2.70.02.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
12 беттің 5-беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
інгі толықтырулар мен өзгертулермен;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 07 сәуірдегі №300-V «Ин-
теллектуалды меншік мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер
мен толықтыруларды енгізу туралы» заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№520 Министрдің бұйрығымен бекітілген 2014-2018 жылдарға арналған Қа-
зақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жос-
пары;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 01 тамыздағы
№874 «2015-2019 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриалды-
инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жар-
лығы, ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген 2016 жылдың 6-шы маусы-
мындағы №315 бұйрығына толықтырулар мен өзгертулер енгізумен;
ГОСО ҚР 5.03.011 – 2006 «Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмысы»;
МЕСТ 7.32 – 2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі есеп;
ҚР СТ МЕСТ Р 15.011-2005. Патентті зерттеулер туралы есеп;
ҚР Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 16 қазанындағы
№602 бұйрығымен бекітілген «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық
техникалық зерттеу университеті» Коммерциялық емес акционерлік
қоғамының Жарғысы;
Университет ректорының, жетекшілік ететін проректордың бұйрық-
тары мен өкімдерімен және осы Ереженің талаптарымен жетекшілік етеді.
2.2 Осы Ережеде келесі нормативтік құжаттардың талаптары сақтал-
ған:
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ сапа бойынша нұсқаулығы;
ҚР СТ ИСО 9001:2009. Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар;
ҚР СТ стандарттары;
ҚР СТ 1157-2002 " Жоғары кәсіптік білім. Білім беруді ұйымдасты-
руда сапа менеджменті жүйесі ";
КЕАҚ СТ 38944979-07-2011. Университеттің нормативті құжаттары.
Жасау, келісу, бекіту, тіркеу және жаңарту реті.
3 Ғылыми орталықтар қызметінің негізгі мақсаты, міндеттері, қа-
ғидалары
3.1 Университеттің ғылыми орталықтарының мақсаты - келешегі бар
ғылыми бағыттары (энергетика, машина жасау, табиғи ресурстарды тиімді
пайдалану, шикізаттар мен өнімдерді қайта өңдеу, ақпараттық және теле-
коммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылым, елдің интеллектуалды
әлеуеті) бойынша және келешегі бар экономикалық секторларды ғылыми-
техникалық қамту мен дамыту (таукен-металлургиялық және мұнайгаз сек-
торлары, химиялық өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс индустриясы, ақпа-
Е 029-04.14.2.70.02.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
12 беттің 6-беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
раттық және телекоммуникациялық технологиялар, балама энергетика мен
ғарыштық қызмет) үшін, зерттеулердің нәтижелерін өндірісте коммерциа-
ландыру, зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру үшін республиканың, ше-
телдің және университеттің ғылыми бөлімдерінің ғылыми-педагогикалық
және инженерлік-техникалық әлеуетін біріктіру.
3.2 Университеттің ғылыми орталықтарының негізгі міндеттері:
келешегі бар мемлекеттік ғылыми, ғылыми-техникалық және инно-
вациялық жобалар мен бағдарламаларды, шаруашылық келісім-шарттарды
жасау және іске асыру;
Университеттің және шеткі ұйымдардың жобалары мен бағдарла-
маларының нәтижелерін сараптауға, талдауға және бағалауға қабілетті уни-
верситеттің, республиканың және шетелдің жетекші ғалымдарының қатары-
нан Уақытша шығармашылық ұжымдар мен кеңестер құру;
тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес орындалып жатқан жоба-
лар мен бағдарламаларды сауатты түрде ғылыми-әдістемелік қолдау;
интеллектуалды меншікті және ғылыми-техникалық ақпаратты
қорғау;
ғылыми-техникалық және интеллектуалды әлеуетті пайдалану тиім-
ділігін арттыру;
жетекші әлемдік және отандық ғылыми орталықтармен және жоға-
ры оқу орындарымен ғылыми ынтымақтастықты дамыту, өндірістік кәсіпо-
рындар мен мемлекеттік даму және қорлар мен, қаржылық мекелермен және
мемлекеттік билік пен шетелдік мемлекеттік органдарымен ғылыми-
техникалық ынтымақтастықты кеңейту;
зерттеулер мен өндірістер арасында экономикалық, ақпараттық жә-
не басқа байланыс түрлерін және инновацияларды коммерциаландыруды
қамтамасыз ететін механизмдерді жасау және іске асыру;
ғылыми және инновациялық зерттеулерге студенттерді, магистрант-
тарды, докторанттар мен жас ғалымдарды (ғылым кандидаттары мен доктор-
лары, магистрлер мен PhD докторлары) тарту, олардың қатарынан орындал-
ған жобалар мен бағдарламалар нәтижесіне қызығатын университеттің шы-
ғармашылық белсенді жастарын таңдап алу;
әлемдік стандарт деңгейлеріне сәйкес магистранттардың және PhD
докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
– бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, импакт-факторы жоғары
немесе нолдік емес (IF>0,25) республикалық және халықаралық рейтингті
басылымдарда мақалаларды жариялау; конференцияларда, симпозиумдарда,
форумдарда және басқа да іс-шараларда ресми мақұлдау, инновациялық жо-
балардың көрмесінде экспозициялау арқылы инновациялық қызметтің және
зерттемелердің нәтижелерін кеңінен насихаттау.
3.3 Университеттің ғылыми орталықтарында ғылыми және инновация-
лық қызметті ұйымдастырудың негізгі қағидалары:
Е 029-04.14.2.70.02.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
12 беттің 7-беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
студенттерді, магистранттар мен докторанттарды дайындау сапасын
арттыру үшін және олардың нарықтық шарттарға жедел бейімделуіне жә-
не/немесе халықаралық инженерлік қоғамға интеграциялануына мүмкіндік
беретін жағдайды жасау үшін орындалып жатқан жобалар мен бағдарлама-
ларды оқу үдерісімен біріктіру;
ғылыми зерттеулер мен әзірленімдердің нәтижелерін коммерция-
ландыруға көзделуі, олардың экономиканың басым бар секторларының қа-
жеттіліктеріне бағытталуы;
зерттеу нәтижелеріне қол жеткізу дәйектілігі;
қаржы ресурстарын және ғылыми-техникалық инфрақұрылымды
тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін ашықтық қағидасы;
кезендерді келісу және стратегиялық нәтижелер алу үшін өзара
байланыс қағидалары;
жобаларды орындаушылардың біліктілігіне сәйкес еңбекті бөлу қа-
ғидасы;
жоғары кәсіпті мамандар командасын қалыптастыру үшін тиімді
кадрлық саясат қағидасы;
зерттеулердің нәтижелерін сандық және сапалық бағалау қағидасы.
4 Ғылыми орталықтар қызметінің экономикалық және құқықтық
негіздері
4.1 Университеттің ғылыми орталықтары өз қызметін өзін-өзі қаржы-
ландыру негізінде іске асырады. Университеттің ғылыми орталықтарының
бюджеті - грантты және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру негізінде
бюджетті көздерден, сонымен қатар республикалық және халықаралық дең-
гейдегі түрлі қорлармен, өнеркәсіптермен бюджеттен тыс қаржыландыру
көздерінен бағдарламалардың әкімгерлерімен берілетін қаржы көздерінен,
сонымен қатар Университетпен не демеушілік ретінде басқа ұйымдармен бе-
рілетін активтерден қалыптастырылады.
4.2 Университеттің ғылыми орталықтары құқылы:
республикалық және халықаралық қорлар, ұйымдар мен кәсіпорын-
дар ұйымдастыратын ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жо-
балар мен бағдарламалардың конкурстарына қатысу;
келешегі бар ғылыми бағыттар бойынша және мемлекет экономика-
сының басым секторларын дамыту үшін ғылыми, ғылыми-техникалық және
инновациялық жобалар мен бағдарламаларды жасау;
Университеттің, республиканың және шетелдің жобалары мен бағ-
дарламаларын сараптауға қатысу;
Университеттің, республиканың және шетелдің жобалары мен бағ-
дарламаларын орындау үшін уақытша шығармашылық ұжымдарды қалып-
тастыру;
Е 029-04.14.2.70.02.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
12 беттің 8-беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
Университеттің, республиканың және шетелдің жобалары мен бағ-
дарламаларын орындау үшін зертханаларды құру;
Мемлекеттің экономикасы үшін инновациялар, әлеуметтік-
экономикалық және экологиялық маңызы зор келешегі бар ғылыми-
техникалық және технологиялық нәтижелерді таныстыруға және ары қарай
іске басыруға;
жасалған зерттемелерді коммерциаяландыру және трансферттеу
үшін қатысу;
импортталатын және экспортталатын, зерттелетін технология мен
жабдықтардың арбитражды зерттеулері мен сынауларын өткізу;
университеттің ғылыми-техникалық өнімдерін өткізу бойынша ұсы-
ныстарды ендіру (мұнда төлем жүйесі мен түрі Университеттің уақытша шы-
ғармашылық ұжымы жөніндегі ереженің негізінде іске асырылады);
Ректордың немесе жетекші проректордың атынан басқа ұйымдар-
мен өзара әрекеттесу жөнінде келісім-шарттарды жасасу;
жобалар мен бағдарламаларды орындау үшін келісім-шарттарды
жасасу және ұзарту бойынша ұсыныстарды ендіру;
басым ғылыми бағыттар мен ақпараттық-аналитикалық қамтуды тү-
зету бойынша Министрліктерге және ведомстволық мекемелерге ұсыныстар
беру;
қаржы көздерінің қорынан және тапсырыс берулердің қаржысынан
университеттің ғылыми орталықтарының мамандарын марапаттау;
дау туғызған мәселелерді заңға сәйкес шешу.
4.3 Университеттің ғылыми орталықтары міндетті:
- өз қызметін ҚР ағымдағы заңдылықтарына, Университеттің ішкі нор-
мативтік құжаттарына, осы Ережеге, Университет ректорының бұйрықтары
мен өкімдеріне, ҚР БжҒ Министрлігінің бұйрықтарына сәйкес іске асыруға;
тапсырыс берушілердің интеллектуалды және өндірістік меншікте-
рінің құқықтары мен ақпараттарының құпиялылығын қамтамасыз етуге;
орындалатын жобалар мен бағдарламалар бойынша теориялық бі-
лімдерді және әдістемелік зерттемелерді жүйелі түрде жетілдіруге;
ғылыми және инновациялық зерттеулердің нәтижелерін ендіру үшін
қатысуға;
ғылыми және инновациялық зерттеулер нәтижелерін республикада
және шетелде белсенді түрде насихаттауға;
ғылыми және инновациялық зерттеулердің нәтижелерінің, техника-
лық құжаттаманың РМСЖ талаптарына, ҚР басқа стандарттарына және ха-
лықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз етуге;
ғылыми және инновациялық зерттеулердің нәтижелерінің дұрысты-
ғын, объективтілігін және дәлдігін қамтамасыз етуге қолдау көрсетуге;
ғылыми және инновациялық зерттеулердің кері нәтижелері жөнінде
тиісті мемлекеттік қадағалау органдарына жеткізуге;
Е 029-04.14.2.70.02.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
12 беттің 9-беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
адамдардың өмір және денсаулық қауіпсіздігін, университет менші-
гінің және қоршаған ортаның сақтығын қамтамасыз ету үшін қолдау көрсе-
туге;
ғылыми орталықтардың қызмет шеңберінде өз міндеттемелерін
орындау үшін қажетті өкілеттігі мен ресурстары бар басқарушы және техни-
калық қызметкерлерді топтауға;
Университеттің ғылыми орталықтарына сенімділіктің төмендеуіне
алып келетін қандай да бір жұмысты болдырмау мақсатында саясат пен рә-
сімдерді анықтауға;
тапсырыс беруші мен қадағалау органдарына ғылыми және иннова-
циялық зерттеулердің нәтижелері жөнінде есеп берулерді уақытылы беруге;
ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі есеп берулерді ғы-
лыми-техникалық кеңеске (бұдан әрі-ҒТК) және жетекші проректорға әр
жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей ұсыну.
5 Ғылыми орталықтардың кадрлармен қамтылуы
5.1 Университеттің ғылыми орталықтарының құрамына:
– Ғылыми орталықтың ғылыми жетекшісі штаттық немесе штаттан тыс
қызметкері болатын университеттің жетекші ғалымы. Ол ғылыми орталықты
басқарады, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен
бағдарламаларды үйлестіреді, әлеуетті тапсырыс берушілерді іздейді;
– Ғылыми орталықтың штаттағы қызметкері болатын Ғылыми орта-
лықтың директоры, ол ғылыми орталықтың негізгі мақсаты мен міндеттерін
орындау бойынша жұмыстарды басқарады, ұйымдастырады, үйлестіреді;
– Ғылыми орталықтың қызметкерлері, университеттің ғылыми орта-
лықтарының ғылыми және инновациялық зерттеулеріне ғылыми-әдістемелік
қолдау көрсетеді және орындайды.
5.2 Университеттің ғылыми орталықтарының кадрлық құрамы маман-
дардың перспективтілігін ескере отырып және орындалған жобалар мен бағ-
дарламаларды қаржыландыру көлеміне байланысты штатты кестеге сәйкес
анықталады.
5.3 Университеттің ғылыми орталықтарының қызметкерлеріне қойыла-
тын талаптар кадрларды таңдау бойынша (біліктілік талаптары) ағымдағы
нормативті құжаттармен анықталады және орындалатын ғылыми-зерттеу,
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың күрделілігі мен маңыздылығына
сәйкес болады.
6 Ғылыми орталықтардың қызметін құру, жоспарлау және ұйым-
дастыру
6.1 Университеттің ғылыми орталықтары - институттардың ұсыныс-
тары, ҒТК немесе университеттің ғылыми кеңесінің ұсыныстары немесе ше
Е 029-04.14.2.70.02.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
12 беттің 10-беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
шімдері бойынша университеттің Ректорының бұйрығымен құрылады.
6.2 Институттардың өтініштерінде немесе жетекші ғалымның универ-
ситеттің ғылыми орталықтарын құру туралы ұсынысында зерттеудің техни-
ка-экономикалық дәйектемесі, маңыздылығы мен оны құру перспективтілігі
көрсетілуі керек.
6.3 Университеттің ғылыми орталықтары университеттің даму бағдар-
ламасына сәйкес өз қызметін жоспарлайды.
6.4 Университеттің ғылыми орталықтарының жұмыс жоспары ғылыми
жетекшімен жасалады және Университеттің ҒТК бекіту үшін ұсынылады,
оған ғылыми және инновациялық қызмет саласындағы университеттің мақ-
саты мен міндетін дамытатын шараларды орындау реті мен мерзімі кіреді.
7 Ғылыми орталықтардың қызметін басқару және бақылау
7.1 Университеттің ғылыми орталықтарының қызметін басқару және
бақылаудың жоғары алқалы органы болып Университеттің ҒТК-і табылады.
7.2 Университеттің ғылыми орталықтарының қызметін оперативті бас-
қаруды және бақылауды жетекші проректор жүйеге асырады.
7.3 Ғылыми орталықты директор басқарады, ол жетекші проректордың
ұсынысы бойынша Университет ректорымен тағайындалады және қызметі-
нен босатылады.
7.4 Университеттегі ғылыми орталықтың директоры жыл сайын же-
текші проректорға және Ғылым департаментіне есеп берулерді ұсынады.
7.5 Университеттің ғылыми орталықтарының қызметін тоқтату Уни-
верситеттің ҒТК шешімінің негізінде Университет ректорының бұйрығымен
іске асырылады.
8 Ғылыми орталықтардың жауапкершілігі
8.1 Университеттің ғылыми орталықтарының директорлары мына жағ-
дайларда жауапты болады:
- сапа саласындағы Университеттің Саясатын Университеттің ғылыми
орталықтарының қызметкерлеріне дейін жеткізуге;
- Ғылыми орталықтарға жүктелген міндеттер мен функцияларды, оның
ішінде сапа менеджменті жүйесі бойынша қызметтерді орындамағаны немесе
тиісті түрде орындамағаны үшін;
- Ғылыми орталықтармен ұсынылатын ақпараттың дұрыстылығына
жауап береді;
- еңбек тәртібін сақтау үшін;
- Ғылыми орталықтардың қызметкерлерімен ағымдағы нормативті жә-
не заңдылықты актілерді және сапа менеджементі жүйесі құжаттарының та-
лаптарын орындау үшін;
Е 029-04.14.2.70.02.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
12 беттің 11-беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
- ағымдағы нұсқаулықтарға сәйкес Ғылыми орталықтардың барлық
қызметкерлерімен еңбекті қорғау шаралары, қауіпсіздік техникасы және өр-
тке қарсы қауіпсіздік шараларын орындау үшін.
8.2 Әр қызметкердің, оның ішінде Ғылыми орталық директорының
жауапкершілігі лауазымдық нұсқаулықтарымен белгіленген.
Е 029-04.14.2.70.02.2016
2016 жылғы «08» шілде № 2 басылым
12 беттің 12-беті
Ректордың 2016 жылғы «08» шілдедегі № 254 бұйрығымен бекітілді
Өзгерістерді енгізу парағы
Өзге-
рістің
реттік
нөмірі
Құжаттың
бөлімі мен
тармақта-
ры
Өзгерістің түрі
(өзгерту, қосу,
жою)
Ха-
бар-
лама-
ның
күні,
нөмірі
Өзгеріс енгізілді
Күні
Тегі, аты-жөні,
лауазымы, қо-
лы
Достарыңызбен бөлісу: |