Келісілді
«Бас сарапшы»
«NauryzVostok» ЖШС
____________ М.Т.Алтаякова
«____» ___________ 2019 ж.
|
|
|
|
БЕКІТЕМІН
Астана қ. Білім
басқармасының басшысы
________ А.К. Жангозин
«____» ___________ 2019 ж.
|
|
Астана қаласы кәсіпорындарының жас мамандар мен техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің 22 жасқа дейінгі студенттері үшін
«Сәндік технология» World Skills Astana
қалалық (іріктеу) чемпионатын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
І. ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ
Астана қ. Білім басқармасы «Астана қ. менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС базасында «Сән технологиясы» World Skills Astana қалалық чемпионатын өткізеді.
«Астана қ. менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС «Сән технологиясы» WorldSkillsAstana қалалық чемпионатының ұйымдастырушысы болып табылады.
«Сәндік технология» World Skills Astana қалалық чемпионаты нақты тапсырмаларды сапасын келесідей бағалаумен нақты теапсырмаларын ұсынады.
1.4. «Сәндік технология» World Skills Astana қалалық (іріктеу) чемпионаты Астана қаласы кәсіпорындарының жас мамандар мен техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің 22 жасқа дейінгі студенттері арасында 1211000 «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша өткізіледі.
ІІ. ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
22.1.Бұқаралық сипаттағы жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру және қаладағы кәсіптік дайындықтың сапасын, сондай-ақ, Ұлттық чемпионаттың финалына қатысушыларды анықтау қалалық чемпионатты өткізудің мақсаты болып табылады.
2.2. Қалалық чемпионаттың негізгі міндеттері:
WorldSkills әлемдік стандартының деңгейіне жұмысшы кадрларының біліктілігін көтеру;
Халықаралық талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы экономикасының басым бағыттары бойынша жұмысшы мамандықтарын дайындаудың кәсіптік стандарттарын модернизациялау үшін жағдай туғызу;
Қаладағы басым құзыреттіліктер бойынша World Skills чемпионатының қатысушыларын іріктеу мен дайындау бойынша желілік технологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық инфрақұрылымын жасау;
World Skills Astana қалалық чемпионатын өткізудің ұйымдастырушылығын қамтамасыз етуді дайындау;
World Skills қозғалысын көпшілікке тарату.
ІІІ. ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫН ӨТКІЗУ ОРНЫ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
3.1. «Сәндік технология» World Skills Astana қалалық чемпионаты» проводится 2019 ж. 22-26 сәуірінде сағ. 9.00 де Астана қ. Жеңіс д. 68 «а» мекен жайы бойынша орналасқан Астана қ. «Астана қаласының менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС өткізіледі.
3.2 Байқауға қатысу өтінімдерін Астана қаласының менеджмент және бизнес колледжі (№1 Қосымша) 2019 ж. 22 сәуіріне дейін kmib@list.ru эл. поштасы бойынша қабылдайды. Тел: 38-26-05.
ІV. ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
4.1. Қалалық «Сәндік технология» WorldSkills Kazakhstan чемпионатында Астана қ. колледждерінен 22 жасқа дейінгі жас мамандар мен студенттер арасында бір қатысушыдан қатысады.
V. ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1. Қалалық чемпионаттың барлық қатысушылары мен сарапшылары Қазақстан Республикасының қабылданған техникалық қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтауы қажет. Барлық қатысушылар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтуі тиіс. (№2 Қосымша).
5.2. Қалалық чемпионаттан бұрын қатысушылар міндетті:
- Жабдықтардың инфрақұрылымдық парағында көрсетілгендерді ғана пайдалануы қажет (чемпионаттың тапсырмаларындағы кейбір нұсқаулардан басқа);
5.3. Чемпионаттың алғашқы күні чемпионат қатысушысының байқаулық орнын беру жеребе тастау арқылы анықталады.
5.3. Қатысушыны тапсырмаларды орындауға дайындау:
- Қатысушылар чемпионатта пайдаланылатын жабдықтар мен құралдармен Ұйымдастыру комитеті өкілдері мен эксперттің қатысуымен таныса алады;
- қатысушылар өзінің жұмыс орнын дайындауы, жабдықтарды, құрал-саймандар мен материалдарды тексеру мен дайындауы қажет.
5.4. Чемпионаттың барлық қатысушылары өзімен бірге жеке басы мен туған күнін тексеру үшін жеке куәлігі (паспорт) болуы қажет.
5.5. Барлық қатысушылар мен эксперттер тіркеуден өтеді (тіркеу кезінде бейдж алады).
5.6. Чемпионат қатысушыларының арнайы киімдері болуы қажет (орамал, алжапқыш).
5.7. Тапсырмалар модуль бойынша орындалады, инфрақұрылымдық парақта жазылған барлық талаптар, еңбекті қорғау туралы ережелерде, бағалау критерияларында аталған құзыреттер бойынша барлық қатысушылар үшін талаптар міндетті болып табылады.
5.8. Тапсырмаларды орындаудың басталуы мен аяқталуы туралы белгіні басты эксперт береді. Тапсырмаларды орындау барысында қатысушы тек қана Эксперттермен қатынаса алады (жұмыс аймағында жұмыс істеушілермен). Үшінші жақтармен қатынасқа тыйым салынады.
5.9. Қатысушылардың бұрыс тәртіптерін немесе эксперттердің және ұйымдастырушы комитетінің рәсімделген өкілдерінің нормалары мен нұсқауларын орындаудан бас тартқанын Эксперт байқаған жағдайда немесе Чемпионаттың өтуіне өз тәртібімен теріс әсер еткен жағдайда ұйымдастырушы комитет өкілі мен басты Эксперттің шешімі бойынша қатысушы чемпионатқа қатысудан алынып тасталуы мүмкін.
5.10. ТҚ нұсқауларын сақтамаған жағдай тапсырмаларды орындаудың қорытынды бағаларына әсер етеді.
5.11. ТҚ талаптарын сақтамаудың қайталанған жағдайы қатысушыны чемпионаттан уақытша немесе толық алып тастауға әкеліп соқтырады.
VІ. «СӘНДІК ТЕХНОЛОГИЯ» WORLD SKILLS AStana ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫН ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ МЕН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
6.1. Қалалық «Сәндік технология» WorldSkills Astana чемпионатының шарттары тәжірибелік тапсырмаларды берілген уақыттың ішінде сапалы орындау (15 сағ.) Еңбекті қорғау талаптарын сақтау кезінде және бекітілген уақыт нормасындағы тәжірибелік тапсырмаларды сапалы орындау чемпионат тапсырмаларын бағалаудың негізгі критерилері болып табылады.
6.2. Чемпионат тапсырмаларының 3 модулі бар. Модулді орындау барысында келесідегідей білім салалары тексеріледі:
Құрастыру;
Технология;
Сыртқы түрі;
Күрделілік деңгейі .
6.3.Әр модуль жоғарыда көрсетілген бірнеше аспектілерді көрсетеді. Чемпионат келесідегідей номинацияларда өткізіледі (№4 қосымша):
VІІ. қалалық «СӘНДІК ТЕХНОЛОГИЯ» WORLD SKILLS AStana қалалық ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ жеңімпаздарыН марапаттау және қорытындылау
7.1. «Сәндік технология» WorldSkills Astana қалалық чемпионатының қорытындысын Төраға мен эксперт құрамындағы әділқазылар алқасы жүргізеді.
7.2. Қорытындылар жекелей жүргізіледі.
7.3. «Сәндік технология» WorldSkills Astana қалалық чемпионатында жүлделі орындар ұпай саны бойынша анықталады.
7.4. Қатысушылардың тапсырмаларын Эксперттер тексереді. (№5 қосымша).
7.5. «Сәндік технология World Skills Astana қалалық чемпионатының қорытындылары хаттамамен рәсімделеді (№6 қосымша) және ұйымдастыру комитетімен бекітіледі. Хаттамаға теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды орындаудың тізімдемелері және бағалардың қорытынды тізімдемесі салынады.
7.6. Қалалық «Сәндік технология WorldSkills Astana чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау үшін жекелей сынақта беріледі:
Бірінші орын
Екінші орын
Үшінші орын
Жүлдеге ие болмаған қатысушы, WSK аймақтық чемпионатына қатысқандығы туралы Сертификат алады.
Қалалық «Сәндік технология» WorldSkills Astana чемпионатына қатысу үшін өтінімдер 2019 жылдың 15сәуіріне дейін төменде көрсетілген үлгі бойынша қабылданады.
Астана қаласы кәсіпорындарының жас мамандар мен техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің 22 жасқа дейінгі студенттері үшін «Сәндік технология» World Skills Astana қалалық (іріктеу) чемпионатын өткізу туралы Ереже сараптама комиссиясымен бірігіп құрастырылды.
БАЙҚАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Модуль 1 – Эскиздеу 1 сағ
А 3 форматында (көлденеңінен) орындалған;
Алдыңғы жағынан;
Артқы жағынан;
Графикалық түсіндірмелер (3 тен кем емес - «лупа»);
қағазда авторлық жазбалар болмауы қажет;
сиямен орындалған (гельді қаламмен);
Модуль 2– Әйел кеудешесін тігу 8 сағат
лекалды жаю
бұйымды пішуді жүзеге асыру;
бұйымды тігуді орындау. аяқталған, дайын түрі (бұйымның аяқталуы,);
жабдықты қолдану білігі
Модуль 3 – әйел белдемшесін әзірлеу және тігу 6 сағат
6.5. Чемпионат тапсырмаларының құрылымы мен түрлері
Чемпионат тапсырмалары 4 аяқталған модульден тұрады:
1 күн ӘЙЕЛ КЕУДЕШЕСІН ТІГУ - ( 8 сағат)
Күтілетін нәтижелер:
Манекендегі (белдемше мен кеудеше) киюге дайын жинақ.
2 күн ( 6 сағат)
Эскизге сәйкес әйел белдемшесін жасау және тігу
Күтілетін нәтижелер:
Манекендегі киюге дайын белдемше.
Күтілетін нәтижелер:
Белдемшенің манекендегі дайын әзірлемесі.
2 күн ЭСКИЗДЕУ (1 сағат)
Күтілетін нәтижелер:
Берілген талаптарға сәйкес келетін эскиздер.
Достарыңызбен бөлісу: |