Ескерту. Қағида мен шарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2016 № 173
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс
күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік
қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар)
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы
және «Халықтың кӛші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңдарына сәйкес әзірленді.
Қағидалар шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын
шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квотаның
негізінде жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) бизнес-кӛшіп келуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру мақсатымен келген кӛшіп келуші;
2) бос жұмыс орны – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
3) еңбек жӛніндегі уәкілетті орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органы;
4) жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
5) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жӛніндегі бағдарлама – жұмыс берушінің
кадрлардағы жергілікті қамтуды жоспарлы ұлғайту мақсатында жүргізілетін, ӛнiмдi бӛлу туралы
келiсiмге сәйкес құзыретті органмен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасасқан
келісімшарты бар жұмыс беруші жоспарлаған және орындайтын ӛз қызметкерлерін – Қазақстан
Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды немесе біліктілігін
арттыруды қамтитын, құзыретті органмен және еңбек жӛніндегі уәкілетті органмен келісілген
шаралар кешені;
6) кепілдік жарна – шетелдік қызметкер мен маусымдық шетелдік қызметкердің шетелдік
жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың жарамдылығы аяқталғаннан кейін Қазақстан
Республикасынан тыс жерге кетуіне кепілдікті қамтамасыз ететін ақшалай жарна;
7) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында
құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс
істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге
асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан
Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған
филиалдарына, еншілес ұйымдарына, ӛкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш
жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
8) кӛшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген
шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
9)құзыретті орган – егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан
Республикасы Президентiнiң актiлерiнде ӛзгеше белгiленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, ӛндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, ӛндiруге, бiрлескен барлау
мен ӛндiруге арналған келiсiмшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды
Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi
айқындайтын орталық атқарушы орган;
10) қызметкерлердің тізімдік саны – жұмыстарды азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар
бойынша орындайтын адамдардан, сондай-ақ бiр жұмыс берушiмен қоса атқарылатын жұмыс
туралы еңбек шартын жасасқан қызметкерлерден басқа, жасалу мерзіміне байланыссыз еңбек
шарттары негізінде қабылданған адамдар саны;
11) маусымдық шетелдік қызметкер – климат немесе ӛзге де табиғат жағдайларына
байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын
маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын кӛшіп келуші;
12) ӛз бетінше жұмысқа орналасуына арналған адамдардың тізбесі – осы Қағидалардың 1-
қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдік қызметкерлердің ӛз бетінше жұмысқа
орналасуына арналған кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесі;
13) уәкiлеттi орган – ӛңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және
жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бӛлiмшесi;
14) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік қызметкерлерді, жұмысқа ӛз бетінше
орналасатын қызметкерлерді, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін
жүзеге асыратын шетелдік қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар;
15) шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде
ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін, осы
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат;
16) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға берілетін рұқсат – шетелдік қызметкерлердің
Қазақстан Республикасында ӛз бетінше жұмысқа орналасуына арналған адамдардың тізбесіне
кіретін шетелдік қызметкерге жергілікті атқарушы орган беретін, осы Қағидаларға 3-қосымшаға
сәйкес белгіленген нысандағы құжат;
17) халықтың кӛші-қоны мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган – ӛз құзыреті шегінде кӛші-қон
процестерін реттеуді және халықтың кӛші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге
асырушы мемлекеттік орган;
18) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;
19) шетелдік заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғасы – акциясының бір бӛлігі немесе үлесі
тікелей немесе жанама осы шетелдік заңды тұлғаға тиесілі Қазақстан Республикасының
аумағында құрылған заңды тұлға;
20) шетелдік қызметкерлер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге
асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру
шеңберінде тартатын кӛшіп келушілер;
21) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының
аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел.
Ескерту. 3-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.05.2013
№ 467
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.10.2014
№ 1065
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі);
31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң
қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
4. Осы Қағидалар мынадай шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға:
1) "Халықтың кӛші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22
шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Заңның 3-бабында кӛзделмеген мақсатпен Қазақстан
Республикасының аумағында тоқсан күннен артық болмаған адамдарды қоспағанда, кӛшіп
келушілер болып табылмайтын;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
3) оралман;
4) бизнес-кӛшіп келуші;
Достарыңызбен бөлісу: |